Файл: Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар Геометрия 7сынып дістемелік сыныстар малімге 7сынып оушыларына Геометрия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 34

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Түзулердің өзара орналасуы» бөлімі бойынша

жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Орта

Жоғары

Параллельдік белгілерін

пайдалана отырып, түзулердің параллельдігін анықтайды

Параллельдік белгілерін қолдануда қиналады.

Екі түзулерді қиюшымен қиғанда пайда болатын бұрыштарды дұрыс анықтағанымен, параллельдік белгілерін қолдану кезінде қателік жасайды.

Түзулердің параллельдік белгілерін дәлелдеу кезінде дұрыс қолданады.

Есеп шығаруда үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолданады

Үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолдануда қиналады.

Үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолданып, теңдеу құрастырады, теңдеу шешу барысында / бұрыш

мәндерін анықтауда қателік жібереді.

Үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы есеп шығаруда дұрыс қолданады.

Үшбұрыш теңсіздігі теоремасын қолданып, үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтары туралы қорытынды жасайды

Үшбұрыштар теңсіздігі туралы теореманы қолдануда қиналады.

Үшбұрыштың түрін дұрыс анықтайды, теңдеу құра алады, бірақ қабырғаларын анықтауда / үшбұрыш теңсіздігі теоремасын қолдануда қателік жасайды.

Үшбұрыштың түрін дұрыс анықтайды, үшбұрыштар теңсіздігі теоремасын қолданып қабырғаларының ұзындықтары туралы дұрыс тұжырым жасайды.

Тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін қолданып есеп шығарады

Тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін қолдануда қиналады.

Есеп берілгені бойынша сыртқы бұрыш қасиеті мен тікбұрышты үшбұрыш қасиетін қолданады, бірақ есептеулер жүргізуде қателік жібереді.

Тік бұрышты үшбұрыштың қасиетін дұрыс қолданып, жауабын дұрыс табады.

      1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР




«Шеңбер. Геометриялық салулар» бөлім бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері Центрлік бұрыш

Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы

Шеңберге жүргізілген жанама. Шеңберге жүргізілген жанамалардың қасиеттері

Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер Салу есептері

Оқу мақсаты

        1. шеңберге жүргізілген жанама мен қиюшының анықтамаларын білу

        2. түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің өзара орналасу жағдайларын талдау

7.1.1.30 шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теоремаларды дәлелдеу және қолдану

7.1.2.18 берілген элементтері бойынша үшбұрыш салу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сызба бойынша шеңберге жүргізілген жанама мен қиюшыны анықтайды

  • Түзу мен шеңбердің ортақ нүктелерінің санын табады

  • Есеп шығаруда шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теореманы қолданады

  • Берілген элементтері бойынша үшбұрыш салады

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  1. Қай суреттерде шеңберге жүргізілген жанама мен қиюшы бейнеленген?




    1. B) C) D)




  1. A, B;

  2. B, D;

  3. A, C;

  4. C, D.


  1. Шеңбердің центрінен a түзуіне дейінгі ара қашықтық 5 cм, ал b түзуіне дейінгі ара қашықтық 7 см, шеңбер диаметрі 14 см. Шеңбердің әр түзумен (a, b) неше ортақ нүктесі болуы мүмкін?

  2. Центрі О нүктесі, радиусы 8 см болатын шеңберде ABдиаметріне перпендикуляр СD

хордасы жүргізілген. Егер табыңыз.

COA 300 екені белгілі болса, CDхордасының ұзындығын




  1. Екі қабырғасы мен арасындағы бұрышы бойынша үшбұрыш сызыңыз.


Бағалау критерийлері



Дескриптор

Балл

Білімалушы

Сызба бойынша шеңберге жүргізілген жанамана мен қиюшыны анықтайды


1

шеңберге жүргізілген жанаманың суретін

анықтайды

1

шеңберге жүргізілген қиюшының суретін

анықтайды

1


Түзу мен шеңбердің ортақ нүктелерінің санын табады



2

шеңбер радиусын анықтайды

1

шеңбер мен атүзуінің ортақ нүктелерінің

санын анықтайды

1

шеңбер мен bтүзуінің ортақ нүктелерінің

санын анықтайды

1


Есеп шығаруда шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теореманы қолданады


3

есеп шарты бойынша сызба жасайды

1

үшбұрыш түрін анықтайды

1

СD хорда ұзындығының жартысын

анықтайды

1

есеп шығаруда шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы

теореманы қолданады


1

хорданың ұзындығын табады

1


Берілген элементтері бойынша үшбұрыш салады



4

берілген кесінділерге тең кесінділерді

салады

1

берілген бұрышқа тең бұрыш салады

1

есеп шартына сәйкес үшбұрышты салады

1

есеп шешімін сауатты түсіндіреді

1

Жалпы балл

14





«Шеңбер. Геометриялық салулар» бөлімі бойынша

жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні


Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Орта

Жоғары

Сызба бойынша шеңберге жүргізілген жанамана мен қиюшыны анықтайды

Шеңберге жүргізілген жанама және қиюшыны анықтауда қиналады.

Шеңберге жүргізілген жанама және қиюшы туралы түсінігі болғанымен, жанаманы / қиюшыны табуда қателеседі.

Шеңберге жүргізілген жанама және қиюшыны дұрыс анықтайды.

Түзу мен шеңбердің ортақ нүктелерінің санын табады

Шеңбер мен түзудің ортақ нүктелерінің санын анықтауда қиналады.

Түзу мен шеңбердің өзара орналасуларының жағдайларын зерттегенмен, шеңбер мен түзулердің ортақ нүктелерін анықтаудың бір жағдайында қателік жасайды.

Түзу мен шеңбердің өзара орналасуларының жағдайларын зерттеп, дұрыс қорытынды жасайды.

Есеп шығаруда шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теореманы

қолданады

Шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теореманы қолдануда қиналады.

Есеп шарты бойынша сызбаны салады, үшбұрыш түрін анықтайды, теорема бойынша хорда мәнін есептеуде қателеседі.

Есеп шартын дұрыс талдап, шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теореманы дұрыс қолданады.

Берілген элементтері бойынша үшбұрыш салады

Салу есептерін орындауда қиналады.

Салу есептерін орындау кезеңдері бойынша үшбұрыш салады, бірақ салу барысында қателік жасайды.

Салу есебінің қадамдарын дұрыс талдай отырып, есеп шартына сай сызбаны дұрыс орындайды



Теруге 29.07.2017. берілді. Басуға 31.07.2017. қол қойылды. Пішімі 60х84/8. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс. Шартты б. т.1,68. Таралымы 19 дана. Тапсырыс № 1574

«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.

010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. e-mail: info@cpm.kz.