ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ң дыбысы
Тақпақтар
Н- нан Ң-ның қарашы,
Айырмасы бар қандай.
Бейне бір оң аяққа
Тұзақ іліп алғандай.
Қаңбақ, жаңғақ, аң, шың, жең,
Жаңбыр, қайың, таң, тың, сең,
«Ң» нан сөз жоқ басталған,
«Ң» үлестен бос қалған.
Сенің атаң қаншада?
Мен айтайын,сен сана,
Сенің әкең, анаңның
Барлық жасын қосқанда,
Жасына жетпес атаңның.
Анаң күнің жүрегің,
Әкең өмір тірегің,
Әжең өмір ардағың,
Атаң дана қорғаның,
Ағаң қамқор асқарың,
Інің мөлдір аспаның.
Гүл өсірсең терлеп,
Оның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Оның аты еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Таң атады шығыстан,
Аң үнсіз ақ ұғысқан.
Маң маң басар түйелер,
Шаңда жүрер биелер.
Наурыз кезер ел маңды,
Нағыз мейрам ел мәнді,
Наурыз көже ішуші ек,
Нағашыдан ең дәмді.
Дың-дың-дың қоңыраумын,
Дың-дың-дығ соғыламын.
Дың-дың қағыламын,
Мектептен табыламын.
Ң құйрықты, Н бұрыннан,
Айтылады мұрыннан
Сөз басында келмейді,
Сөз соңына бұғынғын
Жұмбақтар
Адасып сенен қалмайды?
Қараңғы жерге бармайды. (көлеңке)
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен алтын шашылды. (күн)
Аңда бар,
Анада жоқ.
Таңда бар,
Табада жоқ. (Ң)
Саңлақта бар,
Салмақта жоқ.
Қаңбақта бар,
Қалмақта жоқ. (Ң)
Маң, маң басқан
Маң басқан,
Шудаларын шаң басқан
Бұл қай жануар? (Түйе)
Темір тілді, сыңғыр үнді. (қоңырау)
Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың.
(Жол)
Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не?(Айна)
Жаңылтпаштар
-
Шұңғыл, шұңқыр.
Шұңқыр, шұңғыл.
-
Атты таң,болма таң. -
Сұр інген сүрінген бе?
Сүрінген сұр інген бе?
-
Бұлаң бұлаң еткен бұл аң
Бұлаң десем екен қылаң
-
Қондық жаңа қонысқа,
Қалың екен жоңышқа.
Қоныстағы жоңышқа,
Оралады қонышқа!
-
Баланың жаман баға алмағаны,
Мұғалім ағаның жаман болмағаны.
-
Киген тоны
Оңды тон,
Өңді тон.