Файл: Таырып деуші нерксіпті баса салалары. Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырып: Өңдеуші өнеркәсіптің басқа салалары.

Мақсаты: 1. Өңдеуші өнеркәсіп салаларының түрлерімен танысады,

іздене отыра білімділігін арттырады.

2. Жылдамдыққа, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін

дамытады.

3. Өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің халық шаруашылығындағы

тұтыну ерекшеліктерін түсіне отыра тәрбиеленеді.

Үстеме міндет: Технологиялық карта тәртібін сақтау.

Көрнекілік: Слайд, интерактивті тақта.

Әдіс-тәсілдері: Карта, тірек-сөздер, қарама-қарсы сұрақтар.

Сабақ түрі: Ауызша сабақ-1.

  1. Жаңа тақырыпқа шолу жасау. (5-10 минут)

  1. Мәтінді оқыту (6 минут)

Кілттік сөздер

1.Химия өнеркәсіп

2.Жеңіл өнеркәсіп

3.Негізгі өндіріс

4.Минералды тыңайтқыш

5.Өңдеуші өндіріс

6.Дәрі-дәрмек өндіріс

7.Жартылай дайын өнім

8.Шикізат өндірісі

9.Жартылай дайын өнімдер өндірісі

10.Дайын өнімдер шығару

11.Тоқыма өнеркәсіп

12.Бастапқы өндіріс

13.Жартылай дайын өнімдер

14.Дайын өнім

  1. Химия өнеркәсібі-химиялық жолмен.

  2. Жеңіл өнеркәсіп-халықтың өнеркәсібін қамтамасыз етеді.

  3. Негізгі өндіріс- полимер материал минералды тыңайтқыштар шығарады.

  4. Минералды тыңайтқыш-азот, фосфор, калий.

  5. Өңдеуші өндіріс-бойяғыш заттар, лак, бояу, дәрі-дәрмек, резеңке.

  6. Дәрі-дәрмек өндіріс-өзіндік құны жоғары, дайын өнімдерді сынақтан өткізу қаржыны көп қажет етеді.

  7. Жартылай дайын өнім-тұздар, қышқылдар, сілтілер.

  8. Шикізат өндірісі-мақта талшығын алу, теріні бастапқы өңдеу.

  9. Жартылай дайын өнімдер өндірісі-жіп иіру, тоқыма, бояу, елтірі.

10.Дайын өнімдер шығару-тігін өндірісі, кілем тоқу, аяқ-киім.

11.Тоқыма өнеркәсіп-табиғи, жасанды талшықтар негізінде жұмыс істейді.

12.Бастапқы өндіріс-мал сою, балық аулау.

13.Жартылай дайын өнімдер-ұн тарту, қант, сүтті алғашқы өндеу.

14.Дайын өнім-ірімшік, сары май, басқа сүт өнімдері, ет, нан кондитер.

Қарама-қарсы сұрақтар

  1. Химия өнеркәсібін қай саламен қатар қоюға болады? (электроника)

  2. Химия өнеркәсібінің өзіндік ерекшеліктерін ата? (әртүрлі шикізат түрін пайдалану, өте күрделі, энергия, жылуды көп қажет етеді, суды көп қажет етеді, жаңа өндіріс, экология жағдайы)

  3. Минералды тыңайтқыштарды ата? (азот, натрий, калий)

  4. Дүние жүзінде дәрі-дәрмектің қанша бөлігін қандай елдер шығарады? (3/4, АҚШ, ГФР, Ұлыбритания, Жапония,)

  5. Азот тыңайтқыштары қандай шаруашылықты аймақтарда шоғырланған? (ауыл шаруашылықты, Азия, С.Америка, Ш.Еуропа)

  6. Химия өнеркәсібін қандай топтарға біріктірген? (3) (негізгі, өңдеуші, жартылай дайын өнім)

  7. Өнеркәсіпке, құрылыс пен тұрмыстық шаруашылыққа қажетті пластмасса мен синтетикалық шайырларды химия өнеркәсібінің қай өндірісі береді? (плимер химиясы)

  8. Өңдеуші өндіріс қандай өнімдерді береді? (бояғыш зат, лак, бояу, дәрі-дәрмек, резеңке)

  9. Дүние жүзінде шығатын пластмассаның 75% қанша ел береді? (10 ел)

  10. Жасанды каучуктың табиғи каучуктан айырмашылығы? (t-ның ауытқулары, отқа төзімді, сапалы)

  11. Жасанды каучук қандай елдерде күшті дамыған? (автомобиль жасайтын)

  12. Дүние жүзі бойынша өндірілген пластмассаның жартысынан астамын ұандай жетекші елдер береді? (АҚШ Жапония, ГФР)

  13. Химиялық талшық өнімінің қанша бөлігін қандай елдерге тиесілі? (2/5, Қытай, АҚШ, Тайвань)

  14. Жеңіл өнеркәсіп қандай өндірістен тұрады? (шикізат өндірісі, жартылай өнім өндірісі, дайын өнім өндіру)

  15. Қазақстанда тоқыма өнеркәсібі 2004 жылы қанша мата өндірді? (19,1 млн м2)

  16. Жоғары дамыған және индустриялы елдерде тоқылмайтын материалдар өндірісі дамыды,Қазақстанда мұндай өндіріс қай қалада орналасқан? (Қызылорда)

  17. Қымбат жүн маталарын тоқу қай елдерде шоғырланған? (дамыған елдерде, Қытайда)


Қорытындылау

  1. Сыни тұрғыдан сұрақтар

  1. Жоғары дамыған елдерде азық-түлік азшығарылып, жиі аштық болып тұрады.

  2. Тамақ өнеркәсібі кез келген ел үшін (экономикалық) әлеуметтік жағынан (тиімді) тиімсіз болып табылады.

  3. Дайын өнім өңделмеген шикізаттан арзан тұрады, сондықтан тамақ өнеркәсібі өзін-өзі тез ақтамайтын салалардың бірі.

  4. Тамақ өнеркәсібі көптеген салалар мен сатылардан тұрмайтын жай жүйе(күрделі).

  5. Тамақ өнеркәсібінің бастапқы өндірісі шұжық жасау, балық консервилеу.(мал сою, балық аулау)

  6. Жартылай дайын өнімдерге бидай жинау, сиыр сауу, ұн тарту, сүтті алғашқы өндеу.

  7. Дайын өнімдерге мал сою, ұн тарту жатады (ет және нан өнімдері)

  8. Тамақ өнеркәсібінің жеке салалары дән татымдық өнімдеріне кондитер, сүт өнімдері. (минералды сулар, шырындар)

  9. Батыс Еуропа нан кондитер өнімдер дайындаудан 1-ші орында (ірімшік,сыра)

10.Өнімдерін д.ж білетін Голландиялық «Нестле» және Партугал-Испандық «Юнилевер» кәсіпорыны.(Швейцария, Нидерланд-ағылшындық)

11.Балық өнімдерін сыртқа Қытай мен Бразилия шығарады (Чили, Перу)

12. «Пепси-кола», «Кока-кола» өнімдерін Оңтүстік Америка мен Еуропа шығарады (С.Америка)

13.Кофені экспорттауда алдынғы елдер Шри-Ланка, Куба (Бразилия, Колумбия, Индонезия, Мексика)

14. Шайды сыртқа шығарудағы елдер Колумбия, Перу (Үндістан, Қытай, Кения, Шри-Ланка)

15. Қантты экспорттауда алдынғы ел Чили, Перу, Индонезия (Куба, Бразилия, Үндістан)

IV.ТСҚ. 5 минут

  1. Рефлексия.

VI. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма: Шикізат-өндіріс-тұтынушы сызбасын құрастыру