Файл: Мектеп уендері мектеп уендері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 320

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөленіңдер шаттанып,

Шәкірттердің әніне.

Қ-сы.

СЫҢҒЫРЛА, ҚОҢЫРАУ, СЫҢҒЫРЛА!

Сөзі С.Қалиевтікі

Әні М.Дауылбаевтікі
Армысың, аяулы мектебім!

Сағынып оралдық қайта біз.

Демалыс, жаз қалай өткенін

Өзіңе жыр қылып айтамыз.
Қ-сы:

Әкелдік көл лебін, күн нұрын,

Гүлдерін ойдың да, қырдың да.

Той бүгін шаттанбас кім бүгін

Сыңғырла, қоңырау, сыңғырла!
Көп сырын қоңырау үнінде

Ырысын арқалап күз келді.

Ыбырай атадай білімге

Шақырып тұрсың-ау біздерді.

МАҒАН ҰСТАЗ ҮЙРЕТТІ

Сөзі Ж.Сыздықовтікі

Әні М.Дауылбаевтікі
Маған ұстаз үйретті

Әліппесін өмірдің,

Жан-жүйемді билетті

Күйі шалқып көңілдің.
Мені ұстаз баулыды

Тәтті жыр мен өлеңге.

Тәрбиемнің әр күні

Тартты ілгері белеңге...
Қайырмасы:

Қиялымды кездірді,

Таптым ойдың тұрағын.

Маған ұстаз сездірді

Алдағы өмір шырағын.
Өмір күйі аңсаған,

Қандым мөлдір тұнықтан.

Шашты қырау шалса да

Ұстазымды ұмытпан!

БІРІНШІГЕ БАРАМЫН

Сөзі С.Сейітовтікі

Әні Т.Тайбековтікіі

Биыл күзде мектепке,

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер, қаламын.
Мынау – есеп кітабым,

Мынау – менің «Әліппем».

Бәрін жинап сықадым,

Тұрмын түгел танып мен.
Ойыншығым, қаларсың,

Берем енді ініме.

Кейін әлде аларсың

Сентябрьдің бірінде.

САЯ БАҒЫМ

Сөзі Ш. Смаханұлынікі

Әні А. Райымқұлованікі

Сүйікті менің мектебім,

Самалды сая бағымдай.

Өзіңнен өсіп көктедім,

Талабым тасқа шағылмай.
Еркелеп өстім жарқылдай,

Еңселі үйім, төрінде.

Анамның махаббатындай

Құшағың ыстық сенің де.
Үш десең күнге жетейін,

Баулыған өзің, мектебім.

Жерімді көркем етейін,

Әкеліп ерте көктемін.
Еркелеп өстім жарқылдай,

Еңселі үйім, төрінде.

Анамның махаббатындай

Құшағың ыстық сенің де.


Үйретеді мектептерде, үйретеді


НАУРЫЗ

әуендері



НАУРЫЗ
Сөзі М. Ермекбаевтікі

Әні Қ. Сәтиевтікі

Кәне, достар, биле, биле,

Құлағың сал ән мен күйге.

Наурызды тойлағанда

Отырмаңдар босқа үйде.

Наурыз! Наурыз! Наурыз!

Таң шапағы қарсы алып наурызда,

Құт-береке тілейміз ауылымызға.

Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық,

Шат көңілмен бәріміз ән салайық.

Қ-сы:

Наурыз! Наурыз! Наурыз!

Құтты болсын!

Наурыз! Наурыз!

Құтты болсын Наурыз!

Келіңіздер, келіңіздер,

Бізбен бірге еріңіздер.

Ақ көженің дәмін татып,

Тамсанып бір көріңіздер.

Наурыз! Наурыз! Наурыз!

Таң шапағы қарсы алып наурызда,

Құт-береке тілейміз ауылымызға.

Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық,

Шат көңілмен бәріміз ән салайық.

Қ-сы:

Бақыт тілеп жолдастарға,

Жаңа өмірді қарсы алайық.

Ақ көңілмен, ақ тілекпен,

Асқақтата ән салайық.

Наурыз! Наурыз! Наурыз!

Таң шапағы қарсы алып наурызда,

Құт-береке тілейміз ауылымызға.

Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық,

Шат көңілмен бәріміз ән салайық.

НАУРЫЗ КЕЛДІ
Сөзі Қ. Смағұлдікі

Әні Н. Дүкенбайдікі

Наурыз келді далама,

Наурыз келді қалама.

Қуанады ата-ана,

Қуанады бала да.

Оң болды да жорамыз,

Төлге толды қорамыз.

Айран, қымыз толығып,

Аққа толды шарамыз.

Наурыз болсын әніміз,

Наурыз болсын сәніміз.

Наурыз көже көп ішсек

Жасарамыз бәріміз.

НАУРЫЗ

Сөзі Е.Жапақтікі

Әні А.Сағаттікі

Шығыстан жалын тарады жер бұсана жатты бұдай,

Күн теңесіп түн мен қалады қалаған соны құдай.

Түркістан тасы ерідау көктем,

Көзімнің жасы айхау еркем.

Наурыз, наурыз!

Жылы жел келді, айхай, сары май,

Тары көже төгілдей,

Ақтады жайдау, айхай!

Қарасаң алтын мейрам адамнан келді арай,

Жер беті жасыл сайран сары дала әнмен шырай.

Түркістан тасы ерідау көктем,

Көзімнің жасы айхау еркем.

Наурыз, наурыз!

Жылы жел келді, айхай, сары май,

Тары көже төгілдей

,

Ақтады жайдау, айхай! 

НАУРЫЗ

Сөзі Г.Жұмақасовтікі

Әні Л.Мельникованікі

Жаңа Жыл – Наурыз.

Оқуда да табыс.

Әр үйге шаттықты,

Әкеледі бақытты.

Қ-сы:

Наурыз, Наурыз!

Ән, ойын, жарыс.

Әнімен қобыз.

Әкелер жақсы іс.

Көңілді айтыс,

Біз үшін табыс.
Наурыз – жаңа жай.

Далаға кілем жай.

Алтындай қызғалдақ –

Жас жылды қарсы алсақ.

Қ-сы:

НАУРЫЗ

Сөзі А.Байтұрсыновтікі

Әні Б.Ахмешевтікі

Сәлем бердік! Жас Наурыз, жылдың басы!

Жұрттың күткен, мінеки, ықыласы!

Көжесін қып, күйбеңдеп, басын асып,

Бермек әркім барынша қонақ-асы.

Келгеніне құттықтап бірін-бірі,

Қуанышта, көрісіп кәрі-жасы.

Қ-сы:

Сәлем бердік! Жас Наурыз, Наурыз, Наурыз!

Құтты болсын! Жас Наурыз, Наурыз, Наурыз!

Көңілі түгел адамның сен келген соң,

Самарқанның елжіреп түскен тасы.

Күйін көріп қуанған мұңсыз деме!

Толып жатқан көбінің бар мүддесі.

Табақ тартып: «Сәлем», – деп қол жаяды жұрт

Батаңды бер, жарылқар жыл мырзасы!

Қ-сы.

Сәлем бердік! Жас Наурыз, жылдың басы!

Жұрттың күткен, мінеки, ықыласы!

Көжесін қып, күйбеңдеп, басын асып,

Бермек әркім барынша қонақ-асы.

Келгеніне құттықтап бірін-бірі,

Қуанышта, көрісіп кәрі-жасы.

Қ-сы.

Наурыз думан

Әні Т.Сарыбаевтікі

Сөзі М.Мақатаевтікі

Наурыз айы туғанда,

Той болушы еді бұл маңда.

Сақталушы еді сыбаға,

Сапарға кеткен ұлдарға,

Наурыз айы туғанда.

 Наурыз, наурыз күні игі,

Күні игі жердің түрі игі!

Бауыры жылып науат қар,

Бабымен ғана жібиді.

Наурыз, наурыз күні игі,

Күні игі жердің түрі игі!

Шашылып ырыс шанақтан.

Шақырып бір үй бір үйді,

Шаттанушы еді бір игі!

 

Осынау игі кең жерге,

Наурыз айы келгенде.

Наурыз тойын бергенде,

Көрмегендер де арманда,

Арманда оны көрген де.

Келіп ем өмір-орманға,

Наурыз айы келгенде.

Наурыз

1.Жаңа жыл наурыз

Оқуда да табыс,

Әр үйге шаттықты,

Әкеледі бақытты.

Қ-сы:

Наурыз, наурыз,

Әнмен елді жарыс.

Әніменен қобыз,

Әкелер жақсы іс,

Көңілді айтыс біз үшін табыс.

2.Наурыз жаңа жай,

Далаға кілем жай.

Алтындай қызғалдақ,

Шашылды қарсы алсақ.

Қ-сы:

3.Наруыз Новый год,

Счастье нам принесет.

Каждый дом звонкий смех


И вучебе успех.

Пр-в:

Наурыз , наурыз,

Танцы игры и айтыс.

Радостный и веселый.

Праздник внашей школе

Наурыз

1.Жаңа жыл келді наурызым,

Бәйшешек жарды қауызын.

Жыл менен бірге малта өлшеп,

Пісірді әжем уызын.

Наурыз келді Жаңа жыл,

Арнайы саған жаңа жыр.

Жасарды жайнап дүние,

Оранды гүлге ой мен қыр.
Қ-сы:

Наурыз, наурыз жыл басы,

Жаңа жыл жырдың арнасы.

Құт әкелсін жаңа жыл,

Қуансын деп баршасы , наурыз.
2.Жаңа жыл келді халайық,

Наурыз бізді қарсы алайық.

Жаңа өмір , жаңа жыр арна.

Шырқатып әнге салайық

Гүл менен көп сөйлестік,

Наурыз амал желге өстіп.

Құтты болсын, Жаңа жыл

Тойлайық достар бұл кешті.

Құтты болсын, құтты босын наурыз.

Қош , кедің төрлет наурызым

1.Қош келдің, төрлет наурызым,

Ерітіп дала қар, мұзін.

Бәйшешек жады ақ гүлін,

Гүлденді жайнап жер жүзі.

Қош кедің төрлет наурызым.
2.Қош келдің, төрлет наурызым,

Қызғалдақ толы ал қызыл.

Даланы-ай ән –жыр күй кернеп,

Өнерін салсын ұл-қызың.
Қош кедің төрлет наурызым.
3.Қош келдің, төрлет наурызым,

Дастарқан толы дәм тұзың.

Әрдайым халқың мол болсын.

Береке, байлық ырысың.

Қош кедің төрлет наурызым.
НАУРЫЗЫМ – НАҚЫЛ ЖЫР

Сөзі мен әні Ж.Кәрімованікі

Нұр құйса дарқан дарқан далама таңның шапағы,

Күн күлсе, терлеп Жер-ана бүршік атады.

Бозторғай жырласа жырын ашық аспанда,

Күй ойнап, шырқалып әндер шалқып жатады.

Қ-сы:

Наурызым – бабамның сөзі,

Наурызым – анамның сөзі,

Ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі.

Ұлыстың ұлы күнінде ізгі ол жарқын,

Елдікті ңасиет тұтқан дәстүр мен салтым.

Тілеген елдің іргесін, жер амандығын

Сақтаған Наурызды бізге айналдым, халқым.
Қ-сы.

Жаңарып, жаңғырып жаны түлеген далам,

Наурызда тілеуін төгіп, тойлаған бабам.

Ақтарып ақ дастарқанға қалған бар дәмін,

Амандық ауылдасына тілейді анам.

Қ-сы.

Қазақы дастарқан

1.Ей халайық, халайық,

Бар өнерге салайық.

Асық болып бас тартқан,

Жайылып тұр дастарқан.

Жақсы келсе құт болар,

Жаман келсе, жұт болар.

Жолаушымыз біз деген.

Асыл мұра іздеген.
Қ-сы:


Дастарқан-ау , дастарқан,

Мерекелі дастарқан.

Беркелі дастарқан-ей.
2.Уайым қайғы жоқ болсын,

Қуанышың көп болсын.

Айналайын ағайын.

Үміт отын жағайын.



Ана туралы әуендер



Әже

1.Айналайын әжемнен,

Бақыт, байлық әкелген.

Өмір жүгін өзінің

Көрінеді көзіңнен.

Абзал ана әжешім,

Ән салады көкешің,

Балаларың бағына

Әрқашанда керексің.

Қ-сы:

Әже, әжетайым,

Еркелеп қарайсың.

Сен жүрсең ортада,

Бақыт деп санаймын.

2.Айналайын әжетайым,

Аялаған еркетайым.

Жүрек өмір жыр арнады,

Ем болайын қол қанатым.

Әжім басқан жанарыңды,

Көркем әсем ажарыңды.

Аман –есен жүрші әжеке,

Балалардың базарында.

Қ-сы:

Асыл әжем

1.Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,

Сағынышмы сары ормандай самсаған.

Әке болып жүрегімде ұмытып,

Әлі күнге еркелеймін мен саған.
2. Құлындаймын асыр салған аңғардай,

Қозыңдаймын ойнақтаған албардай.

Өзің бардай қысылмаймын күлуге,

Жылауға да қысылмаймын сен барда.
3.Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,

Мен өзіңнен қабылдаппын күлуді.

Сенің жаның жүрегіме оралып,

Менің жаным жаулығыңа түюлі.
Ақ мамам

Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп мені,

Құлыншағым, күнім дейтін.

Ақ мамам, ақ мамам,

Құлыншағым күнім дейтін 2рет
Әлемдегі ақылды адам,

Бәрінен де сол жақын маған.

Ол жанымжа жүрсе егер,

Батырларша батылданам.

Ақ мамам, ақ мамам,

Батырларша батылды анам. 2рет
Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген ақ мамады,

Жүрсем деймін шаттандырып,

Ақ мамам, ақ мамам

Жүрсем деймін шатттандырып. 2рет

Анашым

1.Анашым менің анашым,

Жаныма жақын жанасың.

Жылытып балғын жүректі,

Жарқырап күндей жанасың.

Анашым менің анашым,

Аялап мені бағасың,

Не керек бәрін табасың,

Анашым менің анашым.

Анашым, анашым, анашым, анашым.

2.Анашым менің анашым,

Ақылы асқан данасың.