Файл: Таамды оспалар олар не жне олар не шін ажет Оны негізгі трлері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 27

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тексерілуге алынған биоқоспалар


VOX: Дәріханаларға түсетін дәрі-дәрімектер тексеруден өтеді. Ал биоқоспалар қалай тексеріледі?

— Қазақстанда биоқоспаларды тіркеу нормативтері айтарлықтай қатаң. Биоқоспалар қауіпсіз болу үшін міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өткізіледі. Қазақстан аумағында сатылып жатқан барлық ББҚ өнімдерінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігі болуы тиіс. Куәлікте оның қауіпсіздігі ғана көрсетілмейді, сонымен қатар ол сәйкестендіріледі. Егер ББҚ дәрумен немесе минералдар деп жазылса, сол заттардың бар-жоғын анықтау мақсатында арнайы зерттемелер жүргізіледі. Құрамында көрсетілген заттар сәйкес болса ғана зертхана арнайы хаттамаға енгізеді. Тіркеуі жоқ қоспалар интернет дүкендерде немесе өзгеде сауда орындарында сатылмауы керек. Себебі ол контрабандалық өнім болып есептеледі. Сондықтан биоқоспаны сатып алар кезде тіркелу куәлігін талап етіңіз.

Биоқоспаға қатысты қосымша кеңес

Соңғы бірнеше онжылдықта биоқоспалар сәнді трендке айналды. Адамдардың барлығы жас, сымбатты, дені сау болғысы келеді. Оған жауап ретінде нарық та түрлі жаңа қоспаларды ұсынуда. Ғалымдар ойлап тауып, өндіріс орындары өндіріп, маркетологтар сатып жатыр. Бұл тізбекте, әрине, олардың көбін қаржылық жағы қызықтыратыны жасырын емес.

Еуропалық Одақтың заңнамасына сәйкес, биологиялық белсенді қоспалар нарыққа жеткізілген соң сол Еуро Одаққа мүше елде тіркелуі тиіс. Сонымен қатар, GMP (Good Manufacturing Practice) — фармацевтикалық өнімдерді, биоқоспаларды қоспаларды, тағамдық қоспалар мен белгілі бір азық-түлік өнімдерін өндіруге қойылатын талаптарды анықтайтын халықаралық стандарты бар. Егер биоқоспаның затбелгісінде ондай стандарт көрсетілмесе немесе компанияның ондай сертификаты болмаса, биоқоспаны сатып алуға болмайды.

Биоқоспаны сатып аларда сертификат сұраңыз

Ең бастысы, кез-келген жарнамалық ақпаратқа алдымен сыни көзбен қараңыз. Себебі, оны ұсынған компания өкілдерінің негізгі мақсаты — сізді өнімді сатып алуға мәжбүрлеу. Ал сіздің басты мақсатыңыз — ағзаңызға зиян келтірмеу. Сондықтан басты кеңесшіңіз биоқоспа сататын компания өкілі емес, өзіңіздің ішкі түйсігіңіз болу керек.

Өз бетіңізше биоқоспаны алып, оларды бақылаусыз қабылдап, тәуекелге бару аллергия, гипервитаминоз, полигипервитаминоз тәрізді жанама әсерлерге әкеліп соқтыруы ықтимал екенін ұмытпаңыз.