Файл: Мектеп уендері мектеп уендері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 324

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Шымырлаған аязда,

Зымырайды шанамыз.
Қ-сы.

ЖАС СПОРТШЫЛАР ӘНІ

Сөзі Т. Молдағалиевтікі

Әні Н. Тілендиевтікі
Біз жас ұлан қол созамыз арманға,

Алдымызда бақыт барда, таң барда.

Қуанамыз, ән саламыз бәріміз,

Балалаықтың оты лаулап жанғанда.
Қайырмасы:

Көлде жүзіп, тау аралап,

Жарысамыз желменен.

Жас ұландар, біздің жолдар,

Қияларға өрлеген.
Шынығамыз, өрмелейміз шың-құзға,

Келешектің кілті бізде-ұл-қызда.

Ертең үйден аттанамыз алысқа,

Ертең сапар шегеміз біз жұлдызға.
Достар, достар туған жерді арала,

Туған өлке құшақ жайған жан ана.

Жол шақырса жолың болсын әрқашан,

Жол шақырса алды-артыңа қарама.

АҚБҰЛАҚ
Сөзі, әні Б.Тәжібаевтікі

Күндіз-түні бір тынбай,

Дала кезген шапқылап.

Құмар едім өзіңе

Бала кезден, Ақбұлақ.

Әнге бөлеп маңайды,

Асып-тасып жатасын.

Ақ моншақтан аспанға

Шашу шашып жатасың.

Сенің келіп жағаңнан

Анам талай су алған,

Сенің келіп жағаңнан

Әкем атын суарған.

Айналайын, Ақбұлақ,

Асыр салғам жағаңда,

Сенен артық өлкені

Бұл әлемнен табам ба!

Арудайын еркелеп,

Мың бұралған, Ақбұлақ,

Айдын көктен ғашық боп

Күнді ұрлаған, Ақбұлақ.

Сен болмасаң қыр гүлі

Ашылмайды, Ақбұлақ.

Саған деген құмарым

Басылмайды, Ақбұлақ!

Сенің келіп жағаңнан

Анам талай су алған,

Сенің келіп жағаңнан

Әкем атын суарған.

Айналайын, Ақбұлақ,

Асыр салғам жағаңда

Сенен артық өлкені

Бұл әлемнен табам ба!

Шексіз жатқан жерімді

Сүйіп келіп жатасың,

Бойындағы барыңды

Үйіп беріп жатасың.

Тынбай кезсем даламның

Атырабын, Ақбұлақ,

Тұнығыңа ойымды

Батырамын, Ақбұлақ.

Сенің келіп жағаңнан

Анам талай су алған,

Сенің келіп жағаңнан

Әкем атын суарған.

Айналайын, Ақбұлақ,

Асыр салғам жағаңда

Сенен артық өлкені

Бұл әлемнен табам ба!

БАЛБҰЛАҚ

Сөзі М. Жаманбалиевтікі

Әні Н. Дүкенбайдікі

Сылдыр-сылдыр сылдырап,

Мөлдір бұлақ ағады.

Былдыр-былдыр бал құрақ,

Көмкереді жағаны.
Балғын-балғын балалар,

Саялайды құрақта.

Отырады жағада,

Шомылады бұлаққа.
Күнде келіп апам да,

Мөлдіреген су алып.

Тұнығынан шопан да,

Тұрады қой суарып.
Түрлі-түрлі, не түрлі,

Бар-ау қызық мінезі.

Еліктейтін секілді

Адамға да бұл өзі.
Тайызынан су алса,

Лайлана қалады.

Тереңінен су алса,

Күлім-күлім қағады.



МАХАББАТ

әуендері




Ауырмайды жүрек

Жастыктын жалынды бір күні еді
Тым ерекше атты тандар ай
Көздеріне көзін байланғанда
Жүрек тулап оттай жанған ай
Неге ояттың мені жүрмедінбе
Ойсанамды мәңгі жалғамай
Неге ғана маған кездестін сен
Ғашық болдым қалай аңдамай
Ауырмайды жүрек ауырмайды
Сенсіз өткен күндер болмаса
Ауырмайды жүрек ауырмайды
Сен ойлатқан түндер болмаса
Ауырмайды жүрек ауырмайды
Мөлдіреген көзің болмаса
Ауырмайды жүрек ауырмайды
Сүйем деген сөзің болмаса.


Жалындаған сол бір жаздың мәнін
Күз мусери енді жалғасын
Ауырады жүрек ауырады
Ауырады жүрек болғасын

Бізде емес сол жақ жылы дейме

Самғай бер қанатын талмасын
Жылатасын дағы жұбатасын
Әрбір сөзің аққан қорғасын

АЙНАЛАЙЫН

Сөзі М.Шахановтікі

Әні Е.Хасанғалиевтікі
Өзің едің тірегім де,

Жыр боп тұндың жүрегімде...

Сені мендей түсінетін,

Кім бар екен бұл әлемде?

Қ-сы:

Жарқын құшақ жайған айым,

Ниетіңе сай болайын.

Мені сүйген жүрегіңнің

Лүпілінен айналайын.
Әнің әнге жалғассын деп

Келеді арман алға сүйреп.

Менің кемем өрге жүзсе,

Сен қуандың алғаш рет.

Қ-сы.

Саған мәңгі борыштармын,

Көңіліме қоныстандың,

Азаматтық ажарыңа,

Мақтау айтсам намыстандың.

Қ-сы.

АҚ БАНТИК

Сөзі М.Шахановтікі

Әні Ш.Қалдаяқовтікі
Балауса қыз едің бір кезде,

Шашыңа ақ бантик байлаған.

Өзгеріп кетіпсің бұл кезде,

Көркіңе көз тастап ойланам.

Қ-сы:

Нұрлы бейнең таңдай жарқын,

Арманысың қандай жанның.

Шынарым-ай,

Сен, мөлдірсің, еркем,

Тау бұлағындай.

Жол жатыр шақырып алдыңда,

Өмір тұр ұсынып шаттығын.

Білмеймін, бой жетіп қалдың ба,

Шашыңда ақ бантик жоқ бүгін.

Қ-сы.

Жылдардың еркіне бағындың,

Жылдарға қол сөздың, жан құрбым.

Белгісін балалық шағыңның

Айтшы сен, қай жерде қалдырдың.

Қ-сы.

ҚАРЛЫҒАШ
Сөзі И.Матақовтікі

Әні А.Жұбановтікі

Қарлығаш әннің аты жырымды айтам,

Сүйген жар, сүйіскен дос сырымды айтам, Қарлығаш!

Айныма, асыл сәулем берген серттен,

Мен сендік, сен менікі шынымды айтам, Қарлығаш!


Қ-сы:

Құралай көз, қолаң шаш,

Алма мойын, қиғаш қас,

Сүйген сәулем, Қарлығаш.

Ақ тамақ, қиылған қас, жазық маңдай,

Әдемі ақша бетің жауған қардай, Қарлығаш!

Жайдары еркелеген жарқын мінез,

Жарқ етсең, жадыратар жаққан шамдай, Қарлығаш.

Қ-сы:

Құралай көз, қолаң шаш,

Алма мойын, қиғаш қас,

Сүйген сәулем, Қарлығаш.

ҚОРҒАУШЫМ СЕН
Сөзі Т.Молдағалиевтікі

Әні Е.Хасанғалиевтікі
Мәңгілік тәңіріміз,

Өзіңмен өміріміз.

О, Жаратқан, қолдаушымыз,

Қолдаушымыз – қорғаушымыз.

О, Жаратқан, тірлігіміз,

Тірлігіміз, бірлігіміз.
Қ-сы:

Табынар тәңіріміз

Жап-жарық жұлдыз.

О, Жаратқан, жан иеміз

Басымызды және иеміз.
Табынар тәңіріміз

Жап-жарық жұлдыз.

О, Жаратқан, жан иеміз

Басымызды және иеміз.

КӨЗІМНІҢ ҚАРАСЫ
Абай
Көзімнің қарасы,

Көңілімнің санасы.

Бітпейді іштегі

Ғашықтың жарасы.
Жылайын, жырлайын,

Ағызып көз майын.

Айтуға келгенде

Қалқаға сөз дайын.

ДАУЫСЫҢНАН АЙНАЛАЙЫН

Сөзі Ш.Сариевтікі

Әні В.Питерцевтікі

Өмірге мынау тамсандым,

Әуенмен таңды қарсы алдым,

Әлемді әуен тербетіп,

Бұлбұлмен бірге ән салдым.

Қ-сы:

Күнің мен айың болайын,

Үніңе сай болайын,

Көктегі бұлтқа жеткен,

Дауысыңнан айналайын.

Әуелеп әнім жырлайды,

Қуаныш кейде бір қайғы,

Сылдырап аққан ақ бұлақ

Біздермен бірге шырқайды.

Қ-сы.

Әлемге мынау жар салған,

Жүректе жатыр қанша арман,

Қосылып бізбен әлемге,

Құстар да бірге ән салған.

Қ-сы.

Дүние қандай қарашы,

Адамның біз де баласы,

Біздермен берге шырқаған,

Қазақтың гүлді даласы.

Қ-сы.

АРДАҚТЫ АҒА

Сөзі Қ.Мырзалиевтікі Әні Б.Жұманиязовтікі

Белгілі есімің,

Бауырмал ағасың.

Көңілдің есігін

Күй болып қағасың.

Қашанда жақсыға

Құшағың жаясын,

Аязда – ақ шуақ,

Аптапта – саясың.

Аязда – ақ шуақ,

Аптапта – саясың.

Тулайды жүрегің

Тасытып қаныңды.

Жұрт үшін жүресің

Қинап-ақ жаныңдыү

Біреудің қайғысын

Қайғыңдай көресің.

Халықтың алғысын

Гүліндей тересің.

Халықтың алғысын

Гүліндей тересің.


Кең көңіл даладай

Бересін қол ұшын.

Бір туған ағадай

Сыйлаймыз сол үшін!

Жақсылық кезінде

Жырға да сымбат қойғ

Бұл өмір өзіңдей

Жандармен қымбат қой.

Бұл өмір өзіңдей

Жандармен қымбат қой.

ӘНШІ ДАУСЫ
Сөзі Ғ.Қайырбековтікі

Әні Ғ.Құрманғалиевтікі
Ал, әнші, көмекейден құй бұлақты,

Қиқу салып мінгендей жүйрік атты.

Ән тұлпары құлдидан ылдилай шап,

Бауырыңа бас домбыра бал бармақты.
Ел сусынын қандыра,

Саңқылда сен домбыра,

Қызыл тілмен жарысып,

Бұлдыр қақсын домбыра.
Елімнің әнге қосып салтанатын,

Көмекейден күн бүгін бал таматын.

Рахаттың көгінде самал ессін,

Қаққан кезде сусылдап ән қанатын.
Шырқа даусым, шарықта,

Шық биікке қалықта,

Ел көңілі ән мен би,

Ел көңілі сауықта.

ӘКЕМ-ӘНІМ
Сөзі О.Сүттібаевтікі

Әні Ә.Сулейменовтікі

Ұшырдың баптап ұядан,

Кетпейсің ойдан, қиялдан.

Арманға биік қол созсам –

Тұрасың демеп жиі алдан.

Қ-сы:

Көңілім бүгін алаңды.

Күттің бе, әке, балаңды?

Шаттықпен жарқын тойыңа

Сыйлаймын сазды бұл әнді.

Шаттықпен жарқын тойыңа

Сыйлаймын сазды бұл әнді.

Адалдық әр кез көксеген,

Үйрендім, әке, тек сенен.

Ардақтап өтем мәңгілік,

Ғұмырда жалғыз жетсе дем.

Қ-сы.

Жүректі тербеп күй сынды,

Биікке ұшсам сүйсіндің.

Мойныңа көптен асылмай,

Сағындым, әке, иісіңді.

Қ-сы.

ӘКЕ ТУРАЛЫ ЖЫР

Сөзі М.Шахановтікі

Әні Н.Тілендиевтікі
Жас едім, өмірге еркін бойламаған,

Күні ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем дағы қанат қағып,

Өзіңдей қамқор әке қайда маған?
Жан әке, шертіп сезіп домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.
Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,

Кім мөлдір болса соның жолдасымын.

Қуан сен, қуана бер, әкетайым,

Мен сенің өміріңнің жалғасымын!

БАЛА ТІЛЕГІ

Сөзі М. Дәуренбековтікі

Әні Қ. Сәтиевтікі

Әке, туған күніңмен,

Құттықтаймын бүгін мен.

Бір ән салып берейін,

Балдан тәтті тіліммен.

Шаттанасын ұлым деп, нұрым деп, күнім деп.

Мақтанасын дүрілдеп, маған күлімдеп.

Бізді ойлайсын, білемін,

Лүпіл қағып жүрегің.

Аман жүрші әрқашан,

Бұл – балалық тілегім.

Шаттанасын ұлым деп, нұрым деп, күнім деп.

Мақтанасын дүрілдеп, маған күлімдеп.
Жас қанатым талмасын,

Алысқа ұшып самғасын.

Ауруыңды жазамын,

Мен дәрігер болғасын.

Шаттанасын ұлым деп, нұрым деп, күнім деп.

Мақтанасын дүрілдеп, маған күлімдеп.

ҚЫЗЫЛ ӨРІК

Халық әні

Қарап тұрсам бұл өмір шолақ екен

Бір біріне адамдар қонақ екен

Шамаң келсе біріңді бірін сыйла,

Бұл өмірдің қызығы осы екен.

Қ-сы:

Ай-ай жаным, ай жаным,

Асыл жарым.

Керегіне өзіннен басқа жанның.

Ат байладым бидайдың сабағына,

Жолдас болма адамның жаманына,

Болсам жолдас адамның жаманына –

Салып берер душпанның табанына.

Қ-сы.


ТУҒАН ЖЕР ЖАЙЫНДА әуендер




ТУҒАН ЖЕР

Сөзі С.Жиенбаевтікі

Әні Ж.Тұрсынбаевтікі

Кең жазира көгілдір далам менің,

Өзіңсің ғой сағынсам барар жерім.

Армандарға жетелер көңіл-сағым,

Сүйейді қолтығымнан самал желің.

Қ-сы:

О, туған жер,

Дарқан ел –

Ақылымсың,

Бақытымсың.
Таныс маған даламның әр дыбысы,

Көл сыбыры, жел шуы, тау күлкісі.

Сен сияқты менің де бар бойымда

Шалғын иісі, гіл иісі, дәннің иісі.
Қ-сы.

Сен тұрғанда осылай күйге балқып,

Ақ төсіңде жұпарлы гүлдер аңқып.

Жан-күйіңді шырқаймын қоңыр сазды,

Аспаныңда назды ән ұшсын қалқып.

Қ-сы.

ЕГЕМЕН ЕЛІМ-АЙ!
Сөзі Б. Батырбекқызынікі

Әні К. Дүйсекеевтікі
Біз қазақ ежелден ел едік жаны бай,

Өр мінез, ақ көңіл, мейірбан, қонақ жай.

Даналық дарыған, ақын ел, батыр ел,

Бабалар мекені асқар тау, шалқар көл.

Қ-сы:

Ақ бесік, ақ отау мәңгілік,

Жасай бер, жаңарып, жаңғырып.

Достық пен ынтымақ мекені,

Гүлденер халқымның ертеңі.

Жасай бер, жері бай,

Егемен елім-ай!