Файл: 1. Адамзат баласы ндылыа мдделі рі мтаж тжырымына атысты з кзарасызды длелдеп жазыыз. Жм.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 125
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. «Адамзат баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж» тұжырымына қатысты өз көзқарасызды дәлелдеп жазыңыз. ЖМ
Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға назар аудара бермейміз - жан-дүниеміздің құндылықтарына.
Құндылық-сізге бір заттың. маңыздылығымен пайдалылығы.Ал сіз құндылықты қалай түсінесіз? Әрине құнды заттар,құнды мәліметтер деп ойлауыныз мүмкін.Ия әр адамнын өз құндылығы болады. Сіз сол құндылығынызды білуіңіз қажет! Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді, еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның ерекше жақсы көретін құндылықтары.
Ата -ананыз ,туыстарыңыз,туған жеріңіз міне осының бәрі сіздің құндылығыңыз.Ал ана үшін ең құндысы баласы. Сол себепті баласы жайлы жаман сөз естісе, ескерту алса, анасының жүрегі жараланады, ашуға салынады, айтқан адамға өмір бойы ренжіп, ашуланып, тіпті төбелесуге дейін баратындар бар.
Ал бірақ ең басты құндылық мәдинетте деп ойлаймын.Құндылық-мәдениеттің құрамдас бөлігі.Себебі:құндылық адамдардың өзін -өзі ұстауын реттейді.Мәдинет құндылықтары материялдық және рухани болып бөлінеді.Құнлылықтар мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шартастырылған.
Жалпы адам бойында мың түрлі құнлылық болады. Ол адам бойына өмірге келген сәттен бастап бірге дамиды.Құндылыққа мысал алатын болсақ: сіз бір адамнын қолынан жасап шығарған затты төмен бағаладыңыз.Ол сізге қатты ренжиді.Өйткені:сіз ол адамның түнімен еңбек етіп жасаған еңбегін төмендеттіңіз.Егер ол адам сізді кешірсе ,онда ол өз қателігін әлі де жақсарту керек екенін түсінді деген сөз.Ол адам өз бойындағы құндылығын бағалай білді деген сөз.
Осы құндылық деген сөзді кім ашты? Алғаш құндылық деген сөзді грек ғалымы Сократ ашқан.Сократ үшін құндылық "адамның өмірді бағалауы"деген мағынаны білдіреді.Ал Арестотельдің айтуынша" жақсылық"пен"игілік"ұғымын білдіреді.
Сіздің үйіңіз, материалды жағдайыңыз, жұмысыңыз, айналысатын ісіңіз, хоббиіңіз, шығармашылығыңыз да құндылықтар қатарында. Болмысыңыз бен пішініңіз, сұлулығыңыз, сымбаттылығыңыз - құндылықтың бір түрі. Сонымен қатар, іске аспай жатқан құндылықтар да болады: үйлену, тұрмыс құру, ата-ана болу, өмірде өз орныңды табу, сыйлы адам болу, тұлға ретінде мойындалу да құндылықтар.
Ал енді реніш пен ашуға келейін, негізінде осы эмоциялар басқаның біздің құндылықтарымызға тіл тигізгенінен болады екен. Мұны біз ешқашан ойланбаймыз. Адам сенің ашуыңа тиді, ренжітті, аяғында ұрсып тыңдыңдар. Ал негізі ойлана келсек, ол сіздің қандай да бір құндылығыңызды жалмап өтуі мүмкін. Дегенмен, әр адам өз құндылығын анықтап алған кезде реніштің қайдан шығатыны анықтала бастайды. Сол кезде адамды кешіру де жеңілдейді.
Мысалы, сіз бір адамның шығармашылығын сынға алдыңыз. Ол азар да безер болып, сізге ренжіді. Неге? Өйткені, ол үшін оның шығармасы оның құндылығы. Ол оған жанын салды. Ал сізге бұл тіптен құндылық болмауы мүмкін. Егер ол адам сізді кешіргісі келсе, ол сол құндылығына тағы бір назар аударып, оны жақсарту үшін тағы жұмыс істеу керектігін түсінуі керек. Бұл өмірде болатын т.б. реніштер мен ашуларға да байланысты.
Қорыта келе,бір нәрсені екіншісінен артық көру жалпы тірі табиғатқа тән деп есептеймін. Аң екеш аңның өзі төлін қызғыштай қорғайды. Дегенмен, құндылықтың антропогенді, яғни адамға тән екендігін баса айту қажет, өйткені барлық жаратылыстың ішінде адам ғана табиғи және мәдени туындыларды, идеялар мен амал-әрекеттерді, жалпы басқа адам мен қоғамды, сондай-ақ өзін-өзі бағалауға қабілетті. Құндылықтар адамның әлеуметтік болмысына тартылған, адам құндылықтарға мүдделі әрі мұқтаж болып табылады.
8. «Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – еліміздегі аса құнды жәдігер, сәулет өнерінің керемет туындысы» тақырыбында ұлттық сәулет өнеріне тән белгілерді сипаттай отырып, эссе жазыңыз. ЖМ
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі - Орта Азия мен Қазақстандағы теңдесіз тарихи жәдігер. Бұл ғажайып сәулет өнерінің туындысы өз бойына ертеден келе жатқан жергілікті және Шығыс мұсылман құрылыс тәжірибесін жинақтаған бірегей ғимарат. Бұл ғажайып ғимарат Әулиелердің Сұлтаны Құл Қожа Ахмет Ясауиге зор құрмет ретінде, оған деген халықтың шексіз сүйіспеншілігіне орай, Әмір Темірдің бұйрығымен 1397 жылы салына бастаған. Қ.А. Ясауи сәулет ғимараты айқын, дәл әрі үйлесімді жоспармен салынған. Деректерде Әмір Темір кесененің салынуына бұйрық беріп, әрі жобасын жасауға да тікелей қатысқан. Қожа Ахмет Ясауи сәулет ғимараты - аса үлкен порталды-күмбезді құрылыс.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесi тек ортағасырлық сәулет өнерiнiң керемет туындысы ғана емес, сол сияқты ортағасырлардан сақталған бай тарихи мұраларды сақтап отырған киелi орын ретiнде де тарихта белгiлi орны бар ескерткiш. 1978 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі республикалық музей ретінде ашылып халыққа қызмет көрсете бастаған кезде музей қорында 300-ден аса жәдігер болған. Музей қорына қабылданған алғашқы жәдігерлер Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде ХIV ғасырдан сақталған, Әмір Темірдің бұйрығымен жасалған қола және ағаш бұйымдар.
Қ.А. Ясауи кесенесі жамағатхана, қабірхана, мешіт, кітапхана, үлкен ақсарай, кіші ақсарай, асхана, құдықхана және бірнеше құжыра бөлмелерден тұратын, діни-ғұрыптық, діни-ағартушылық, тұрмыс-салттық қызмет түрлерін атқаруға арналған аса күрделі, аса зор кешенді құрылыс болуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, музей экспозициясы ескерткіштің құрылымы мен безендірілу ерекшеліктермен, ежелгі Түркістан қала құрылысымен, Қазақстан жеріндегі жазба мәдениетінің тарихымен, қазақ халқының қол-өнерімен таныстырады.
Қожа Ахмет Яссауи Кесенесінде көптеген құпия жасырынған. Ғалымдар бұрыннан-ақ не себепті бұл ғимараттың сол уақыттағы барлық діни ғимараттар секілді Меккеге бағытталмағанына бас қатырауда. Ал келесі құпия кесененің іргетасында жатыр, себебі ол мүлде жоқ! Іргетастың орнын қалыңдығы бір жарым метр болатын, көп қабатты балшықты негіз қойған. Соған қарамастан, мұражай көптеген соғыстар мен жер сілкіністерін басынан өткеріп, алты ғасыр бойы құламай келген. Іргетастың болмауын балшықты-дәкелі негіздің өзі жеткілікті деп түсіндірген. Аңызға сүйенсек, кесененің құрылысы кезінде мыңдаған өгіздерді айдап әкеліп, болашақ ғимараттың платформасын таптату үшін, шеңбер бойымен жүргізген деседі. Ал келесі тарихшылар Темірланның тұсында да ниеті таза емес, өз ісін шала істейтін жалдамалы жұмыскерлер болған дегенді алға тартады... 2000 жылдың басында кесененің көне қабырғаларының астына бетонды іргетас жүргізіліп шықты. Кесене 1723 жылы жоңғар шапқыншылығы кезінде, 1846 жылдары қоқандардың шабуылында, сондай-ақ 1856 жылы патша әскерінің соңғы шабуылы тұсында зақымданған болатын. Ескерткіштің он бір жерінде зеңбірек оқтарының іздері сақталған. Кесененің келесі құпиясы – қаптайтын тақталарды сырлаған көне жылтырақтар мен бояуларды қалай өндіргендері. Жаңа технологиялар бұрынғы шеберлердің нәтижесін қайта жаңғыртуға көмектесе алмады. Күмбездің қаптамасын заманауи тақталармен жаңартқан кезде бір жыл өте салысымен қаптаманы шешу керек болатын, себебі күмбез судың салдарынан ісіне бастаған. Ал ежелгі құрылысшылар су өткізбей ғана қоймай, сонымен қатар күмбездің табиғи жолмен ауа алмастырып тұруына қол жеткізген. Түркістанға жол тартқан кез келген құлшылық етуші адам, түркі елдерінің рухани тәлімгері, артында қалған ұрпағы «Далаға Ислам жарығын әкелуші» деп бағалайтын, танымал Әзірет Сұлтан жерленген, Әмір Темірдің бұйрығымен бой көтерген күмбезге бас сұқпай кетуі мүмкін емес деседі.
Қорытындылай келе, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, һәм діни һәм бағалы сәулет туындысы ретінде дүниенің төрт бұрышынан келген саяхатшылар мен зияратшылардың үзіліссіз бас сұғатын орнына айналды.
18. Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінде көтерілген мәселенің маңыздылығын талдап жазыңыз. ЖМ
Жаугершілік заманда шапқыншылар өзге елді тұтқиылдан шауып, жылқыларды барымталап тұтқын ретінде үлбіреп тұрған сұлу қыздары мен батыр ерлерін еріксіз алып кететін. Ұлы даланың қатаң ережелері тұтқынға түскен бойжеткендерді күң етсе, ер азаматтарын құл қылатын. Алайда туған елге деген сағыныш еріксіз тұтқынды да тәуекелге бел буып, қашуға итермелейді екен. Алғаш рет “Шашты” әңгімесін оқығанымда, мен осындай тұрғыдағы сезімдерді бастан кешкен едім. Әңгімеде көтерілген мәселелер: ер-азаматтардың ар-намысы, шапқыншылыққа ұшыраған елдің күйі Айгүл Кемелбаеваның өзге де туындылары секілді аса аяныш, үрей, қобалжу сезімдерін туғызады. Аталған автордың шығармашылығының өзіне тән ерекшелігі, асыра сілтеу секілді әдеби құралдары жиі қолданыла бермейді. Оның туындыларында тек қана шындық, бүкпесіз айтылады. Солардың бірі “Шашты” әңгімесі. Әңгіменің бас кейіпкері қарапайым жылқышының бейнесінің негізінде бұқара халықтың күйін автор шебер жеткізеді. Сонда да неліктен әңгіменің басты мәселелерінің біріне ер адамдардың ар-намысын жатқызып отырмыз.?-, деген сұрақ туындайды. Тұтқынға түсу-көшпелі рулар үшін қарғыс таңбалы, көк соқққанмен тең. Жат жарылқамайды. Міне сондықтан, еркек баланы өлсе де аямайды. Тіпті әңгіменің бас кейіпкерлерінің бірі Кенжебекті де жау қолының оншалықты аямағандығын да байқап қаламыз. Кенжебек секілді талай адамдарды құл ретінде жұмсап, отбасын құруға да мүмкіндік бермейтін. Тек қара жұмысқа салып, қашқындар жазадан көз ашпайтын. Өз еркінен тыс тұтқынға түскен адамдардың өмірін, тағдырын ойыншық еткен жау қолындағы құл тірі адамның емес, тірі өліктің күйін кешкендей өмір сүрді. Қаншама адамның өмірі “Шашты” әңгімесіндегі дана қарттың балаға айтқан шерінен, жүрегіндегі терең жарасынан көрініс табады. Өзге елге құл болғасын, қанша еркекпін деп намыстанса да, жау үшін олардың құны тышқақ лақ ғұрлы жоқ.” Шашты” әңгімесі тек сол замандағы жау қолына түскен халықтың күйін ғана емес, қасиетті жылқы малын бағудың қыр-сырын да атап көрсетеді. Сіз қазақ халқының қатардағы тұлпарды, жүйрік сәйгүлікке айналдыратын көреген халық екендігіне көз жеткізе аласыз. Алайда мені ойландыратыны жылқы малын бағудың біз білмейтін қандай ерекшелігі болуы мүмкін? Біріншіден, әңгіме барысындажылқышы тұлпарға түйе сүтін ішкізіп бағады. Соның нәтижесінде сәйгүлік қайратты әрі жүйрік бола түседі. Екіншіден, жылқышы жылқыны өзеннің мөлдір суында жуындырмай, құмда аунатады, бұл әлдеқайда тиімдірек. Үшіншіден, әр тұлпардың өзінің кемшілігі бар болғандықтан, қанша жүйрік десекте, оның да әлі құратын кез болады. Сондықтан, әсіресе шөл далада жылқы үлкен күтімді қажет етеді. Кенжебектің қу далада аштан қатып, шөлден қысылып жатқанына қарамастан, азығын бірінші сәйгүлікке беріп жатады. Жылқы атасы Қамбар атаның рухына сыйынып, дұға тілеп отырады. Көпті көрген дана қарттың кеңесімен аспандағы Темірқазықты бағыт-бағдар көрсетуші көмекші құрал ретінде қабылдайды. Өзін жын-шайтандардан қорғау мақсатында арқанды шеңбер күйде жасап өзін де, тұлпарын да тылсым күштерден қорғап қалады. Осыдан екен ғой атам қазақ:”Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мінсе, бір дене бір жанға айналып кетеді. Қашса-құтылады, қуса-жетеді,-дегені осыдан екен.
Әңгімеден тағы бір байқайтынымыз қарттың көрегендігі мен баланың өжеттігі жайлы жиі айтылады. Ендеше қарттың көреген дана екендігі, ал баланың айтқанынан қайтпас қайсар екендігін не дәлелдейді? Қарт даналығы баланың бойындағы өжеттік, қайсарлық іспеттес қасиеттерді көре білгенінде. Баланың қазақ екендігін тани сала, оған бас салып, қашуды ұсынған жоқ. Алғашқы он екі айда жылқы малын бақтырып, жүйріктің барлық қыр-сырын үйретеді. Ал бәйгенің ұйымдастырылуы қажетті сәтті туғызып, қашуға қолайлы жағдай пайда болады. Дегенмен, бала әлі жас бүлдіршін болғандықтан, біраз күдіктеніп, өз-өзіне сенімсіз бола бастайды. Шал да бұның қисынын тауып, оны ойынан айныту үшін шындықты айтуға мәжбүр болады. Баланың бойына сенім біткесін, бойындағы ерлік қасиеті бәйгеде анық көрініс табады. Тіпті шөл далада қысталаң күйді кешсе де, ол еш мойымайды. Бұл баланың мінезділігін көрсетеді. “Шашты” әңгімесінде жылқышы үшін де, Кенжебек үшін де жылт еткен сәуле қай уақытта жағылады? Бәйге ұйымдастырылмақ болғанда, жылқышы анасынан жаңа туған сәбидей қуана жөнеледі. Ол үшін үміт пайда болады. Кенжебекті елге қайтару үміті. Қанша жылдық кегін қайтару үміті. Кенжебек үшін де бұл үлкен мүмкіндік болатын. Басында сенімсіз болғанымен, бойындағы жігерліктің шалдың оятуы нәтижесінде жылқышы қарттың да, өзінің де үмітін ақтай білді. Менің ойымша жылқышы қарт пен баланың кездесуі кездейсоқ жайт емес. Екі заман адамдары басындағы тағдырдың қиыншылықтары мен ортақ қайғымен бір-бірін тапқан жандар. Біреуі баланың бойындағы арманда кеткен жастықты көретін. Әрі өміріндегі ең үлкен қателігін қайталамау үшін барын салатын. Бала болып жатқан жайттардан не ұғынсын, өзінің қандай күйге түсетінін қайдан білсін. Бірақ бұл жағдайлардың барлығы оны күрт есейтіп жіберді.
Қорытындылай келе, атаулы тарихи әңгімелердің бірі тап сол заманның өзекті мәселелерін қозғап қана қоймай, бүгінгі күнмен де тығыз байланысты. Сол заманда ер азаматтар ар-намыс секілді бағалы қасиеттерінен құл болғандықтан айырылса, қазіргі заманның ер адамдары сол секілді қасиеттерді өз бойынан жоғалтып, еркек аттарынан ерікті түрде айырылып жатыр. Бұл мәселенің бүгінге дейін де өзекті болып келе жатқаны өкінішті-ақ.
8. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз. (ҚГ)
Дос – сені ешқашан жарты жолда тастап кетпейтін, қуанышты да, қайғыны да бірге бөлісетін, ешнәрсемен бағаланбайтын, ұлы жан. Өмірде достықтың екі түрі кездеседі. Олар арам дос және адал дос. Сәкен Сейфуллин атамыздың «Сыр сандық» өлеңінде осы екі түрлі жан туралы керемет сипатталып, арам дос пен адал достың ара жігін айқын ашып көрсетеді. Менің ойымша «Сыр сандық» өлеңінде нағыз досқа тән қасиеттер ерекше баяндалған. Ендіше, өлеңде жазылған адал досқа тән қасиеттерге талдау жасап көрейін.