Файл: Мектеп уендері мектеп уендері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 321

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚ ОСЫ
Сөзі Қ. Мырзалиевтікі

Әні Ә. Телғозиевтікі

Е-е-ей!

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,

Дос келді деп, жасап жатыр анық той.

Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,

Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.

Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған,

Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар.

Қазақ осы күй шығарып, ән салып,

Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.

Қазақ осы - айтатұғын желге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы – аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-көсір.

Айхай! Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.

Е-е-ей!

Қазақ осы дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы «Өнер алды тіл» дейтін.

Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.

Қазақ осы көргенінен танбайтын,

Той-думансыз оты түзу жанбайтын.

Қазақ осы алудай-ақ алатын,

Ал беруден алдына жан салмайтын.

Қазақ осы - ашық жарқын қабағы,

Қонақ келсе шабылып бір қалады.

Байқа да тұр, саған да ол кетерде,

Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.

Айхай!Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.

Е-е-ей!

Қазақ осы - құда бол деп қинайтын,

Құдаларын құдайындай сыйлайтын.

Қазақ осы – дүние мен малыңды,

Оңды-солды шашу үшін жинайтын.

Қазақ осы – жайып жатқан қанатын,

Батыр халық, ақын халық – дәл аты.

Қазақ осы – өзімсінген адамға,

Насыбайға бола өкпелеп қалатын.

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,

Дос келді деп, жасап жатыр анық той.

Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,

Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.

Айхай! Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.

ӨЗ ЕЛІМ

Сөзі Қ.Мырзалиевтікі

Әні Н.Тілендиевтікі

Келгенде көктемі

Көңілін гүл басқан.

Шырағы көктегі

Жұлдызбен сырласқан.

Қ-сы:

Өз елім менің,

Өзегім менің,

Жырыма қосып жүремін.

Төрім деп менің,

Жерім деп сенің,

Соғады мәңгі жүрегім!

Түлегі сендер,

Тілегі сендер,

Тірегі сендер сол елдің»

Назары сендер,

Базары сендер,

Ажары сендер сол елдің»

Ақ күмбез астығы

Асқар боп өрлеген.

Жалынды жастығы

Жүлдені бермеген.

Қ-сы.

Бұзылмас қамалың

Батыры уақыттың.

Тербеген самалы

Бесігін бақыттың.

Қ-сы.

СӘЛЕМ САҒАН, ТУҒАН ЕЛ

Сөзі Ш.Сариевтікі

Әні К.Дүйсекеевтікі

Сыр бойындай баулардан,

Алатаудай таулардан,

Сарыарқадай даламнан,

Теңіз Каспий, Аралдан,

Баян-сұлу, Жібектей,

Төлегендей түлектей,

Ұл-қызы бар елімнен,

Жұлдызы бар жерімнен,

Сәлем саған, туған ел!

Аспаны бір, күні бір,

Жұлдызы бір, түні бір,

Даласы бір, гүлі бір,

Арманы бір, сыры бір,

Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!

Ұлы тойдай ұлы ісім,

Жаралған ел, жыр үшін,

Сырда сұлу – күрішім,

Қырда бидай – ырысым,

Миллиардтай алтын дән,

Миллиардтай бар тұлғам,

Жыршы, жырау салтымнан,

Әнші, күйші халқымнан,

Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!

Аспаны бір, күні бір,

Жұлдызы бір, түні бір,

Даласы бір, гүлі бір,

Арманы бір, сыры бір,

Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!

Туған бақыт таңы алдан,

Таңы нұрдан жаралған,

Байқоңырдан ғарышқа,

Қанат қаққан сан арман,

Қазақ деген даламнан,

Әруақты бабамнан,

Ардагерім әкемнен,

Ақ жаулықты анамнан,

Сәлем саған, туған ел!

Аспаны бір, күні бір,

Жұлдызы бір, түні бір,

Даласы бір, гүлі бір,

Арманы бір, сыры бір,

Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!

ҰЛТТЫҚ ТІЛІМ – АНА ТІЛ
Сөзі М. Әлімбаевтікі

Әні. С.Лұқпановтікі
Әлемнің шам шырағы күн де дара,

Адамның жан жүрегі діл де дара.

Бұйырған бір халықтың маңдайына

Тірліктің тілмашындай тіл де дара.
Қ-сы:

Ойымның нәрі – Ана тілі,

Тойымның сәні – Ана тіл.

Даңқымның тауы – Ана тіл,

Халқымның ары – Ана тіл.
Ежелден атам мирас еншіміз де,

Сөйлесер болашақпен елшіміз де.

Халқымыз қазақ тілі қазынасы,

Қастерлеп жайнатар деп сенсін бізге.
Қ-сы.
АҚ БЕСІГІМ

Әні Т.Бейсембектікі

Сөзі Ә.Ысқабайдікі

Әуел бастан,

Құшақ ашқан,

Әнге бөлеп санамды.

Ақ бесігім,

Бақ бесігім,

Шексіз сүйем даламды.
Жайған өркен,

Жайнап өлкем,

Жырдан шашу шашады.

Бұлбұл сайрап,

Алтын аймақ,

Көркін әнге қосады.
Туған жерім,

Туған елім,

Еркелетіп өсірді.

Бойға көрік,

Ақыл беріп,

Қатемді де кешірді.
Тауға биік,

Басым иіп,


Тұрсам үлкен мәртебе.

Маған қымбат,

Жері сымбат,

Өлкемдегі әр төбе.

АСТАНА

Сөзі А.Амантайдікі

Әні Қ.Мерсалимовтікі
Жарқырай бер мәңгі Астана !

Құлпырып өскен жас қала.

Сағындым сені Астана!

Аруым сен жас қала.

Қ-сы:

Гүлдей жайнап өскенсің Астана!

Мақтан тұтам сен(і) айтып жас қала!

Мөлдіреген аспаныңдай көк туың,

Жүрегімді елжіреткен жас қала.
Астана арман қала,

Шалқыған асқақ дала.

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен өскен нұрлы қала.
Қ-сы.

Көтерілген Астана,

Самал желдей жас қала.

Жарқырай бер мәңгі Астана,

Күлімдеген жас қала.

ДОМБЫРА ТУРАЛЫ БАЛЛАДА
Әні К.Дүйсекеевтікі

Сөзі Ш.Сариевтікі

Күй ойнайды қазағымның қанында,

Күй ойнайды қазағымның жанында.

Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –

Күмбірлеген домбырасы барында.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,

Анамыздың сырысың сен, домбыра.

Қазағымның жүрегінен жаралған,

Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,

Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.

Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,

Ғашықтардың көз жасындай пернеден.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,

Анамыздың сырысың сен, домбыра.

Қазағымның жүрегінен жаралған,

Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Домбырадай шежіре жыр болмаған,

Даламыздың тағдырларын толғаған.

Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,

Аманат қып ұрпағына жолдаған.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,

Анамыздың сырысың сен, домбыра.

Қазағымның жүрегінен жаралған,

Даламыздың үнісің сен, домбыра!

Керек бізге тыныштық
1.Керек маған таң нұры,

Аққу жүзген айдын көл.

Керек жаздың жаңбыры,

Салқын самал майда жел.
Қ-сы:

Нұрын маған себеді,

Осы шағым тым ыстық.

Бәрінен де керегі,

Бейбітшілік тыныштық.
2.Меніменен сырласып,

Бірге ойнайтын достар бар.

Біздер шаңғы тебетін,

Қыста керек ақшақар.

Қ-сы:
3.Бәрі болса жаман ба,

Сағындырды атам да.

Керек маған мама да,

Керек маған папам да.

Сарбаздар

Сайдың сірке тасындай қатар тізілген,


Шеру тартқан көркіңе .

Ерін сүйсінген,

Ән салшы сарбазым

Назданып салған өзіңе әнім.

Айхай қамажайым ай,

Салған әнің-ай.

Сағынғаным айхай

Күлсең болғаны-ай.

Жалаулаған алаулап жігер күшім сен

Ауылың мен бауырың аңсағаным мен,

Ән салшы сарбазым,

Ұсынған тілек өзіңе назым.

Айхай қаракөзім ай ,

Тұнған сезім –ай.

Жадырады айхай,

Айтқан сөзің –ай.

Айхай қамажайым ай,

Салған әнің-ай.

Сағынғаным айхай,

Күлсең болғаны-ай.

Қыздың сертін армандар ердің жүрегі

Азаматы боларсың, елдің тірегі

Ән салшы аруым

Жүректе жанған оттай қаруым.

Пай-пай қырандарым-ай,

Ұландарым-ай

Шарықтасын айхай ұрандарың-ай.

Ер жігітке аманат туған даласы,

Даласына жарасар сұңқар баласы.

Ән салшы сарбазым,

Күтуменен жүрмін өзіңді жаным.

Айхай бұран белім –ай,

Айдай керім-ай.

Аялаған айхай

Ардақты елім-ай.

Ән салшы аруым,

Жүректе жанған оттай қаруым.

Ән салшы сарбазым,

Назданып салған өзіңе әнім.

Айхай қара көзім

Тұнған сезім-ай .

Жадырады айхай айтқан сөзім-ай.

Пай-пай қырандарым-ай

Ұландарым-ай

Шарықтасын айхай ұрандарың-ай.

ТУҒАН ЕЛ

Сөзі Ә.Сәрсенбаевтікі

Әні Л.Хамидидікі

Сүйікті туған ел,

Шарықтап өсе бер.

Ардақты ата-ана,

Азаттық күресте

Шынығып өскен ел.

Гүлденіп, көркейіп

Өсе бер, өсе бер.

Сүйікті туған ел,

Көк майса, көркем бел,

Көңілді көтере

Қойныңнан жұпардай

Аңқылдап ескен жел.

Гүлденіп, көркейіп

Өсе бер, өсе бер.
Сүйікті туған ел,

Баурыңда айдын көл.

Жиһанда сендей бір

Мақтауға тұрарлық

Сүйкімді бар ма жер?!

Гүлденіп, көркейіп

Өсе бер, өсе бер.
Ана тілі

  1. Мерекенің ана тілі

Жырым менің ана тілі.

Көк жүзінде күлімдеген.

Бұрым менің ана тілі.

Білесің бе ана тілін,

Білесің бе дана тілін,

Қазақ үшін құдіретті

Әрқашанда ана тілі.

Қ-сы:

Балдай тәтті бала тілі,

Сөзі де тәтті ана тілі

Қазақ үшін қасиетті,

Жаса мәңгі ана тілі.

2.Гүлдей сені сағынамын.

Сағынамын күнде сені.

Айналайын ана тілі

Ардақтаймыз күні сені .

Білесің бе ана тілін,

Білесің бе дана тілін,

Қазақ үшін құдіретті

Әрқашанда ана тілі.


Қ-сы:

АНА ТІЛІ

Сөзі Ә.Табылдиевтікі

Әні М.Дауылбаевтікі
Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның. 2 рет.

Өсірген ой, білімді

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді. 2 рет.


Жас дәуірдің түлегіміз

Сөзі:Е. Өтетілеуов

Әні: И. Нүсіпбаев

1.Бау-бақша белдер,

Орман, тау, көлдер-

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті асқан,

Сәулеті асқан-

Көңілді ауыл, қаламыз.

Қ-сы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей.

Бақытты біздер баламыз! (2 рет).

2.Өзіміз туған,

Көбелек қуған.

Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып

Білімді адам боламыз.
Жас ұландар әні

1.Қазағым менің ұлі елім,

Ғаламның ашқан түнегін.

Кең байтақ алтын өрісім,

Өзіңдей асқақ-жүрегім.

Қ-сы:

Жас ұландар, жас қырандар,

Еркін елдің түлегіміз.

Көркейе бер гүл еліміз,

Сен деп соққан

Жалындап тұр жүрегіміз.

2.Мен сенің бастау бұлағың,

Өзіңе шашу бұл әнім.

Сап түзеп шықты нық басып,

Қырандай берік ұланың.

Қ-сы:

3.Сен маған бақыт бағымсың,

Бар әлем сені танысын.

Ант берем мәңгі қорғауға,

Алаштың арын, намысын.

Қ-сы:

Астана

1.Астана –арман қала,

Бағы бір жанған ала.

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Қ-сы.

Төкті оған нұрын дала,

Астана сұлу қала.

Біз оны анамыздай,

Сүйеміз шынында да.

2.Жүректе сақтап атын,

Жүретін салтанатым.

Астана биігіміз,

Биіктер күнге жақын.

Атамекен-ай

Сөзі:Ш. Сариев

Әні: Ж. Тұяқов

1.Кең далам , толғанайын, Толғайын!

Домбырам, қолға алайын жырлайын.

Қазағымның даласындай,

Көзімнің қарасындай, айналдым сені-ай , Атамекен-ай!

Қ-сы:

Армандаған күндер-ай,
Жұлдыз аққан түндер-ай.

Өзің куә өмірге

Кімдер өтті, күндер –ай

Атамекен-ай!

2. Теңіздей тебірендім, тербедің,

Сапарда сағынышым сен менің.

Дүние-ай, сырларымдай,

Мөлдіреп тұрғанымдай,

Сағындым сені-ай , Атмекен-ай.

Сағыныш мұңдарыдай,

Айналдым сені-ай , Атамекен-ай.
Саржайлау

Жазира, жасыл кілем өрнектеген

Туған жерге, дариға, жер жетпеген.

Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем,

Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем.

Қ-сы:

Саумал бұлақ б-балдай дәрім,