ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 319
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жасай бер, жері бай,
Тәуелсіз елім-ай!
Бармақтан күй тамған, жез таңдай әншіміз,
Ғасырдан ғасырға ұласар даңқымыз.
Әлемге әйгілеп елімнің есімін,
Айқара аштық біз азаттық есігін.
Қ-сы.
ЖЕРІМ МЕНІҢ
Сөзі Н.Назарбаевтікі
Әні Б.Тілеухановтікі
Байлығы қазағымның кең даласы,
Ырыстың ұясындай сай-саласы.
Туған жер қасиетіңнен айналайын,
Таусылмас ұрпағымның қазынасы.
Қ-сы:
О-о-о, Жерім менің,
Бабамнан қалған кең дала,
Анам сенсің, мен балаң.
Арым сенсің аялар,
Беу, кең далам,
Аманатым қорғаным.
Жетісу жер жаннаты ғажабың-ай,
Думанның, Сарыарқам бар базарыңдай.
Арасы өр Алтай мен Атыраудың,
Жаратқан бұйырыпты қазағыма-ай.
Қ-сы:
ҚАЗАҚСТАН
Сөзі Ғ. Жұмабаевтікі
Әні С. Мұхамеджановтікі
Қарт Алатау
Бұлтты құшқан,
Көгінде «Ту»
Зулап ұшқан,
Менің жерім
Туған елім –
Күн сәулелі Қазақстан.
Жерін самал
Ескен майда,
Толқындаған
Егін жайда
Далам менің
Анам менің
Туған елім – Қазақстан.
Күн елісің
Күлімдеген,
Гүл елісің
Гүлі берен,
Мейірбанды,
Ізгі жанды,
Туған елім – Қазақстан.
АТЫРАУ – ӘНІМ
Сөзі мен әні М.Дауылбаевтікі
Атырауым кең байтақ туған далам,
Өзіңнен мен күннен күнге қуат алам.
Сен менің ән-жырым,
Көрікті сән гүлім.
Қаламсың көркейген Атырау,
Қаламсың көркейген Атырау,
Көркейіп гүлденген Атырау!
Мұнай-газың елімнің берекесі,
Қазағымның сенсің ғой кең өлкесі.
Мақтаны елімнің –
Артады сенімім,
Өзің деп ән айтсам Атырау.
Сан ғасыр ұрпақтардың дастанысың,
Болашақ бақытты өмір бастауысың.
Өзіңе жыр жазсам,
Көңілмен шырқап ән
Көркейіп гүлденген Атырау!
КӨКТӨБЕ КЕШІ
Сөзі Н.Әлімқұловтікі
Әні А.Еспаевтікі
Жүрші құрбым, Көктөбеге барайық,
Кеудемізге қырдың гүлін тағайық.
Алатаудың саясында сайрандап,
Алматыға тамашалап қарайық.
Алаулайды гүлдің әсем шоқтары,
Шарықтайды жастық шақтың шатты әні.
Астананың жұлдызындай аспанда,
Жарқырайды Көктөбенің оттары.
Аспалы жол жақындатты төбені,
Асқар таулар төбемізден төнеді.
Көңіл шалқып, қанат бітіп қиялға,
Алматыға қарай бергің келеді.
Байтақ жердің бетінде де, көкте де,
Дәл осындай сырлы, сұлу жоқ төбе.
Армандастар, замандастар табысқан,
Осы болар «жер ортасы – Көктөбе».
ТУҒАН ЕЛ!
Сөзі Ш.Мұхамеджановтікі
Әні М.Дауылбаевтікі
Алыста жүрсем, аңсарым – туған жер,
Бақша-бауларың
Қырларың жүзген ақ сағым
Көгілдір асқар атуларың.
Көгілдір асқар атуларың.
Көңілден бір сәт кетпейді,
Ұлдары арман қуған ел
Еш қызық саған жетпейді
Ақ әжем менің туған ел.
АЙНАЛАЙЫН ЕЛІМНЕН
Сөзі М. Әміржановтікі
Әні Н. Дүкенбайдікі
Айналайын туған елімнен,
Байтақ жатқан құтты жеріңнен.
Ұл-қызыңа шалқып әрдайым,
Орын берген сыйлы төріңнен.
Бұлбұл құстай шырқап сайраймын,
Жас құрақтай көктеп жайнаймын.
Теңдік алған шалқар еліме,
Еңбек етем шаршап-талмаймын.
Айналайын биіңнен, айналайын күйіңнен.
Шағаладай ақ күмбез, айналайын үйіңнен.
Айналайын әніңнен, айтылатын мәнімен.
Айналайын туыңнан, желбіреген сәнімен.
Майра апамдай сазды сызылтып,
Ән шырқаймын түрлі құбылтып.
Иса ағамдай ағып тасқындап,
Жыр ағытам шалқи шұбыртып.
Дина болып жауып нөсерлеп,
Күй тартамын төгіп әсерлеп.
Ата салтын биік қастерлеп,
Өрнек салам сәндеп-мәнерлеп.
Айналайын биіңнен, айналайын күйіңнен.
Шағаладай ақ күмбез, айналайын үйіңнен.
Айналайын әніңнен, айтылатын мәнімен.
Айналайын туыңнан, желбіреген сәнімен.
Ұршығындай асыл әжемнің
Шыр айналып еркін билеймін.
Домбырама барлық әлемнің,
Әнін салып баптап күйлеймін.
Үлкен өнер қилы жолында,
Жалығуды әмсе білмеймін.
Нұрын шашқан күллі жаһанға,
Жарқыраған ашық күндеймін.
Айналайын биіңнен, айналайын күйіңнен.
Шағаладай ақ күмбез, айналайын үйіңнен.
Айналайын әніңнен, айтылатын мәнімен.
Айналайын туыңнан, желбіреген сәнімен.
АЛМАТЫ ТҮНІ
Сөзі Т.Молдағалиевтікі
Әні Д.Сүлеевтікі
Жұлдыздар жерге жақындап,
Байланып қалған секілді.
Қаз қатар өскен тату бақ,
Ойланып қалған секілді.
Самалға кешкі шомылып,
Арманның оты жанады,
Менің де жастық өмірім
Көшеде кетіп барады.
Қ-сы:
Алматы түні, Алматы түні,
Ұйқымды менің ұрлады.
Алматы түні, Алматы түні,
Мен болып таңың жырладым.
Алатау алтын лағылдай,
Сәукеле киіп тұр үнсіз.
Ұқсайды көшең ағылған,
Алатау арман тынымсыз.
Қайырмасы
АУЫЛЫМ – ӘНІМ
Сөзі Б.Тәжібаевтікі
Әні Е.Хасанғалиевтікі
Қайда жүрсем, туған жерім
Сен есімнен шығармысың!
Жастық дәурен құрған жерім
Көз алдымда тұрармысың!
Ғашық едім қыр гүліне
Қызық-тойым сенде өтеді
Сенде өткерген бір күніме
Дүниеде не жетеді!
Сүйем таныс жолдарыңды
Саған бастап әкелетін.
Сүйем жасыл талдарыңды
Жанға ләззат әперетін.
Сүйем айна көлдеріңді
Мөлдіреумен қарайтұғын.
Сүйем белес-белдеріңді
Таң сәулесі тарайтұғын.
Саған жырдан сый арнағам.
Қиял құсын қуған жерім.
Туған жерін сүйе алмаған –
Сүйе алар ма туған елін!
Ауылымнан аттанарда,
Алтын аймақ ән салады.
Жол тынымсыз тартқан алға
Жүрегімді нұр шалады.
АҒАДЫ - ЕРТІС
Сөзі А.Шамкеновтікі
Әні И.Жақановтікі
Көгілдір толқын, көгілдір тоғай
Көгілдір көкпен жарасып.
Көңілге түрлі ой салған талай
Құмартқан талай сан ғашық.
Қ-сы:
Ертісім қабыл ал, жырды,
Қабыл ал, осы әнді де,
Жағаңда сенің айтылған сырды
Ұмытпас ешкім мәңгіге.
Ағушы ең терең ойға бір шомып,
Алдыңнан шықты ашық күн.
Мүмкін сен келер ұрпақты көріп,
Жеткенше бізге асықтың.
Қ-сы.
Ертісім берік айнымас жолдас
Өзінше бір сыр толғайды.
Өзенсіз мұхит, теңіз де болмас,
Елінсіз ер де болмайды.
Қ-сы.
Ертістің қатты ағыны, сәулем,
Ағынға бетті түзейік.
Осының өзі қызық бір дәурен,
Толқынға қарсы жүзейік.
АЛМАТЫМ МЕНІҢ
Сөзі Н.Әлімқұловтікі
Әні М.Сағатовтікі
Алматымда тұр алаулап
Алтын нұры айдың.
Жүрдің бе сен тамашалап,
Көшесінде Абайдың?
Қ-сы:
Алматының бағы қандай,
Алмасының дәмі балдай,
Алма дидар арулар
Қыз Жібек пен Баяндай!
Көктөбеде ақ отау бар,
Саясында – Арман.
Бұлттан асқан Алатау бар,
Мұз бен гүлден жаралған.
Қ-сы.
Алматының кеші қандай,
Алатаудың төсі қандай!
Күн қала бұл, Ай қала
Аймала жел, аймала!
Қ-сы.
Өстім сендей жарқын таңда,
Жастық отын жағып,
Мен есейіп марқайсам да,
Сен өсе бер жасарып!
АРМАН ҚАЛА – АСТАНА
Сөзі Е. Шаймерденовтікі
Әні М. Омаровтікі
Ағылып Атыраудан, Алатаудан,
Көш қонды Қараөткелге таласа ауған.
Жайнайды Астана ару алқасындай,
Ғажайып ғимараттар жаңа салған.
Сарыарқа сауырында,
Ерке Есіл баурында
Келеді бой көтеріп арман қала.
Қ-сы:
Арман қала!
Асыл дала!
Жаңа астана! Әз Астана! Астана!
Төріне туған жердің туын тігіп,
Ерекше ел ел еңсесі бүгін биік.
Астана – Ақ Ордасы қазағымның,
Алтын тәж ақ маңдайға қонған сүйіп.
Сарыарқа сауырында,
Ерке Есіл баурында
Келеді бой көтеріп арман қала.
Қ-сы.
Көз тоймас келбетіңе - қандай көркем!
Астанам – жаңа қала жайған өркен.
Астанам – жүрегі елдің, жүрегі елдің,
Соғатын сәтіменен бүгін де, ертең!
Сарыарқа сауырында,
Ерке Есіл баурында
Келеді бой көтеріп арман қала.
АЛАТАУ
Сөзі Н.Әлімқұловтікі
Әні Н.Тілендиевтікі
Алып тұлға байсалды
Манаураған Алатау.
Қызыл-жасыл гүлдерің
Алаулаған Алатау!
Манаураған Алатау,
Алаулаған Алатау!
Қ-сы:
Шыңыңа көз жетпес,
Көркіңе сөз жетпес,
Басыңнан қар кетпес,
Өзіңе тау жетпес!
Өңірің гүлді,
Өмірің жырлы,
Жадыра жайдарлым.
Бақыт нұр шашқан,
Даңқың бар асқан,
Атыңнан айналдым!
Өңірің гүлді,
Өмірің жырлы,
Жадыра жайдарлым.
Бақыт нұр шашқан,
Даңқың бар асқан,
Атыңнан айналдым!
Айбат берген Алатау,
Заңғар тасы бұлттарға
Өр тұлғасы жастарға
Қайрат берген Алатау!
Айбат берген Алатау,
Қайрат берген Алатау!
Шыңыңа көз жетпес,
Көркіңе сөз жетпес,
Басыңнан қар кетпес.
Қ-сы.
Қыз бейнелі гүліңді
Жиып алсам, шіркін-ай!
Шежіредей сырыңды
Түйіп алсам, шіркін-ай!
Жиып алсам, шіркін-ай,
Түйіп алсам, шіркін-ай!
Шыңыңа көз жетпес,
Көркіңе сөз жетпес,
Басыңнан қар кетпес,
Өзіңе тау жетпес!
Қ-сы.
ӘНІМСІҢ, ӨЛКЕМ
Сөзі Қ.Қазыбековтікі
Әні С.Қайырғалиевтікі
Далам менің бөленіп жасыл нұрға,
Туған жерім, жатырсың тұнып сырға.
Аспаныңда шарықтап ән боп бүгін,
Жүрегімнен айналдың асыл жырға.
Қ-сы:
Нұрлы өлкем бақытымсың,
Шаттығымсың бойымдағы.
Мәңгілік асылымсың қолымдағы,
Аңсаған арманымсың ойымдағы.
Айың туып оңыңнан, жұлдыз жанған,
Көрген жанның көркіңді көңлі толған.
Шайқалмауын тілеймін көлдеріңнің,
Асқарыңды, шыңыңды қыран қонған.
Қ-сы.
БАРЫП ҚАЙТ, БАЛАМ, АУЫЛҒА
Сөзі А. Қадырбаеванікі
Әні Т. Бақтыгереевтікі
Барып қайт, балам!
Ауылға туған барып қайт.
Шалғынға аунап,
Құмында ойнақ салып қайт.
Өр болып келед біз жақтың азаматтары,
Намысты соның көкігерінде жанып қайт.
Барып қайт!
Барып қайт, балам, ауылға туған барып қайт.
Белесі, белі,
Жоқ, әлде мидай дала ма,
Қарама, жаным.
Қалдырмай бәрін арала.
Шомыла барсаң, байқарсың, күміс көліңе,
Іздерім жатқан секілді менің жағада.
Арала!
Арала бәрін – орман ба, тау ма, дала ма?!
Болад деп қандай,
Сұрайтын едің жайлауды.
Сыбағаң үшін
Бір қозы сонда байлаулы.
Аңқылдап келіп арғымақ тартар ағайын,
Алтынды-зерлі ер-тұрмандары сайлаулы.
Байлаулы!
Көзіңмен өзің қайтарсың көріп жайлауды.
Ауылың жайлы
Қиялың менен елесің,
Айналып шыңға,
Ғажайып күйге енесің.
Атаң мен марқұм әжеңнің сонда бейіті,
Соға кел, қалқам, елемей кетті-ау демесін.
Басына барсаң,
Түс ауып кетпей, ерте бар.
Қасыңа, жаным,
Жөн білер біреу ерте бар.
Атымнан менің топырақ таста иіліп,
Әкеңнің осы сағыныш күйін шерте бар.
Шерте бар!
Әкеңнің осы сағыныш күйін шерте бар.
Ертелі-кешті
Қуалай бермей, ойынды,
Бір ауық, қарғам,
Арманға жүздір ойыңды.
Көпшілік көзі сынағыш келер мұндайда,
Абайлап басып, түзетіп ұста бойыңды.
Бойыңды!
Абайлап басып, түзетіп ұста бойыңды.
Барып қайт, балам,
Ауылға туған барып қайт.
Шалғынға аунап,
Құмында ойнақ салып қайт.
Біз жақтың қызы ибалы келед, құлыным,
Жарқ етіп, жаным,
Жанарын шоқ боп қарып қайт.
Барып қайт!
Барып қайт, балам, ауылға туған барып қайт.
ЖАЗИРА ДАЛАМ
Сөзі С.Жиенбаевтікі
Әні Б.Құрманғалиевтікі
Туған далам, асыл анам – ардағым
Дән-дәрия, гүл-жазира жан-жағым
Қырларыңда ақ сағыммен жарысып
Аспанында аққу болып шарладым
Қ-сы:
Балауса белдерім
Көгілдір көлдерім
Шаттығым сен менің
Асқартау – сен маған
Жайқалған қырында алтын дән
Жазира кең далам!
Алғаш рет қаздар ұшып жеткенде
Қараймын мен көз жеткісіз көк белге
Қалады ылғи менің жаным жадырап
Ақ жаңбырлар қырға төгіп өткенде
Қ-сы.
Туған далам, жері жомарт – дән-далам
Қырандары көк аспанға самғаған
Қазақстан – каһармандар елі деп
Атағыңа бас иеді бар ғалам
Қ-сы.