Файл: Кіріспе зерттеуді зектілігі. Бгінде Елбасы Н.. Назарбаев ала ойан, дамыан отыз елді атарына кіру жніндегі лт жоспары100 наты адам.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 136
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4. Ойын қоршаған ортаға, қоғамға қарай түрленеді. Бұл қазіргі заман балаларымен ертеректе өмір сүрген балалардың ойындарының әртүрлі болғандығынан көрінеді. Қазақ халқының ертеректегі ойындары оның көшпелі, салт-дәстүріне байланысты шыққан. Мысалы, жамбы ату, көкпар, асық ойыны, т.б.
5. Ойындар – белгілі бір білімді, іс-әрекетті үйретуші тәсіл. Мәселен, бұрынырақта шахмат ойыны соғыс өнерінің тактикасы мен стратегиясын үйреткен. Кейінгі кезеңде олар жұртшылыққа кең тарап, спорттық ойын түріне айналды. Мұндай мысалға қазақ халқының аударыспақ, жамбы ату, т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұның барлығы ойын әрекетінің әлеуметтік қырын түсінуге, ойынның балаға қалай әсер ететіндігін ұғуға септігін тигізеді.
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану жолдарын қарастырып, әдістемелік негіздерінің қалыптасуына А.Байтұрсынұлы мен М.Жұмабаев ерекше үлес қосқан. Бұл мәселеге айырықша көңіл аударған әдіскер-ғалымдар О.Байқуатова, М.Жазыбаев, Ә.Нағашыбаева, Қ. Молдабек және т.б.
Дидактикалық ойындар оқушылардың қабілетін, танымын, шығармашылық дербестігін дамытады. Оқыту үрдісінде ойындар арқылы оқушылардың белсенділігі, іс-әрекеті артады. Оқушыларға сапалы білім беру мақсатында, олардың оқуға деген қызығушылығымен түрткілерін арттыруда дидактикалық ойындарды дұрыс іріктеп қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Дидактикалық ойындар барысында оқушылар диалог және монолог арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Оқушыларды диологты және монологты сөйлеуге үйрету арқылы олардың әдеби сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, жетілдіруге болады. Оқушы тілдік қатынаста өзінің дауыс ырғағына , сөйлеу мәнеріне назар аударып, оны дұрыстауға ұмтылады, басқа адамның сөйлеген сөзіне мән береді.
5-сыныпта қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертудің негізгі мақсаты – сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы әдеби нормада өз ойын түсінікті, сауатты, дұрыс жеткізуге үйрету. Сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы оқушыны, біріншіден, қазақ тілінен игерген білімдері мен біліктерін тәжірибеде қолдана алуға, екіншіден, өзіндік пікірі, көзқарасы бар жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, үшіншіден, тілдік қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, сөйлеу нормаларын сақтауға дағдыландыруға болады.
Осыған орай, сабақта балаларға теориялық білім беру мақсатымен қатар қатысымдық мақсат та қойылады.
5-сыныптың қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану барысында оқушылар мынадай сөйлесу түрлеріне үйретіледі: а) диалог-әңгімелесу; ә) диалог-пікірталас; б) диалог-түсіндіру; в) монолог-суреттеу; г) монолог – баяндау.
а) Диалог-әңгімелесуде оқушылар өзара және мұғалімдермен дұрыс пікірлесуге үйренеді. Диалогтың бұл түрінде оқушылар әңгімелесу барысында өз ойларын толық жеткізуге дағдыланады. Мысалы, «Дұрысы қайсы» ойыны. Бұл ойында Р.Шотбаеваның «Дұрысы қайсы» әңгімесін біраз өңдеп, мұғалім оқушылардың ойлауына, өзіндік пікір айтуына лайықтайды. Ойында мұғалім оқушылардың сөйлеу мәнеріне баса назар аударып, басқа адаммен әңгімелесуге жағдаят туғызуы керек. Оқушыларға бір-бірімен әңгімелесуді үйреткенде, алдымен олардың сөйлеу нормаларына көңіл бөліп, тілдік қарым-қатынаста орфоэпиялық заңдылықтарды сақтап айтуға дағдыландыру қажет. Бұл түрлі дидактикалық ойындар арқылы бекітіліп, оларға сөздердіғ жазылу және айтылу үлгілері кестелер, жаттығулар арқылы ұғындырылады.
ә) Диалог-пікірталаста әрбір оқушы өзінің пікірін ортаға салып, өз көзқарасын дәлелдеуге үйренеді. Барлық оқушының пікірі тыңдалып, оқушылардан қазылар алқасы құрылып, дұрыс пікірді анықтайды. Мысалы, «Дұрыс па?» ойыны.
Мұғалім оқушылардың пікірлерін қорытындылап, кімнің пікірі дұрыс болғанын оқушылармен бірлесе анықтайды. Әрбір оқушының сөзін тыңдай отырып, мұғалім олардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру жұмыстарын жүргізеді. Алдымен, пікірталаста әрбір адам өзінің ойын, пікірін айтпай, таразылап барып шешкені дұрыс екендігі түсіндіріледі. Оқушының өз ойын дәлелді жеткізу жолдары ұғындырылып, ол әртүрлі дидактикалық ойындар арқылы бекітіледі.
б) Диалог-түсіндіру оқушылардан түрлі ақпараттар алу кезінде көп қолданылады. Мұнда оқушы мұғалімге не жолдастарына өздерінің көзқарасын, пікірін жан-жақты түсіндіруге үйренеді. Оқушылардың сөйлеу тіліне, тіл мәдениетіне ерекше көңіл аударылып, олардың дұрыс, жатық сөйлеу дағдылары жетілдіріледі. Осындай ойындар оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен дағдыларын нығайтады. Оқушыларға белгілі ақын-жазушылардың шығармаларын рөлге бөліп оқытқан дұрыс. Нәтижесінде оқушылар өз ойын жатық жеткізуге үйренеді.
в) Монолог-суреттеуде оқушылар бір нәрсені сипаттауға, оның сыртқы және ішкі ерекшеліктерін танып білуге, заттың қасиеттерін жете тануға үйренеді. Оқыту процесінде қолданылған дидактикалық ойындар оқушыларды алгоритм деңгейінде салыстыру, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ажыратуға дағдыландырады. Ізденімдік деңгейде берілген тапсырмаларда оқушылар пейзаждардың өзіндік ерекшеліктерін табуға жаттығады. Шығармашылық деңгейде олар портреттерде, картиналарда берілген адамдардың іс-қимылдарын, психологиясын суреттеу дәрежесіне жетеді.
г) Монолог-баяндауда оқушылар өздерінің көргенін басқа адамдардың іс-әрекетіне баға беру үшін, тыңдаушыға өз ойын толық, жан-жақты баяндап жеткізу үшін пайдаланды. Мәселен, мұғалім алғашқы деңгейде оқушыларға түрлі табиғат құбылыстары, өмірлік жағдаяттар туралы дайын мәтіндер беріп, кейін оқушыларға өз ойларынан жаңа мәтін жазуды тапсырады. Мұндай тәсіл арқылы оқушылар мәтін түзуді, белгілі бір үлгі бойынша өз пікірін дәлелді жеткізуді үйренеді.
Оқыту барысында дидактикалық ойындар оқушылардың мақсатқа жету жолындағы мотивтерін қанағаттандырып, оның басқа психикалық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Себебі, оқушылардың мақсатқа жету тілегін ішкі және сыртқы түйсіктер туғызады, ал оырндалатын іс-әрекеттер қимыл түйсіктері арқылы реттеліп отырылады. Сол арқылы оқушылар сыртқы дүниемен әсерленеді, осы әсердің негізінде оған жауап береді. Түйсіктер оқушылардың көру, қабылдау, есту, эмоциялық жай-күйімен тығыз байланысты. Сондықтан дидактикалық ойындар оқушылардың қабылдау түйсігіне ерекше әсер етіп, тілдік материалдарды саналды қабылдауына, түсінуіне, игеруіне ықпал етеді. Осы арқылы дидактикалық ойындар шәкірттердің «жақын даму аймағымен» байланысқа түседі.
Оқушыларға қаза тілінен тілдік материалдарды меңгерту алдымен олардың өтілген материалдарды қабылдауынан басталады. Қабылдау – бірнеше түйсіктер арқылы заттар мен құбылыстардың адам миында бейнеленуі. Қабылдау ойлаудың байымдау және ой қорыту актілерімен тікелей байланысты. Оқушы алдымен талдау және жинақтау, ойлау операциялары арқылы игерген білімін байымдайды; ал топтастыру, қорыту, жалпылау ой операциялары көмегімен игерген білімнің негізгі ерекшеліктері мен өзіндік белгілері туралы ой қорытады. Осы арқылы оқушыларда өтілген тілдік материалдар туралы ұғым қалыптасады.
Дидактикалық ойындардың қарапайым жаттығу, тапсырмалардан негізгі айырмашылығы – бұл ойындардың оқушылардың эмоциясына оң әсер етуінде. Күнделікті сабақат ұялып, өз ойын айтуға жасқанып жүрген оқушылар ойындар барысында сабаққа белсене қатысады. Олар өздерінің ойларын, пікірлерін, көзқарастарын таласа отырып дәлелдейді. Мұнда оқушылардың басқа біреуден өзі не тобы артта қалып қалмауы сияқты пікір сайысы іске асырылады. Дидактикалық ойындарды сабақта дұрыс қолдану арқылы оқушылардың оқуға, ізденуге деген түрткілері тәрбиеленеді. Бұл оқушылардың өз бетінше білім алуына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, ішкі ынтасы мен талпынысын реттеуге мүмкіндік береді.
Осындай психикалық қабілеттердің ішінде қиялды ерекше дамытады. Қиял адамдарды шығармашылықпен жұмыс істетіп, өмірде болмаған нәрселерді болдырады, жаңа нәрсені болжатады, адамның ойлау шекарасын кеңейтеді, іздендіреді. Дидактикалық ойындардың басқа әдіс-тәсілдерден артықшылығы – ол оқушыға еркіндік береді, өз ойларын жасқанбай айтуға үйретеді. Сол арқылы дидактикалық ойындар оқушыларға өзін де, өзгені де танып білуге, оның жақсы-жаман қасиеттерін таразылауға мүмкіндік береді, сол арқылы оларға еркіндік, ізгілік қасиеттері дариды.
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану оқушылардың шығаршалық қабілетін, логикалық ойлауын қалыптастыруға, тілдік қарым-қатынасқа түсуіне негізделеді. Жұмыста оқу жоспарына сәйкестендірілген дидактикалық ойындар қатысымдық тұрғыдан жаңа білімді меңгерту, өтілген материалды бекіту, оқушылардың тіл мәдениетін жетілдіру бағытында зерттелді. Сондықтан тілдік материалдарды меңгертуде жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін сабақтың мақсатына қарай әртүрлі дидактикалық ойындар пайдаланылды. Осыған орай 5-сыныпта бағдарлама бойынша өтілген тілдік материалдарды оқыту барасында дидактикалық ойындарға қатысты төмендегідей мәселелер: ойынның мақсаты, қатысымдық қызметі, ұзақтығы, ережесі, қатысушылар саны, мазмұны ескерілуі тиіс екені анықталды.
Ойынның мақсаты оқушылардың дидактикалық ойындар арқылы қол жеткізетін білімдік, тәрбиелік, танымдық қабілеттерінің нәтижелеріне тікелей байланысты. Ойын мақсаты қазақ тілі пәнінің мақсаты мен сабақтың дидактикалық мақсаттарының ескерілуімен ерекшеленеді.
Ойынның қатысымдық қызметінің нәтижесінде шәкірт тілдік қарым-қатынасқа еркін түсіп, сөздерді орынды қолдануды, сөйлемді дұрыс құрауды, өз ойын жатық әрі түсінікті жеткізуді игереді. Бұл талап бойынша оқушылардың сабақта өздерін еркін ұстауына көңіл бөлініп, берілген тапсырмаға сәйкес өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік беріледі.
Ойын ұзақтығы ойын мақсатына тікелей байланысты. Ойын ұзақтығын айқындау – мұғалімнің сабақты дұрыс ұйымдастыруына, уақытын нақты есептеуге көмектеседі. Сонымен қатар мұғалім сабақ мақсатына сай дидактикалық ойындарды орынды қолдануға мәжбүр болады. Осыдан барып мұғалім дидактикалық ойындарды қолдану жолдары мен әдіс-тәсілдерін анықтап, игерілетін білім, білік көлемін болжайды.
Ойын ережесі оқушылардың жас ерекшеліктері мен түсініктеріне сай дәл тұжырымдалған, қарапайым болуы тиіс. Барлық дидактикалық ойындар сабақ тақырыптарына негізделіп, сонда игерілген материалдарды қамтитын болғандықтан, ойын ережелерінде оқушыларға түсініксіз, бұрын өтілмеген терминдерді қолданбау керек. Сонымен қатар ойын ережелері әдеби тілде болуы тиіс. Бұл оқушылардың тіл мәдениетін жетілдіреді.
Ойынға қатысушылар саны мұғалімнің алдына қойған мақсатына қарай іріктеледі. Егер мұғалім оқушыларды саралап, деңгейлеп оқытып, баланың жеке қабілеттерін нығайтқысы келсе, онда ойынға қатысушылар санын өзгертіп отыруға болады.
Ойын мазмұны оқу бағдарламасын қамтитын сабақтағы білім мен біліктерді бекітуге, жаңа сабақты сапалы меңгертуге арналуы керек. Бұл үшін жаттығуларды оқушыларға ойын түрінде беріп, бір-бірімен жарыстырған дұрыс. Мәселен, дауысты дыбыстардың түрлері жөнінде білімдерін бекіту барысында «Ұшты, ұшты, кім ұшты?» ойынының өңін өзгертіп, «Жуан дауыстыны тап» түрінде өтуге болады.
Дидактикалық ойындар барысында плакаттар, кестелер, портреттер, интербелсенді тақта сияқты көрнекілік құралдар оқыту процесінде кеңінен қолданылады. Бұл көрнекілік құралдар оқушылардың көру сезімі арқылы өтілген материалдарды есте ұзақ сақтап қалуына жәрдемдеседі. Сонымен қатар, сабақ өту барысында мұғалім төмендегідей жайттарды:
-
дидактикалық ойындар оқушылардың білімін, сөйлеу тілін, тіл мәдениетін жетілдіруін; -
оқушылардың жеке тұлғалық, көшбасшылық қабілеттерін тәрбиелеуге арналғандығын; -
оқушылардың білімін сатылып көтеру жолдарын; -
ойындардың қызғылықты болуын, сол арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын артыру жолдарын ескеруі қажет.
Дидактикалық ойын түрлерін тқрт түрге бөліп қарастыруға балады: тапқырлық, ізденімдік, рөлдік, іскерлік.
Тапқырлық ойындар – оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыратын, әрбір тапсырмада жауаптардың варианттары берілген, соның арасынан дұрыс жауапты табуды қажет ететін ойын түрі. Тапқырлық ойындар өтілген сабақты түсіндіруде, жаңа сабақты бекітуде, яғни ғылыми ақпараттарды ұғындыруда пайдаланылады. Тапқырлық ойындардың негізгі ерекшелігі: мұнда тапсырмалардың дайын жауаптары беріліп, оқушылар иегерген білім деңгейлеріне қарай тапсырманы орындауы керек.
Ізденімдік ойындар – оқушыларды өздігінен ойлауға, меңгерген білімін жүйелеп, жинақтауға, жаңа білімді меңгерту барысында белгісізді іздеуге дағыдыландыратын ойын түрі. Ізденімдік ойындар барысында оқушылар проблемаларды өздері шешуге талпынып, тапсырманы әр-түрлі амал-тәсілдермен орындауға үйренеді. Ізденімдік ойындарға: жұмбақтар, сөзжұмбақтар, жаңылтпаштар, т.б. біріктіріледі. Ізденімдік ойындарды қазақ тілі сабағында жаңа материалды өту кезінде қолданған тиімді.
Рөлдік ойындар – оқушылардығ шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, олардың жаңашыл ойлар мен тұжырымдар жасау қабілетін жетілдіруге арналған ойын түрі. Рөлдік ойындар оқушылардың елестету мен қиялдау қабілеттерін ұштауға ерекше қызмет атқарады. Бұл ойын барасында оқушылар мәтін мен өлең құрастыруға; өз пікірін айтып, дәлелдеуге; тілдік қарым-қатынасқа еркін түсуге үйренеді. Рөлдік ойындар оқушылардың сөздік қоры мен тілін дамытады; оқушыларға айтар ойын жоспарлауға, автор ойын жалғастыруға, өзге адамның пікірін бағалауға үйретеді.