Файл: 1. Адамзат баласы ндылыа мдделі рі мтаж тжырымына атысты з кзарасызды длелдеп жазыыз. Жм.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 127
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
42. М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» романындағы ғалымның қазақ ғылымын қалыптастырудағы іс-әрекеттерін нақты дәлелдермен талдап жазыңыз. ЖМ
М.Сәрсеке өзінің «Қазақтың Қанышы» атты ғұмырнамалық роман-эссесіне Қаныш Имантайұлы Сәтбаевті өзек етіп алған. Романда Қаныш Сәтбаев бейнесі қазақ халқының ХХ ғасырда басынан өткерген барша жетістігі мен жеңісінің, қиындығы мен қасіретінің куәгері ретінде ғана суреттеліп қоймайды, сол күрделі кезеңнің бел ортасында жүрген қаһарманы тұрғысында сомдалған. Яғни, Қаныш сынды ұлы тұлғаның ғұмыр шежіресі арқылы тұтас бір тарихи кезеңнің әлеуметтік-саяси, мәдени-рухани болмысы ашылып көрсетілген.
М.Сәрсеке романда бас кейіпкерді бірыңғай сыдыра мақтауға бармайды. Өмір шындығын өзек ете отырып, Қанаңның қателескен, сүрінген, шамырқанған, ширыққан тұстарын, сондай-ақ ізденген, күрескен, жеңіске жеткен кезеңдерін шығарманың алтын арқауына айаналдыра алған деп ойлаймын. Әсіресе, империяның кезекті репрессиялық әрекеті басталып, “ұлтшылдықты іздеу” науқаны қабындаған 50-ші жылдар зардабын, сол кездегі Қ.Сәтбаевтың қатерлі де, қаһарлы сыны мол кезеңді бастан кешуін романның ең бір кульминациялық шыңы деуге болады.
Қаныш Имантайұлының толық ғұмыр жолын баяндаған «Қазақтың Қанышы» роман-эссесі үш бөлімнен тұрады. Қ.Сәтбаевтың өмір сүрген дәуірі – үлкен -үлкен тарихи оқиғаларға толы қилы кезең. Романның «Баянаула аясында» атты алғашқы бөліміне оның дүниеге келгенінен бастап, кен инженері атанғанына дейінгі өмір жолы арқау болған.
Қаныш Имантайұлының Том қаласындағы Технология институтында оқыған жылдары «Сібір шамшырағы» деп аталатын бірінші бөлімнің мазмұнын құрайды. Болашақ ғалымның Технология институтының Тау-кен факультетіне оқуға түскеніжайлы және қазақ жеріндегі жер, су, тау аттарына ерекше мән беруі – болашақ ғалымның тәжірибе жұмыстарының бастау көзі ретінде суреттелген.
Жазушы романның «Ұлытау жотасында» атты екінші бөлімінде Қаныш Имантайұлының Жезқазған кенішінің ашылуы, оның толықтай іске қосылуы жолындағы нақты іс-әрекеттеріне тоқталған. Ғалымның Жезқазған кенінің гидротермальдық тегіне қалтқысыз сенуі, мыс ерітінділері құйылған жарықшақ сызаттарды қолмен ұстағандай тап басуы, әрдайым құнарлы кеннің үстінен шығуы – геологиядағы көрегендігі ретінде суреттелген. Жаңа кен орнын табуда, оны ашуда түрлі кедергілерге жолығып, Керуен ғылыми журналы 45 қиындықтарға тап болуы, оларды адал, тынымсыз еңбегімен жеңе жүріп, өз дегеніне жетуі жайлы әңгіме айтылған.
Қазақстанды жаппай жайлаған 1932 жылғы ашаршылық, әке-шешесінен айырылуы, 1937 жылғы зобалаңды автор былай суреттеген: « ...Атышулы 37-жылдың зобалаңы Сәтбай әулетіне ерекше қатты тиген. Үш бірдей бас көтерер азаматынан айырылып, соларға қарап отырған топты бала-шаға мен күллі ағайын есінен танғандай болып жер сабап қалған-ды...
Ұлы Отан соғысы басталған 1941 жылдан өмірінің соңына дейінгі кезең «Алатау баурайында» деп аталатын үшінші бөлімде қамтылған. Соғыстың алғашқы жылдарындағы «Жезді дауы», Қаныш Имантайұлының үмітін ақтау жолындағы кеншілердің жанкешті ерлігі нанымды бейнеленген.
М.Сәрсекенің алғаш Қанаң туралы қалам тартуы мен соңғы роман-эссесінің арасында аттай 36 жыл өтіпті. Осы уақыт ішінде Қанаң жайында үлкенді-кішілі 7 кітап жариялаған. Автор Қ.Сәтбаевтың ізімен жүруге, ол болған орындарды көзімен көруге айрықша мән бергені және романды жазу барысында жазушының көп ізденгендігі пайдаланылған тарихи құжаттар мен мол деректерден байқалады.
Қорытындылай келе, Медеу Сәрсеке – қазақтың деректі прозасын жоғары деңгейге көтерген жазушы және «Қазақтың Қанышы» роман-эссесінің идеологияшыл қыспаққа ұшырамай, жал-құйрығы күзелмей, авторлық ой-тұжырымдар тұншықтырылмай, толық нұсқасында жарық көруі және көз қуанып, көңіл сүйсінетіндей болып басылуы, ең алдымен тәуелсіздігіміздің шапағаты екеніне шәк жоқ.
31. «Ғасырлар бойы арман еткен егемендік – қазақтың басына қонған бағы» деген позицияны ұстана отырып, өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл). ЖМ
Тәуелсіздік - ел тұғыры!
Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді
16-желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған күн және сол күні көгімізде тәуелсізідік туы желбіреді. Содан бері 20 жылға таяу уақыт өтсе де, осы өшпес жылдар белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамып, саясаттағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлекетке айналдық.
Ғасырлар бойы арман еткен егемендікті қазақтың басына қонған бағы, астына орнаған тағы деуге болады. Қазақ елі талай белестерді бағындырды және желтоқсанда жарқ еткен жалынды жастар қазаққа азаттық таңын сыйға тартқандай болды. Осылайша күллі жаһанға қазақтың қайратын, айбынын танытты деп айта аламын.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата – бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауыз бірлігі берік халық қана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты дәлелдеп берді. О бастан-ақ рулар тайпаларға, тайпалар одақтарға, ал тайпалық одақтар елге, халыққа айналу үшін үздіксіз күресті, жан алысып, жан берісті. Өйткені халық болып қалыптаспай, тәуелсіздікті баянды түрде қолда ұстап тұру да мүмкін емес екенін бұрынғылар жақсы түсінді. Сондықтан да тәуелсіздік тарихы арнайы әңгімеге үздіксіз тиек боларлықтай ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек деп ойлаймын.
Осы уақытқа дейін қол жеткізілген барлық табыстар бір төбе болғанда, кешегі өркениеттің көшбасшысы атанып жүрген еуропалық елдердің аймақтық қауіпсіздікті сақтау үшін құрған ЕҚЫҰ-ға мүше болып табылатын барлық 56 мемлекеттің басшылары саммитінің Астанада өткізілгендігі біз үшін жеке-дара бір төбе табыс болды. Оның қаншалықты маңызды екендігінің тереңіне кәрі тарих ғана бойлап, бағасын беретін болады. Бүгінгі күні біз оның маңызы мен терең сипатына қанша ұмтылсақ та бәрібір бойлай алмаймыз деп тұжырымдаймын.
Қазірде елімізге тыныштық заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз. Артқа тастаған жиырма жылдың ішінде не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір мемлекетке жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз артты. Қазақ мектептері мен балабақшалар саны артты. Білім мен денсаулық жағдайына аса мән беріліп, өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Елімізідің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірибе алмасуға жағдай жасалды. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. Жылдан-жылға дамып, өркендеп келе жатқан біздей жас мемлекеттің алдағы жетістіктері өте мол деп нық сеніммен айта аламын.
Қорытындылай келе, биыл Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздік – ол ұлттық мемлекет, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршеңдік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халқы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек.
Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!