Файл: Сабаты таырыбы Электр тізбегі жне оны рамды бліктері, ток кші, кернеу.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 264
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күші, кернеу
Білім беру ұйымының атауы | Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 лицей орта мектебі | |||||
Пәні: | Физика | |||||
Бөлім: | 8.3 А Тұрақты электр тогы | |||||
Педагогтің аты-жөні: | Секен Гауһар Сәкенқызы | |||||
Күні: | 8 | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күші, кернеу | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 8.4.2.2 – электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану; 8.4.2.3 - кернеудің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру; | |||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар істей алады: Электр тізбегі, электр тізбегінің белгіленулері жайлы біледі Көптеген оқуышылар істей алады: Схемада шартты белгілерін қолдануда түсіну, қарапайым электр тізбегін құрастырады. Кейбір оқушылар істей алады: Кернеудің физикалық мағынасын білу, өлшем бірліктерін түсіндіре отырып, формуласын есептер шығаруда қолданады. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру Сабақтың басы 10 минут Өткен білімді еске түсіру Жаңа білім 10 минут Бекіту 15 минут Кері байланыс Сабақтың соңы. 10 мин Бағалау Үй тапсырмасы | Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. «Жүректен- жүрекке» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне деген тілегін бір ауыз сөзбен жеткізу. «Миға шабуыл » әдісі Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылар кезектесе отырып жауап береді. 1. Денелердің электрленуі дегеніміз не? 2. Тізбекте ток жүру үшін қандай шарттар орындалуы қажет? 3. Өткізгіштегі электрондар қозғалысының бағыты қандай? 4. Бөгде күштер деп нені айтады? 5. Электр тізбегін қосу үшін ток көзінің рөлі қандай? 6. Ток көзін сипаттайтын шама қандай? 7. ЭҚК нің физикалық мағынасы қандай? 8. Электр энергиясын қалай түрлендіреміз? 9. Өзіміз тұрмыста қолданатын қандай электр құрылғысын білеміз? «Ой қозғау» әдісі. (I) жеке жұмыс Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтын тақырыбын ашамын. «Джигсо» әдісі (I) жеке жұмыс. Тапсырма №1 Оқушылары өз тақырыптарына байланысты оқулықтағы мәтіндермен танысып, түсіндіру жасайды.
«Бағдаршам» әдісі бойынша бағалау Бұл бағалау арқылы сабаққа деген ынтасын арттыра отыра,көмек қажет ететін оқушыларға түрткі сұрақтар, нұсқаулықтар беру арқылы қолдау көрсетемін. «Жеке жұмыс» әдісі (I) «Кім тапқыр» әдісі (I) Тапсырма №2 Жеке жұмыс. Оқушылар деңгейлік есептерді шығарады. 1.Тұрмыста не себепті 220 В электр кернеуін пайдаланамыз 2. Кернеуі 3000В шаңсорғыш 0,5 сағат та қанша ток күші жұмсайды 3. I1 = 422 мА, I2 = 850 мкА, I3 = 0,7 МА ток күштерін ампермен өрнектеңдер. 4. Ток күші 12 А болғанда, 9 Кл зарядты тасымалдау үшін қанша уақыт қажет? 5. Электр шамының ток күші 4000 А. Электр шамы 20 мин жұмыс жасағанда шиыршықтың көлденең қимасынан қанша электрон өткен? Элементар заряд e = 1,6 · 10–19Кл тең. 6.Электр сорғыту қондырғысының кернеуі 60 кВ. Су мен мұнай араласқан қоспаның кедергісі 20кОм болса, қоспа арқылы өтетін токтың шамасын есептеңдер «Кім жылдам» әдісі жеке жұмыс (I) Тапсырма №3 Оқушылар өлшем бірліктерді, құралдарды қалай есте сақтағанын тест арқылы байқау Оқушылар өлшем бірліктерді, құралдарды қалай есте сақтағанын тест арқылы байқау 1.Кернеуді өлшейтін құралды ата? А.Амперметр В.Спидометр С.Омметр Д.Вольтметр 2.Ток күшін өлшейтін құралды ата? А. Динометр В. Амперметр С. Вольтметр Д.Омметр 3.Зарядтың өлшем бірлігі? А. Ампер В. Кулон С. Джоуль Д. Вольт 4. Кедергіні өлшейтін құрал? А. Амперметр В. Динометр С.Омметр Д.Вольтметр 5. Кернеудің өлшем бірлігі? А. Вольт В.Ом С. Мерт Д. Ампер 6.Кедергінің өлшем бірлігі ? А. Амперметр В.Спидометр С.Омметр Д.Вольтметр Кері байланыс «Инсерт» әдісі Инсерт әдісін пайдаланып, оқушылардың алған білімдерін қай дәрежеде екенін анықтап, оларға кері байланыс ұсынып, сол кемшіліктерді жоюға тырысамын Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күші, кернеу тақырыбын оқу, қосымша дереккөздерден ізденіп ой өрісін кеңейту. | Оқушылар бір-біріне деген жылы тілектерін айтып, сабақты жақсы көңіл-күймен бастайды. Оқушылар мұғалім сұрақтары бойынша өз ойларын айтып түсіндіреді. Оқушылары өз тақырыптарына байланысты оқулықтағы мәтіндермен тансып, түсіндіреді Бұл әдісте оқушылар деңгейлік есептер шығарады. Әр оқушы жеке-жеке тапсырманы орындайды. «Кім жылдам» әдісі арқылы оқушылар тез-тез құралдарды есте сақтауы бойынша тест тапсырмасын орындайды | Бағалау критерийлері - Электр тізбегі, электр тізбегінің белгіленулері жайлы біледі; - Схемада шартты белгілерін қолданып қарапайым электр тізбегін құрастыруды біледі - Кернеудің физикалық мағынасын біледі, өлшем бірліктерін түсінеді. Формуласын есептер шығаруда қолданады. | Үлестірме қағаздар, оқулық |
Қысқа мерзімді жоспар
Білім беру ұйымының атауы | Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 лицей орта мектебі | |||||
Пәні: | Физика | |||||
Бөлім: | 8.3 А Тұрақты электр тогы | |||||
Педагогтің аты-жөні: | Секен Гауһар Сәкенқызы | |||||
Күні: | | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Өткізгіш кедергісінің материал тегіне тәуелділігі | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 8.4.2.8 – есеп шығарғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiнің формуласын қолдану | |||||
Сабақтың мақсаты | Өткізгіштің кедергісі жайлы мағлұмат алады, оның өлшем бірлігін түсіндіреді | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру Сабақтың басы 10 минут Жаңа білім 10минут Бекіту 15 минут Кері байланыс Сабақтың соңы. 10 мин Бағалау Үй тапсырмасы | Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі «Мінсіз шеңбер» әдісі
Ой қозғау. Кедергінің физикалық мағынасы қандай?Оқушылар жұпта талқылайды, ал мұғалім оладың назарын бүгінгі сабақтың мақсатына қарай аударады. Жеке жұмыс (I) «Кім жылдам» әдісі Жеке жұмыс (I) Есептер шығару
III. Сабақты бекіту. Оқушылар қолдану дағдысын дамыту үшін кедергі мен меншікті кедергі формуласын қолданып есептер шығарады 1.Ұзындығы 8 м никелин сымының көлденең қимасының ауданы 0,08 мм2. Егер сымның ұштарындағы кернеу 120 В болса, сым арқылы қандай ток күші өтер еді? . Жауабы: 3 А 2.Көлденең қимасының ауданы 1 мм2 никелин сымы арқылы 2,25 А ток өтеді және өткізгіштің ұштарындағы кернеу 45 В, сымның ұзындығы неге тең? . Жауабы: 50 м Жауабы: 1,5 В Рефлексия: Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет. Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау Физика және астрономия. 8-сынып. §38. 18 –жаттығу, 1,2-есеп | Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жауап беру арқылы есіне түсіреді | Бағалау критерийлері -Өткізгіштің кедергісі жайлы мағлұмат алады, оның өлшем бірлігін түсіндіреді -Өткізгіштің меншiктi кедергісінің формуласын есептер шығаруда қолданады -Формуланы түрлендіре алады, деңгейлік тапсырмаларды орындайды Дескриптор: -Ток көзіне өмірден мысал келтіреді. -Формулаларды түрлендіреді, қорытады. Дескриптор: -Өткізгіш кедергісі оның жасалған материалына, ауданына, ұзындығына тәуелді екенін анықтайды. Жалпы балл-5 Дескриптор: -Кедергініӊ физикалық мағынасын біледі; -Кедергініӊ өлшем бірлігін біледі; -Өткізгіштіӊ кедергісін анықтайды; Жалпы балл-2 Дескриптор: -Ом заңын біледі; -меншікті кедергі формуласын біледі; -ток күшін анықтайды; -сымның ұзындығын анықтайды; -кернеудің мәнін анықтайды. Жалпы балл-3 Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл | Оқулық Оқулық дәптер Үлестірме қағаздар |
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: № 4 зертханалық жұмыс. «Тiзбек бөлiгi үшiн ток күшінің кернеуге және кедергіге тәуелділігін зерттеу»
Білім беру ұйымының атауы | Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 лицей орта мектебі | |||||||||||||||||||||
Пәні: | Физика | |||||||||||||||||||||
Бөлім: | 8.3 А Тұрақты электр тогы | |||||||||||||||||||||
Педагогтің аты-жөні: | Секен Гауһар Сәкенқызы | |||||||||||||||||||||
Күні:25.01.2023 | | |||||||||||||||||||||
Сынып: 8Ә | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | № 4 зертханалық жұмыс. «Тiзбек бөлiгi үшiн ток күшінің кернеуге және кедергіге тәуелділігін зерттеу» | |||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 8.4.2.5 –сипаттамасын графикалық түрде бейнелеу және түсіндіру; 8.1.3.1 – эксперименттен деректерді жинақтау, талдау және қателіктерін ескеріп жазу 8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | |||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар істей алады: Тұрақты температурада металл өткізгіштің вольт – амперлік сипаттамасын беретін эксперименттің нәтижелерін түсіндіреді және қателіктерін ескеріп жазады; Көптеген оқушылар істей алады: Эксперименттен деректерді өлшейді, жинақтайды, талдайды және қателітерін ескеріп жазады; Кейбір оқушылар істей алады: Тәжірибе нәтижесіне сүйеніп, ток күшінің электр тізбегі бөлігінің кедергісіне тәуелділік графигін сызады, салыстырмалы және абсоюлттік қателіктерін табады; | |||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру Сабақтың басы 10 минут Өткен білімді еске түсіру Жаңа білім 10 минут Бекіту 15 минут Кері байланыс Сабақтың соңы. 10 минут Бағалау Үй тапсырмасы | Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. «Ойлан-жұптас-топтас» әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталау. 1. = I · t 2. А = · 3. = / R 4. U= / 5. =ρ·l / Жұмыс орындау кезеңі Әдісі: Жеке жұмыс (I) . Ашық және жабық сұрақтар. Тұрақты температурада металл өткізгіштің вольт–амперлік сипаттамасын графикалық түрде бейнелеу және түсіндіру 1-тапсырма. Амперметр мен вольтметр шкалаларының құнын және өлшеудің аспаптық санақ қатесін анықтаңдар. 2-тапсырма.Сұлба бойынша электр тізбегін жинаңдар. Тәжірибе 1. Ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттеу (кедергі тұрақты R=const). Тізбекті тұйықтап, ток көзіне қосыңдар. Реостаттың жәрдемімен кедергісі 2 Ом резистордың ұштарындағы кернеуді 1В, 2В және 3В – қа жеткізе отырып, әр жолғы амперметр мен вольтметрдің көрсетулерін кестеге түсіріңдер. 1 кесте
3-тапсырма.Тәжірибе нәтижесіне сүйеніп, ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін сызыңдар да қорытынды жасаңдар. Тәжірибе 2. Ток күшінің тізбектің бөлігіндегі кедергіге тәуелділігін зерттеу (кернеу тұрақты: C=const) 4-тапсырма. Электр тізбегіне кедергісі 1 Ом, 2 Ом және 4 Ом болатын резисторды кезекпен қосып, әр жолы реостаттың жәрдемімен олардыңұштарындағы кернеуді 2 В-қа теңестіріп отырыңдар. Әр кедергіге сәйкес амперметрдің көрсеткен ток күшін төмендегі 2 кестеге түсіріп жазыңдар. 2 кесте
5-тапсырма. Тәжірибе нәтижесіне сүйеніп, ток күшінің электр тізбегі бөлігінің кедергісіне тәуелділік графигін сызыңдар да қорытынды жасаңдар. Тапсырма: Өлшеу нәтижелері бойынша ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін тұрғызып, сол функцияға сипаттама беріңдер. Әр жұп графиктерімен таныстырады Рефлексия (кері байланыс) Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау «Электр тоғынсыз Жер» тақырыбына эссе жазу (қалауы бойынша) | Оқушылар зертханалық жұмысты жасайды. Электрлік құралдармен жұмыс жасағанда техника қауіпсіздік ережесін есте сақтайды. | Бағалау критерийлері -Тұрақты температурада металл өткізгіштің вольт – амперлік сипаттамасын беретін эксперименттің нәтижелерін түсіндіреді және қателіктерін ескеріп жазады; -Эксперименттен деректерді өлшейді, жинақтайды, талдайды және қателітерін ескеріп жазады; - Тәжірибе нәтижесіне сүйеніп, ток күшінің электр тізбегі бөлігінің кедергісіне тәуелділік графигін сызады, салыстырмалы және абсоюлттік қателіктерін табады; Дескриптор: -Өткен сабақ формуласын есте сақтайды. -Формуланы түрлендіре алады. Дескриптор: -Тұрақты температурада металл өткізгіштің вольт – амперлік сипаттамасын графикалық түрде бейнелейді және түсіндіреді Жалпы балл-4 Дескриптор: -Белгіленуін, өлшем бірлігін дұрыс жазады. - Тәжірибенің мазмұнын түсінеді. - Формуланы дұрыс пайдаланады. - Қажетті формуланы қолданып нәтижесін шығара алады. - Тәуелділік графигін салады Жалпы балл-6 Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл | Оқулық |
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы
Білім беру ұйымының атауы | Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 лицей орта мектебі | |||||
Пәні: | Физика | |||||
Бөлім: | 8.3 А Тұрақты электр тогы | |||||
Педагогтің аты-жөні: | Секен Г. С. | |||||
Күні: | 27.01.2023 | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 8.4.2.6 – тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану; | |||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар істей алады: Кедергі, кернеу және ток күшінің байланысын біледі. Көптеген оқушылар істей алады: Тізбек бөлігі үшін Ом заңын графиктік және сандық есептерде қолданады. Кейбір оқушылар істей алады: Ом заңын, Ток күшінің, кедергінің формуласын есеп шығаруда қолданады | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру Сабақтың басы 10 минут Өткен білімді еске түсіру Жаңа білім 10 минут Бекіту 15 минут Кері байланыс Сабақтың соңы. 10 минут Бағалау Үй тапсырмасы | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушылардың шапшаңдығын және теориялық материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін ауызша сұрақтар беріледі. Тапсырма "Иә" немесе "жоқ"
Жауаптарын мұғалім айтады, оқушылар өзара бағалау жүргізеді.Оқушылардың жауаптарына мұғалім кері байланыс жасайды. 2) Ой қозғау. Ток күші кернеуден қалай тәуелді? Ток күші басқа қандай шамаға тәуелді болады? Оқушылар өткен сабақтағы зертханалық жұмыс нәтижесін қолданып, Ом заңын тұжырымдайды. Қолдану дағдысын дамыту үшін, оқушылар Ом заңын қолданып жұпта «Деңгейлік есептер » шығарады. Тапсырмалар: 1. Кернеу 220 В, ток күші 0,25 А болғанда, өткізгіш кедергісі қанша? 2. Электр үтігі 220 В желіге қосылған. Үтіктің қыздыру элементінің кедергісі 50 Ом болса, ондағы ток күші қандай? 3. 30 Ом өткізігіштің ток күші 0,6 А, ұштарындағы кернеуін анықтаңыздар. 4. Суретте екі өткізгіш үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік графигі берілген.Қай өткізгіштің кедергісі үлкен? 5. Суретте үш өткізгіш үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік графигі берілген. Әрқайсының кедергісін анықтаңдар 6. Кедергілері 5 және 15 Ом болатын екі өткізгіш үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін сызыңдар 7. Тізбектің бір нүктесінен екінші нүктесіне 120 Кл зарядт тасымалдау үшін 8 мин ішінде 600 Дж жұмыс атқарылды.Тізбектегі ток күші мен кернеуді анықтаңдар. 8. Өткізігіштің ұштарындағы кернеу 15В. Егер 20с ішінде 150 Дж жұмыс атқарылса, өкізігіштегі ток күші қандай? Әр оқушы өзін-өзі тексереді, оқушылар өзара кері байланыс жасайды Рефлексия: (пойыздың вагондары сабақтың кезеңі ) Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау §38 оқу 18- жаттығу | Оқушылар үй тапсырмасын қайталау сұрақтарына «иә» немесе «жоқ» деп тез-тез жауап береді. Оқушылар Ом заңы және оған тәуелді шамалар туралы оқулықтан ізденіп, танысып, өз ойларын айтады. Оқушылар жұптасып деңгейлік есептер шығарады. | Бағалау критерийлері -Ток күшінің кернеуден және кедергіден тәуелділігін сипаттайды; -График бойынша кедергіні анықтайды; -Есеп шығаруда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданады. Дескриптор: -Заряд, оның түрлері және әсері туралы біледі -Кернеу. Кедергі, ток күші ұғымдары жайлы біледі. Жалпы балл-2 Дескриптор: -Ом заңын біледі және қолданады. -Кедергілерді салыстырады. -Ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін сызады. -Ток күшін және электр кернеуін біледі және қолданады. Жалпы балл-8 Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл | ДК экран Оқулық Слайд Таратпа материал Оқулық слайд дәптер Стикерлер |
\
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
Білім беру ұйымының атауы | Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 лицей орта мектебі | |||||||||||||||||
Пәні: | Физика | |||||||||||||||||
Бөлім: | 8.3 А Тұрақты электр тогы | |||||||||||||||||
Педагогтің аты-жөні: | Секен Г. С. | |||||||||||||||||
Күні: | 27.01.23 | |||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау. | |||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 8.4.2.11 – өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Тізбектей және параллель жалғау кезіндегі негізгі физикалық заңдылықтарды біледі | |||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||||
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру Сабақтың басы 10 минут Өткен білімді еске түсіру Жаңа білім 10 минут Бекіту 15 минут Кері байланыс Сабақтың соңы. 10 минут Бағалау Үй тапсырмасы | Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. W) Өткен тақырыпты қайталау. (W) Білімдерді негіздеу. Электр тізбегі деген не? Электр тізбегі – электр тогы өту үшін арналған элементтердің, құрылғылардың жиыны. Электр тогы ағып өтетін электр тізбегі тұйықталған деп аталады. Электр тізбегіне енетін және онда анықталған қызметті атқаратын жеке құрығыны электр тізбегінің элементі деп атайды. Электр тізбектерінің сызбасы– электр тізбегінің графикалық кескіні. Электр тізбегінің негізгі бөліктері: Ток көзі Ток тұтынушылары Жалғағыш сымдар Кілт Электр тізбегінің қандай элементтерін білесіз? Олардың кейбіреулерін атаңыз. (I/W) Бекіту.Есептер шығару. Жеке жұмыс (I) Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау ережелерін пайдаланып төмендегі мысал есептер сияқты шығару. 1.Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=36Ом өткізгіштегі кернеудің төмендеуі U1=9B. Кедергісі R2=64Ом болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120В болғандағы өткізгіштің R3 кедергісін анықтаңдар.
2. Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=44 Ом өткізгіш арқылы I1=5А ток өтеді. I2=0,8А ток өткендегі өткізгіштің R2 кедергісін анықтаңдар.
3. Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай?
4. Бір резистордың кедергісі 2 Ом, ал екіншісінікі 3 Ом. Олардың жалпы кедергісі 2 Омнан кем. Резисторлар қалай жалғанған – тізбектей әлде параллель ма 5. Бір резистордың кедергісі 4 Ом, ал екіншісінікі 3 Ом. Олардың жалпы кедергісі 5 Омнан көп. Резисторлар қалай жалғанған – тізбектей әлде параллель ма? 6. Кедергілері 3 және 6 Ом резисторлар тізбектей жалғанып, кернеуі 4,5 В батарейкаға қосылған. Тізбектің ток күшін анықтаңыз.. Бүгінгі сабақ бойынша рефлекция Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын. 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды. 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым. Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау Есептерді аяқтау. - Тізбектей және параллель жалғаудың артықшылығы мен кемшіліктерін сипаттау. | Оқушылар жаңа сабақты бастамас бұрын, үй тапсырмасын қайталау сұрақтарына жауап береді. Электр тізбегінің элементтерін атайды, сызбасын салады. Алдыңғы білімге сүйене отырып аспашамды параллель және тізбектей жалғау кезіндегі айырмашылықтарын түсінеді. Мұғалім жасап көрсеткен демонстрация негізінде оқушылар тізбектей және параллель жалғаудың негізгі заңдылықтарымен танысады. Мұғалім жасап көрсеткен демонстрация негізінде оқушылар тізбектей және параллель жалғаудың негізгі заңдылықтарымен танысады. Оқушылар тізбектей және параллель жалғаудың негізгі заңдылықтарына сүйеніп тақтада кезектесіп есептер шығарады Оқушылар сабақ соңында рефлекция парағын толтырып, өз ойларымен бөліседі | Бағалау критерийлері Тізбектей және параллель тізбектерді дұрыс жинайды. -Тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, ток күшін, кернеуді есептейді. -Тізбектің жалпы кедергісін есептейді. -Дұрыс қорытынды жасайды. Дескриптор: -Электр тізбегінің элементтерін біледі. -Электр тізбегінің сызбасын салады. Дескриптор: Тізбектей жалғау кезінде -Ток күштері тең екендігін, - Жалпы кернеу бірнеше кернеудің қосындысына теңдігін, -Жалпы кедергі бірнеше кедергілердің қосындысына тең екендігін біледі. Жалпы балл-2 Дескриптор: -Берілгенін жазады; -Өткізгіштердің тізбектей жалғануы кезіндегі жалпы кедергіні анықтайды. -Өткізгіштердің параллель жалғануы кезіндегі жалпы кедергіні анықтайды. -Тізбек бөлігі үшін Ом заңын жазады; -Алынған білімдерге негізделіп қорытынды жасайды. Жалпы балл-6 Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл | Оқулық Үлестірме қағаздар Тақта Дәптер Оқулық Стикерлер |