Файл: Мектепке дейінгі трбие мен оытуды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалы жне ксіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді мемлекеттік жалпыа міндетті стандарттарын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 504

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


      Білім беру бағдарламасының құрылымына паспорт, жұмыс оқу жоспары және жұмыс оқу бағдарламалары кіреді.

      6. Базалық құзыреттерді қалыптастыру үшін ТжКБ ұйымы жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық пәндерді немесе базалық модульдерді зерделеуді көздейді (әскери мамандықтарды қоспағанда).

      Базалық құзыреттер салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дене қасиеттерін жетілдіруге, қоғамда және еңбек ұжымында әлеуметтенуге және бейімделуге, патриотизм мен ұлттық сана-сезімді дамытуға, кәсіпкерлік қызмет дағдыларын және қаржылық сауаттылықты игеруге, кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған.

      Білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде мынадай базалық модульдер оқытылады:

      1) дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру;

      2) ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану;

      3) экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану;

      4) қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану.

      Қосымша базалық модульдерді қосуға рұқсат етіледі.

      "Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану" модулін қосуды орта буын мамандарын даярлаудың білім беру бағдарламаларында көздеу қажет.

      ТжКБ ұйымының қалауы бойынша базалық модульдер әскери мамандықтарды қоспағанда, мамандық бейініне байланысты кәсіптік модульдерге біріктіріледі.

      7. Кәсіптік модульдер/арнайы пәндер экологиялық және/немесе өнеркәсіптік қауіпсіздікке қойылатын қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, біліктілік бойынша еңбек функциялары мен кәсіби міндеттердің мазмұнын көздейді.

      Кәсіптік модульдерді (пәндерді) ТжКБ ұйымы дербес айқындайды.

      ТжКБ ұйымының қалауы бойынша біліктілікті меңгерудің практикалық тәжірибесін кеңейту мақсатында кәсіптік модульдер шеңберінде жобалау жұмысы арқылы білім алушының жеке компоненті іске асырылады.

      8. ТжКБ-ның білім беру бағдарламалары теориялық оқытумен қатар өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы қамтиды.

      Кәсіптік практика оқу, өндірістік және дипломалды болып бөлінеді.

      Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өткізу мерзімдері мен мазмұны оқу процесінің жоспарымен және жұмыс оқу бағдарламаларымен айқындалады.

      Дуальды оқытуды пайдаланылатын ТжКБ-ның білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын (ұйым) базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, кәсіптік практиканы көздейді.


      ӘАОО-да кәсіптік практика жауынгерлік даярлықты айқындайтын пәндер бойынша практикалық және әдістемелік сабақтарды қамтиды. Сабақтар сыныптарда, зертханаларда, оқу-жаттығуда және далалық жорықтарда жоспарланады. Аталған сабақтар берілетін біліктілікке сәйкес практикалық дағдылар мен кәсіби құзыреттерді игеруге бағытталған.

      Практикалық сабақтардың мерзімдері мен мазмұны жұмыс оқу жоспарларында, оқу процесінің кестесінде және жұмыс оқу бағдарламаларында айқындалады.

      ӘАОО-да кәсіптік практикаға, әскери тағылымдамаға, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, әлеуметтік пәндерді оқуға бөлінетін уақыт санын тиісті уәкілетті орган айқындайды.

      9. Оқыту нәтижелерінің жетістіктерін бағалау әр түрлі бақылау түрлерімен жүргізіледі: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау.

      Бақылау жұмыстары, сынақтар және курстық жобалар (жұмыстар) пәнді, соның ішінде модульге біріктірілген пәнді оқуға бөлінген оқу уақыты есебінен, емтихандар – аралық немесе қорытынды аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.

      ӘАОО-да барлық пәндер бойынша аралық аттестаттау көзделген, оның негізгі түрі емтихан болып табылады.

      Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: қазақ тілінде оқытатын топтар үшін қазақ тілі, орыс тілі және әдебиеті; орыс тілінде оқытатын топтар үшін орыс тілі, қазақ тілі және әдебиеті; Қазақстан тарихы, математика және тереңдетілген деңгейдегі пән бойынша емтихандар өткізуді көздейді.

      Жалпы білім беретін пәндер бойынша емтихандар "Жалпы білім беретін пәндер" модуліне бөлінген кредиттер/сағаттар есебінен өткізіледі.

      Біліктілік емтихандары әрбір біліктілік бойынша практикалық жұмыс немесе демонстрациялық емтихан нысанында ТжКБ ұйымының оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында және/немесе кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында өткізіледі.

      Өнер және мәдениет саласындағы мамандықтар үшін қорытынды және (немесе) аралық аттестаттау шығармашылық тапсырмалардың орындалуын көздейді.

      Шығармашылық тапсырма туралы ережені ТжКБ ұйымы дербес әзірлейді.

      ӘАОО үшін қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша кешенді емтихан тапсырудан және дене тәрбиесі пәні бойынша емтихан тапсырудан тұрады.

      Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар (ақыл-ойы сақталмаған) үшін қорытынды аттестаттау практикалық жұмысты орындау нысанында, өткізіледі, басқа санаттағылар үшін ТжКБ ұйымы айқындайды.



      10. Жұмыс оқу жоспарлары МЖБС 1, 2-қосымшаларына сәйкес ТжКБ оқу жоспарының моделі негізінде әзірленеді.

      11. Жұмыс оқу бағдарламалары оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, оқу жоспарының барлық пәндері және (немесе) модульдері бойынша әзірленеді және ТжКБ ұйымы бекітеді.

      12. "Хореография өнері" мамандығы бойынша жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалары 4 (5) - сыныптан және 9-сыныптан (9-сыныптан кейін) бастап қабылдауды ескере отырып әзірленеді.

      13. Жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кезінде ТжКБ ұйымы:

      1) міндетті оқытуға бөлінген кредиттердің/сағаттардың жалпы санын сақтай отырып, циклдердің, модульдердің/пәндердің көлемі мен мазмұнын дербес айқындайды;

      2) бір мамандық шеңберінде модульдердің/біліктіліктердің жүйелігін, тізбесін және санын айқындайды;

      3) оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін, оқытудың әртүрлі технологияларын таңдайды.

      14. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі

      1) білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ТжКБ білім беру бағдарламасын ішінара немесе толық меңгеруді көздейтін арнайы оқу бағдарламалары (ақыл-ойы сақталмаған адамдар үшін);

      2) білім алушылардың физикалық бұзушылықтары мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ТжКБ мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы негізінде жеке оқу бағдарламалары мен жоспарлары (ақыл-ойы сақталған адамдар үшін).

      15. Оқыту нәтижелеріне негізделген білім беру бағдарламасының мазмұны:

      жұмысшы біліктілігін;

      жұмысшы біліктілігін және орта буын маманын;

      орта буын маманын игере отырып, оқу траекториясын құруға мүмкіндік береді.

3-тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

      16. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі күндізгі оқыту нысанында міндетті оқу жүктемесін – аптасына кемінде 36 сағат, сондай-ақ факультативтік сабақ пен консультацияны қоса алғанда 54 сағаттан аспайды.

      17. ӘАОО үшін оқу-жаттығуларда, далалық жорықтар, полигондарда, практикалардың барлық түрлерін, әскери тағылымдамаларды өткізу кезеңінде оқу жұмысы аптасына оқу сабақтарының 54 сағатына дейінгі есеппен жоспарланады.


      18. Әрбір оқу жылына арналған міндетті оқу уақытының көлемі 60 кредит/1440 сағатты құрайды.

      Білім алушылардың жеке қабілеттерін дамыту және көмек көрсету үшін факультативтік сабақтар мен консультациялар қарастырылған.

      19. Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі әрбір пән және (немесе) модуль немесе оқу жұмысының басқа түрлері бойынша меңгеретін оқыту нәтижелері бойынша кредитпен/сағатпен өлшенеді.

      1 кредит 24 академиялық сағатқа, 1 академиялық сағат 45 минутқа тең.

      20. Міндетті оқу сабақтары уақытының көлемі кешкі оқыту нысаны үшін күндізгі оқыту нысанына көзделген тиісті оқу уақыты көлемінен 70%-ды және сырттай оқу нысаны үшін 30%-ды құрайды.

4-тарау. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар

      21. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар ұлттық біліктілік шеңберінің, салалық біліктілік шеңберлерінің, кәсіптік стандарттар дескрипторларымен айқындалады және қол жеткізілген оқыту нәтижелерінен байқалатын меңгерілген негізгі құзыреттерді көрсетеді.

      Дескрипторлар даярлаудың мынадай деңгейлеріне қол жеткізген кезде білім алушылардың қабілеттерін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді:

      - білікті жұмысшы кадрларды даярлау кезінде: қойылған міндеттерге сүйене отырып, белгілі бір еркіндік үлесімен іс-әрекет жүргізу, базалық, жалпы білім беретін және практикаға бағдарланған кәсіби білімді қолдану, стандартты және қарапайым бір типті практикалық міндеттерді шешу, білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекет тәсілдерін таңдау, алынған нәтижелерді ескере отырып қызметті түзету;

      - орта буын мамандарын даярлау кезінде: маңызды әлеуметтік және этикалық аспектілерді ескере отырып, басқалардың стандартты жұмысына басшылық жасау, өзінің оқуы мен басқаларды оқытуға жауапты болу, қызметті және практикалық тәжірибені жүзеге асыру үшін кәсіби (практикалық және теориялық) білімді қолдану, жұмыс жағдайын және оның болжамды өзгерістерін дербес талдауды талап ететін кең спектрдің типтік практикалық міндеттерін шешу, қызметті жүзеге асырудың технологиялық жолдарын таңдау, ағымдағы және қорытынды бақылау жүргізу, қызметті бағалау мен түзету.

5-тарау. Оқу уақытына қойылатын талаптар

      22. ТжКБ-ның білім беру бағдарламаларын игеру мерзімдері біліктіліктердің күрделілігіне және/немесе санына байланысты және МЖБС модельдеріне сәйкес көзделген кредиттер/сағаттардың көлемімен айқындалады.


 

Техникалық және кәсіптік
білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына
1-қосымша

Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі



Модульдердің және оқу қызметі түрлерінің атауы

Кредит/сағат саны

ЕББҚ бар тұлғалар үшін (ақыл-ойы сақталмаған)

негізгі орта білім базасында

жалпы орта білім базасында

техникалық және кәсіптік, жоғары білім базасында

1

2




3

4

5

1

"Жалпы білім беру пәндері" модулі*

+

60/1440

-

-

2

Базалық модульдер

+

+

+




3

Кәсіптік модульдер

+

+

+




3.1

Жұмысшы біліктілігі бойынша кәсіптік модульдер**

+

+

+




3.2

Орта буын маманы бойынша кәсіптік модульдер**

+

+

+

+

4

Аралық аттестаттау

+

+

+

+

5

Қорытынды аттестаттау
















Міндетті оқыту қорытындысы
















Білікті жұмысшы кадрлар

120/2880

120/2880-180/4320***

60/1440-120/2880***

-




Орта буын маманы

-

180/4320-240/5760****

120/2880-180/4320****

60/1440

6

Факультативтік сабақтар

аптасына 4 сағаттан аспайды

7

Консультациялар

оқу жылына 100 сағаттан аспайды




Білім алушының оқу жүктемесінің жалпы саны кредитпен/сағатпен

138/3312

206/4944-274/6576

138/3312-206/4944

69/1656