ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 32
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Білім – инемен құдық қазғандай»
Тәрбиеші:
Алматы қаласы
Тақырыбы : Білім – инемен құдық қазғандай
Мақсаты: Балалардың « білім » құндылығы туралы
түсініктерін кеңейту.
Міндеті: -білімнің адам өміріндегі маңыздылығын білуге
тәрбиелеу;
-білімге,оқуға құштарын арттыру;
-жақсы оқуға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Шаттық шеңбері:
Балалар шеңберге тұрып, Ы. Алтынсариннің «Кел балалар
оқылық!» өлеңін жатқа айтады.
Әңгімелесу:-Білім адамға не үшін қажет?
-«Оқу инемен құдық қазғандай» дегенді қалай түсінесіңдер?-
(ойларын тыңдау)
-Өзіңе белгісіз нәрселерді естігенде қандай күйде боласың?
-Теледидардан қандай танымдық бағдарламаларды қарағанды ұнатасың?
-Оқушылардың білім сайыстарына қатысқың
келе ме ? Неліктен?
Сөйлемдерді өз ойларыңмен толықтырыңдар.
Мен мектепке … үшін барамын.
Мектепте … үйрендім.
Мен мектепте … жақсы көремін.
Мектеп … ұнайды.
Мәтінмен жұмыс.
«Білім мен байлық» мәтінін әңгімелеп беру.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі кестеге мәтін бойынша білімнің
байлықтан артықшылықтарын тауып
жаздырту.Жазып болған соң,тақтадағы
«Білім», «Байлық» атты күн суретіне жазған
ойларын қойдырту.Салыстырмалы түрде
әр ой талданады.
Дәйексөз.
Қазақтың ағартушы-педагогі Ы.Алтынсариннің «Өнер,білім-бәрі де
оқуменен табылған»,-деп айтқанын қалай түсінесіңдер?
Жауаптарын тыңдап,қорытындылау:
-Балалар,өнер де,білім де тек оқудың арқасында болатынын дұрыс айттыңдар.Оқу арқылы білімнің,өнердің қыр-сырларымен таныс боласыңдар. Білім,өнер-жақсы өмір сүруге септігін тигізеді.Жастайыңнан көп оқысаңдар,көп білесіңдерөздеріңе жақсы.Көп білгендерің-қиындықты жеңгендерің.
Білімді адамның,ала алмайтын биігі жоқ.Бәріне де өнердің,білімнің
нәтижесінде қол жеткізуге болады.Сол себепті әрі жақсы,әрі көп оқуға ұмтылғанымыз дұрыс.
Тапсырма. Оқушыларды «Алғырлар» мен «Білгірлер»
тобына бөліп,оқулықтағы мақал-мәтелдерді жылдам жалғастырып айтуды тапсыру.
«Мақалды жалғастыр» ойыны.
Оқу, білім туралы мақал-мәтелдерді жалғастырып айтып, жарыс түрінде жүргізу.
Мақал-мәтелдер:
1.Ақыл тозбайтын тон,…(Білім таусылмайтын
кен).
2.Білімдіге дүние жарық,…(Білімсіздің күні-
ғаріп)
3.Білім –арзан,…(Білу –қымбат)
Тыныштық сәті.
Ауызша , жазба жұмыстарынан ойлану жұмысына ауысу аралығында оқушыларды жақсы көңілмен тынықтырып алу үшін ұйымдастырылады.
Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көзерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыды. (2 мин)
Жаттығу-ойлану
Тақтаға сызбаны іліп қою.Осыны әр оқушы өзінің алдында тұрған ақ параққа жазып, оған осы төрт тарамның(ойын,білім,байлық, еңбек) өмірдегі маңыздылығына қарай түрлі- түсті қарындашпен сызып көрсетуді тапсыру.
Дәптермен жұмыс.
Жұмбақтарда айтылған ойдың мәнін ұғынып, шешуін табуды тапсыру.
Қорытындылау.
-Білімнің адам өміріндегі маңызы зор екенін түсіндік.
— Білім оқу арқылы жинақталатынын ұғындық.
-Білім арқылы өмірдің ақиқатына көзжеткізесің. Өйткені,білім-ақиқат бастауы.
Жүректен-жүрекке.Балалар шеңбер құрып тұрып,бір-біріне жақсы оқу мен білім алу арқылы болашақта маман иесі болатындықтарына сенім білдіріп тілектерін айтқызу.
Сабақты Д.Әлімжановтың өлеңімен аяқтау.
Ю.А Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі КММ
Сынып сағаты: « Білім инемен құдық қазғандай »
Өткізген : Рамазанова Г.О
Күршім ауылы
Қожағұлұлы Қабанбай (1703-1781)
Қожағұлұлы Қабанбай (1703-1781) – жоңғар басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі, қазақтың біріккен қолының Бас қолбасшысы, жекпе-жекте жеңіліп көрмеген халық қаһарманы. Шыққан тегі Орта жүздің Найман тайпасының Қара- ракерей руынан, ел азаттығы жолында күрескен киелі батыр әулетінен. Оның атасы Мәмбет те, әкесі Қожағұл да, Қожағұлдың ағасы Күшік те өз заманының аты шыққан батырлары болған. Ел аузындағы әңгімелер дерегіне қарағанда Күшік батыр Еңсегей бойлы Ер Есімнің Ташкентті алатын соғысына қатысып, сол Тұрсын хан өлген жылы жамбасына улы найзаның ұшы тиіп, 25 жасында қайтыс болады.
Қабанбай батыр әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі айтулы ірі шайқастардың бәріне қатысқан. «Хан батыры», «Дарабоз» деген атақтарға ие болған. Сан рет шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, бәрінде жаудың үміткер батырларын жер жастандырып, жауынгерлерін жеңіске рухтандырып отырған. Халқы оны «Қаракерей Қабанбай» деп ардақ тұтып, есімін жырға бөлеп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген. Абылай хан дәуіріндегі қазақтың ең соңғы әскери қақтығысы 1770 жылғы қазақ-қырғыз соғысы. Бұл – осы соғысқа қатысқан Қабанбай батырдың да ерлік жолының соңғы белесі.
Халық арасында Қаракерей Қабанбай батыр жөнінде аңыз -әңгімелер, жыр-дастандар өте көп. Бұған керісінше тарихи құжаттарда Қабанбай батырдың 1740-1762 жылдардағы өмірі ғана көрінеді. Бұл кезде оның есімі ел арасының бітімгершілігіне жүрген дана, би ретінде айтылады.
Қабанбайдың Үмбетей, Кішкентай, Сырымбет, Едіге, Байтық, Мойнақ, Әлі деген жеті ұлы болған. Оларды «Жеті Қабанбай» деп атаған. Осының Әлісі жоңғардың соңғы ханы Әмірсананың Мәней деген қызына үйленіп, одан бес перзент көреді. Оларды шешесінің атымен «Бес Мәней» дейді.
Батырдың ұрпақтары бұл күнде Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының жерінде мекендегенімен, олардың арғы аталары оңтүстік жақтан ауып келіп, Есіл, Нұра бойын қоныс еткен. Бұл өңірдің 1728-1762 жылдар аралығында батырдың да құтты мекені болғаны белгілі. Қайтыс болғаннан кейін Қаракерей Қабанбайдың денесі осы ата мекеніне әкеп жерленген көрінеді.