Файл: 1. Адамзат баласы ндылыа мдделі рі мтаж тжырымына атысты з кзарасызды длелдеп жазыыз. Жм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 126

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қысқасы, өзге жұрт тарихты тү­зеткен ғұламалары мен бүгінде далада жүрген дарындыларын да жинап жатыр. Дарындылық де­геніміз – адамның кез келген іс-әре­кет түріне ерекше қабілетті болуы. Міне, сол қарым-қабілеті мықты, ақыл-ойы артық туған аза­маттарды елдің игілігі, келе­ше­гін жасау үшін мақсатты жұ­мыс­тар жүргізілуде.

Жақында NUR.KZ пор­та­лы­нан Қазақстанды әлемге таныт­қан он жұлдыз туралы оқы­дым. Олардың қатарында адамзат тарихында алғаш рет Сахараны жаяу, жалғыз бағындырған, «Гин­нестің рекордтар кітабына» жеті рет енген Марат Жыланбаев, кә­сіпқой боксшы Геннадий Го­лов­кин, ең сұлу волейболшы атанған Сә­бина Алтынбекова, әнші Ди­маш Құдайберген, мәнерлеп сыр­ғанаудың шебері Денис Тен, скрип­кашы Марат Бисенғалиев, үздік боксшы Қанат Ислам, ди­ри­жер Алан Бөрібаев, жас әнші Мария Мудряк бар. Бұлардың бар­лығы өнер мен спорт арқылы та­нылғандар.

Қорытындылай келе,бізге өте ке­регі – ғылым. Осы салада жаңа­шыл, тәжірибелі, танымал ғалым­дар көбейіп, әлемге танылған сайын Қазақстанның қуаты да ар­тады, елге көзқарас өзгереді, ұлт байлығы еселенеді, дамыған 30 елдің қатарына ентікпей ене­міз. Осы бағытта дарынды адам­дар­дың жұмысын үйлестіріп, жаңа­лығын жария етіп, ұлтымыз­дың ұлы бастамаларын қолдайтын орталық керек. Әлемді өзгерткен адам­дардың тізімінен қазақтар­дың көрінуі – болашаққа батыл қа­­дам басқанымызды айғақтай-ды.


47. Әлихан Бөкейхановтың «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сөзін нақты дәлелдер арқылы талдап жазыңыз. ЖМ

Әлихан Бөкейхан.бұрынғы хан-сұлтандардың ұрпағы ретінде туған халқы алдында өзін айыпты сезінді.  "Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын" деген сертіне соңғы демі қалғанша адал болды. 
1937 жылдың 27 қыркүйегінде қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаған аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым Әлихан Бөкейханов жалған айыппен Мәскеуде өлім жазасына кесіледі.  Үкім сол күні-ақ жүзеге асырылды.

Әлихан Бөкейхан қарапайым өмір сүрді. Ол атылып кеткенде қызы Елизавета мен немересі Ескендірге Мәскеудің коммуналдық пәтерінен бір бөлме мен кітаптар, фотоальбом, бірқатар қолжазбасы, сондай-ақ, насыбай шақшасы ғана қалған.

Әлихан "туған жерден үш аршын жер бұйырса жетеді" деген сөзді ағайын-туыстарына әрдайым қайталап отыратын. Алайда, оған да, оның қыздарына да, немересі Ескендірге де ата-баба жерінен топырақ бұйырмады. Барлығы Мәскеуде жерленді. Жезқазғандағы түсті металдар кенін игерудің бастауында тұрған оның ұлы Оқтайдың да қайда жерленгені белгісіз. Оқтай шамамен 1957 жылы жұмбақ жағдайда өмірден өтті.
«Жақында Президентіміз «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген бағдарламалық мақаласында Алаш арыстарын ұлықтауды жалпы бастап берді. Біз Алаштың еңбегін бүкіл жастарға паш етуіміз керек. Әлихан Бөкейханның есімі биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты аталып өтетін мемлекеттік маңызы бар мерекелердің қатарына енді.

Әлихан Бөкейханның ұлтқа деген қызметі ерте жасынан-ақ басталған. 1890 жылы Ресей ақсүйектері мен беделді оқу орнының студенттері сән-салтанатты өмірге араласып, парадтарды қызықтап жүргенде 24 жасар Әлихан тұрмыс таршылығынан тоз-тоз болған ұлтының жайы үшін саяси-әлеуметтік, қоғамдық жұмысқа белсене араласады. Осылайша, Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық әрекетіне өзіндік көзқарасы қалыптасқан, саяси астыртын күрестен біршама тәжірибесі бар қайраткер боп жетіледі. Қайраткер елдің ертеңіне сеніммен қарады, келелі істердің басында болып қана қоймай, ел дамуына бастау болар әр салаға жаңа буын әкелді, жастарды тартты. «Алаш» деп аталатын айбынды, асқақ қозғалыстың әр өкіліне қайсар рух, жалынды сөз арнады.

«Әлихан Бөкейханұлы шынында да біздің маңдайалды үлгіміз болуы керек деп ойлаймын. Қазіргі ұл-қыздарымыз ол кісінің, Алаш арыстарының, сөздерін, ісін көкейге қондырып, жаттап өтуіміз қажет», – деді ақын, аудармашы Саят Қамшыгер.



Әлихан Бөкейхан – рух майданының шын мәніндегі күрескері, халқының бағына бітіп, бақыты үшін ғұмырын сарп еткен тұлға. Әлихан бастаған ұлт зиялылары қазақ тәуелсіздігін аңсап өтті, сол жолда шейіт кетті. Ал, бабалар аңсаған азаттық бүгінгі ұрпақтың санасында мәңгі жаңғырады, сақталады.

Әлихан Бөкейхановтың жер тағдыры үшін алаңдап айтқан келесі бір пікірі бүгінгі дәуір шындығымен үндесіп тұрғандай. Ол: «Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса - башқұртша көріп мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді». Жер ананы сату жайында айтылған жанайқай әлі шешімін тапқан жоқ. Келімсектердің меншігіне айналып кеткен қанша жеріміз бар екенін ешкім тап басып айта алмайды, ал енді меншігіндегі жерін саудаға салып, бизнес көзіне айналдырып жатқандар қаншама, бір сөзбен айтқанда башқұрттар жасаған қателік әлі де болса андыздап алдымыздан шығып тұр. Ә.Бөкейхановтың жер туралы айтқан қағидаттарының түйіні төмендегідей: «Біздің қазақ ұлтының автономиясы жерге байлаулы автономия болмақ». Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, т.б. ұлт зиялылары 1920 жылы қазақ халқына алғашқы автономияны алып берді, бұл жеңіс 1936 жылғы Республика статусын алуымызға айтарлықтай септігін тигізді, ал басты жемісін біз көріп отырмыз, бабаларымыздың қасық қаны қалғанша күресіп алып берген сол автономиясы 1991 жылы Тәуелсіздіктің қарлығашы болып қолымызға қонды, сол кездері Бөкейханов, Байтұрсынов сияқты тұлғасы болмаған қаншама халықтар әлі күнге дейін құлдық қамытын сілкіп тастай алмай бодандық құрсауындағы бейшара күй кешуде. 

Ғасырлар ауысқан, құндылықтар жайындағы көзқарастар өзгерген ХХІ ғасырда Әлекең айтқан:  «Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ»,-деп пікір айтуына не себеп болды екен деп ойға қаласың. Европаға тәнті болып жататынымыз жасырын емес, мәдениеті де жоғары, мойындаймыз. Ғасырлар бойы дала мәдениетімен тіршілік кешіп, рух асқақтығы мен адалдығын сақтап қалған халқымызды ешкімнен төмен деп бағалауға хақымыз жоқ, өкінішке орай кей жағдайда «біреудің қаңсығы, біреуге таңсық» болып жататыны жасырын емес, Әлекеңнің заманында болған жаман ғадет қазір де жоқ емес. Жаһандану дәуірінің есік қағып тұрғанын ескерген біздер ұлт жанашырының жоғарыда айтқан пікірлерін әркез қаперде ұстағанымыз жөн.


Елінің егемендігі үшін күресте ғұмыр бойы жапа шегіп өткен асыл аға: «Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады»,-деп күңіренеді. Бөліп алып билік жүргізген патша билігі де, «бостандыққа қол жеткіздің» деп арқадан қаққан кеңес заманында бостандық, теңдік, саясат ісінде біз үшін бәрін орталықта шешіп отырды, Мәскеу билігі ешкімге ырық бермеді. «Тарих жолында тезек теретін» жағдайға итермеледі. Бұл күндері «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы әлем халықтарымен терезесі тең, бостандығын баянды ету жолында биікке ұмтылған, мұхиттың арғы жағына дейін даңқымыз кеткен, алыс-жақын санасатын салиқалы елміз.

Елі үшін құрбандыққа басын шалған, жарты өмірі бит, бүргеге таланып, түрмеде отырған, туған елінен жырақта, үй қамақта ғұмыр кешкен аяулы жанның ұлы арманы кеш те болса орындалды.

Білімі жоғары, өз халқының әділ заң аясында өмір сүргенін аңсаған, сол жолдағы күресін өмірінің соңына дейін жалғастырған зиялы Әлекең: «Би түзу, билік әділ болсын», «заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды ғой» деген жақсы ойлар айтқан болатын. Сондай-ақ әр кездері айтқан «мансапқұмар елі – кемелдікке жетпеген ел», немесе «ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден»,-деп келетін өткір ойлары, халқының санасына сілкініс туғызуды мақсат еткен, халқын қайрап айтқан: «тіршілік – бәйге: жүйрік алар, шабан қалар»,-деген  ойлардың қай-қайсысы болмасын ұлт санасына саңлау түсіретін аманаттар.

Тағы бір даналық қағидаттың терең сырына үңіліп көрейін. Ол: «жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса - қазақ халқы соңынан ерер еді»,-деп ақеділ пікір айтты. Дауыл мен дүрбелеңге толы ХХ ғасырдың бас кезінде халық қамын ойлап, ұлт жанашыры болған арда азаматтар аз болмады, соның бірі де бірегейі Әлихан Бөкейхановтың өзі еді. Өкініштісі сол халық соңына еретін азаматтардың дені бірі ерте, бірі кеш мерт болып жатты. Қазақ халқының тағдырын келімсектер шешетін жылдар көп жылдар бойы салтанат құрды.

        Қорытындылай келе, ұлы баба аманатына ғасырлар бойы жүргізген күрестің нәтижесінде қол жеткізген қазақ халқы 1990 жылдары ғана қол жеткізді, таза жолмен тура жолға бастайтын Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевпен бірге азаттық айдынына шықты. Көш түзелді, ел егемендігі баянды болып келеді. Рух майданының шын мәніндегі күрескері болып өмірден өткен аяулы жанның туған халқының қамын ойлап айтқан қадау-қадау қағидаттары керемет құнды, әрі бағалы. Танымы мол, тағылымы терең ойлардың берер ғибраты кеше мен бүгіннің, ертеңгі болашақтың жемісі болып тәуелсіз ұрпақтың санасында мәңгі жаңғырады, сақталады.


42. Абайдың «Ескендір» поэмасының тарихи және көркемдік құндылығын бағалап жазыңыз. ҚГ

Ескендір – әлем тарихында Александр Македонский атымен белгілі тұлға. Ол Македония елінің патшасы болған.Өзінің қолбасшылығы мен жаулап алу қабілетіне орай ол «Азияның патшасы» атанған.Бірақ оның ойы әлемді жаулап алуда болатын. Міне, осы Ескендір патшаның өзінің алған әскери және сауатты білімін дұрыс жолда емес, өзінің тәкаппарлығына, ашкөздігіне қолдануын алтын қаламмен жеткізген Абай Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасындағы Македон патшасының әлсіздігін талдап көрелік.

Абай хакім поэманың басында оның Филипп патшаның ұлы және мақтансүйгіш, қызғаншақ екенін жеткізеді. 21 жасында толар-толмас таққа отыруынан бастап, өз елінің жеріне көңілі толмай, өзге елдердің жеріне көз тіккені баяндалады.

Ескендір елде алмаған хан қоймады,

Алған сайын көңілі бір тоймады.

Араны барған сайын қатты ашылып,

Жердің жүзін алуға ой ойлады, - деген жолдардан оның ашкөздігі айқын көрінеді. Көзге көрінген елдерін бірінен бірін жаулап ала бастады. Елдерге тыныштық бермей патшаларын өлтіріп, аяусыз қырып-жойды. Бір сондай жаулау ойымен жүрген кезінде, сұм бір шөлге тап болыпты. Суының барлығын ішіп, су таба алмай қиналыпты. Бір мезетте көзіне жарқ етіп өзен көрінді. Өзен суына қанып, жаны кіргеннен соң тағы өзінің әлсіздігіне берілді. Енді мына жолдарға назар аударалық:

Бұл салқын, тәтті суға қаныңыздар,

Шақ келер маған жан жоқ, наныңыздар.

Менен қалмай, бұл суды шапшаң өрлеп,

Талқан қылып шаһарын алыңыздар.

Сол елдің қақпасына жетіп, аша алмаған соң:

-Білмесең, мен Ескендір патша деген,

Жер жүзінің соғыста бәрін жеңген.

Қақпаңды аш, хабарыңды айт, білдір маған,

Қорлығым өзім туып, көз көрмеген, - деп өзінің жаман жағын байқатады.

Қақпаны аштырта алмасын байқаған ол әскеріне көрсететіндей сый беруін өтінеді. Берілген нәрсе қу бас сүйегі болып шығады. Оның тәкаппарлығы тағы мына өлең қатарынан көрінеді:

Ашуланып сыйына болды кекті,

-Ең болмаса білмеді сый бермекті.

Осы менің теңім бе?- деп ақырып,

Лақтырып жіберді сол сүйекті.

Міне осындай кезде әлемнің бірінші ұстазы Аристотель қу сүйектің текке берілмегенін айтып, сүйекті таразыға тарттыртып, қанша байлық, дүние атаулыға басылмаған сүйекті бір уыс топырақпен басады. Осы өмірде ашкөздердің тойымсыздығын көрде топырақ басатынын айтып Ескендірге ащы шындықты жеткізеді.

Қорытындылай келе, бұл поэма арқылы дана Абай бізге Ескендірдей алған білімімізді, ілімімізді бұрыс жолда қолданбай, Отанымызға пайдасы тиетіндей патриот, өзгелерге үлгі болатындай адам болуды жеткізгісі келген деп ойлаймын. Ия, қазақтың ұлы ақынының туындылары сол кездегі халыққа әсер етпеді, сол Абайдың ойын түсініп, жүзеге асыру біздің қолымызда болмақ!