Файл: 6сынып НрСлтан аласы, 2019 жыл рметті малім! Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар малімге 6сынып білім алушыларына Дниежзі тарихы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 90
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Рим империясының құлауы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қайта Өрлеу дәуірі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Реформация» және «Ғылыми революция» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
6-сынып
Нұр-Сұлтан қаласы, 2019 жыл
Құрметті мұғалім!
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
Мазмұны
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
«Рим империясының құлауы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4
«Феодализм» және «Ислам тарихы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау 7
II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 10
«Крест жорықтары» және «Моңғолдар» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау 10
«XIVғасыр -XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 14
III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 17
«Абсолютизм:Батыс пен Шығыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 17
«Сауда, қолөнер және әлемді игеру» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 20
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 23
«Қайта Өрлеу дәуірі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 23
«Реформация» және «Ғылыми революция» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау 26
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Рим империясының құлауы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Кіріспе. Неліктен Батыс Рим империясы құлады? Неліктен Византия 568 жылы Византия түрік қағаны Истемиге елші жіберді? |
Оқу мақсаты | 6.3.1.1 «Ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар» хронологиялық шегін білу және уақыт сызығында белгілеу 6.3.2.1 Рим империясының ыдырау себептерін анықтау және жіктеу 6.3.2.4 Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
| ||||||||||||||||||||||||||||
2. Рим империясының ыдырау себептерін берілген кестеге топтастырыңыз.
3. Ақпаратты оқып, сұрақтарға жауап жазыңыз. 1. 568 жылы Түрік қағанатының елшілігін бастаған соғды көпесі Маниах Иранға қарсы Византия империясымен сауда және әскери келісімге қол қойды. Өйткені, бұл дипломатияның негізгі мәні: Византияның көмегімен Иранды талқандау арқылы Таяу Шығысты жаулауға қол жеткізгісі келді. 2. «Жылнамалар жинағында» баяндалғандай X ғасырда Княгиния Ольганың үкіметі Византия императоры мен патриархына барып, оларды Константинопольде шоқындырды. Византия елшісі Киев жеріне келіп, екі ел арасында дипломатиялық қатынасқа қадам жасады.
|
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескрипторлар | Балл |
Білім алушы | |||
«Ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар» хронологиялық шегін анықтайды және уақыт сызығында белгілейді | 1 | ерте ортағасыр тарихының хронологиясын белгілейді; | 1 |
орта ортағасыр тарихының хронологиясын белгілейді; | 1 | ||
кейінгі ортағасырдың хронологиясын белгілейді; | 1 | ||
Рим империясының ыдырау себептерін жіктейді | 2 | Рим империясының ыдырауының 1-саяси себебін көрсетеді; | 1 |
Рим империясының ыдырауының 2- саяси себебін көрсетеді; | 1 | ||
Рим империясының ыдырауының 1-әлеуметтік-экономикалық себебін көрсетеді; | 1 | ||
Рим империясының ыдырауының 2-әлеуметтік-экономикалық себебін көрсетеді; | 1 | ||
Византияның көршілес елдермен халықаралық қарым-қатынасын анықтайды | 3 | Византияның көрші мемлекеттермен байланысын сипаттайды; | 1 |
Түрік қағанаты мен Византия арасындағы байланысты сипаттайды; | 1 | ||
Киев Русі мен Византия арасындағы байланысты сипаттайды. | 1 | ||
Жалпы балл | 10 |
«Рим империясының құлауы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білімалушыныңаты-жөні_____________________________________________
Бағалау критерийлері | Оқу жетістіктерінің деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
«Ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар» хронологиялық шегін анықтайды және уақыт сызығында белгілейді | Хронологиясы берілген ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар тарихының хронологияларын белгілеуде қиналады | Хронологиясы берілген ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар тарихының хронологияларын белгілеуде қателіктер жібереді | Хронологиясы берілген ерте, орта, кейінгі, орта ғасырлар тарихының хронологияларын белгілейді |
Рим империясының ыдырау себептерін жіктейді | Батыс Рим империясының ыдырау себептерін саяси/әлеуметтік-экономикалық категориялар бойынша жіктеуде қиналады | Батыс Рим империясының ыдырау себептерін саяси/әлеуметтік-экономикалық категориялар бойынша жіктеуде қателіктер жібереді | Батыс Рим империясының ыдырау себептерін белгілі категориялар бойынша жіктейді |
Византияның көршілес елдермен халықаралық қарым-қатынасын анықтайды | Византияның көршілес елдер: Киев Русімен/ түрік қағанатымен халықаралық қарым-қатынасын анықтауда қиналады | Византияның көршілес елдер: Киев Русімен/ түрік қағанатымен халықаралық қарым-қатынасын анықтауда қателіктер жібереді | Византияның көршілес елдермен халықаралық қарым-қатынасын анықтайды |
«Феодализм» және «Ислам тарихы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Феодалдық экономика ерекшеліктері неде? Феодалдық қоғам қалай ұйымдасқан? Неліктен VIII-XII ғасырды ислам мәдениетінің "алтын ғасыры" деп атайды? |
Оқу мақсаты | 6.4.2.1 Экономикалық қатынастардың формаларын түсіндіру арқылы феодалдық шаруашылықтың ерекшеліктерін сипаттау 6.2.2.2 Өнердің (сәулет, сурет өнері) дамуына қоғамдағы өзгерістердің ықпалын анықтау 6.2.2.1 Тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндердің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма 1. Феодалдық қоғамның белгілерін жазыңыз. 2. Романдық және готикалық стилге тән белгілерді жазыңыз.
|
«Феодализм» және «Ислам тарихы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні: _______________________________________________
Бағалау критерийлері | Оқу жетістіктерінің деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Феодалдық шаруашылықтың ерекшеліктерін сипаттайды | Феодалдық құрылымның белгілерін көрсетуде қиналады | Феодалдық құрылымның 1/2/3 белгілерін көрсетуде қателіктер жібереді | Феодалдық құрылымның белгілерін көрсетеді |
Өнердің дамуына қоғамдағы өзгерістердің ықпалын көрсетеді | Готикалық және романдық стильдердің ерекшеліктерін көрсетуде қиналады | Готикалық және романдық стильдердің ерекшеліктерін көрсетуде қателіктер жібереді | Готикалық және романдық стильдердің ерекшеліктерін көрсетеді |
Діндердің әлемдік мәдениетке ықпалын тарихи оқиғалар байланысы арқылы көрсетеді | Ислам дінінің әлемдік мәдениетке ықпалын көрсететін терминдерді астролябия/арабеска/калиграфия/минарет/ алгебраны мағынасымен сәйкестендіруде қиналады | Ислам дінінің әлемдік мәдениетке ықпалын көрсететін терминдер: астролябия/арабеска/калиграфия/минарет/ алгебраны мағынасымен сәйкестендіруде қателіктер жібереді | Ислам дінінің әлемдік мәдениетке ықпалын көрсететін терминдерді мағынасымен дұрыс сәйкестендіреді |