Файл: Орта таырып Блімше Таам мен сусын.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 34

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. сабақ




Ортақ тақырып:

Бөлімше:

Тағам мен сусын

1.1. Мен және менің отбасым

Педагогтің аты-жөні:

Конаккалиева А.Н

Күні:

13.04.2023

Сынып: 1 б

Қатысушылар саны:19

Қатыспағандар саны:1

Сабақтың тақырыбы

Адамдар үнемі сауда жасады ма?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.1.4 – тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • сауданың не екенін білетін болады;

  • тауарларды сату және сатып алудағы ақшаның рөлінтүсінеді.

Көптеген оқушылар:

  • тауарларды тікелей айырбастау мен сату және сатып алудың айырмашылығына талдау жасай алатын болады;

  • ақшаның неліктен пайда болғандығына талдаужасайды.

Кейбір оқушылар:

  • сауданың: тауарды сату мен сатып алудың қалай болатынын сызба бойынша түсіндіріп береалады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар




Басы

Сабаққа психологиялық көңіл күй қалыптастыру.

Тақтада «Қалаймын», «істей аламын», «қолымнан келеді»,

«істеймін» деген сөздер. Мұғалім оларға былайша түсіндірме береді:

«Қалаймын» – мен сендердің білімдерің мен түсініктеріңнің көлемінің ұлғаюынтілеймін.

«Істей аламын» – сабақтақателесу, күмәндану, кеңес алумүмкін

болады.

«Қолымнан келеді» – біз сендермен оқып-үйренген материалды мәселелерді шешуде,

тапсырмаларды орындауда қолдана аламыз.

«Істеймін» – әрқайсысымыз өзімізге

«өткендегілер туралы қажетті мәліметтерді өзім іздеп, тауып, болашаққа болжам жасаймын» – деген нұсқау береміз.
– Қымбатты балалар! Мен сендерге сабаққа мынандай көңіл күймен келдім (күнді көрсетеді).

Ал сендердің көңіл күйлерің қалай?

Оны суреттердің бірін таңдау арқылы көрсетіңдер.

Ашық Бұлттыкүн Жаңбырлы күн күн
Үй тапсырмасын тексеру

Көңіл күйлерін суреттердің

бірін таңдау арқылы көрсетеді.

Оқушылар «Ежелгі адамдардың өмірі қалай өзгерді?»

тақырыбына жазылған эссені оқиды.














ҚБ. «Найзағай жарығы» тәсілінің көмегімен өзара баға беру:

естігендерге өзінің көзқарасын

  • еліктіреді;

  • пайдалы;

  • қызығушылық танытамын;

  • қажет;

  • білдім және т.б. сияқты бір сөзбен білдіреді.


Мақсатты тұжырымдау:

Тақтада сабақтың тақырыбы

жазылған. «Адамдар үнемі сауда жасады ма?»
Мұғалім:

Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта немен байланысты жұмыс істейміз?

  • сауда дегеніміз не? ол қалай пайда болғанын білеміз;

  • ақша не себепті пайдаболғанын анықтаймыз.


Ұ. Оқушылар сабақ соңында жетуге тиісті мақсаттарды түсіндіреді:

  • сауда дегеніміз не? олқалай пайда болғанынбілеміз;

  • ақша не себепті пайда болғанын анықтаймыз.

ҚБ. «Найзағай жарығы» тәсілінің көмегімен өзара баға беру.

Күн, бұлтты және жаңбырлы ауа райының суреттері







Мұғалім:

Айырбас жасала ма?

Мұндай жағдайдан шығудың қандай жолын ұсынасыңдар?

– Бұл екі адамның арасындағы бартерден көп уақыт алатынын байқадыңдар. Көп адамдар арасында бартер жасау одан да қиынырақ. Ал енді тіршілікке

қажетті барлық заттарды: киімді де, аяқкиімді де, тамақты да

айырбастап алу керек болды. Бұл күрделі жағдай. Бұдан гөрі

айырбастың сатып алу, сату деп аталатын басқаша түрі айтарлықтай ыңғайлы болады.

Сатып алу-сату – ақшамен жасалатын айырбас түрі.

Сызба бойынша сауданың: тауарды сату мен сатып алудың қалай

жүретінін түсіндіріңдер.

– Сауда – тауарды ақшаға айырбастау болып табылады.

Оқулықтағы суретке қарап, ақшаға айырбастауға болатын тауарларға мысалдар келтіріңдер.

Сауда былай жүреді: алдымен өз тауарларыңды сатасыңдар, яғни оны ақшаға айырбастайсыңдар, ал түскен ақшаға өздеріңе қажетті заттарды: азық-түлік, киім т.б. заттарды сатып аласыңдар.

Оқушылар күрделі мәселені шешуге кіріседі.

Оқулықтағы суретке қарап, ақшаға айырбастауға болатын тауарларға мысалдар келтіреді.





Оқулық







Сонымен, балалар, сабақта не оқып- үйренгенімізді қайталайық:

  • Айырбастың қандайтүрлері

болады? (бартер және сатып алу- сату).

  • Ақшаны қандай тауарларға айырбастауға болады?Қандай

қызмет түрлеріне төлеуге болады?
Оқушы дәптерімен жұмыс. А. Сөз қос:

Айырбасқа немесе сату үшін өндірілетінөнім

Тауарды сатып алу мен сатуда қажетті құрал–
Мұғалім:

  • Көптеген адамдар ақшаныненің есебіненалады?


Мұғалім:

  • Адам тапқан ақшасына несатып алады?


Сергіту сәті.

Көтер басты – бір, екі. Қолды кең жай – үш, төрт. Ақырын отыр – бес, алты. Отырамыз, демаламыз, Содан соң оқи бастаймыз.
Көзге арналған жаттығу

Ж. – отырып. 1-2 мин ішінде тез көзді жыпылықтату.

Сұрақтарға жауап береді.


Оқушы дәптерімен жұмыс орындайды.

Оқушылар:

Еңбекақы есебінен, яғни еңбек үшін төлем (қысқаша жалақы).
Оқушылар: Тауарлар мен қызметтер.

Сергіту жаттығуын орындайды.
Көзге арналған жаттығу

Ж. – отырып. 1-2 мин ішінде тез көзді жыпылықтатады.




Оқушы дәптері








Оқулықпен жұмыс


Мұғалім үшін мағлұмат:

Ақша тарихынан. Ақша әртүрлі болды.

Тарихты еске түсіріңдер: ерте

уақытта ежелгі гректерді, славяндар мен римдіктерде мал ақша есебінде жүрді, өйткені олар мал бағумен айналысты. Қытай мен Жапонияда күріш, Моңғолияда шай, Русьте аң терілері ақша есебінде қолданылды.

Яғни әр халықтың тауарларының ішінен барлығына немесе көпшілігіне бағалы болып саналатын ең маңыздылары мен қажеттілері таңдап алынды. Тіпті тас ақшаларда болды, Тынық мұхиттағы Яп аралының тұрғындары қоғамдық шығындар мен сот дау-дамайларына төлемді

тас табақшалары (дискілері) арқылы жасады. Олардың ірілерінің

диаметрі 4 метрге дейін жетті. Кейбір халықтар ақша есебінде тұзды пайдаланды, ол ұзақ сақталады, әрі ас даярлау үшін үнемі қажет еді.

Үндістанда, Тайландта және Африкада каури қабыршағын ақша ретінде пайдаланды. Мөлшермен 4,5 мың жыл бұрын Египетте тауар

Оқушылароқулықтағы

мәтіннен адамзат тарихында қандай тауарлар ақша есебінде жүргені туралыоқиды.




Оқулық







мен қызмет көрсетуге төлем жасау үшін әртүрлі металдарды –

алтынды, күмісті және мысты қолдана бастады. Алдымен олар құйма түрінде айналымға түссе, кейінірек құймаларды ұсақтап, монеталар жасай бастады.

Монеталар қымбат, берік әрі

ыңғайлы болды. Олар мал секілді өліп қалмайтын немесе аң терісі секілді бұзылып кетпейтін ақша болды. Оның үстіне монеталарды өлшемей, жеке санап беріп төлем

жасауға болатын еді. Алғашқы қағаз ақша Қытайда болды, ол жақтан әлемнің басқа елдеріне тарады. ХХ ғасырда адамдар сатып алған заттарға төлем жасауға өте қолайлы пластик банккарточкаларын

пайдалана бастады. Пластик карточкалардың көмегімен есептесуді білдіретін «электрондық ақша» термині пайдаболды.

Мұғалім: – Қалай ойлайсыңдар, металл ақшамен салыстырғанда қағаз және электрондық ақшалардың қандай артықшылығы бар?
Электронды ақшаның артықшылығы: есеп жасауға ең қолайлы әдістердің бірі. Қолма-қол ақша болмаса да, банктегі есепте

бар болса, әлемнің кез келген


Жауаптар:

Қағаз ақшамен пластик карточкалардың артықшылығы: жеңіл әрі ыңғайлы (өзіңмен алып жүруге).














жерімен есептесуге болады.

Әр елдің сыртқы түрлері қайталанбайтын және бір-біріне ұқсамайтын өз ақша белгілері

бар.

«Оқушы дәптеріндегі» жұмыс. В. тапсырманы орындау.

(жауаптар: 1 – Ресей, 2 – Қазақстан, 3 – Өзбекстан, 4 – Қырғыстан).
ҚБ дәптерде орындалған

тапсырманы оқушылардың өзара тексеруі. «Бас бармақ» тәсілі.


«Оқушы дәптеріндегі» жұмыс. В. тапсырманы орындайды.


ҚБ дәптерде орындалған тапсырманы оқушылардың өзара тексеруі. «Бас бармақ» тәсілі.


Оқушы дәптері

Соңы

«Оқушы дәптеріндегі» С. тапсырманы орындау.

Қажетті фигураны таңдап √ белгісін қою арқылы сабақтағы өз

жұмысыңа баға бер.

«Оқушы дәптеріндегі» С. тапсырманы орындайды.

Қажетті фигураны таңдап, √ белгі қою арқылы сабақтағы өз жұмысыңа баға беру.

Оқушы дәптері