Файл: Тексерілді діскер Айтимбетова Г. С. Е. Тірбергенов атындаы тркістан индустриалды техникалы колледжі жм оу сабаыны жоспары .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 57

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы
Ойлан
Неге кейбір мемлекеттер шетелдегі қандастарын қайтаруға ерекше көңіл бөледі?

  Ұлт игілігі үшін Алматы қаласында 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының Бірінші құрылтайы өтіп, шетелдердегі қандастарымыз атажұртта бас қосты. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, төрағалығына Н.Ә. Назарбаев сайланды. Құрылтайдың басты мақсаты – қазақтарды этникалық-мәдени біріктіру. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайлары одан кейінгі жылдары Түркістан, Астана (Нұр-Сұлтан) қалаларында өткізілді.

  Құрылтай сияқты басқосулар тарихи тағдыр жазмышымен төрткүл дүниеге тараған қандастарымыздың атамекеніне оралуына жол ашып, тарихи отандарына көшіп келушілердің бейімделу мәселелерін шешті. ТМД елдерінің арасында бірінші болып біздің мемлекет алыс-жақын шетелдердегі қандас бауырларына құшағын айқара ашып, олардың елге оралуына кеңінен мүмкіншілік жасады. Шетелдегі отандастарын туған жеріне қайтаруға қамқорлық жасап отырған дүниежүзіндегі мына мемлекеттер: Қазақстан, Германия, Израиль болып табылады.
  Аталған шара Қазақстанды әлемдік қауымдастық алдында тарихи тағдыр тауқыметімен өзге елге кетуге мәжбүр болған өз ұлтының болашағына алаңдап, қамқорлық танытатын және жаңа мыңжылдықта бейбітшілік пен гуманизмді қалыптастыру жолымен нық қадам басқан ел ретінде танытты. Алғаш рет 30 жыл ішінде қазақтардың үлес салмағы 40%-дан 70%-ға жетті.
  Бұдан кейінгі өткен құрылтайлар қазақтардың жаңа дәуірдегі біртұтас ұлт ретінде бірігуге ұмтылысын көрсетті. Жыл сайын құрылтай үлгісі бойынша еуропалық қазақтардың кіші құрылтайлары өткізіледі.


  6. Қазақстандағы қазіргі этнодемографиялық жағдай. Қазақстандағы этнодемографиялық үдерістерге сәйкес 1991–2003 жылдары халықтың саны күрт азайды, ал 2011 жылы республика тұрғындарының саны 1991 жылғы көрсеткішке жақындады. Тұрғындар саны күрт төмендеуінің басты себептерінің бірі азаматтардың Қазақстаннан тыс елдерге көші-қон нәтижесі еді. Негізінен еуропалық этнос өкілдері қоныс аударды. Олар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан кетіп, осы өңірлерде халық саны азайды.

Анықта
Ерлерге қарағанда әйелдердің пайыздық үлесінің басым болуының себептерін анықтаңдар.

  Бүгінде республика тұрғындары қатарында әйелдердің ерлерден басым көрсеткіші сақталып келеді. Еуропалық ұлт өкілдерінің қартаюы көрініс табуда, жастары Қазақстаннан тыс елдерге оқуға және жұмысқа орналасуға кетуде. Қазақтар республика тұрғындарының басым бөлігін құрайды.
  Қазақстанда аймақтық орналасуда өзгерістер байқалады. Ауыл жастары қалаға бет бұруда. Көші-қонның негізгі ағыны тұрғындарының саны 1 млн-нан асқан Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларына бағытталған.



1. Дүниежүзі қазақтары құрылтайын өткізу мен қандастарымыздың елге оралуының негізгі себептері мен алғышарттары қандай?
2. Қазақстан қандастардың елге жаппай қоныс аударуынан қандай жеңілдіктер мен артықшылықтар алды?
3. Қосымша деректерді пайдаланып, өздерің тұратын аймақтағы қандастардың бейімделуі туралы айтып беріңдер.
4. Жаңа деректер негізінде «Серпін» бағдарламасының мақсаты мен жүзеге асырылу барысы жайлы айтыңдар.


Диаспора – өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық).
Ирредента – өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақ түрлі себептермен өзге ел құрамына еніп, сонда қалып қойған этникалық топ.
Иммиграция – қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп келуі.
Репатриант – тарихи отанына қайтқан қандастар.
Эмиграция – өз еліндегі тұрғылықты мекенін бөтен елдегі тұрғылықты жерге айырбастау


Жандарбек Мәлібеков (1943) – Мемлекеттік Елтаңбаның авторы, белгілі сәулетші.
Майра Мұхаммедқызы (1965) – қазақтың атақты опера әншісі (сопрано, бельканто). Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Париждегі «Гранд Операда» Қазақстан атынан өнер көрсеткен тұңғыш опера әншісі.
Мұстафа Өзтүрік (1954–1995) – таэквондо спортынан есімі әлемге әйгілі шебер.


Шығармашылық тапсырмалар.

1-тапсырма. Қосымша материалдарды пайдаланып, Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының мақсатын анықтаңдар.

2-тапсырма. Берілген сызба бойынша әңгіме құрастырыңдар.
3-тапсырма. Қазақстаннан басқа елдердің (Ресей Федерациясы, ГФР, Израиль т.б.) көші-қон саясатына талдау жасаңдар.
  Дүниежүзі қазақтары құрылтайы. Шетелдерге тарыдай шашырап кеткен қазақтар:
    Әй, Алтай, әттең Алтай, көркем Алтай,
    Кір жуып, кіндік кескен өлкем Алтай.
    Армансыз бұл дүниеден өтер едім,
    Бір иіскеп топырағыңды өлсем, Алтай! –
деп туған елін-жерін аңсаумен өмірін өткізіп жатты. Еліміз тәуелсіздігін алғанына жарты ай өткенде, яғни 1991 жылдың 31 желтоқсанында Президент радио арқылы шетелдердегі қазақ диаспорасының өкілдеріне арнап сөз сөйледі. Қазақстан Үкіметі «Басқа республикалардан және шет елдерден селолық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақстанда қоныстандырудың тәртібі мен шарттары туралы» арнайы қаулы қабылдады. Сөйтіп, атамекенге келем деген ағайындарға жол ашылды.
  1992 жылы 29 қыркүйекте азаттығымыздың алтын бесігі – Алматыда Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы ашылды. Құрылтайға – Түркия, Германия, Франция, Швеция, Норвегия, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан және басқа елдерден, барлығы – 33 елден, сондай-ақ Қазақстан облыстарынан келген өкілдер – 800-ден астам кісі қатысты.
  Мәжілісті Дүниежүзі қазақтары құрылтайын ұйымдастыру комитетінің төрағасы, сол жылдардағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Мырзатай Жолдасбеков ашты. Түркиядан келген Дәлелхан Жаналтайға сөз кезегі келгенде: «Мен бұл күнді көрем деп ойлаған жоқ едім. Құдайға шүкір, өшкенім жанды, өлгенім тірілді! Енді арман жоқ!» – деді. Осы сөз құрылтайдың өзегіне айналды. Күн тәртібінде – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау талқыланды.



Аяған Б.Ғ., және т.б. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010, 332-бет.

1. Дүниежүзі қазақтары құрылтайының тарихи маңызы неде?
2. Бұдан кейінгі өткен құрылтайларда қандай мәселелер көтерілгенін анықтаңдар.