Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі с. Аманжолов атындаы шыыс азастан университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 107

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
есе көп.

Тірі ағзалардың зат алмасуға қатысуы жөнінде қоңыржай ендіктер мен экваторлық өсімдіктер бірінші орын алады. Даланың, шөлдің шөптесін өсімдіктері екіншіорында.Топырақта тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер үшін орында.

Биосферадағы географиялық заңдылық. Биосферада зоналық тығыздық болады, онда органикалық тіршіліктің аз, яғни көп қатысатын зоналары бар. Шөлді зонадағы сияқты мұзды зоналарда да органикалық тіршілік тығыздығы онша жоғары емес. Тіршілік тығыздығы экваторлық зонада өте жоғары, бірақ қоңыржай белдеудің ормандарындағы тіршілік тығыздығы одан едәуір төмен, дала зонасындағы тіршілік тығыздығы одан да төмен. Тіршілік мәні - тірі табиғат пен өлі табиғат заттарының өзара алмасуы. Зат алмасу қарқыны экваторда күшті болады да, полюстерге қарай кеми береді.

Атмосфера күйі тірі ағзалардың іс-әрекетіне, оттегінің ауада бос күйінде болуына, оның көмірқышқыл газы мен азотқа қатысына байланысты.

Жер қыртысының түзілуі мен ондағы тіршілік ағзалардың іс-әрекеттеріне байланысты болады.

-Тірі табиғат

Биосфераның құрамды бөлігі - биомасса - Жер бетіндегі сан алуан тірі ағзалар. Бұлар - өсімдіктер әлемі, жануарлар дүниесі және шығу тегі мен құрылысындағы көптеген ерекшеліктері және тіршілік көріністерінің ортақтығымен жануарлар дүниесіне байланысты болатын адам.

Топырақ деп жоғарғы табиғаттың әр түрлі күштерінің әсерінен қопсытылған, әрі табиғат пен тірі ағзаларға өте бай және сол тіршіліктің негізгі көзі болып отырған жердің құнарлы беткі қабатын айтады. Топырақ, академик В.И. Вернадскийдің анықтауы бойынша, әрі тірі, әрі өлі денеден тұрады. Топырақтану деген ғылым бар. Ғылымның негізін салған - В.В. Докучаев.

Топырақ аналық тау жыныстарының ұзақ геологиялық мерзімде әр түрлі жолдармен үгілуінің және мүжілуінің нәтижесінде пайда болған. Бұл табиғат күштерінің ішінде температураның, судың, желдің, көшпелі мұздардың әрекеті ерекше. Сонымен, топырақ - жердің бетіндегі өсімдік өсетін, борпылдақ, жұмсақ қабат. Оның құрамында су, ауа, саз, құм, шірінді бар. Қарашірік (перегной) дегеніміз - микроорганизмдердің органикалық қалдықтарды, негізінен алғанда, өсімдік қалдықтарын ыдырату өнімі.


Топырақтың ауылшаруашылық дақылдарынан мол өнім алуды қамтамасыз ете алатын қабілетін оның құнарлылығы деп атайды.

Топырақ әр түрлі болады, ол климатқа, өсімдікке байланысты. Топырақты тегіне, құрылымы мен құрамына қарай күлгін, сазды, қара топырақты, қоңыр топырақты, сортаң топырақты, қызыл топырақты, сары топырақты, т.б. деп бөледі. Ең құнарлы – қара топырақ, оның қарашірігі мол (6-8%), ол жазық далада таралған. Құнары азырақ (4-6%) - қара қоңыр топырақ. Орталық Қазақстанда, Торғайда, Орал үстіртінде кездеседі. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Орталық Қазақстан облыстарында күңгүрт қара қоңыр, жай қара қоңыр, ашық қоңыр топырақтар таралған. Топырақтар құрғақ дала зоналарында пайда болады. Бұл топырақтарда шірінділер мен минералдық заттар көп, суарған кезде өте құнарлы.

Құба түсті топырақтың құнары аз, қолдан суаратын жерлерде таратылады. Сұр құба, тақыр түстес топырақтар құрғақшылық жерлерде кездеседі, құмды аймақтарда тақыр түстес топыраққа күріш егеді.

Күлгін топырақтар қылқан жапырақты орман өсетін өсемдіктердің әсерінен пайда болады. Олар ақшылдау болып келеді, түсі күл сияқты, күлгін топырақты деп аталынуы да сондықтан. Бұл топырақтарда шірінділер аз, құрылымсыз, қышқылдығы жоғары, құнарлығы да аз. Топырағының құрамына қарай құмайт топырақты және сазды топырықты деп бөледі.

Шымды күлгін топырақтар көпжылдық өсімдіктер өсетін аралас ормандар зонасында көп. Бұл топырақтар шірінділерге аса бай және күлгін топырақтарға қарағанда құнарлы.

Сазды топырақтар ауаның және жердің температурасы төмендегенде пайда болады, жер қыртыстарында ылғалдың жиналуына әсер етеді де, өсімдік қалдықтарының орналасуына кесел келтіреді. Шірінділер аз болады, соңдықтан бұл топырақтың құнарлығы да аз.

Таулы жердегі далалар құнарлы сұрғылт топырақтыкеледі, оның ылғалдылығы мол (250-650 мм), мұнда қысқа күздік арпа, күздік бидай өсіреді. Ал суармалы жерлерге қант қызылшасы, мақта, темекі, бау-бақша ағаштары, жүзімдер егіледі.

Сортаң топырақтар шөл дала тектес, оның жоғары температурасы мен жауын-шашыны мүлде жоқ деуге болады. Бұл топырақтарға жиналады.

Қызыл топырақ пен сары топырақ темірге, марганец

ке бай, фосфоры аз, бұл топырақтар өзінің пайда болған жерінде көптеген жауын-шашынның әсерінен қатты шайылады, сондықтан органикалық және минералдық тыңайтқыштармен тыңайтуды қажет етеді.

Топырақтың құнарлылығына адамның іс-әрекеті қатты әсер етеді.

Агротехникалық әдістер арқылы өңдеу, органикалық және минералдық тыңайтқыштар енгізу, сондай-ақ топырақты дұрыс суару арқылы оның сапасы мен құнарлылығы арттырылады.

Топырақ — жер бетіндегі тіршілік өзегі. Адамды асырайтын, киіндіретін мекен - осы, жердің торқалы топырағы. Халқымыздың «Жер - ана, Жері байдың - елі бай» деуі де сондықтан. Топырақты қадірлей білу керек. Оның әрбір мекенін тиімді пайдалану - негізгі борышымыз. Топырақтың жануарларға баспана ретінде де пайдасы бар. Топырақта түрлі құрттар, қоңыздар, ін қазатын тышқандар тіршілік етеді. Табиғатта өсімдіктің жайқалып өсіп, сән беріп тұруы топыраққа байланысты. Сондықтан да адамдар түрлі қи, көң қосып, құнарсыз топырақты өңдейді.

Әдебиет: [8,9,10].
Өсімдіктер

Өсімдіктің мүшелері. Өсімдіктің көбеюі. Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Қосжапырақты өсімдіктер класы. Даражарнақты өсімдіктер класы. Мәдени өсімдіктердің шығу тегі мен көптүрлілік орталықтары.

Дәріс тезистері (5-8 сөйлем көлемінде)

- Төменгі сатыдағы өсімдіктер

Бактериялар - біржасушалы ағзалар, оларды микроскоппен көруге болады, олар топырақта, суда, жануарлар мен адам ағзасында тіршілік етеді, өте шапшаң өседі. Бактериялар топырақты азотпен байытады, өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын ыдыратады, ауру таратады.

Балдырлар - аквариумде жасыл түсті - хлорелла, көп тұрып қалған су қоймасында - хломидоминада, теңізде - қоңыр, қызыл балдырлар болады.

Балдырлар суға оттегін бөліп шығарады, судан көмірқышқыл газын сіңіреді, балдырлармен балықтар қоректенеді. Суда еріген заттарды сіңіру арқылы суқойманы тазартады. Балдырларды тамаққа, мал азығына, дәрі жасауға, бояу, желім, қағаз жасауға пайдаланады.

Саңырауқұлақтардың 100 мыңға жуық түрі бар. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар кез келген жерде өседі, азық-түліктің бұзылуы, көгеруі осыған байланысты. Жоғарғы сатылы саңырауқұлақта жеміс денесі дамиды. Олар екіге бөлінеді: тірі өсімдіктер мен жануарлар ағза
сында тіршілік ететін паразиттер, тіршілігін жойған органикалық заттармен қоректенетін сапрофиттер.

Паразиттер ауру (теміреткі, таз) таратады. Қалпақты саңырауқұлақтарды адам тамаққа пайдаланады, одан пенциллин дәрісін дайындайды.

Қыналар - жапырақ және бұта қыналары болады. Олар жалаңаш тастарда да тіршілік ете алады. Бұғылар, үй малдары азық етеді.

- Жоғары сатыдағы өсімдіктер

Мүктер — қылқанды жапырақты дымқыл ормандар мен батпақталған шалғындықтарға өсетін аласа өсімдік. Олар тастардың бетінде, ағаштардың діңдерінде, топырақта тұтасып өседі. Ыстық пен суықты жақсы көтереді, мүктер оттегін шығарады, табиғаттағы зат айналымына қатысады. Ал мүктен шымтезек түзіледі. Шымтезектен парафин, аммиак, спирт алынады.

Жалаңаш тұқымды өсімдіктер — ағаш және бұта түрінде өседі. Көп таралғандары қылқан жапырақтылар. Олардан отын, үй бұйымдары, құрылыс материалдары алынады. Емдік қасиеттері бар.

Қарағай - биіктігі 50 м-ге жететін, 400 жылға жуық жасайтын өсімдік. Жартастарда, сусымалы құмдарда, бетпақтарда, тау беткейлерінде өседі.

Қылқан жапырақтары жіңішке, ұзын, 2-3 жылға дейін түспейді. Қарағай суды аз буландырады. Қылқан жапырағында С дәрумені бар. Айналадағы ауру тудыратын зиянды бактерияларды өлтіретін ұшқыш зат (фитонцид) бөлінеді.

Қарағай жарық сүйгіш. Тұқымы ұрықтанғаннан кейін 1-1,5 жылда жетіледі, бүрден 2 жылдан соң тұқым төгіледі.

Шырша биіктігі 30-40 м жетеді, 120-300 жыл жасайды. Қылқандары қысқа, 4 қырлы, бір-бірден орналасқан. 6-7 жылға дейін түспейді. Шырша құнарлы және ылғалды топырақта жақсы өседі, көлеңке сүйгіш. Тянь-Шань шыршасын «табиғат ескерткіші» деп санайды.

Арша - мәңгі жасыл бұта. Ол тау беткейлерінде, жартастар түбінде жайылып, жер тағандап өседі. Жапырақтары ине тәрізді. Тұмау тигенде аршаның бұтағын жағып, түтінін иіскейді, бүрінен дәрілер жасалады. Шыршаның сүрегінен қағаз жасайды.

Қылқан жапырақтарынан дәрумен, эфир майы алынады, медицинада пайдаланылады.

Жабық тұқымды өсімдіктер (гүлді өсімдіктер). Ең негізгі ерекшелігі - гүлінің, жемісінің болуы. Өсімдік
тердің бұл түрлері тұқымдастарға топтасады.

- Қосжапырақты өсімдіктер класы

Алабота түқымдасы - бүкіл жер шарында тараған біржылдық немесе көпжылдық, сортаң топыраққа төзімді, шөптесін, бұта, ағаш түрінде кездесетін өсімдіктер: итжеген, көкпек, баялыш, сексеуіл, алабота, соршөп, т.б. Көпшілігінің сабағы бунақты болып келеді, жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері түпсіз, масақ құрайды. Жемісі — жаңғақша.

Ақ алабота - арамшөп, жол жиегінде, егістіктерде кездеседі. Тік сабақты, жапырақтары өте жиі тармақталған жапырақ бетінде ақшыл дақтары болады. Гүлдері шоқ-шоқ болып топтасып өседі. Тұқымы ұсақ, құстар үшін жақсы азық, медицинада баспа және іш ауруларына пайдаланады.

Көкпек шала бұта өсімдік, биіктігі 20-25 см, сопақша келген жапырақтары сүректенген өркендерінде кезектесіп орналасады. Тұқымдары жұмыр, жалпақ қоңыр түсті болып келеді. Көкпекті күзде түйе жейді, ел отынға пайдаланады.

Итсигек түбінен бұтақтана өскен, биіктігі 75 см, көпжылдық аласа бұта. Тамырының ұзындығы - 6 м. Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында кең таралған. Итсигектің жапырақтары өте ұсақ, үшбұрышты, ұзындыры - 2-3 мм. Гүлдері сарғыш немесе қызғылт. Жаз айында және күзде гүлдейді. Итсигек - улы өсімдік, медицинада пайдаланылады.

Бақша дақылдары: қауын, қарбыз, асқабақ, кәді, бәліш қабақ (патисон) жатады. Бұлар - шырмалғыш, біржылдық шөптесін өсімдіктер.

Қарбыз - бауыр мен бүйректі зиянды заттардан тазартатын өсімдік. Құмды жерде жақсы өседі. Сабағы төселмелі, жапырақ алақанының үстіңгі беті балауыз сірнелі және түкті болады. Иректелген мұртшалары жапырақтардың арасынан өседі. Жемісінің түсі ақ, ала қоңыр, жасыл жолақты болып келеді. Қарбыздың құрамында қант, дәрумен, т.б. зат бар.

Қауын - біржылдық шөптесін өсімдік, жапырағы ірі салалы, кезектесіп орналасқан, жіңішке сабағы бірнеше буынға бөлініп, жер бетіне төселіп өседі. Жемісі үлкенді-кішілі, қабығының, тұқымының түсі әрқилы болып келеді. Қауын жылу мен жарық мол түскенде жақсы өседі. Сазды, құмды жерлерде өседі. Қауын құрамында 16-18% қант, С дәрумені, каропиен, некпиен минералды