Файл: Таырыбы 12 Фармация тарихы. Дрітануды пайда болуы. Халы медицинасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 90
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Осы құрылтайда фармацевтика бөлімінің меңгерушісі Я.К. Пикманның жасаған баяндамасы бойынша Қазақстан дәріханалары жүйесінде экономикалық жаңа саясатты қолдану туралы қаулы алынды. Негізгі принцип медициналық көмекті тегін көрсету болды. Дәрімен көмектесуді әрі арзандатып, әрі жақсарту мақсатымен дәріхана жүйесі шаруашылық есепке көшірілді, ал емдеу жүйесі медикаментті мемлекет есебінен тегін алып түратын, жеке дәрігерлердің жазып беретін рецептері бойынша берілетін дәрілерге дәріханалар елден ақы алатын болды. өмірін қауіпсіздендірген адамдарға кәсіпорындар мен денсаулық сақтау органдары есебінен дәрі тегін берілді. Гигеналық және науқасты күтуге қолданылатын заттар түгедей ақшаға сатылды. Республиканың дәріхана жүйесінің жұмысына басшылықты мақсатымен, КАССР Денсаулық сақтау Комиссариаты Коллегиясының қаулысы бойынша Қазақ мемлекеттік медицина сауда басқармасы 1927 жылы қараша айында республика астанасы Қызылордаға көшіріліп, осы жерде ол 1928 жылы Қазақ дәріхана Басқармасы болып қайта құрылды. Республиканың дәріхана жүйесінде (Орал губерниясын қоспағанда ) шаруашылық есеппен істейтін 63 дәріхана 10 дәріхана магазині болды.
Қазақ дәріхана басқармасының бірінші төрағасы болып дәрігер Шомбалов Мәжит Мүхамедғалиұлы тағайындалды.
Қазақ дәріхана Басқармасының қүрылуымен Қазақстанда дәріхана жұмысы өркендеуінің жаңа кезеңі басталады. Қазақ дәріхана Басқармасы өзінің өмір сүре бастаған алғашқы күнінен бастап селолық дәріханалар ашу, фармацевтикалық кадрлар даярлау, медикаментпен жабдықтау жүйесін тәртіпке келтіріп, бірыңғай баға таксасын (дәрі нарқын) жасау жұмыстарына кірісті.
Қазақстанда фармацевтикалық оқу орны болған жоқ, сондықтан оқуға тілек білдірген жастар Ташкенттегі техникумге жіберілді. Қазақ Мемлекеттік медицина Сауда басқармасы, одан кейін Қазақ дәріхана басқармасы оқушыларға стипендия төлеу үшін қаржы бөліп отырды.
1932 жылы Қарағандыда бірінші дәріхана ашылып, 1934 жылы олардың саны 4-ке жетті. Дәріханалар Балқаш, Риддер және басқа өнеркәсіп орындарындағы жұмысшыларға дәрі- дәрмекпен қызмет көрсету ісі Қазақ Дәріхана басқармасының ерекше бақылауында болды, өнеркәсіп орталықтарын дәрі- дәрмекпен бірінші кезекте жабдықтау тәртібі қолданылды.
Жоғарыда тоқталып өткен кезевде қорыта отырып, мынадай тұжырымға келуге болады:
-
Дәріхана жүйесін бір треске Қазақ Дәріхана басқармасына біріктіру-Қазақстанда дәріхана ісінің пайда болуындағы өзгерісті кезең еді. -
Қазақ Дәріхана басқармасының нығаюымен қатар дәріхана жүйесі тез
өркендей бастады, сөйтіп 1928 жылғыдан 2,5 есе өсті. Ауылдық-селолық
жерлердегі дәріханалар саны 6 есе көбейді. -
Москвадағы товар бөлетін бірыңғай қойманы таратып, Қазақ Дәріхана
басқармасын қайта құру, облыстардан 6 дәріхана қоймасын ашу, халыққа дәрі
көмегін көрсету ісін жақсартуға жағдай туғызды. -
Фармацевт кадрларын даярлау үшін Семей қаласында 1931 жылы фармацевт
техникумы ашылды. Алайда кадрмен қамтамасыз ету проблемасы мұнымен
толық шешіліп біткен жоқ
4. Иллюстрациялы материалдар: презентация
5. Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
-
Ресейдегі және Қазан төңкерісіне дейінгі дәріханалық істің дамуы. -
Ресейге қосылғанға дейінгі кезеңде Қазақстанда дәрі көмегін көрсету. -
Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанда дәріхана ісінің өркендеу кезеңдері.
Тақырыбы №15: Отандық фармацияның нарықтық экономика жағдайында дамуы.
Мақсаты: Студенттерге медицинаның және фармацияның нарықтық экономика жағдайында даму жолдарын көрсету.
Дәріс тезистері:
Тәуелсіз Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесі сырқаттанудың алдын алу және емдеу істерінде ұсынатын заңдылық негіздерін қалыптастыруда.
1997 жылы «Қзақстан Республикасының азаматтарның денсаулығын қорғау туралы» заң қабылданды. Бұл заңда азаматтардың денсаулығын сақтаудың құқықтық экономикалық және әлеуметтік негіздерін денсаулық сақтау жөнінде мемлекеттік саясаттың принциптері келтірілген. Соңғы жылдары Республиканың денсаулық сақтау жүйесінің 2010 жылға дейін даму жолдары белгіленген:
-
Реформа шараларын іске асыру, мемлекеттік және жекеменшік медицинаның бөлінуі. -
Халық науқастығын, өлім деңгейін және мүгедектікті азайту бойынша бағдарламалардың тиімді түрлерін айқындау. -
Ана мен баланы қорғау. -
Аурудың алдын алудың алғашқы кезектегі шараларын және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
-
Аса қауіпті жұқпалы аурулардан сақтану -
Туберкулез аурауына қарсы шаралар қолдану. -
Алғашқы медициналық –санитарлық көмектің тиімді түрлерін қалыптастыру. -
Денсаулық сақтау саласында экономикадан және менеджмент мамандар дайындау.
XX ғасырдың соңында денсаулық сақтау саласында жүргізіген шаралар:
Денсаулық сақтау экономика мен менеджмент саласындағы мамандар дайындала бастады.
-
Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі құрылды(18.07.1997ж.). -
Денсаулық сақтаудың даму стратегиясы айқындалды. -
Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығы ашылды (17.01.1997ж.). -
«Халық денсаулығы» атты Мемлекеттік бағдарлама бекітілді (1998ж.). -
ҚР дәрігерлерінің бірінші съезі өткізілді(23.10.1997 ж.). -
Қазақстан 2030 даму стратегиясы –ҚР Президентінің ұсынысымен қабылданды. -
Дәрігерлер мен провизорлардың ХХ съезді. -
Денсаулық сақтау жүйесі туралы заңы (2003 ж.). -
Дәрі-дәрмектер туралы заң (2004 ж.).
-
Иллюстрациялы материалдар: презентация
-
Әдебиет:
-
В.Ф.Семенченко. История фармации: Оқу құралы –М; НКУ «Мари», 2003-640 с. -
С.Х. Субханбердин. Қазақстанда дәріханалық іс және дәрі-дәрмек жәрдемінің даму тарихы. Қайта шығарылған.-Алматы,2004-456 с. -
Р.К. Биғалиева. Бүкіләлемдік медицина тарихы: оқулық –Алматы, 2004-390 бет
-
Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):-
Тәуелсіз Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің дамуы. -
Нарықтық экономика жағдайында фармацевтикалық меншік түрлерінің өзгеруі. -
Халақтың дененің саулығын қамтамасыз етуде мемлекет саясатының бағдарламалары.
-
| | |
|