Файл: 1. Адамзат баласы ндылыа мдделі рі мтаж тжырымына атысты з кзарасызды длелдеп жазыыз. Жм.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 128
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Нағыз дос – досымен бірге өмірдің ыстық-суығына төзіп, досы қуанса қуанып, қиындыққа тап болса қол ұшын беруге аянбайтын жан.Нағыз достар сырын ақтарып, бірін-бірі ұғынып, сыр түйінін берік сақтайды. Сәкен атамыз мұндай қасиетті:
Нағыз достар, бір-ақ қалып.
Шыңдап берік сүйіскен.
Бір-біріне сыр ақтарып,
Сыр түйінін түйіскен,- деп суреттейді
Өлеңдегі: «Күй шертуге анда-санда, сырласарлық жан керек»,-деген жолдар адамға ішкі сырын ашатын жан керектігін аңғартады. Себебі адам сырласқан кезде керемет бір әсер алып, жан дүниесі ерекше күйде қалады. Әрине, әр адамға сырласар жан табу оңайға соқпасы анық. «Сыр сандық» өлеңінде:
Әр адамның ішкі сыры,
Берік қойма сақталған.
Сол қойманың бір түкпірін
Достың досы-ақ ақтарған,- деп Сәкен атамыз адам баласының ішкі сырын берік қоймаға теңейді. Оны ақтаруға кез келгеннің қолы жете бермейді. Тек нағыз дос ғана ақтара алады. Нағыз достың тағы бір ерекше қасиеті - қолында барының бәрін досы үшін бере алады деп ойлаймын. Сәкен атамыз адал достың қасиеттерін сипаттап келіп:
Досыңмын деп ант береді,
Жем іздеген жанама.
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос, санама,-деп арам достың арам пиғылынан сақтандырады.
Қорытындылай келе, дұрыс дос таңдай білу - өмірлік мақсаттардың бірі. Егер қасыңда жақсы досың болса, сен өмірдегі бақытты жанның бірісің. Жақсы дос сені ешқашан жарты, жолда қиыншылықта тастап кетпейді. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Сәкен атамыздың да «Сыр сандық» өлеңі арқылы жеткізбек болған ойы осы.
9. Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңінде өзін қалай таныстырады? Ақын бойындағы ұлттық мінез бен қасиеттерді анықтап, талдап жазыңыз (Қасым Аманжоловтың туғанына – 110 жыл). (ҚГ)
Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім жалын атқан сөз дайында…
Қасым Аманжолов
Қ.Аманжолов поэзиясы өршіл романтизм, биік пафос, азаматтық идеясының айқындығымен ерекшеленеді. Ақынның «Өзім туралы» өлеңі өзінің өткен өміріндей, өмірлік кредосындай. Ол осы өлеңі арқылы келер ұрпаққа сыр айтып, өсиет қалдырып кеткен:
Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ,
Қараймын елесіңе мен таңырқап,
Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,
Көрпемді мен жатармын қырда қымтап.
Жүзінде кәрі жердің әжімі көп,
Ізімді табарсыңдар әзер іздеп,
Оқырсың сонда мүмкін бұл жырымды:
«Досың да, туысың да біздерміз», – деп.
Онысы соңынан жақсы жыр қалдырсам екен деген жалын жүректің ұшқынындай сезіледі:
Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім жалын атқан сөз дайында,
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,
Тербетіп, тулатып бір қозғайын да…
–деп, өз көрерменін үлкен оқиғаға дайындайды.
Аманжол, Рақымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атаның ғасырымын,
Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын.
Өлеңдегі лирикалық кейіпкер өзіне әрі оқырманына сауал тастайды, болашағына болжам жасайды:Яндекс.Директ
Шарлаған жолым жатыр жер бетінде,
Көрінер көлеңкесі келбетімде,
Қай жерде үзіледі қайран сапар?
Түйін боп өмірімнің бір шетінде.
Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап,
Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ,
Немесе бастармын ба екінші өмір,
Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап.
Қ.Аманжолов – өз кезеңінің, қазіргі уақыттың, тіпті келешектің де ірі ақыны. Оның әр жыры – қазақ жырының тарихындағы ірі жетістік. Өткенімізді іздесек, біз Қасым Аманжоловтан анық табамыз. Өйткені ақын «өртеңге тиген дауылдай» жырларымен өшпес із қалдырған, қазақ поэзиясында Абай дәстүрін жалғастырып, дамытушы. Ерлік пен өрлікті парасатты поэзиясына ту еткен.
Бұл туралы ақиық ақын Мұқағали Мақатаев былай деп түйіндейді:
Дейсіңдер-ау, Қасымның несі басым,
Қасым солай болмаса, несі Қасым?
Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым.
Қаламгер Бекен Ыбырайым да Мақатаевтың сөзін растап, Қасым Аманжоловтың шығармашылығын былайша талдап көрсетеді: «Қасым Аманжолов қазақ әдебиетiне, сол арқылы әлем поэзиясына көркемдiк ойлаудың адамзат тарихында бұған дейiн болмаған жаңа құбылыстар, тың толқыныстарды әкелдi. Болмысты сезiну мен бейнелеудiң, көркемдiк тәжiрибенiң адамзатты байытатын жаңа типiн тарту еттi. Ендеше, Қасым Аманжолов – ұлы ақын.
Қасымнан кейiн дүниеге келген ақындардың iшiнде оған бас имеген, тағзым етпеген ешқайсысы жоқ». «Өлемін деп емес», «ұқсата алмай келемін» деп өкінетін ақын «өзіммен бірге өлмесін өлеңім» деп, «күніне жүз ойланып, мың толғанады», себебі ақынның «бары да, бақыты да – өлеңі».
Ақынның өз энергиясындай өлеңі де мықты:
Гүрілдеп жалын атқан кеудем-көрік,
Сөз соғам құлашымды еркін керіп.
Суарып шынықтырам күйге малып,
Болсын деп әрі әдемі, әрі берік.
«Құя алман үгітілген балшық өлең», – деген ақын-ұстаның кеуде-көрігінен
соғылып, суарылып, шынығып шыққан жырлары мәңгілік, ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып кете береді.
Оны өзі де сезіп кетті:
Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бір байқасын.
Өртке тиген дауылдай өлеңімді
Қасымның өзі емес деп кім айтасың!
Қасым шығармашылығы – қазақ поэзиясының асыл үлгілерінің бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды ақын өз тағдырын туған елі тарихымен тұтастықта сезініп, өз өлеңдерінде халық жанына тән ерлік, батырлық, жомарттық сезімді терең көрсетті. Оның батыл ойлы, сыршыл поэзиясының бұрынғысынша әсерлі де тартымды болып келе жатқаны да сондықтан.
Қорытындылай келе, Қасым өмірден ерте кеткенімен, оның кейінгі ұрпаққа мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өшірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қасым Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде. Оның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған.
6. Бүгінгі жастардың тіл жұтаңдығының себептері неде? Пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз. ҚГ
Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген,
Халқын сүйіп жарытпас
Бүгінгі таңдағы жастарымыз мүлдем батыстанып бара жатқан тәрізді.Олар қазақ халқының сөз кестелерін бұрмалап, елден ерекше көрінгілері келе ме, шетелдің жаргон сөздерімен сөйлеуді күнделікті әдетке айналдырып алған. Қазақ халқы қашан да сөзге шешен, суырып-салма, дұшпанын бір ауыз сөзбен тойтарып отырған емес пе?! Бүгінгі жастардың сөйлеу мәдениеті мүлде өзгеше дәрежеде, жастарымыздың бір ауыз сөздің өзін кібіртіктеп, тұтығып барып әрең жеткізетініне бәріміз де куә болып жүрміз. Сөйлеу барысында жалпы қолданыстағы сөздерге орысша жалғау жалғап, өз тілімізде баламасы бола тұра кірме сөздерді шеттен тыс көп пайдаланып, оның үстіне қазақша қосымша жалғап, тіпті тарихи қалыптасқан сөйлемнің орын тәртібін бұзып қолданып жүргендері бар.
Жастардың сөйлеу мәдениетінде көзге түсетін, өзіне тән тілдік ерекшелігі байқалатын диалектіден де басқа тілдік элементтер де бар. Мәселен, бір қалада тұрса да, бірақ әр мектепте оқитын оқушылардың ауызекі тілінде өзгешеліктер бар екенін байқауға болады.
Бала психологиясы ересектерге еліктеуге құмар. Жақсы не жаман әдет болсын, тіпті сөйлеу мәнеріне дейін еліктеп, оларды үлгі тұтатыны анық. Расында, балалар тың дүниені білуге құштар. Мәселен, техникалық терминдерге мектеп оқушысының қызығуы екіталай. Ал жаргон сөздер түсініксіз болса да, қарапайым әрі ересектердің белгілі контекстіде қолданылуында түсінікті болғандықтан тез қабылданады. Көптеген жаргон сөздер жастарға нақты, түсінікті, қызықты болып әрі бір-бірімен тез тіл табысуға ықпалын тигізіп тұрады. Құлаққа дөрекі естіліп, ерсі көрінгенімен бұлар бүгінгі жастар тілін құрайтыны өкінішті. Тағы бір айта кетерлігі, бұл жаргондар тез таралады.Тіпті сол оқушылар айтқан кейбір сөздерді ересектер қауымы да айтып жүргені рас. Жастар дағдысына қарай бұндай сөздерге өте оңай бейімделеді, әрі оларды кез келген жағдайда қолдана береді. Мысалы; түк те емес – чепуха; демалыс – халява; күлкі – угар; арзан – фуфло; мас – бухой; тақыр бас адам – лысик; бай адам – оллигарх, олигатор; толық адам – пончик; сәнді – гламурный. Осындай топтағы сөздердің мазмұнына үңіліп, синонимдердің көп кездесетіні таңғалдырады. Әйтсе де, кикілжің жағдайларында жастар эмоцияға салынып, сөздің негізгі мағынасы қайсы екенін түсінбесе де, басқа мағынада да қолдана береді. Соның нәтижесінде оқушының қолданысындағы сөздің мағынасы алғашқы, негізгі мәнінен алшақтап кетеді. Бұл сөздер күн сайын жаңа мағынаға, жаңа мәнге әрі жаңа мағыналық түрге ие болып, жаргондардың пайда болуына ықпал етеді. Байқап отырсақ, бұл бүгінгі күні шешімін таппай отырған күрделі мәселе. Жаргондар, негізінен, жастарға кәсіби сипаты жоғалған, жеңілдетілген деңгейінде келеді. Сол себепті оқушы жаргонның негізгі мағынасын біле бермейді, өз сөзінің мазмұнына, өзінің күйзелісіне, өзінің көңіл-күйіне, қажетіне сай қосып отырады. Сөйтіп, жалпы жастардың тілі арқылы өзінің сөздік қорын толықтырады. Бұндай құбылысты «блатная музыка» (ұрылар музыкасы, дәлірек айтқанда «ұрылар тілі») дейді. Әйтсе де, «блатная музыкадан» балалық сезім байқалып тұрады. Сол күйінде жастар қандай жаргон болсын қолданады, бірақ та олар сыртқа ұнамсыз құбылыс болып қабылданады. Тіл тазалығының сақталуына кедергі келтіріп отырған осындай жаргондар ел болашағы саналатын жастарға кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан мектеп оқушыларының ауызекі сөйлеу тілінде көп кездесіп жататын жаргондарды қолданыстан ысырғанымыз жөн. Себебі бұл қазақ тіліне төніп тұрған тағы бір қауіп. Сақау жарнамалар мен тікелей аудармалар туралы көп айтып жатамыз. Алайда ең маңыздысы ауызекі сөйлеу стиліндегі осындай олқылықтарға бейжай қарауға болмайды. Бүгінгі оқушы – ол ертеңгі ел беделін көтеруге қалтқысыз қызмет ететін азамат. Сондықтан жастардың дұрыс әрі таза сөйлеу мәдениетін қалыптастырған абзал. Байқап отырсақ, кез келген оқу орнының студенті қарым-қатынаста өз сөздеріне жаргондарды пайдаланатынын байқаймыз. Аялдамада, көшеде, дүкенде қай жерде жүрсек те өздері ғана түсінетін жаргондарды құлағымыз естіп жатады. Мән бермейтініміз рас. Әрине, жаргондарды пайдалану әдеби сөздік қорларының аздығын көрсетеді. Бұл жастардың болашағы не болмақ? Сол үшін жастарға күнделікті сөйлеу мәдениетінде әдеби тілді мейлінше мол пайдалануын қолға алу қажет сияқты. Оқытушы сол әдеби тілдегі сөздердің эмоционалдық және логикалық сипатын оқушыға түсідіріп отыруы керек. Себебі көп жағдайда оқушы әдеби сөздерді орынды пайдалана алмай жатады да, құлағына тез сіңетін жаргондармен алмастыра береді. Мәселен, мектеп мұғалімдері сабақ барысында қазақтың шешендері қалдырған даналық сөздерінен үзінді келтіріп, оқушының сөздік қолданысын кеңейтуге ұмтылу қажет. Сонда ғана оқушы жаргондар бұл бай тіл байлығының белгісі емес екенін түсінеді. Ең бірінші, бала тілі үйде қалыптасады. Содан кейін мектепте және араласатын ортасында. Сондықтан ата-ана да, мұғалім де баланың сөйлеу мәдениетін жіті назарында ұстағаны жөн. Әрине, кез келген мектеп оқушысы таза әдеби тілде сөйлеп кетпесе де, ол өзге тілдегі сөздерді араластырып, тіл тазалығын бұзбауы қажет. Оқушы «блатная музыканы», яғни жаргондарды пайдалануда, өз ойын көркемді түрде жеткіземін деп ойлайды. Алайда олай емес.
Меніңше, мектеп мұғалімдері оқушыға жаргонның эстетикалық әлжуаздығы мен дөрекілігін әрдайым айтып, мысалдармен көрсетіп отыруы қажет. Міне, осыдан оқушы өзінен-өзі бұл сөздерден жиіркенетін болады. Оқушы жастардың жаргоны – бұл негізінен қылмыстық және түрме арголарының «мұраларының» ықпалы екенін айта кету керек. Оның бір бөлігі өзінің мағынасын өзгертіп, оқушы жастардың лексикасындағы айқындылықты көрсетеді, олар көбінесе баға алу және емтихан тапсыру жағдайларымен байланысты болып келеді. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін түрлі ойын-бағдарламалар да ұйымдастыру қажет. Жас жеткіншектерге тіліміздің арготизмдермен ластанып жатқанын түсіндіріп, сөз мәдениетіне байланысты шараларға атсалысуы керек екенін түсіндіру қажет. Қорытындылай келе, жастардың күнделікті ауызекі сөйлеу тілінің қалай қалыптасып келе жатқанына баршамыз алаңдауымыз керек. Себебі аралас тілде сөйлеп, дөрекі жаргондарды пайдаланатын жастар болашағы бұлыңғыр. Ал біз олардың елін, жерін сүйетін, ана тілін, дәстүрді құрметтейтін азамат болып өсуіне ықпал етуіміз керек.
41. Ж.Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасындағы көтерілген мәселелердің бүгінгі күнгі өзектілігін талдап жазыңыз ЖМ
Әдебиетке ХХ ғасырдың 70 жылдардың басында келген Жарасқан Әбдіраш өлең өлкесінде өзіндік қолтаңбасымен көрінген ақын. Оның «Найзағайлы жаз», «Дала, сенің ұлыңмын», «Соғыстан соң туғандар», «Перзент парызы» атты өлеңдер жинағы оқырманды жігерлі үнімен, ашық та таза сезімімен елең еткізді. Ақынның шығармашылық келбетін даралай түсетін басты тақырып – туған дала. Дала қай ақынды болмасын толғантқан арналы тақырып. Кезінде Ілияс Жансүгіровтің далаға арнаған эпикалық кең тынысты туындысы өзге ақын шығармаларынан да дәстүр жалғастығын тауып жатты.
«Дала, сенің ұлыңмын» – Жарасқан Әбдірашевтің 1975 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген жыр жинағының және поэмасының атауы. Поэма «Туған дала… Сенсің биік тұғырым!.. Сенсің менің абыройым, мақтаным!..» деген асқақ пафоспен басталып, қазақ даласының поэтикалық портретін жасайды. Шығармадағы лирикалық қаһарман – автордың өзі.
«Дала» – поэтикалық образ әрі символдық бейне. Мұның астарында бүкіл қазақ даласы, осы кең байтақ өлкені сөзімен де, ісімен де сақтап қалған ата- абаларымыздың қасиетті рухы деген ұғым бар. «Дала» деген сөзге автор «Мен – қазақпын» деген ойды сыйғызып, ата-баба тарихынан сыр төккісі келген.