ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 199

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

1. Мектеп пен ата-ана бірлігін нығайту

2. Ата-аналардың бір-бірін тану моделін шығару

3. Ата-аналарды құқықтық сауаттандыру.

4. Ата-ананың сабаққа қатысын ұйымдастыру.

5. Бала тәрбиесіндегі ата- ананың рөлін зерттеу.

6. Ата –аналардың психологиялық ерекшеліктерін білу, әлеуметтік жағдайымен танысу.

7. Мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру.

8. Ата –аналардан кезекшілік ұйымдастыру.

9 . Қоғамдық жұмыстарға белсене қатыстыру.

10. Ата-аналарды шығармашылыққа тарту.

11. Пән мұғалімдерімен ата-аналарды таныстыру, пікірлесу

1. Сынып оқушыларын пән мұғалімдеріне педагогика және психологиялық тұрғыдан таныстыру.

2. Пән мұғалімі және ата-ана бірлігін нығайту.

3. Күнбе-күн пән мұғалімдерімен пікірлесіп отыру.

4. Ата- аналар жиналысы мен сынып жиналысына пән мұғалімдерін қатыстыру.

5. Жеке пәндер бойынша оқушылардың мүмкіндік икемділіктерінің артуына пән мұғалімінің ықпалын арттыру.

6. Күнделікті сабаққа қатысып отыру.

7. Үлгерімі төмен оқушымен пән мұғалімінің жұмыстануына көңіл бөлу, қосымша тапсырмалар беруді ұйымдастыру.

8. Ағымдағы үлгеріммен пән мұғалімдерін таныстыру, қосымша жұмыстар жүргізу.

С ынып сағаттарының тақырыбы

С ынып сағаттарының тақырыбы

С ынып сағаттарының тақырыбы





р/с

Сынып сағаттарының

тақырыбы

Мақсаты

Күні

1

Құқығынды сақтап үйрен, бірақ басқалардың да құқығы бар екенін ұмытпа

Өз құқығыңды қорғай білуге және өзгенің құқығына құрметпен қарай білуге үйрету

14.01

2

Таңдау жасауға көмектесетін ішкі ресурстар

«Ту» жаттығуы

Өмірдегі жақсы-жаманды ажырата білуге үйрету. Бақытқа жетелейтін адам бойындағы қасиетті қалыптастыру

21.01

3

«Салауатты тамақтану ұлт саулығының негізгі»


Дұрыс тамақтана білу де денсаулықты сақтаудың кепілі екенін түсіндіру

28.01

4

Өмір-қымбат сый

Шынайы бақытқа бөлену немесе өз өміріңді дұрыс арнаға бұру өз қолыңда екенін ұмытпа!

04.02

5

Адалдық-адамдықтың белгісі

Ары таза , адал адам болуға тәрбиелеу

11.02

6

Кешірім қалай сұралуы керек?


Өкпелей салып,кешірім сұрау қиын, бірақ сол кешірімді сұрау жолдарымен танысу

18.02

7

Қоғамның ресурстары

Жат қылықтардан аулақ болуға баулу

25.02

8

«Бар сұлулық аналардан жаралған»


Тіршіліктің тірегі-аналарды сыйлау мен құрметтеу баршаның парызы

04.03

9

Жеке адамның қорғаныс құралдары

Апатты жағдайлардан қорғану жолдары

11.03

10

Нақты жағдайларды білу

Жат қылықтардан аулақ болуға баулу

18.03

11

Күлкінің түрлері

Күлкінің түрлерін ажырата білу

01.04

12

Еңбек-өмір мәні


Еңбек-өмір мәні


08.04

13

Ең үлкен қателік өзіңді табиғатыңнан артық етіп көрсетуге талпыну

Өз орныңды анықтай білу, бағалай білуге үйрену


15.04

14

Теріс ағымдар теріс бағытқа бастайды

Теріс ағымдар туралы түсінік беру

22.04

15

«Мен өзіме таңдауды өзім жасаймын»

Жат қылықтардан аулақ болуға баулу

29.04

16

Отан үшін от кешкендер


ерлер есімін ардақтау, жас ұрпаққа үлгі ету, ерліктерін мәңгі есте сақтауға тәрбиелеу

06.05

17

«Өмір – саты, біреу өрге жылжиды, біреу төмен сырғиды»

Өмірде кездесетін жағдайларды ажырата білуге, дұрыс шешім қабылдай білге үйрету

13.05

18

Менің шыққан шыңдарым, алған асуым

Жылдық жұмыстарды қорытындылау

20.05



Сыныптың 2014-2015 оқу жылындағы І ж/жылдығында атқарылған

тәрбиелік шараларға хабарлама
2014-2015 оқу жылының басында қоғамдық -гуманитарлық бағытындағы 11 «в» сыныбын 13 оқушымен бастадық.. Оның 7 қыз бала,6 ұл бала. Сыныпты 1 Үздік аттестатқа үміткер және 6 оқу екпіндісі, білім сапамыз -46 пайыз, қатыс сапасы-100 пайыз.

Оқу жылында ВКК комиссия шешімімен Рамазанова Мөлдір аурулық себепке байланысты үйден оқып жатыр. Оқушылардың сынып ішілік, достарымен, бір-бірімен қарым-қатынастары жақсы деңгейде, көмек беруге дайын тұратын оқушылар да, кездеседі .Бір-біріне достық ақыл айта алатын оқушыларда бар.

Сыныбымызда жартылай жетім-1 оқушы, көп балалы отбасының балалары-2 оқушы, қалған қалған оқушылардың жағдайлары жақсы.

Оқушыларды гуманизмге, тарихын, салтын, ана тілін сүюге, дамытуға патриоттық сананы діни төзімділікті қалыптастыруға, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру мақсатында іс-шаралар атқарылды. «Қазақстан –Жалпыға ортақ еңбек қоғамы», «Елімнің еркіндігі – Елбасымның еңбегі»т.б. тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Мақсаты. ҚР-сының елін,жерін сүюге, оны құрметтеуге, дәріптеуге, өз Отаның патриоты болуға, «Мәңгілік ел » идеясын насихаттау, тәрбиелеу. Уақытылы ата-аналар жиналысы өтіп тұрады. Оған сыныптың ата-аналарының қатысы 70-80%. Сыныптың ата-аналар комитеті сайланды, жоспар бойынша жұмыстарға араласып, сабақтарға қатысып, мектеппен үнемі байланыста жүретін ата-аналар бар. Дюсембаева Жұмакүл, Айденова Зульфияларды атап айтуға болады.Ата-аналар жиналыстарда қойылған сұрақтарға ойларын айтып, сыныптың өміріне шынайы жанашырлық танытып, әр балаға қандай көмек керектігі туралы ой бөлісіп отырады. «Жасыл жапырақ» акциясы бойынша мектеп айналасына терек отырғызып, оған күтім жасадық. Оқушыларға табиғатты сүюге, эстетикалық, экологиялық тәрбие беруге баулу мақсатында «Табиғатым тал бесігім», «Табиғат аясы- адамның алтын бесігі» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Оқушылардың белсенді ойлау қызметінің дамуын, сана-сезімнің қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой кабілеті мен білімге құмарлығын дамыту мақсатында оқушылар түрлі тәрбие шараларына тартылды. Республикалық «Ақбота» интеллекталдық марафонына– 3 оқушы, республикалық қашықтық КИО олимпиадасына қатысып, сертификаттарға ие болған оқушылар бар. Халықаралық «Инфоурок» жобасына қатысып, сертификат алған бірнеше оқушылар бар. «Менің ағатайым» байқауына Асқарбақыт Санжар қарындасы Балқиялмен қатысып, алғыс хат иеленді. «Бақытын еңбектен тапқандар» тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу кешін өткізіп, сынып оқушылары белсенді қатысты.



«Жақсы мінез – жан байлығы», «Адамгершілік - асыл қасиет», «Әлемдегі ең керемет байлық- бұл кісілік қарым-қатынас» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Тақырыпты талдауға сыныптың қыз балалары белсенділік танытты.

Қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беріліп, жағдайлар жасалды. Оқу жылының басында сынып белсенділері тағайындалып, әр оқушыға өз міндеттері таныстырылды. Өз міндеттерін қалтқысыз атқарып жүрген оқушыларды мақтан етуге болады. Олар: Русланова Ұ. , Нағимова Ж., СәлімжановаН және Кәрімова М.

Жекелеген оқушылардың тарапынан мектеп формасын сақтамау, сабақтан кешігу мен себепсіз қалу кездесіп келеді. Уақытында ата-анамен, мектеп әкімшілігімен, пән мұғалімдерімен және оқушылармен бірігіп жұмыс жасап, шарасын алынды. Оқушылардың ҰБТ-ға байланысты таңдау пәндерін анықтап, байқау сынақтарына жүйелі дайындығын қадағалап, қорытындысын шығарып, ата-аналарына хабарлап отырдым. Алдағы уақытта ҰБТ-ға дайындықты жақсартып, қосымша сабақтарға қатысуға, ата-аналармен ынтымақтастықта жұмыс істейміз деп ойлаймын.
Сынып жетекшісі: А. Қуанғалиева