Файл: Мектепке дейінгі трбие мен оытуды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалы жне ксіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді мемлекеттік жалпыа міндетті стандарттарын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 501

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


      Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өткізу мерзімдері мен мазмұны оқу процесінің жоспарымен және жұмыс оқу бағдарламаларымен айқындалады.

      Дуальды оқытуды пайдаланылатын орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын (ұйым) базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, кәсіптік практиканы көздейді.

      10. Оқыту нәтижелерінің жетістіктерін бағалау әр түрлі бақылау түрлерімен жүргізіледі: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау.

      Бақылау жұмыстары, сынақтар және курстық жобалар (жұмыстар) модульді зерделеуге бөлінген оқу уақыты есебінен, емтихандар – аралық немесе қорытынды аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.

      Өнер және мәдениет саласының мамандықтары үшін қорытынды және (немесе) аралық аттестаттауды өткізу кезінде шығармашылық тапсырмаларды орындау көзделген. Шығармашылық тапсырма туралы ережені орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы дербес әзірлейді.

      Біліктілік емтихандары әрбір біліктілік бойынша практикалық жұмыс немесе демонстрациялық емтихан нысанында орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында және/немесе кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында өткізіледі.

      Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін қорытынды аттестаттау практикалық жұмысты орындау нысанында өткізіледі. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысанын орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы айқындайды.

      11. Жұмыс оқу жоспарлары МЖБС-ның қосымшасына сәйкес орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі негізінде әзірленеді.

      12. Жұмыс оқу бағдарламалары оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, оқу жоспарының барлық модульдері бойынша әзірленеді және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы бекітеді.

      13. Жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кезінде орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы:

      1) міндетті оқытуға бөлінген кредиттердің/сағаттардың жалпы санын сақтай отырып, циклдердің, модульдердің көлемі мен мазмұнын дербес айқындайды;

      2) бір мамандық шеңберінде модульдердің/біліктіліктердің жүйелігін, тізбесін және санын айқындайды;

      3) оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін, оқытудың әртүрлі технологияларын таңдайды.

      14. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасының мазмұны жұмысшы біліктілігін игере отырып, қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейді және білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз етеді және мәндес мамандықтар (біліктіліктер) бойынша білім берудің келесі деңгейінде оқыту нәтижелері мен кредиттерді/сағаттарды қайта есептеуді қамтамасыз етеді.


3- тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

      15. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі күндізгі оқыту нысанында міндетті оқу жүктемесін – аптасына кемінде 36 сағат, сондай-ақ факультативтік сабақ пен консультацияны қоса алғанда 54 сағаттан аспайды.

      16. Әрбір оқу жылына арналған міндетті оқу уақытының көлемі 60 кредитті/1440 сағатты құрайды.

      Білім алушылардың жеке қабілеттерін дамыту және көмек көрсету үшін факультативтік сабақтар мен консультациялар қарастырылған.

      17. Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі әрбір модуль немесе оқу жұмысының басқа түрлері бойынша меңгеретін оқыту нәтижелері бойынша кредитпен/сағатпен өлшенеді.

      1 кредит 24 академиялық сағатқа, 1 академиялық сағат 45 минутқа тең.

      18. Міндетті оқу сабақтары уақытының көлемі кешкі оқыту нысаны үшін күндізгі оқыту нысанына көзделген тиісті оқу уақыты көлемінен 70%-ды және сырттай оқу нысаны үшін 30%-ды құрайды.

4-тарау. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар

      19. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар ұлттық біліктілік шеңберінің, салалық біліктілік шеңберлерінің, кәсіптік стандарттар дескрипторларымен айқындалады және қол жеткізілген оқыту нәтижелерінен байқалатын меңгерілген негізгі құзыреттерді көрсетеді.

      Дескрипторлар білім алушылардың мынадай қабілеттерін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді: ұйымның стратегиясы, саясаты мен мақсаттары шеңберінде еңбек және оқу қызметінің үдерістерін өз бетінше басқару және бақылау жүргізу, мәселелерді талқылау, қорытындыларды дәлелдеу және ақпаратпен сауатты жұмыс істеу, кәсіби салада теориялық және практикалық білімнің кең ауқымын қолдану, кәсіби міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты өз бетінше іздестіруді орындау, шешу тәсілдерінің алуан түрлілігін және оларды таңдауды болжайтын, шығармашылық тәсілді қолдану (немесе кәсіби проблемаларды шешудің әртүрлі, оның ішінде балама нұсқаларын өз бетінше әзірлеу және ұсыну шеберлігі мен дағдысы), ағымдағы және қорытынды бақылау жүргізу, қызметті бағалау мен түзетуді орындау.

5-тарау. Оқу уақытына қойылатын талаптар

      20. Білім беру бағдарламаларын игеру мерзімдері білім беру деңгейлеріне байланысты анықталады:



      - жалпы орта білім базасында 180 кредит;

      - техникалық және кәсіптік білім базасында білікті жұмысшы біліктілігімен 120 кредит;

      - техникалық және кәсіптік білім базасында орта буын маманы біліктілігімен 60 кредит.

 

Орта білімнен кейінгі білім
берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
қосымша

Орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі

р/н

Оқу қызметінің модульдері мен түрлерінің атауы

Кредиттер/сағаттар саны

Орта буын маманы біліктілігімен техникалық және кәсіптік білім базасында

Білікті жұмысшы кадрларының біліктілігімен техникалық және кәсіптік білім базасында

Жалпы орта білім базасында

1

2

3

4

5

1

Базалық модульдер

+

+

+

2

Кәсіптік модульдер










2.1

Білікті жұмысшы кадрларының деңгейі бойынша кәсіптік модульдер*

60/1440

-

-

2.2

Қолданбалы бакалавр біліктілігінің кәсіптік модульдері*

120/2880**

120/2880**

60/1440

3

Аралық аттестаттау

+

+

+

4

Қорытынды аттестаттау

+

+

+




Міндетті оқыту жиыны

180/4320

120/2880

60/1440

5

Факультативтік сабақтар

аптасына 4 сағаттан аспайды

6

Консультация

оқу жылына 100 сағаттан аспайды




Барлығы

206/4944

138/3312

69/1656

      Ескерпе:

      * өндірістік оқыту және/немесе кәсіптік практика кәсіптік модульдің кемінде 40% -ын құрайды.


      ** орта буын маманының мәндес біліктілігінің кәсіптік модульдерін игеру көзделген.

 

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы "3" тамыздағы
№ 348 бұйрығына
7 қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген).

      2. "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20580 болып тіркелген).

      3. "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 372 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21146 болып тіркелген).

      4. "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 23 шiлдедегі № 362 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23692 болып тіркелген).


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК