Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі с. Аманжолов атындаы шыыс азастан университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 105
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
тұз болады.
Қауынды кептіріп қақ жасайды, қауынқұрт қайнатады, павидло, мармелад жасайды.
-Даражарнақты өсімдіктер класы
Астық тұқымдастар - жер шарының барлық аймақтарында өседі. Көпжылдық өсімдіктер. Тамыр жүйесі шашақты болып келеді. Сабағы ұзын, қырлы, іші қуыс, жапырағы қынап тәрізді және жапырақ алақаны болып екі бөлімнен құралады. Гүлшоғыры масақ және шашақ басты болады. Олар: бидай, боз, сұлы, қарабас, шалғын, бидайық немесе еркек шөп, бамбук, көде.
Лалагүл тұқымдас өсімдіктер - біржылдық, екіжылдық, көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 21 туысы кездеседі. Дәм татымдық зат есебінде дәруменге бай. Пияз, сарымсақ, қояншөп т.б. тамаққа пайдаланылады. Медицинада дәрі-дәрмек алуда алоэ, інжу гүлдің мәні өте зор. Кейбір түрлері бөлмеде өсіріледі.
Лаулагүл тұқымдастыраның жапырақтары қатарлас және доға жүйкелі болады. Жапырақ алақаны тегіс жиекті немесе тісті болып келеді. Қоңырау тәрізді гүлдері масақ, шашақ шоғырларын құрайды.
Жауқазын - көпжылдық шөптесін өсімдік. Гүлдер ірі, қоңырау тәрізді, жай гүлсерікті болады. Гүлі алқызыл немесе сары. Сабағының тамырымен жалғасқан буынында пиязшағы болады. Қоректік зат қоры пиязшықта болады.
Сарымсақ — бағалы тағамдық өсімдік. Құрамында әр түрлі ұшқыш заттар болғандықтан, оны тағамға қосып, медицинада ем ретінде, ауылшаруашылығында өсімдіктердің зиянкестеріне қарсы пайдаланады. Сарымсақтың түсімді мүшесі пиязшық болып табылады.
- Мәдени өсімдіктердің шығу тегі мен көптүрлілік орталықтары
7. Анд (Оңтүстік Америка) орталығы. Оңтүстік Американың батыс жағалауындағы Анд тау жоталарының біраз бөлігін қамтиды. Көптеген түйнекті өсімдіктер, оның ішінде картоп, кейбір дәрілік өсімдіктердің (кокаин бұталары, хена ағашы, т. т.) отаны.
Мәдени өсімдіктердің басым көпшілігі шығу тегі жөнінен жоғарыда көрсетілген географиялық орталықтардың біреуімен немесе бірнешеуімен байланысты.
Әдебиет: [3-5].
Жануарлар
Жануарлардың түрлері. Жергілікті жерлердің жануарлары. Құстар класы. Сүтқоректілер. Үй жануар-лары. Экология және биосфера.
Дәріс тезистері (5-8 сөйлем көлемінде)
- Жануарлардың морфологиясы мен физиологиясы
Жануарлар бүкіл жер шарында - құрлықта, тұщы сулы тоғандарда, теңіздер мен мұхиттарда мекендейді. Жануарлар тіршілік ететін жердің айналасындағылардың барлығы мекен ету ортасы деп аталады. Су, жер бетіндегі ауа және топырақ болып бөлінетін негізгі үш мекен ету ортасы бар. Мекен ету ортасына сәйкес онда тіршілік ету жағдайлары ажыратылады. Жануарларға әсері тиетін жағдайлар орта факторлары деп аталады. Оларды өлі және тірі табиғатқа, сондай-ақ адамның әрекеті нәтижесінде пайда болатын факторларға айырады.
Температура, ылғалдылық, жел және т.б - өлі табиғатфакторлары. Мысалы, көптеген жануарлардың та
ралуы жарық пен температураға байланысты. Жер бедері мен ылғалдылық факторлары онда мекендеген жануарлар мен өсімдіктер бірлестігінің түзілуіне әсер етеді.
Тірі табиғат факторлары - алуан түрлі тірі ағзалар өзара бір-бірімен түрліше қатынасады. Мысалы, мысықпен үй тышқаны арасындағы қатынас жыртқыштық пен жемтікке айналу арқылы сипатталады, мұнда мысық -жыртқыш, тышқан - оның жемтігі. Бұл бүкіл ағзалар байланысының негізгі формасын түзуші қоректік байланысқа нақтылы мысал бола алады.
Жануарлардың құрылысы мен тіршілігін, шығу тегін жануартану зерттейді. Жануарлардың 2 млн.-нан астам түрі бар. Сондықтан жануарлардың да жүйелі топтары да болады. Жануарлар дүниесі жануарлар дүниесінің тармағынан, типтен, кластан, отрядтан, тұқымдастардан, туыстан тұрады.
Жануарлар дүниесінің тармағы тек екеу ғана: қарапайым біржасушалы жәндіктер мен көпжасушалы жануарлар. Бұлардың негізгі айырмашылығы мынада: қарапайымдардың әрбір жасушасы өз алдына жеке ағза болып табылады. Көпжасушалы жәндіктер ағзасы жасушалардан құралып, олар әр түрлі қызмет атқарады, кейбір жасушалар қорғаныш қызметін атқарса, енді біреулері қорек тауып оны қорытуға қатысады. Бұл жасушалар ағзадан тысқары өмір сүре алмайды. Біржасушалы және көпжасушалы жануарлар дүниесі тармағынан жануарлар дүниесі құралады. Жануарлар дүниесі барлық жануарларғатән мынадай белгілер негізінде ерекшеленеді: органикалық заттармен, әдетте тірі ағзалармен қоректенеді; жасушасында сыртқы тығыз қабықша болмайды; көбінесе ширақ қимылдауға бейім келеді.
Біржасушалы жәндіктер. Қарапайымдар. Олардың суда және топырақта мекендейтін 70 мыңға жуық түрлері мәлім. Олардың кейбіреулері жануарлардың денесіне және адам ағзасына орнығады. Денелері бір жасушадан тұрады. Жасушаның ішінде көпжасушалы жануарлар ағзаларының қызметін атқаратын мүшелері болады. Қарапайымдарды микроскоп арқылы көреміз, олар жыныссыз көбейеді. Қарапайымдар типі төрт класқа бөлінеді: саркодалылар, талшы
қтылар, споралылар, инфузориялар.
Амеба — ең қарапайым құрылысты, еркін қозғалатын тұщы суда мекендейтін жәндік. Денесі цитоплазма мен ядродан тұрады. Ол жалған аяқтары (псевтопалит) көмегімен қозғалады, қорегінде жалған аяқтарымен қармайды. Амеба денесінің ішіне түскен қоректі асқорыту ферменттері қаптап алғанда, вакуоль пайда болады. Қорек соның ішінде қорытылады. Қорытылған қорек талшықтары сыртқа шығарылып тасталады. Амеба цитоплазмасында оқтын-оқтын мөлдір көпіршік пайда болады да, жайылып отырады. Бұл -жиырылғыш вакуоль. Артық сумен сұйық күйдегі ыдырау өнімдері осылай шығарылып тасталады.
Құстар - ұшуға бейімделген жоғары сатылы омыртқалы жануарлар. Олар бүкіл жер шарына таралған. Бұл кластың 8000-нан астам түрлері бар деп есептеледі.
Құстың денесін қауырсындар жауып жатады, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, ішіне ауа толғандықтан (пневматикалы) сүйектері өте жеңіл. Бауырымен жорғалаушыларға қарағанда құстардың қан айналу жүйесі едәуір жетілген. Жүрегі төрт камералы. Артерия қандары мен вена қандары бір-бірімен араласпайды.
Құстар - жылы қанды жануарлар. Күре тамыр және көк тамыр қан ағыстарының бөлінуінен қан айналуы шапшаңдайды да, газ алмасу қарқынды жүріп, дене температурасының жоғары, орташа 42°-қа тең болуына себепші болады. Зат алмасуының күшеюіне байланысты, құстар өз денесінің салмағына тең мөлшердегі жәндіктерді жейді. Бауырымен жорғалаушыларға қарағанда жүйке жүйесі де едәуір жақсы дамыған. Сондықтан құстардың мінез-құлығы да едәуір күрделі. Олар шартты рефлекстерге оңай дағдыланады.
Бұрын қарастырып өткен жануарлар типіндегі өкілдердің ұрпаққа қамқорлығы болымсыз ғана еді. Құстар болса ұя салады, жұмыртқа басып шығарады, балапан
дарын қоректендіреді.
Құстар жетілген балапанды және қызылшақа балапанды (болжыр балапанды) болып екіге бөлінеді.
Жетілген балапанды құстардың балапаны жұмыртқадан шығысымен едәуір бейімделіп: көздері бар, қозғалуға қабілетті, жемін теріп жейтін болады. Жетілген балапанды құстарғатауықтар, үйректер, қаздар, құрлар, т.б. құстар жатады.
Сүт қоректілер - омыртқалы жануарлардың ең жоғары құрылысты класы. Орталық жүйке жүйесінің ерекше дамуы - оларға тән қасиет. Балаларын ана құрсағында көтеріп, сүтпен қоректендіреді. Дене температурасы біршама тұрақты.
Жануарлардың денесін жүн қаптаған. Тері бездері жақсы дамыған. Сүтқоректілердің тістері өте ерекше: жануарлардың әр түрлі топтарында тістерінің саны, пішіні және атқаратын қызметі жөнінде елеулі айырмашылықтар бар. Жүрегі төрт камералы.
Сүтқоректілер бүкіл жер шарына таралған. Сүтқоректілердің сыртқы бейнесі де алуан түрлі. Басқа омыртқалы жануарларға қарағанда олардың құрылысы едәуір күрделі.
Жұмыртқа салушылар ең қарапайым сүтқоректілер болып табылады. Олардың басқа сүтқоректілерден өзгешелігі - жұмыртқа салып көбейеді.
Қалталылардың құрылысы едәуір жоғары болғанымен, оларда бірқатар қарапайым белгілер де бар. Олар баласын шала туады да, оны анасы ұзақ уақыт қалтасына салып көтеріп жүреді. Қазіргі сүтқоректілердің ең көп тобы - жоғары сатылы аңдар. Алғашқы аңдар: үйрек-тұмсық ехидна.
Бунақдене қоректілер: кірпі, көртышқан, сұртышқан.
Кеміруші сүтқоректілер: тиін, егеуқұйрық, саршұнақ, ондатр, үй тышқаны, сушошқа, қоян, суыр. Кемірушілердің кейбіреуі жұқпалы ауру таратады.
Тиін - терісі бағалы, дене тұрқы 20-32 см, құйрығының ұзындығы 19-31см болатын кішкене, ойнақы кеміруші жануар. Ағашта ғана тіршілік етеді, өсімдіктекті азықпен қоректенеді.
Жыртқыш аңдар: аққұлақ, аю, қасқыр, ши бөрі, түлкі, борсық, күзен, жолбарыс, арыстан. Мәлін, ит көбі етпен қоректенеді, терісі өте бағалы.
Әдебиет: [1,2,5.].
Қазақстан табиғатына шолу Қазақстанның географиялық орны, шекаралары, жер бедері.
Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары. Табиғаттың зерттелуі. Жер бедерінің пішіндерінің дамуы және қалыптасуы. Жазықтар мен ойпаттар. Үстірттер мен қыраттар. Аласа таулы өлкелер. Биік таулы өлкелер.

-
Оңтүстік Азиялық тропиктік орталық. Тропиктік Үндістан, Үндіқытай, Оңтүстік Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия аралдары. Бұл орталық мәдени өсімдіктерге өте бай (белгілі мәдени өсімдіктердің жартысына жуық түрі). Күріш, қант қамысы, көптеген жеміс-көкөніс дақылдарының отаны. -
Шығыс Азия орталығы. Орталық және Шығыс Қытай, Жапония, Тайвань аралы, Корея - сояның, тарының бірнеше түрлерінің, көптеген жеміс және көкөніс
дақылдарының отаны. Бұл орталық та мәдени өсімдіктерге бай, дүние жүзіндегі көп түрлі өсімдіктердің 20% -ға жуығы осында өседі. -
Оңтүстік-Батыс Азия орталығы. Кіші Азия, Орта
Азия, Иран, Ауғанстан, Солтүстік-Батыс Үндістан - бидай, қарабидай, тағы да басқа дәнді дақылдар мен көптеген бұршақ тұқымдастардың, жүзім, жеміс дақылдарының отаны. Дүние жүзіндегі мәдени флораның 14% -дайы осы орталықтан шыққан.
-
Жерорта теңізі орталығы. Бұған Жерорта теңізі жағасында орналасқан елдер кіреді. Бұл ертедегі ең үлкен ұлы өркениеттің таралған жері болып саналады, бұл жерлерден мәдени өсімдіктер түрлерінің 11 % -дайы таралған. Оның ішінде: зәйтүн ағашы, көптеген көкөніс (капуста) және мал азықтық дақылдар (жоңышқа, дара гүлді жасымықша) таралған. -
Абиссиния орталығы. Мәдени өсімдіктер флорасы жағынан өзіндік ерекшелігі бар. Африка құрлығындағы (Эфиопия аумағы) шағын аудан. Сірә, өте ертедегі өзіне ғана тән мәдени егіншілік ошағы болса керек. Дәні үшін өсірілетін сорго, бананның бір түрі, майы үшін өсірілетін ноқат, бидай мен арпаның бірқатар ерекше формалары осы орталықтан таралған. -
Орталық Америка орталығы. Оңтүстік Мексика.Онда жүгері, талшықты мақта, какао, бірқатар асқабақ тұқымдастар, үрмебұршақ – барлығы 900-ге жуық мәдени өсімдіктер өседі.