Файл: Блім 4а органикалы химияа кіріспе Педагогті атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 163

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім:

9.4А Органикалық химияға кіріспе

Педагогтің аты-жөні:

Бастамбеков Б. Т.

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Есеп шығару «Элементтердің массалық үлестері мен салыстырмалы тығыздық бойынша газтектес заттардың молекулалық формуласын табу»

БЖБ №9

(59-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.3.4 -газтектес заттардың молекулалық формуласын салыстырмалы тығыздық пен элементтердің массалық үлестері арқылы анықтау

Сабақтың мақсаты:

-газтектес заттардың молекулалық формуласын салыстырмалы тығыздық пен элементтердің массалық үлестері арқылы анықтайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, оқушыларды түгендеу, сабақтың тақырыбы мен максатын таныстыру, психологиялық ахуал жасау)

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1топ Қазақстандағы мұнай негізгі кен орындары.

2 топ – Газ және көмірдің негізгі кен орындары.

3 топ – Экономикалық тиімділігі, Экологиялық ахуал

Қазақстандағы мұнай,газ және көмірдің негізгі кен орындары

Қазақстандағы газ, мұнай және тас көмір қоры жөнінен әлемдегі табиғи ресурстары бай елдердің қатарына жатады.Көмірсутектің отын, мұнай және табиғи газ бүкіл әлемнің өркендеуінің өзегі болып отыр. Қазақстан әлемдік рынокқа көмірсутекті, отынды шығарушы елдердің бірі.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе

Жаңа сабақты түсіндіру: Алгоритм

1-есеп. Құрамында көміртектің массалық үлесі 85,7%, сутектің массалық үлесі 14,3% болатын, ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,93-ке тең көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңдар.

Берілгені:                  Шешуі:    1. Заттың қарапайым формуласы С×Нy          

w (С)=85,7%            Заттың 100 г үлгісін қарастырайық. Зат құрамындағы           

w (H)=14,3%            элементтердің – көміртек пен сутектің массалары, олардың 

D (ауа)= 1,93            массалық үлестеріне тең болады: m(С)=85,7 г; m(Н)=14,3 г

Т/к: СхНу=?             2. Әр элементтің зат мөлшерін табу үшін, элементтің массасын      

                                  оның молярлық массасына бөлеміз:

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Сабақтың ортасы

15 мин.

    3. Әр элементтің зат мөлшері формуладағы индекстерді көрсетеді.    

Молекуладағы атомдардың сандары бүтін болуы керек, сондықтан сандардың кішісін (7,14) бірлік ретінде алып, олардың қатынастарын табамыз:

  Бұл қатынас қосылыс құрамындағы 1 атом көміртекке 2 атом сутек келетінін көрсетеді. Яғни, заттың қарапайым формуласы СН2 болады, ал оның молекулалық массасы 14-ке тең.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Топтық жұмыс

6 мин

4. Салыстырмалы тығыздығы арқылы берілген көмірсутектің нақты салыстырмалы молекулалық массасын табамыз:   

Мr(С×Нy) =29*Dауа=29*1.93=56

5. Қарапайым формуланың массасы нақты массадан 4 есе кем екен: 56:14=4. Сондықтан іздеп отырған көмірстутектің молекулалық формуласын шығару үшін қарапайым формула құрамындағы көміртек пен сутектің санын төртке көбейтіп, С4Н8 табамыз.            

                                   Жауабы:  С4Н8

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жеке жұмыс

5 мин

Құрамында 80% көміртек, 20% сутек бар органикалық заттың сутек бойынша тығыздығы 15. Осы заттың формуласы.

Егер жағуға 89,6л оттек жұмсалған болса (қ.ж.) жанған ацетиленнің көлемі (л)

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау

Рефлексия
Бағалау парағы
оқушы

Үй жұмысы

Есептер шығару

Жалпы баға

«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Бөлім:

9.4В Көмірсутектер. Отын

Педагогтің аты-жөні:

Бастамбеков Б. Т.

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Алкандар

(60-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.4.3.7 -алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттау және оны реакция теңдеулерімен дәлелдеу

9.4.3.8 -еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың маңызы мен бұл еріткіштердің қауіптілік дәрежесін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

-алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттау және оны реакция теңдеулерімен дәлелдейді.

-еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың маңызы мен бұл еріткіштердің қауіптілік дәрежесін түсіндіреді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Оқушылармен амандасу.

Сыныпты түгелдеу.

Сыныпты ұйымдастыру.

Тапсырма түрі: cыныппен жұмыс (W)

8 сыныпта өткен көмірсутектекті отындардың жану реакцияларын еске түсіру:

  • Метанның жану реакциясы;

  • Этанның жануы;

  • Пропанның жануы;

  • Бутанның жануы;

Оқушыларды оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстыру.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе

Тапсырма атауы: постер қорғау.

Тапсырма мақсаты: Алкандардың жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсерін түсіну.

Тапсырма түрі: топтық жұмыс (G)

Тапсырма сипаты:

Алкандар жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсерін сипаттау үшін оқушыларды түрлі түсті маркер түстері бойынша топтастырып, топтық жұмыс жасаймыз. Мұнда топтарға постер жасау тапсырылады.

Постерге қойылатын талаптар:

  • Алкандардың жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсерін сипаттаңыздар;

- мазмұнды болуы;

- проблемалардың шешу жолдарын ұсыну;

Бағалау критерийлері.

Бағалау түрі: бірін-бірі бағалау.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Сабақтың ортасы

15 мин.

Тапсырма атауы: жаңа білімді меңгеру.

Тапсырма мақсаты: еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың мәнін түсіну.

Тапсырма түрі: cыныппен жұмыс (W)

Тапсырма сипаты:

  • Алкандардың хлормен реакцияға түсіп, хлоралкандар тудыратындығын ату;

  • Метанның сатылап хлорлану реакциясын жаздыру, түсіндіру.

  • Хлоралкандарды, олардың бұрын қолданылмаған аумағын және экологиялық зардабын зерттеу;

  • Қоршаған ортаға қауіптілігінің алдын алу туралы плакат, кітапшалар дайындау.

Бағалау критерийлері.

Бағалау түрі: формативті бағалау

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Топтық жұмыс

6 мин

Автокөлік 100 км жол жүргенде, 20 м3 пропан газын жағады. Автокөлік 1 км жол жүргенде ауаға қанша көлем (қ.ж) көмірқышқыл газын шығарады?

Жүк машинасы 50 км жол жүргенде, 10л бензин жағады.Егер бензиннің әр литрінің жануына 1,8 м3 ауа жұмсалса, онда бір автобильге (жылдамдығы 60км/сағ болса) бір жұмыс (8 сағ) күнінде ауаға шығаратын көмірқышқыл газының мөлшерін есептеңіздер. ( Бензин- изооктан изомері ретінде )

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жеке жұмыс

5 мин

Ауа бойынша тығыздығы 29-ға тең массасы 2 грамм алканды жағы үшін қажет оттектің көлемін есептеңіздер.

Массасы 720г пентанды жағу үшін қанша көлем ауа қажет?

Көлемі 44.8л пропанды жағу үшін қажет оттек пен ауаның көлемін есептеңіздер.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Сабақ соңында оқушылармен рефлексия:

  • Не үйрендім?

  • Нені түсінбедім?

  • Мен үйрете аламын...

«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Бөлім:

9.4В Көмірсутектер. Отын

Педагогтің аты-жөні:

Бастамбеков Б. Т.

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Алкендер. №13 көрсетілім «Этиленнің жануы, бром суы мен калий перманганаты ерітінділерін түссіздендіруі».

(61-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.4.3.9 -қанықпағандық ұғымын сипаттау

9.4.3.10 -этен мысалында алкендердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу;

9.4.3.11-полиэтилен мысалында полимерлену реакциясының механизмі мен полимерлердің құрылымының ерекшеліктерін түсіндіру;

9.4.3.12-пластиктің ыдырау мерзімінің ұзақтық мәселесін түсіну және оқып білу, қоршаған ортада пластик материалдардың көбеюінің зардабын білу

Сабақтың мақсаты:

-қанықпағандық ұғымын сипаттайды.

-этен мысалында алкендердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдейді.

-полиэтилен мысалында полимерлену реакциясының механизмі мен полимерлердің құрылымының ерекшеліктерін түсіндіреді.

-пластиктің ыдырау мерзімінің ұзақтық мәселесін түсіну және оқып білу, қоршаған ортада пластик материалдардың көбеюінің зардабын біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Сабақ басында:

Амандасу, оқушыларды түгелдеу.

«Ыстық орындық»Өткен сабақты қайталау

Мақсаты: Алдыңғы білімдерін еске түсіру.

Тапсырма сипаты: алкандардың сипаттамасы, қоршаған ортаға қауіптілігі туралы оқушылар бір-біріне сұрақ береді.

Бағалау: Бір-бірін бағалайды

Кері байланыс: Оқушы-оқушы
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары айтылады.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Жаңа сабаққа кіріспе

Жаңа сабақты түсіну

Мақсаты:Алкендердің құрылысын біледі

Тапсырма сипаты:(W) Оқушыларға кейбір қосылыстар қос көміртегі-көміртектік байланыстан тұратынын түсіндіру. Оқушылар этиленнің моделін жасайды. Олар қос байланыстың дара байланысқа қарағанда қысқа болатынын және молекуланың сәйкесінше алкандарға қарағанда одан ары белсенді болу мүмкіндігін көреді. Бұл қосылыстардың да көмірсутектер болып табылатындығын және олардың гомологтық қатары алкендер сияқты мәлім екенін түсіндіреді.

Кері байланыс: оқушы-оқушы, oқушы-мұғалім

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау парағы

Сабақтың ортасы

15 мин.

  • Жұптық жұмыс

Мақсаты: Алкендерге тән изомерия түрлерін түсінеді

Сипаты:Оқушылардан тағы бірнеше алкендердің құрылымын салады және топтың жалпы формуласын шығарады. Алкендерге тән изомер түрлерін атайды. Бутен, пентен қосылыстарының изомерлерін анықтайды.

Бағалау: Бағалау критерийі арқылы бағаланады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау парағы

Топтық жұмыс

6 мин

Топтық жұмыс

Мақсаты: Алкендердің физикалық қасиетін біледі

Сипаты:Оқушылар алкандар мен алкендердің физикалық қасиеттерін салыстырады, өзгерістірін түсіндіреді.

Кері байланыс: Оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы
2-сабақ

Мақсаты: Алкендердің құрылысын түсінеді

Сипаты: Оқушыларға жеке тапсырмалар беріледі. Бағалау: дұрыс жауаптар арқылы өзіндік бағалау

  • Топтық жұмыс

  1. Қандай полимерлер биоыдырауға қабілетті. Пластик қалдықтары туралы мәлімет.

  2. 1900 жылдан кележатқан пластмасса адамдарға, әлемге қандай пайда мен проблема әкеледі

  3. Қоршаған ортада пластмасса қалдықтарын қалай азайтуға болады. Пластик қалдықтарды қолданудың әдістерін ұсын

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
Қалыптастырушы бағалау жұмысы орындалады.

Мақсаты: Берілген оқу мақсаты бойынша білімдерін тексеру.

Тапсырма сипаты: Оқушылар алкендардың құрылысы, қасиеттері бойынша қалыптастырушы бағалау жұмысын орындайды.

Бағалау: жетістік критерийлері арқылы бағаланады.

Қалыптастырушы бағалау парағы

Жеке жұмыс

  1. мин

Жеке жұмыс

Мақсаты:Алкендердің изомердерін құра алады

Тапсырма сипаты:(G) Оқушылар жұпта алкендердің изомерлерін анықтап, қосылыстарды атайды.

Бағалау: жұпты бағалайды.

Кері байланыс:оқушы-оқушы

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Бөлім:

9.4В Көмірсутектер. Отын

Педагогтің аты-жөні:

Бастамбеков Б. Т.

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Алкиндер

(62-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.4.3.13 -этин мысалында алкиндердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу;

Сабақтың мақсаты:

-этин мысалында алкиндердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдейді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Сабақ басында:

Амандасу, оқушыларды түгелдеу.

«Ыстық орындық»Өткен сабақты қайталау

Мақсаты: Алдыңғы білімдерін еске түсіру.

Тапсырма сипаты:

Арнайы сұрақтар арқылы өткен көмірсутектер туралы білімдерін тиянақтау және қайталау.

1.    Органикалық қосылыстардың негізгі түрлерінің қайсысымен таныспыз?

2.Танысқан көмірсутектердің негізгі өкілдерін атап,онда химиялық байланыстың қандай түрі кездесетінін атаңыз?

3. Алкан,алкен,диен көмірсутектердің атауларының негізгі ерекшелігі неде дееп ойлайсыңдар? Атауларды қорғап шығу
4.Қаныққан көмірсутектер деп аталуы неге байланысты?
5.Қанықпаған көмірсутектерге нелер жатады?
6.Байланыстың қандай түрімен таныспыз?
7.Гибридтену дегеніміз не және оның қандай түрін білеміз?
8. Төменде берілген сызбаны химиялық тілмен сауатты қорытындылап айтып беріңіз.
(Этан,этилен,диен көмірсутектері туралы сызбалар)
Бағалау: Бір-бірін бағалайды

Кері байланыс: Оқушы-оқушы
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары айтылады.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе

Жаңа сабақты түсіну

Мақсаты:Алкиндердің химиялық қасиеттері

Тапсырма сипаты:(W) Оқушыларға кейбір қосылыстар үш еселі көміртегі-көміртектік байланыстан тұратынын түсіндіру. Оқушылар этиннің моделін жасайды. Олар үш байланыстың дара байланысқа қарағанда қысқа болатынын және молекуланың сәйкесінше алкандарға қарағанда одан ары белсенді болу мүмкіндігін көреді. Бұл қосылыстардың да көмірсутектер болып табылатындығын және олардың гомологтық қатары алкиндер сияқты мәлім екенін түсіндіреді.

Кері байланыс: оқушы-оқушы, oқушы-мұғалім

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау парағы

Сабақтың ортасы

15 мин.

Мақсаты: Алкиндерге тән қосылу реакциялары түрлерін түсінеді

Сипаты:Оқушылардан гидрленуі және галогенденуі, гидротация, тотығуы және галгенсутектерді қосып алуы сатылап жүретінін шығарады.

Бағалау: Бағалау критерийі арқылы бағаланады.
Кері байланыс: Оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы
Мақсаты: Алкиндердің полимерленуін талдайды

Сипаты: Оқушыларға жеке тапсырмалар беріледі. Бағалау: дұрыс жауаптар арқылы өзіндік бағалау

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау парағы

Топтық жұмыс

6 мин

Оқу мақсаты

Қосылу реакциясының мағынасын білу және түсіну.

Бағалау критерийі

Оқушы алкиннің сутек, галоген, галогенсутек және су қосып алу реакциясының өнімдерін атайды және реакция теңдеуін жазады.

Тапсырма

2-метил-пропинге келесі қосылыстардың қосылу реакциясын жазыңыздар: сутегі, бром, бромсутек, су. Реакция өнімдерін атаңыздар.