Файл: оамдыгуманитарлы баыт 1 бжб азіргі лемдегі саясат жне жаанды мселелер. Пунктуация блімі бойынша жиынты баалау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қоғамдық-гуманитарлық бағыт №1 БЖБ

«Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация»

бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен

байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау;

10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық)

мәселелермен байланыстырып, салыстырады;

  • тыныс белгілерін қолдана білерін дұрыс қолдана біледі.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Мәтінді мұқият тыңдап, төменде берілген пікірлерді қоғамдық (отандық) мәселелермен

байланыстырып, келісу немесе келіспеу пікіріңізді білдіріңіз.

Әлемдік өркениеттің өзегі

Бүгінде елімізде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған латын әліпбиіне көшу мәселесі қызу талқылануда. Соған байланысты көптеген пікірлер мен түрлі ұсыныстар да айтылып жатыр. Көңіл қуантарлығы сол – қоғамда қазақ әліпбиінің жаңғыртылып, әлемдік өркениетке қарай жасаған ұмтылысын қолдаушылар өте көп. Әсіресе жастар латын қаріптерін замана көшінен қалмаудың бір жолы ретінде батыл атап отыр.Жаппай елдің талқысына түскен жаңа бастамаға «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратынан бастап, барлық облыстық, аудандық филиалдары да айрықша мән беріп, осы бағытта түрлі жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда, нұротандықтар оқу орындарына арнайы барып, студенттермен, түрлі мекеме қызметкерлерімен, жергілікті тұрғындармен кездесіп, рухани жаңғырудың берік іргетасы болған латын алфавитіне көшу бастамасын кеңінен насихаттауда7

Негізі, халықтың басым бөлігі латын әліпбиіне көшуді қолдап отырғаны, жаңа бастаманы ерекше ықыласпен қабылдағаны белгілі болып отыр.


Зерттеулер мен сараптамалар латын әліпбиінде сауат ашу арқылы тіл біліміндегі екі үлкен маңызды мәселе шешілетіндігін көрсетіп отыр, айталық:

Латын әліпбиі тілдегі артық дыбыстардан арылып, қазақ әліпбиінің табиғи ерекшеліктерін сақтауға мүмкіндік береді.

Латын әліпбиі болашақ ұрпақтың ақпараттық технологияларды еркін қолданып, әлемдік білім кеңістігіне шығуына, бәсекеге қабілетті бола алуына жол ашады.

Қорыта келгенде, халықаралық байланыс әліпбиіне көшу- бұл жаһандық тіларалық стандарттарға жақындау, ұлттық сана-сезімді нығайтуға ықпал ететін әлемдік тіл кеңістігіне бірігу жолындағы қадам.

Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаға ену үшін жаңа жағдайлар жасап, елдің білім беру саласын дамытудың жаңа айналымын туғызады. Бұдан шығатын қорытынды - казақ әліпбиінің латын графикасына көшірілуі ұзақ мерзімді болашақта стратегиялық тұрғыдан дәлелденген мәселе.

(«Айқын» газетінен)

Сіз латын әліпбиіне көшуді қолдайсыз ба?


Халықаралық байланыс әліпбиіне көшу- бұл жаһандық тіларалық стандарттарға жақындау, ұлттық сана-сезімді нығайтуға ықпал ететін әлемдік тіл кеңістігіне бірігу жолындағы қадам.
Келісемін, себебі... Келіспеймін, себебі...




2-тапсырма. Төл сөзге қатысты тыныс белгілерін қойып, мәтінді көшіріңдер.

...Сол уақытта аяқ жақта отырған жас Қазыбек

Дат, тақсыр дейді

Қалмақ қонтайшысы

Сөйле дейді

Қазыбек

Сен қалмақ та, біз қазақ,

Қарпысқалы келгенбіз.

Танымайтын жат елге

Танысқалы келгенбіз.

Танысуға көнбесең,

Шабысқалы келгенбіз.

Берсең, жөндеп бітімді айт,

Бермесең дірілдемей жөніңді айт,

Не тұрысатын жеріңді айт дейді.

(«Даланың дара ділмарлары» жинағынан)


Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

•тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық)

мәселелермен байланыстырып, салыстырады;

•тыныс белгілерін қолдана білерін дұрыс қолдана біледі.

1

2

- берілген пікірлерді қоғамдық мәслелермен байланыстырады;


1

1

- келісу немесе келіспеу пікірін білдіреді;


1

1

3

Төл сөзге қатысты тыныс белгілерін қойып, мәтінді көшіреді.

1

1

Төл сөзге қатысты тыныс белгілерін сөйлем және мәтін деңгейінде қолдана біледі.

1

1

Барлығы

8



Дұрыс жауаптар
Сіз латын әліпбиіне көшуді қолдайсыз ба?


Халықаралық байланыс әліпбиіне көшу- бұл жаһандық тіларалық стандарттарға жақындау, ұлттық сана-сезімді нығайтуға ықпал ететін әлемдік тіл кеңістігіне бірігу жолындағы қадам.
Келісемін, себебі... Келіспеймін, себебі...




2-тапсырма. Төл сөзге қатысты тыныс белгілерін қойып, мәтінді көшіріңдер.

...Сол уақытта аяқ жақта отырған жас Қазыбек:

  • Дат, тақсыр, - дейді

Қалмақ қонтайшысы:

  • Сөйле! - дейді

Қазыбек:

  • Сен қалмақ та, біз қазақ,

Қарпысқалы келгенбіз.

Танымайтын жат елге

Танысқалы келгенбіз.

Танысуға көнбесең,

Шабысқалы келгенбіз.

Берсең, жөндеп бітімді айт,

Бермесең дірілдемей жөніңді айт,

Не тұрысатын жеріңді айт, - дейді.

(«Даланың дара ділмарлары» жинағынан)