Файл: Сабаты таырыбы Электр тізбегі жне оны рамды бліктері, ток кші, кернеу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 265

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: № 5зертханалық жұмыс.«Өткiзгiштердi тiзбектей қосуды зерделеу»


Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

5 зертханалық жұмыс. «Өткiзгiштердi тiзбектей қосуды зерделеу»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.9 – өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы алу;

8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Ом заңын біледі, тізбектерді жинау біледі

Көптеген оқушылар істей алады: Шартты белгілерді біледі.

Кейбір оқушылар істей алады: Формулаларын біледі

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут


Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

10 минут

Бекіту

15 минут

Кері байланыс


Сабақтың соңы.
10 минут
Бағалау


Үй тапсырмасы


Ұйымдастыру

Сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу.

Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында Шаттық шеңберін құрып сабаққа сәтілік тілейді.

Оқушылар зерттеушілік дағдысын дамыту мақсатында жұпта зертханалық жұмыс " Өткізгіштерді тізбектей жалғауды зерттеу " орындайды.

1-тапсырма. Жеке жұмыс (I)

(а) Келесі тізбекті жинаңдар.

(і) Бұл тізбек келесі элементтерден тұрады: ____________________________

(ii) Бұл тізбектегі шамдар өзара ________________ жалғанған.

2-тапсырма. Жеке жұмыс (I).Берілген тізбекке вольтметрді үш түрлі тәсілмен жалғаудың сызбаларын сызыңдар және кернеулерді өлшеңдер.

Оқушылар вольтметрді жалғау тәсілінің ережесін пайдаланып, тізбек құрады, сызбасын дәптерге сызады және жауабын алғаннан кейін тақтадағы сызбамен тексереді.



1- сурет 2 -сурет

3-сурет

Кернеуді өлшеп, вольтметр көрсетуін жазыңдар:

(і) Бірінші шам кернеуі U1=____

(іі) Екінші шам кернеуі U2=____

(іі) Қос шамдағы кернеу U=___

Кернеулер қатынасы бойынша қорытынды жасап, бос орындарды толтырыңдар:

_____________ жалғану кезінде тізбектегі жалпы кернеу , тізбектің жеке бөліктеріндегі кернеулердің_____________ тең:

U U1 U2 (араларына «+ , - , = » таңбаларын қойыңдар)

3 -тапсырма. Жеке жұмыс (I).Берілген тізбекке амперметрді жалғау тәсілін пайдаланып, амперметрді үш түрлі тәсілмен жалғап, тізбек бөлігіндегі ток күшін өлшейді. Содан кейін тақтаға төмендегі сызба ұсынылады және оқушылармен басқада жалғану тәсілін бар екендігіне талдау жасалады.





(і) Бірінші шамдағы ток күші: I1 =

(іі) Екінші шамдағы ток күші: I2 =

(ііі) Қос шамдағы жалпы ток күші: I =

Ток күштерінің қатынасы бойынша қорытынды жасап, бос орындарды толтырыңдар:

_____________ жалғану кезінде тізбектің жалпы ток күші тізбектің кез келген бөлігіндегі ток күшіне__________

I I1 I2 (араларына «+ , - , = » таңбаларын қойыңдар)

4-тапсырма. Жеке жұмыс (I).Осы тізбек үшін әр шамдағы ток күші мен кернеуді біле отыра, шамдардағы кедергіні есептеңдер.

(і) Ом заңын пайдаланып, кедергі формуласын жазыңдар

R=

(іі) Әр шам және қос шам үшін кедергі формуласын жазып, мәндерін есептеңдер.

1-шам кедергісі: R1=

2-шам кедергісі: R2=

Қос шамның жалпы кедергісі: Rж=

Кедергілер қатынасы бойынша бос орындарды толтырып, қорытынды жасаңдар

_____________ жалғану кезінде тізбектегі жалпы кедергі тізбектегі әр кедергілердің____________тең:

R R1 R2 (араларына «+ , - , = » таңбаларын қой)

Оқушылар бірін-бірі тексереді және бір-біріне кері байланыс жасайды
Рефлексия: Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

-Не білдім, нені үйрендім

-Не түсініксіз қалды

- Немен жұмыс жасау қажет
Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
Параллель жалғау ережелерін, сызбасын салу, зертханалық жұмысқа дайындалу


Оқушылар нұсқаулыққа қарап, зертханалық жұмысты орындайды. Бірінші тізбекті жинайды, сосын амперметр мен вольтметр мәндерін жазады

Оқушылар өз ойларын ашық және еркін жеткізеді.


Бағалау критерийлері
- Резисторларды тізбектеп жалғау сұлбасын жинайды;

- Эксперимент арқылы өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын біледі;

Дескриптор:

- Шамдарды тізбектеп жалғау сызбасы бойынша жинайды;

- Амперметрді тізбекке дұрыс жалғайды;

- Эксперимент арқылы өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын алады.

Жалпы балл:10


Оқулық

ДК экран

Түтікше

Слайд

Құралдар: ампер метр, 2 шам, вольтметр, ток көзі, кілт



Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: № 6 зертханалық жұмыс. «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу»

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

6 зертханалық жұмыс. «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.10 – өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау;

8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Өткізгіштерді параллель жалғауды біледі;

Көптеген оқушылар істей алады: Амперметр мен вольтметрдің тізбекке қалай жалғанатынын біледі

Кейбір оқушылар істей алады: Электр тізбегінің сызбанұсқасында қолданылатын шартты белгілерді біледі;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут


Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

10 минут

Бекіту

15 минут

Сабақтың соңы.
10 минут
Бағалау


Үй тапсырмасы

Кері байланыс

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу (интербелсенді тақтаны қолдану немесе жұпқа бір ноутбук қолдану).

Оқушылар «Сәйкесін табу» жұмысын орындайды.



Ой қозғау. Үйдегі, мектеп кабинеттеріндегі жарық шамдары қалай жалғанған?



Оқушылардан ауызша болжам жасауларын сұрайды.

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады.

Өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау. 


Жаңа сабақ. Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстырады, зертханалық жұмысты орындауға кіріседі.

Жеке жұмыс (I)

Оқушылар жұппен зертханалық жұмысты орындайды. «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу»

Жұмыс барысы:

С ұлба бойынша электр тізбегін құрастырыңдар. Резисторларды бір біріне параллель етіп және реостатқа тізбектеп қосыңдар. Тізбекке резис-торлармен тізбектеп амперметр мен ток көзін қо-сыңдар.

Ә рбір резисторға параллель етіп жеке вольт-метрді жалғаңдар және көрсетулерін жазып алыңдар. U1=_____________ U2=_____________ Өткізгіштерді параллель жалғағанда кернеудің екі өткізгіштің ұштарында бірдей болатынына көз жеткізіңдер, яғни U1=U2.

Әр резисторға жеке амперметрлерді тізбектей қосып, амперметрлердің көрсетулерін жазып алыңдар. I1=_____________ I2=_____________

Үшінші амперметрдің көрсетуін жазып, тізбек-тегі жалпы ток күші әр өткізгіштегі ток күшінің қосындысына жуық екеніне көз жеткізіңдер. ______________

Өлшеулерден кейін өткізгіштерден өтетін жалпы ток күшін есептеңдер . Iжал есеп=_____________


Iжал есеп Iжал
Есептелген және тәжірибе нәтижесінде алынған ток күшінің мәндерін салыстырың-дар:
Тізбек бөлігіндегі жалпы кедергіні келесі формула бойынша есептеңдер. ______________

______________

Өлшеулер мен есептеулер нәтижесін кестеге жазыңдар.
Оқушылар зертханалық жұмысты орындап болғаннан кейін, өздерінің зерттеулеріне қорытынды жасайды.

Тапсырманы аяқтаған соң оқушылардың жауаптарына қарай кері байланыс ұйымдастырылады.
Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар рефлексия парағын толтырады немесе ауызша айтады.

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмыстыжалғастыру қажет

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
Л.Э.Генденштейн, Л.А. Кирик, И.М.Гельфгат физика 8 сынып есептер жинағынан № 16.15, 16.31 есептерді шығару

Өткен материалды қайталау мақсатында сәйкесін табу жұмысын орындайды

Оқушылар үйдегі және мектептегі шамдар қалай жалғанғаны туралы өз ойларын айтады. Соның негізінде жаңа тақырып ашылады

Оқушылар нұсқаулыққа қарап, зертханалық жұмысты орындайды. Бірінші тізбекті жинайды, сосын амперметр мен вольтметр мәндерін жазады.


Бағалау критерийлері

-Электр тізбегінің сызбанұсқасында қолданылатын шартты белгілерді біледі;

-Өткізгіштерді параллель жалғауды біледі;

-Амперметр мен вольтметрдің тізбекке қалай жалғанатынын біледі;

-Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің барлық бөлігіндегі кернеуді анықтай алады;

-Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің жалпы ток күшін анықтай алады;

-Өткізгіштерді параллель жалғағанда жалпы кедергіні анықтай алады.

Дескриптор:

-Шамдар параллель жалғанатынын біледі

-Параллель жалғау ережелерін біледі

Дескриптор:

-Электр тізбегінің сызбанұсқасында қолданылатын шартты белгілерді біледі;

-Өткізгіштерді параллель жалғауды біледі;

-Амперметр мен вольтметрдің тізбекке қалай жалғанатынын біледі;

-Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің барлық бөлігіндегі кернеуді анықтай алады;

-Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің жалпы ток күшін анықтай алады;

-Өткізгіштерді параллель жалғағанда жалпы кедергіні анықтай алады.

Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл



Слайд

Сәйкесін табу

http://learningapps.org/display?v=p1bs7kmnn01



Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты.


Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электр тогының жұмысы мен қуаты.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.12 – жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Токтың жұмысы мен қуатын анықтайды;

Көптеген оқушылар істей алады: Токтың жұмысы мен қуатын есептер шығаруда қолданады.

Кейбір оқушылар істей алады: Токтың жұмысы мен қуатына мысалдар келтіреді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут

Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім
10 минут

Бекіту


15 минут

Сабақтың соңы.
10 минут

Бағалау

Үй тапсырмасы

Кері байланыс


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың мақсаты, міндетін айтып, бағалау критерийлерін түіндіремін.

Балалар, біз күнделікті тұрмыста токпен жұмыс жасайтын қандай құрылғыларды қолданамыз?

(оқушылар өз жауаптарын береді. Мысалы, ұялы телефон, тоңазытқыш,теледидар, үтік т.с.с)

Электр тогы дегеніміз не?  Электр тогының қандай әсерлері болады?

Үй тапсырмасын тексеру.Оқушылар қарама -қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді.Үйге берілген тапсырманы бір- біріне сұрақ -жауап қойып өз ойларымен бөліседі.

Сұрақтар: өткізгіштерді тізбектей жалғау кезіндеқандай шама тұрақты болады?өткізгіштерді параллель жалғау кезінде қандай шама тұрақты болады? т.б.

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

Суреттер бойынша бүгінгі жаңа тақырыбымызға шығамыз.



Сабақтың тақырыбын ашады.Жаңа тақырыпты қысқаша шолу жасап түсіндіремін.Электр тогының жұмысы мен қуатының формулаларын қорытып түсіндіріп беремін.Кез келген тогы бар тізбектегі электр энергиясы басқа энергияға, мысалы ішкі энергиясына айналады, яғни тогы бар өткізгіш жұмыс жасайды. Оқушылар токпен жұмыс жасайтын құралдарға мысал келтіреді:(вентилятор,миксер,үтік т.б)

Ал, енді сұрақ: электр тогының жұмысы неге байланысты?

Тақтадағы электр тізбегі бойынша демонстрациялық тәжірибе көрсетемін.



Нені байқадыңыз?Оқушылар 2-ші схемада электр шамының 1-шіге қарағанда бәсеңдеу екенін көріп, ток күшінің жұмысы кернеуге байланысты екеніне көздері жетеді.Мұғалім тақтаға AU белгілеп қояды, оқушылар дәптерлеріне белгілейді.

Тағы токтың жұмысы неге байланысты екен, ол үшін тақтадағы схема бойынша тізбек құрамыз,



Реостатың көмегімен ток күшін азайтып көбейте отыра, оқушылар электр шамының жарықтығының өзгергенін байқап, токтың жұмысының ток күшіне тура пропорционал екеніне көзі жетеді. Қорытынды: AI Сондай-ақ токтың жұмысының уақытқа тәуелді екенін де айта кете    A=I·Ut    формуланы қорытып шығарамыз.SI  жүйесінде джоульмен (Дж) өлшенеді.      1Дж=1A·1B·1c

   II. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы электр тогының қуаты болып табылады.   Электр  қуаты P әрпімен белгіленеді. Олай болса қуат мынаған тең:   P = А/t= I U

    Сонымен қатар токтың қуаты үшін мына өрнектер дұрыс:

P=U2/R және P = I2R

Халықаралық бірліктер жүйесінде қуат  бірлігіне ватт алынған: 1Вт

 

«Айналмалы бекет» әдісі. Жеке жұмыс (I)

1. Электр санауышында ток жұмысының 1кВ·сағ=3,6·106 Джекенін дәлелдеу.

864·106 Дж-ды кВ·сағ айналдыру.

2. 1кВ·сағ-қа тариф 19 теңге болса,бір айда 180 кВ·сағ-қа қанша төлейміз? (оқулықтан ізденіп формуласын табады)

3. Электр тогын қалай үнемдеуге болады?Берілген суреттер бойынша бір айға кеткен энергияның мөлшерін анықтаңдар?
Жеке жұмыс.Еептер беріледі, тексеретін кезде жауабын мұғалім айтады, оқушылар өздерін тексереді.

1.Төртінші шамның тұтынатын қуатын анықта.
Жауабы: 26 Вт

  1. Қуаттары 1 40 Вт және 2 60 Вт екі шам бірдей кернеуге есептелген. Егер екі шамды ток көзіне тізбектеп қосса, олардың тұтынатын қуаттары қандай болар еді?

Жауабы: 14,4 Вт; 9,6 Вт

3. Егер J1 =3 А болса, үшінші шамның тұтынатын қуатын анықта. (Сурет)



Жауабы: 100 Вт

4. Кернеуі 220 В желіге қосылған қуаты 900 Вт электр пешіндегі сым орамасының ұзындығы 50 м, ал көлденең қимасының ауданы 1,2 мм2 болса, орама жасалған сымның меншікті кедергісін анықта.

Жауабы: 1,3 Оммм2

Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
Үй тапсырмасы: §42, 44 21 жаттығу (8,9)



Оқушылар тұрмыстық құрылғылар арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын ашады.(теледидар, үтік, тоңазытқыш)


Оқушылар сұрақтарға жауап береді, ой-пікірлерін білдіреді

Демонстрациялық әдіс-өте тиімді әдіс.Барлық бала қызығушылығымен сабаққа қатысады.Тіпті белсенділігі төмен оқушы да тәжірибе жасап, қолымен ұстап, көзімен көріп сабаққа қатысып отырады

«Айналмалы бекет» әдісі барлық оқушы сабаққа қатысып, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке дағдыланады.

Оқушылар теориялық білімдерін практикада есептер шығаруда жалғастырады.

Оқушылар сабақ бойынша рефлекция жасап сұрақтарға жауап береді



Бағалау критерийлері
- токтың жұмысы мен қуатын анықтайды;
- токтың жұмысы мен қуатын есептер шығаруда қолданады.

- алған білімін тұрмыста қолдана біледі

Дескриптор:

-Өткізгіштерді тізбектей, параллель жалғаудың формулаларын біледі

-Тізбектей,

параллель жалғаудың айырмашылығын ажырата біледі.

Жалпы балл-2

Дескриптор:

-Электрсанауышымен жұмыс жасай алады

- Токтың жұмысының өлшем бірліктерін ажырата алады

Жалпы балл-2

Дескриптор:

-Қуат формуласын біледі және оны қолданады

-Тізбектей және параллель жалғау заңдылықтарын біледі және қолданады

-Кедергі формуласын біледі және оны қолданады.

Жалпы балл-6

Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл










Интерактив тақта,

оқулық
Физика 8-сынып.

Н.А.Закирова Р.Аширов
Демонстрациялық құралдар:
амперметр,
вольтметр,ток

көзі,

кілт,

қыздыру шамы,

реостат,

сымдар,

секундомер



Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: № 7 зертханалық жұмыс. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау»

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

7 зертханалық жұмыс. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.14 – эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау;

8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

8.4.2.15 – кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практика жүзінде анықтау;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Тұрақты токтың жұмысы мен қуаттың формуласын практикалық тапсырмаларда қолдана алады;

Көптеген оқушылар істей алады: кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын анықтауда практикалық есептеулер жүргізе алады;

Кейбір оқушылар істей алады: Қоршаған ортада кездесетін түрлі техникалық құрылғылардың электр тогының жұмысын және қуатын анықтай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут

Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім
10 минут


Бекіту
15 минут

Кері байланыс

Сабақтың соңы.
10 минут

Бағалау


Үй тапсырмасы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

«Ой қозғау» әдісі арқылы алдыңғы білімді есте сақтау дағдысын қалыптастыру үшін сұрақтар қоямын.

1. Электр тогының жұмысы деген не?

2. Оны қалай есептеуге болады?

3. Ток жұмысы қандай аспаппен өлшенеді?

4. Ток жұмысы өлшенетін аспаптағы жұмыстың өлшем бірлігі? (кВт*сағ)

5. Ток қуаты деген не?

6. Оны қалай есептеуге болады?

7. Ток қуатын өлшеуге арналған аспап?

8.Электр тізбегіне амперметр мен вольметр қалай жалғанады?

Әр оқушыға кері байланыс «От шашу» әдісі бойынша ауызша беріледі.
«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі

Электр тогымен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді.

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі

1.Мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдаңдар.

2.Мұғалім рұқсатынсыз жұмысты бастамаңдар.

3.Құралдарды стол үстіне құлап кетпейтіндей етіп мұқият орналастырыңдар.

4.Жұмысты бастамас бұрын жұмыстың жасалу жолымен жақсы танысыңдар.
«Суреттер сөйлейді» әдісі. Жеке жұмыс (I)

Экранда тізбектің құрастырылуы бойынша сұлба берілген. Сұлба бойынша тізбектің құрастырылуын сипаттау үшін есте сақтау және жазылым дағдыларын қалыптастырамын.



Амперметр мен вольтметрдің көрсетуін, уақытты ескеріп жазу арқылы шамдағы электр тогының қуаты мен жұмысын есепте

Жұмыс барысы:

  1. Сурет бойынша электр тізбегін құрастырыңдар. Шамға тізбектеп амперметрді қо-сыңдар. Шамға параллель етіп вольтметрді қосыңдар. Құралдардың қосу үйектігін сақтап, тізбекті ток көзіне тұйықтаңдар.



  1. Ток көзінде 2В кернеуді орнатыңдар. Тізбекті тұйықтаңдар және шам жанған уа-қытты белгілеңдер. t1=______________

  2. Тәжірибе барысында ток күші мен кернеудің мәндерін тұрақты етіп сақтаңдар. Вольтметр мен амперметрдің көрсетулерін алыңдар.

І=______________ U=______________

  1. Тізбекті ажыратып, шамның сөнген уақытын белгілеңдер.

t2=______________

  1. Вольтметр мен амперметр көрсетулері бойынша шамдағы ток қуатының шамасын келесі формула бойынша анықтаңдар:

Р=______________

  1. Құралдардың көрсетулері бойынша ток күшінің жұмысын келесі формула бойын-ша анықтаңдар:

А=______________

мұндағы t – шамның жанған уақыты.

t=______________

  1. Барлық өлшеулер нәтижелерін кестеге жазыңдар.




Ток күші I, A

Кернеу

U, B

Уақыты

t, c

Қуат

Р, Вт

Жұмыс

А, Дж


















«Плюс-минус, Қызығамын» кестесі.


«Плюс» (+)




«Минус» (-)




Қызығамын (?)





-Кесте бойынша «Плюс» бағанын сабақта қызық болған,пайдасы бар мәселелер мен жәйттер жазылады.

-«Минус»бағанында сәтсіз шыққан, түсінбеген мәселелерін жазады.

- Қызығамын бағаны бойынша «не білгім келеді»? деген сұрақтарға жауап береді.

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
Есеп.Кернеуі 220 В желіге 5 мин бойы қосылған шашкептіргіш қанша жылу мөлшерін бөледі?


Оқушылар сабаққа қолайлы атмосфералықорта құрады.


Бұл әдісте алдыңғы сабақ білімін қайталап, жаңа сабаққа дайындалады

Оқушы қауіпсіздік ережелерін қайталайды.


Экранда көрсетілген сұлба бойынша тізбекті жинайды.

Амперметр мен вольтметр мәндерін өзгеруін жазып алып, лектр тогының жұмысы ме қуаты формулаына қойып еептейді.

Оқушылар өз ойларын ашық және еркін кестеге жазып толтырады


Бағалау критерийлері

- Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау үшін тізбек құрастырады.

-Амперметр мен вольтметрді, сағатты пайдаланып өлшейді.

-Жұмыс пен қуаттың формуласын түрлендіріп есептер шығарады.

Дескриптор:

-Электр тгы жұмысы мен қуаты туралы біледі.

-Электр тізбегіне амперметр мен вольтметр қалай жалғанатынын
Дескриптор:

-Электр тізбегінің сұлбасын сызады.

-Шартты белгілерді айтады.

-Амперметр мен вольтметрдің тізбекке жалғану тәсілдерін ажыратады.

-Құралдардың қызметін айтады.

Жалпы балл:5
Дескриптор:

-Ток күші мен кернеудің мәндерін жазып алады.

- Шамның жану уақытын өлшейді

-Электр тогының жұмысы мен қуаттын есептеп,өлшем бірліктерін түрлендіреді.

- Өлшеу нәтижелерін жазады, қорытынды жасайды

Жалпы балл:5



ДК экран

Слайд

оқулық


Акт.Физика кабинетінің қауіпсіздігі.
Нұсқаулық


АКТ

Электронды оқулық


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы


Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.13 – Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Токтың жылулық қасиеті және Джоуль-Ленц заңы туралы ақпарат алады.

Көптеген оқушылар істей алады: Джоуль-Ленц заңы  формулаларын қолданып есептер шығара алады.

Кейбір оқушылар істей алады: Электр қыздырғыш құралдарының энергия шығынын анықтайды

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут

Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім
10 минут


Бекіту
15 минут

Кері байланыс

Сабақтың соңы.
10 минут

Бағалау


Үй тапсырмасы


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылар сурет  қиындыларын құрастырып қандай өлшеуіш құралы екенін және осы құралмен нені өлшейді, жалпы өлшеуіш құралына байланыстының барлығын түсіндіріп береді.

1.Электр тогы деген не?

2. Электр тогы бар болу үшін қандай шарттар орындалуы керек?

3.Тұрақты ток деген не?

4.Электр тогының қандай әсерлері болады?

5.Электр тогын сипаттайтын физикалық параметрлерді атаңдар

 6.Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.

7.Ток күші дегеніміз не, анықтамасын бер.

8.Электр тогының жұмысы.

9.Электр кернеуі деген не?
«Ой қозғау» әдісі. Суреттерге арқылы отырып жаңа тақырыпқа шығу.



Бүгінгі сабақтың мақсаты электр тогын сипаттайтын негізгі параметрлердің  бар екендігімен ерекшеленеді.Яғни бүгін токтың жылулық әсері  Джоуль- Ленц заңы тақырыптарымен таныса отырып білімімізді толықтырамыз.

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Егер өткізгіш қозғалмаса, токтың барлық жұмысы өткізгішті қыздыруға жұмсалады. Сол кезде бөлінетін жылу мөлшері мынаған тең болады.   Q=A=IRt. Бұл формула Джоуль- Ленц заңын сипаттайды.

Өмірмен байланыстыру- өндірісте, тұрмыста қолданыстағы электр приборларының жылуының мөлшері осы заңға негізделген. Заңның тұжырымдамасы: өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына пропорцианал.

Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін түсіндіретін заң Джоуль- Ленц заңы болды.

Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады.
«Сәйкестендіру» әдісі Жеке жұмыс (I)

Анықтамасы

Формуласы

Өлшем бірлігі

Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың  көбейтіндісіне тең

P=I·U

Вт

Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп,олардың көбейтіндісін табу керек

Q=I2 ·R·t

Дж

Өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал болады

A=I·U·t

В


Деңгейлік есептер шығару. Джоуль –Ленц заңының формуласына сүйеніп есептер шығару. А,Б,С деңгейіндегі есептерді тақтамен жұмыс жасау арқылы шығару.
А деңгейінің есептер

1. Егер қалта фонары шамының  кернеуі 3,5В, ал ток күші 0,28 А болса, ондағы электр тогы 5 минутта қандай жұмыс істейді.

2. Кернеуі 400В электр двигателіндегі токтың күші 92А.Электр двигателінің орамындағы токтың қуатын анықтаңдар.

3. Кернеуі 220В болатын дәнекелегіштегі ток күші 0,9А. Дәнекерлегіштегі токтың қуатын табыңдар.
В деңгейінің есептері

1. Егер резистордағы ток күші10мА,ал кедергісі 1кОм болса, онда 10 минут  ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады.

2. Кедергісі 1кОм резисторды кернеуі 100В тізбекке қоссақ,онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады.

3. Тізбектегі деректерді пайдаланып шамның қуатын есепте. Кернеуі 25 вольт, ток күші 0,25 ампер, токтың қуатын табу керек.

С деңгейінің есептері

1.    Тізбектегі деректерді пайдаланып, токтың жылу мөлшерін есепте. Вольтметрдің көрсетуі 5,2 В, амперметрдің көрсетуі 2 А, кедергісі 2 Ом, уақыт 5 минут.

2.    Тізбектегі деректерді пайдаланып токтың қуатын есепте. Амперметрдің көрсетуі 0,3 А, вольтметр -120В.

3.    Тізбектегі деректерді пайдаланып токтың жұмысын есепте. Вольтметр – 100В, резистор -30 Ом, уақыт – 3 сек



Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
1   2   3   4   5   6


§43 оқу




Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты магниттер, магнит өрiсi.

№ 8 зертханалық жұмыс. «Тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу»

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

8.3 В Электромагниттік құбылыстар

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тұрақты магниттер, магнит өрiсi.

8 зертханалық жұмыс. «Тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.3.1 – магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелеу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама береді және оның магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелейді;

Көптеген оқушылар істей алады: Тұрақты магниттердің магнит өрісі және магнит полюстері туралы түсіндіреді;

Кейбір оқушылар істей алады: Әр түрлі пішіндегі тұрақты магниттердің күш сызықтарын сала алады және оның магнит өрісіне негізделетінін түсінеді

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут
Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

10 минут

Бекіту

10 минут

Кері байланыс

Сабақтың соңы

10 минут


Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа зейінін жинақтап, олардың сабаққа әзірлігін тексеру;

ә) сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу;

б) жаңа сабақтың мақсатын айту.

в) қауіпсіздік техника ережесін таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Серпілген сауал» әдici

Шapты: мұғaлiм мeн oқyшылap дөңгeлeнe oтыpaды. Мұғaлiм өткeн тaқыpыптың түйiнiн aшaтын ecкe түcipyгe бaғыттaлғaн cұpaқ қoяды.

Cұpaқ бaғыттaлғaн oқyшы жayaп бepeдi ,eгep жayaп бepe aлмaca бacқa oқyшығa бaғыттaйды.

1. Ток көзіне бірнеше құралдар мен аспаптарды қатарынан пайдаланған кезде ..... пайда болады. (қысқа тұйықталу)

2. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғаса, онда мұндай жалғау түрі қалай аталады? (параллель)

3.Қысқа тұйықталу кезінде өртті және ток көзінің бүлінуін болдырмау үшін электр тізбегіне қандай құралдар қолданылады? (сақтандырғыштар)

4. Электролит арқылы электр тогы өткенде электродтарда зат бөліну процесі  қалай аталады? (электролиз)

5. Өткізгіштен ток өткенде одан бөлінетін жылу мөлшері немен өлшенеді? (Джоуль)

6. Электролиз кезінде электродта бөлінген заттың массасын анықтайтын формуланы қай ғалым тұжырымдады? (Фарадей)

7. Қандай жалғау кезінде электр құралының біреуі істен шықса немесе тізбек үзілсе, барлық аспаптар жұмысын тоқтатады? (тізбектей)

8.Қыздырғыш элементтер жасалатын қоспа түрлері? (нихром)

9.Сұйық ерітінділерде электр тогын не тасымалдайды? (ион)

10. Ең алғашқы қыздыру щамын ойлап тапқан орыстың электр технигі? (Лодыгин)
Жаңа сабақты меңгерту.

«Cтon кaдp» әдiciмeн бейнеopoлик көpceтy.

Жаңа тақырыпты жариялау мақсатында «bilimland.kz.» порталын пайдаланып бейнеролик көрсету. Мақсатым: оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру, тақырыпты ашу, өмірден мысалдар келтіру.

1.Не байқадың?

а) «Oй қозғау »

Магнит дегеніміз не?

Не себепті магниттер өзіне кейбір заттарды тартады?

ә) Мақсатты болжау.

- магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелеу;

б) Түсіндіру. «Мәліметтерді жариялау» әдісі

арқылы оқушыға жаңа тақырыпты талқылауға тапсырма беріледі.

  • Т ұрақты магниттер. Магнит өрісі.

  • Табиғи магниттер. Магниттіӊ күш сызықтары.

Келесі сұрақтарды талқылаңыз:

1. Магниттердің айналасында қандай өріс бар? Магнит өрісінің көзі не болып табылады?

2. Магнит өрісінің графикалық бейнесін қалай сызуға болады?

3. Пішіндері әртүрлі магниттердің айналасындағы магнит өрісінің күш сызықтары қандай болады?

4. Магнитті ортасынан бөлгенде, бір бөлігінің тек қана солтүстік полюсі, ал екінші бөлігінің тек қана оңтүстік полюсі болуы мүмкін бе?
«Ойлан.Жұптас.Бөліс» Зертханалық жұмыс"Tұрақты магниттің қасиеттерін зерттеу және магнит өрістерінің кескінін алу"

Жұмыстың мақсаты: тұрақты магниттің полюстерімен танысу және әр түрлі магниттің төңірегінде магнит өрісінің қандай сызықтарын түзетінін көрсету.

Құрал-жабдықтар: әр түрлі магниттер (жолақ, таға тәрізді және дөңгелек), темір ұнтақтары, қағаз парағы.

Жұмыстың барысы:

1) Темір ұнтағын қағаз стақанға салып, оның ішінде магнитті енгізіңдер;

2) Магнитті шығарып алып, магниттің әр жеріне темір ұнтақтарының қалай тартылғанына назар аударыңдар;

3) Үстел үстіндегі магнитті бір парақ қағазбен жауып, оған жұқалап металл ұнтағын себіңдер;

4) Темір ұнтақтарының орналасуының суретін салыңдар

5) Магниттің полюстерін анықтаңдар. (магнит тілшесін немесе компасты пайдалануға болады) Төмендегі суреттегі ақ түсті бос орындарға магниттің екі полюсін белгіле.

6) Екі жолақ магниттердің аттас полюстерін жақындатыңдар. Бақылағандарыңды түсіндір:

7) Пайда болған магнит сызықтарына назар аударып, олардың суретін салыңдар.

8) Екі жолақ магнитті бір-біріне әр түрлі ұштарына апарыңдар. Бақылағандарыңды түсіндір:

9) Пайда болған магнит сызықтарына назар аударып, олардың суретін салыңдар.

10) Тәжірибе барысында байқаған алған білімдеріңді пайдаланып қорытынды жасаңдар.

Қорытынды: Тұрақты магниттердің солтүстік және оңтүстік деп аталатын екі полюсі болады. Күш сызықтары солтүстік полюстен шығып оңтүстік полюске кіреді. Тұрақты магниттердің магниттік әрекеті кез келген магниттің айналасында магнит өрісінің болуымен түсіндіріледі.

«Coңғы бec минyт» әдici

V. Жeкe жұмыc. Дeңгeйлiк тaпcыpмaлap

А дeңгeй

1.Тұрақты магниттер деп нені айтады?

2.Магнит өрісі деп нені айтады?

B дeңгeй

1.Магнит өрісінің бар екенін қандай тәжірибе растайды?

2. Магнит өрісінің электр өрісімен ұқсастығы бар ма,айырмашылығы қандай?

C дeңгeй :

1. Сурет бойынша түсіндір.Табиғи магниттер деп қандай магниттерді айтады, олар алғаш рет қандай құралда қолданыс тапты?



Peфлeкcия

«Көңіл күй таразысы» кері байланыс

Таразының оң жақ басы «жақсы» көңіл күйді білдіреді. Күннің көзі салынған суретті бүгінгі жаңа сабақты жақсы түсініп, білімін толықтырған, көңіл – күйі жақсы оқушылар оң жақ табақшаға суретті апарып іледі. Ал әлі де сұрақтары бар кейбір түсінбеген оқушылар бұлттың суретін таразының сол жақ табақшасына іледі.

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау

§ 30 Тұрақты магниттер .Магнит өрісі



Серпілген сауал әдісінде қойылған сұрақтарға жауап беріп, жаңа сабаққа білімдерін шыңдайды

Стоп кадр әдісінде оқушылар бейнероликтекөрген теорияға байланысты сұрақтарға жауап беріп отырады

Оқушы нұсқаулыққа қарап эксперименттік жұмысты орындайды

Оқушы деңгейлік есептер шығарады.



Бағалау критерийлері
Магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама береді және оның магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелейді;

-Тұрақты магниттердің магнит өрісі және магнит полюстері туралы түсіндіреді;

-Магниттік күш сызықтарының бағытын анықтайды;

-Әр түрлі пішіндегі тұрақты магниттердің күш сызықтарын сала алады және оның магнит өрісіне негізделетінін түсінеді.
Дескриптор:

-Tок көзіне бірнеше құралдар мен аспаптарды қатарынан пайдаланған кезде пайда болатын құбылысты және одан қорғайтын құралды біледі;

-Өткізгіштерді электр тізбегіне жалғау түрлерін ажырата алады;

-Электролит арқылы электр тогы өткенде электродтарда зат бөліну процесін және кім ашқанын біледі;

-Қыздырғыш элементтер жасалатын қоспа түрлерін біледі;

-Ең алғашқы қыздыру щамын ойлап тапқан кім екендігін біледі.

Жалпы балл-3


Дескриптор:

-Тұрақты магнитті біледі;

-Тұрақты магниттіӊ қасиеттерін біледі;

-Магниттіӊ полюстерін ажырата алады;

-Тұрақты магниттіӊ күш сызықтарын кескіндей алады;

-Магнит өрісінің әсерін бақылайды және қорытынды жасайды

Жалпы балл-2


Деcкpиптop:

-Магнит өрісінің күш сызықтарын графикалық түрде бейнелейді.

-Тұрақты магниттің магнит өрісінің күш сызықтарын сызады.

-Магнит өрістерінің кескінін алады.

Жалпы балл-4

Деcкpиптop:

-Тұрақты магнитті,қасиеттерін, полюстерін біледі.

-Тұрақты магниттіӊ магнит сызықтарын кескіндей алады. -Магнит өрісінің электр өрісімен айырмашылығын түсіне алады. -Cypeт бoйыншa магнит өрісінің әсерін бақылайды және қорытынды жасайды .

Жалпы балл-4

Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл




S- Оңтүстік полюс, N- Солтүстік полюс

Оқулық

ДК экран

Слайд

бейнеopoлик


Суреттер, жолақ магниттер, темір ұнтағы, ақ қағаз








Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi. Тогы бар шарғының магнит өрiсi


Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

8.3 В Электромагниттік құбылыстар

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi. Тогы бар шарғының магнит өрiсi


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.3.2 – магнит өрісінің сипаттамаларын түсіндіру

8.4.3.3 – тогы бар түзу өткізгіштің және соленоидтің айналасындағы өріс сызықтарының бағытын анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Темір ұнтақтары мен магнит тілшелеріне магниттің әсерінің берілуінің қалай жүзеге асырылатынын түсінеді.

Көптеген оқушылар істей алады: Магнит өрісінің сипаттамасы күш сызықтарының сызбасын салады,түсінеді

Кейбір оқушылар істей алады: Өткізгіштен ток өткенде оның маңайында магнит өрісінің бар болуын тәжірибе арқылы көрсете алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут
Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

10 минут

Бекіту

10 минут
Кері байланыс

Сабақтың соңы

10 минут


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Ширату жаттығуы: Бүгінгі сабақтың оқу мақсатын айқындау үшін физикалық диктант жазуды ұсынамын.

Үй тапсырмасын тексеру

«Физикалық диктант» әдісі
1._______ немесе ______ магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады. (тұрақты, қарапайым)

2.Магнит тілшенің ____ полюсі бар. (екі)

3.Электр өрісінің өзіне тән _______ қасиеті қозғалмайтын зарядтарға әрекет ету қабілеті болып табылады. (ерекше)

4.Қасиеттері бойынша бір-біріне ұқсамайтын _______ немесе _______ деп аталатын екі полюсі бар. (солтүстік, оңтүстік)

5. _______ деп электр тогы бар өткізгіштердің өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын материяның түрі. (магнит өрісі)

6.Электр тогы бар түзу өткізгіш орналасқан кеңістікте магнит тілшені қозғалысқа келтіретін күш _______ _______ деп аталады. (магниттік күштер)

Жаңа сабақ «Кемпірқосақ» (жеке жұмыс) -әдісі бойынша Жаңа сабақты оқушыларға кітаптағы үш тақырыпты бөліп беру.

Әр оқушы берілген мәтінді оқиды, талқылайды, түсіндіреді, постерге түсіріп оны қорғайды.

-Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі.

-Тогы бар шарғының магнит өрісі.

-Электромагниттер

1.Тапсырма : Суретте бағдаршалармен электр тогының айналасындағы магнит өрісінің күш сызықтары көрсетілген. Өткізгіштегі токтың бағытын анықтаңыз.





2.Тапсырма:Қозғалыстағы зарядтарға ,яғни электр тогына не әрекет етеді?Эрстед тәжірибесін жасау

1.Магниттердің және ток жүріп тұрған өткізгіштердің өзара әрекеттесуінің себебін анықтау.

2.Магниттік өзара әрекеттесу күштерінің пайда болу себебін анықтау.



3.Тапсырма :Суретте тогы бар шарғы көрсетілген.Шарғыдағы магнит өрісінің қай жағында магнит өрісінің солтүстік полюсі орналасқанын анықта.



Бағалау түрі: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды

4. Тапсырма: Сәйкестендіру әдісі. Осы өткен тақырыптағы негізгі ұғымдарды сәйкестентіру жасайды.

1

Магниттік өрістің 2 негізгі қасиеттері қандай және магнит өрісін не тудырады?

Г

А) магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелер.

2

Магнит өрісінің сызықтары деген не?

Б

Ә)магнит тілшесінің осі деп аталады.

3

Магнит өрісі деген не?

Е

Б)магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелерінің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар.

4

Магниттің неше полюсі бар?

Ж

В)тогы бар шарғының ішіне шыныққан болаттан жасалған өзекше орнатып, алуға болады.


3 таяқша” әдісі арқылы бүгінгі тақырыпқа байланысты білімдерін пысықтаймын. 3 таяқша ұсынамын. Біреуін таңдайды. Топта талқылайды. Сұрақ түссе сұрақ қояды. Т.с.с
1 сұрақ –білгім келеді.
1 жауап-білдім.
1 идея –білемін.
Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
26-жаттығу ауызша жауаптар дайындап келу.


Оқушылар өткен сабаққа шолу жасап, физикалық диктант жұмысын орындайды

Оқушы берілген мәтінді оқиды, түсіндіреді, постерге түсіріп оны қорғайды
Оқушылар магнит өрісінің бағытын анықтайтын оң қол ережесімен танысады.

Оқушылар токтың бағытын оң қол ережесін пайдаланып табуды меңгереді.

Токтың бағытын анықтайды.

Оқушылар бүгінгі сабақ сабақ бойынша негізгі ұғымдарды сәйкестентіру жасайды.

Оқушылар өз ойларын ашық және еркін жеткізеді.


Бағалау критерийлері
- Магнит әсерінен темір ұнтақтары мен магнит тілшелерінің берілуін түсіндіре алады.

- Магнит өрісінің сипаттамасын сызбасын салып, түсіндіре біледі

-Магнит өрісінің бар болуын өткізгіштен ток өткенде маңайында өріс бар екенін тәжірибе арқылы жеткізе біледі

- Магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын Соленоид арқылы ток өткенде байқалатынын анықтай алады
Дескриптор:

-Магниттердің қасиеттерін біледі.

-Екі полюсі бар екенін көрсетеді.

Жалпы балл-2
Дескриптор:

-Оң бұранда ережесін қолданады.

Токтың бағытын анықтайды.

Жалпа балл-4
Дескриптор:

-Тәжірибенің мағынасын түсінді -Магниттік өзара әрекеттесу күштерінің пайда болу себебін біледі.

Жалпы балл-3

Дескриптор -Ток күшінің бағытын анықтайды -Оң бұранда ережесін колданып,шарғының магнит өрісінің бағытын анықтайды.

Жалпы балл-3
Дескриптор: -Сөйлемдерді жауаптармен толықтыра алды

  • -Сұрақтарға нақты жауап жазады

  • -Сабақты толық меңгереді

Жалпы балл-3

Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл




Оқулық

Слайд

Физикалық диктант сұрақтары

Магниттер магниттік тілше

Ғаламтор

Слайдтар

3 таяқша

Сұрақтар

оқулық





Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Электромагниттер және оларды қолдану.

№ 9 зертханалық жұмыс. «Электромагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау»

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

8.3 В Электромагниттік құбылыстар

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электромагниттер және оларды қолдану.

9 зертханалық жұмыс. «Электромагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.3.4 – жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстыру;

8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Шарғының полюстарын дұрыс анықтайды

Көптеген оқушылар істей алады: Шарғының магниттік әсері шарғының орам санына қалай тәуелді екенін біледі.

Кейбір оқушылар істей алады: Шарғының магниттік әсері өзекшеге қалай тәуелді екенін біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут
Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

10 минут

Бекіту

10 минут

Кері байланыс

Сабақтың соңы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

1) Оқушылардың теориялық материалды қалай игергендігін тексеру үшін «физикалық диктант» және «сәйкестендіру» тапсырмасы беріледі.

1._______ немесе ______ магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады. (тұрақты, қарапайым)

2.Магнит тілшенің ____ полюсі бар. (екі)

3.Электр өрісінің өзіне тән _______ қасиеті қозғалмайтын зарядтарға әрекет ету қабілеті болып табылады. (ерекше)

4.Қасиеттері бойынша бір-біріне ұқсамайтын _______ немесе _______ деп аталатын екі полюсі бар. (солтүстік, оңтүстік)

5. _______ деп электр тогы бар өткізгіштердің өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын материяның түрі. (магнит өрісі)

6.Электр тогы бар түзу өткізгіш орналасқан кеңістікте магнит тілшені қозғалысқа келтіретін күш _______ _______ деп аталады. (магниттік күштер)

Оқушылар өзара және өзін- өзі тексереді. Мұғалім оқушылардың жауаптарына кері байланыс жасайды.

«Сәйкестендіру» тапсырмасы. Жеке жұмыс (I)


1

Магниттік өрістің 2 негізгі қасиеттері қандай және магнит өрісін не тудырады?




А) магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелер.

2

Магнит өрісінің сызықтары деген не?




Ә)магнит тілшесінің осі деп аталады.

3

Магнит өрісі деген не?




Б)магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелерінің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар.

4

Магниттің неше полюсі бар?




В)тогы бар шарғының ішіне шыныққан болаттан жасалған өзекше орнатып, алуға болады.

5

Тұрақтты магниттер




Г)оның электр тогына әсер етуінде, тек қозғалыстағы зарядтар мен тұрақты магниттер ғана магнит өрісін тудырады.

6

Тұрақты магнитті қалай алуға болады?




Ғ)тұйықталады.

7

Магнит сызықтары магнит ішінде




Д)солтүстік полюстен шығып, оңтүстік полюске енеді.

8

Магнит сызықтары қалай бағытталады?




Е)өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материя түрі.

9

Магниттік аномалиялар




Ж)екі полюсі (N) солтүстік және оңтүстік (S)

10

Тілшенің ортасынан өтетін және оның полбстерін қосатын түзу




З)магнит темір рудасының орасан зор кені бар жер қойнауының жергілікті магнит өрістерінің пайда болуы.


Зерттеу жүргізу. Оқушылар зерттеушілік дағдысын дамыту мақсатында зертханалық жұмыс жасайды. №9. Электромагнитті жинау және оның әсерін зерттеу

Мұғалім зертханалық жұмыс бойынша кері байланыс жасап, оқушылардың қорытындысына толықтырулар жасайды.
4) Сабақты бекіту. Жеке жұмыс (I) Оқушылар теориялық материалды және зерттеу нәтижесін қолдану дағдысын дамыту үшін физикалық диктант орындайды

1.................... ішіндегі магнит өрісінің күш сызықтары параллель және оны сырт жағынан орап жатады. (соленоид)

2.Күш сызықтары шарғының ...................... полюсі жағынан шығып, ................ полюсі жағына кіреді. (солтүстік, оңтүстік)

3.Шарғының екінші жағы .......................... полюс болады, бұл жерде ток орам бойымен ......................... бағытымен ағады. (оңтүстік, сағат тілі)

4.Ішіне темір өзекше орналастырылған шарғы .................... деп, ал шарғыға оралған сымдар .......................................................... деп аталады. (электромагнит, электромагниттің орамасы)

5. Электромагнитті көбіне .................... тәрізді етіп жасайды.(таға)

6.Электромагниттер көтергіш крандарда, ........................................, .............................., қолданылады. ( телеграфта, телефонда

Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау

1   2   3   4   5   6