Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі с. Аманжолов атындаы шыыс азастан университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 336
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
|
-
Пән туралы ақпарат
| Пәннің атауы | Пәннің коды | Кредит саны | Курс, семестр |
| Жаратылыстану бойынша практикум | ZhBP 32 | 5 | 3 курс ,2 семестр |
| Мамандық атауы | Мамандық шифры | кафедра | факультет |
| Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі | 6B01301 | Педагогикалық білім және менеджмент | Педагогика жоғары мектебі |
| Оқу түрі (күндізгі, сырттай), (ОКБ, ЖБ) | Оқыту тілі | ||
| Күндізгі | Қазақ тілі | ||
| Пәнді өткізу уақыты және орны | |||
| Кеңес беру уақыты | |||
| С.Аманжолов атындағы ШҚМУ №1 ғимаратындаауд. сабақ кестесіне сәйкес өткізіледі | |||
| Рейтинг кестесі (семестр аптасы) | |||
| 7, 14 апта | |||
| Оқытушының АТӘ, лауазымы, дәрежесі, атағы | Байланыс ақпараты (телефон, e-mail) | ||
| Базарбек Бағи сениор-лектор | тел: 87781068500, e- mail-dar_bag_nur@mail.ru | ||
| Оқытушының қолы | Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., Радченко Н.Н. | ||
-
Пәннің қысқаша сипаттамасы.
- практикалық сабақтар тапсырмаларды орындау, пәннің тиісті тақырыбы бойынша әртүрлі тапсырмаларды шешу түрінде өткізіледі; - проблемалық және жобалық-бағдарланған оқыту технологиялары."Жаратылыстану бойынша практикум" пәнін оқу нәтижесінде білім алушы:- табиғи процестер мен құбылыстардың даму заңдылықтарын салыстыру;- ақпаратты математикалық өңдеу, теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолдану;- ақпаратты басқару құралы ретінде компьютермен жұмыс істеуге дайын болуы, ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдері мен құралдарын пайдалану;-тиімді оқу қызметін, шығармашылық белсенділікті, кіші мектеп жасындағы балалардың дербестігі мен танымдық қызығушылығын, соның ішінде ақпараттық технологияларды қолдана отырып қамтамасыз ететін пәндік-практикалық іс-әрекетті оқытудың оңтайлы тәсілдері мен әдістерін үйлестіру;- білімнің бағдарламалық көлемі негізінде оқу курсының проблематикасында еркін бағдарлануға баға беру.Пәннің құзыреттілігі:- ойлау мәдениетін меңгеруі, қорытындылау мен талдау жасауға қабілеттілігі, ақпараттық қабылдай алуы, мақсат қою және таңдау жолындағы жетістігі; - қашықтықтан (ақпараттық-коммуникациялық) білім беру технологиялары;- бағдарламаланған оқыту технологиясы (арнайы құралдардың (бағдарламаланған оқулық, арнайы оқыту машиналары, компьютерлер және т.б.) көмегімен алдын ала әзірленген оқыту бағдарламасы бойынша дербес жеке оқыту технологиясы);- жалпы ұжымда, сондай-ақ өзінің жеке әрекетін сыни талдау қабілеттілігі;- бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік оқуын өткізу және құрастыра білу қабілеттілігі. 3. Пререквизиттер тізімі
| № | Пәндердің атауы, олардың бөлімдері (тақырыптары) |
| 1 | Жаратылыстану ғылымының негіздері |
| № | Пәндердің атауы |
| 1 | Балаларды мектепке дайындау және бейімдеу |
| № | Пән тақырыптарының атауы | апта | Сабақ түрі бойынша аудиторлық сағат саны | Сабақ түрі бойынша аудиторлық емес сағат саны | Бар лығы (с.) | |||
| Дәріс (с.) | Пр/сем./ зертх-қ./ студ (с.) | БОӨЖ (с) | БӨЖ (с) | |||||
| 1 | Тұрғылықты жерде өлкетануды оқытудың теориясы мен әдістемесі. Өзінің тұрғылықты жерін зерттеуді ұйымдастыру. Зерттеу тақырыбын анықтау. Зерттейтін ауданды таңдау. Өзінің тұрғылықты жерін зерттеу міндеттері. Туған өлке аумағында өлкетануды зерттеудің бағдарламасын құрастыру. Зерттеу әдістерін таңдау. Есеп беру материалының формасы және мазмұны. Өлкетануды зерттеуді келесі жоспар бойынша өткізу: - әдебиеттер мен және картографикалық көздермен танысу; - қарастырылатын жергілікті жердің физика-географиялық сипаттамасын құрастыру. | | | | | | | |
| 2 | Биосфера Тірі табиғат және жалпы ұғым. Биосфера туралы түсінік. Топырақ. Биосфера туралы ұғым. Тірі табиғат. Топырақ, топырақ түрлері. | | | | | | | |
| 3 | Өсімдіктер Өсімдіктің мүшелері. Өсімдіктің көбеюі. Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Қосжапырақты өсімдіктер класы. Даражарнақты өсімдіктер класы. Мәдени өсімдіктердің шығу тегі мен көптүрлілік орталықтары. | | | | | | | |
| 4 | Жануарлар Жануарлардың түрлері. Жергілікті жерлердің жануарлары. Құстар класы. Сүтқоректілер. Үй жануар-лары. Экология және биосфера. | | | | | | | |
| 5 | Қазақстан табиғатына шолу Қазақстанның географиялық орны, шекаралары, жер бедері. Қазақстанның геогра-фиялық орны мен шекара-лары. Табиғаттың зерттелуі. Жер бедерінің пішіндерінің дамуы және қалыптасуы. Жазықтар мен ойпаттар. Үстірттер мен қыраттар. Аласа таулы өлкелер. Биік таулы өлкелер. | | | | | | | |
| 6 | Қазақстанның пайдалы қазбалары Жанатын пайдалы қазбалар. Кенді пайдалы қазбалар. Кенсіз пайдалы қазбалар. | | | | | | | |
| 7 | Қазақстанның климаты Қазақстан Республикасының аумағында ауа температурасының таралуы. | | | | | | | |
| 8 | Қазақстанның ішкі сулары және су ресурстары Өзен жүйелері және өзен алаптары. Көлдер. | | | | | | | |
| 9 | Қазақстанның табиғатын қорғау және экологиялық проблемалар Қазақстанда табиғатты қорғау. Апатты табиғат құбылыстары және олармен күресу шаралары. Қазақ-стан экологиясының проблемалары. Адам әре-кеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі. Қа-зақстандағы ерекше қор-ғалатын аумақтар және табиғат қорғау. Қорықшалар. Табиғат ескерткіштері. Қазақстан Республикасының таби-ғатты қорғау туралы Заңы. | | | | | | | |
| 10 | Бақылау жұмысы | | | | | | | |
| | Барлығы: | | | | | | | |
6. Дәріс сабақтарының мазмұны
Бірінші бөлімТұрғылықты жерде өлкетануды оқытудың теориясы мен әдістемесі.Дәріс тезистері (5-8 сөйлем көлемінде)Өзінің тұрғылықты жерін зерттеуді ұйымдастыру. Зерттеу тақырыбын анықтау. Зерттейтін ауданды таңдау. Өзінің тұрғылықты жерін зерттеу міндеттері. Туған өлке аумағында өлкетануды зерттеудің бағдарламасын құрастыру. Зерттеу әдістерін таңдау. Есеп беру материалының формасы және мазмұны.Өлкетануды зерттеуді келесі жоспар бойынша өткізу:- әдебиеттер мен және картографикалық көздермен танысу;- қарастырылатын жергілікті жердің физика-географиялық сипаттамасын құрастыру.Зерттеу нысандары:
Өлкетанудың зерттеу нысандарын 4 топқа бөліп қарастыруға болады.-
Өлкенің табиғатын, табиғи ерекшеліктерін, жеке компанеттердің (геология, жер бедері, ауа-райы, топырақ және өсімдік жамылғылары, жануарлар дүниесі т.б.) олардың өзгеру деңгейі мен сипатын, табиғатта жүретін үрдістерді зерттеу; -
Өлкенің шаруашылығын, онда тұрып жатқан кәсіптік ерекшекліктерін анықтау; -
Өлкенің және онда тұрып жатқан халықтарының тарихы жайлы деректер, экспонаттар жинау, көне қалалар қалдықтарын, тарихи ескерткіштерді оқып-тану және оларды халық тарихымен, тарихи кезеңдермен байланыстыру; -
Халықтың этнографиялық немесе ұлттық ерекшеліктерін, демографиясын, топонимикасын зерттеу.