Файл: Cж баяндама Алаш Орда кіметі жне оны Кеес кіметіне атынасы Студент Оралханова . Тексеруші Ботабекова А. Р. АлашОрда кіметі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


CӨЖ

Баяндама: «Алаш Орда» үкіметі және оның Кеңес өкіметіне қатынасы

Студент: Оралханова Ә.

Тексеруші: Ботабекова А.Р.

Алаш-Орда үкіметі

Алаш үкіметін құру мәселесі 1917 жылы шілденің 21-28-інде Орынбор қаласында, жалпықазақтық I съезде қаралған болатын, съезде 14 мәселе талқыға түсті. Алдымен мемлекет құрылысы қаралды. «Русия демократическая, парламентарская республика болып, қазақ облыстары қоныс-ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» деп, ең негізгі мәселені шешкеннен соң, жер проблемасы жайында 14 бабтан тұратын қаулы қабылдады. Ең мықтап айта алғандары: «Қазақ халқы өзінің еншілі жеріне орнығып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін». Осындай дұрыс ой-пікір күні бүгінге дейін күшін жойған жоқ.

Ал қазақтың ұлттық-территориялық Алашорда автономиясы 5-13 желтоқсанда II съездінде заңды түрде құрылды.

Алашорда автономиясын, оның конститиуциясын бүкіл Ресейлік құрылтай съезі бекітуге тиіс еді. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы 1917 жылы «Қазақ» газетінің 251-санында жарияланды. «Алаш» партиясы бағдарламасы 10 баптан тұратын саяси құжат, онда қазақ елінің ұлттық тілек-мақсаттарының негіздері баяндалды, яғни автономияның мемлекеттік үкімет билігінің түрі «федерациялық республика құрамындағы дербес мемлекет» ретінде анықталды. Ол республиканың Құрылтай жиналысы мен мемлекеттік думасы болды, атқарушы механизм міндетін Президент пен Министрлер кеңесі атқарады деп көрсетілді. Бұл бағдарлама, сонымен қатар сайлау жүйесін де, дінді мемлекеттен бөлуді де, сот істерін белгілі бір жерде жинақы құрып, көпшілік болып табылатын халықтың тілінде жүргізу, әскер құру мен салық салу ісін ұйымдастыру және жерге мемлекеттік меншікті орнату сияқты тағы басқа шараларды да қамтыды.

Осы жалпықазақтық II съезде: «Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатынмен уақытша ұлт кеңесі құрылды, оның аты «Алашорда» деп аталды. «Алашорданың» үкімет құрамы 25 адам болып, 10 орын қазақтар арасындағы басқа халықтарға қалдырылды» - делінді.

Алаш автономиясының 15 қазақ азаматы сайланды: Уәлихан Танашев (Бөкей ордасы), Халел Досмұхамедов (Орал қаласы), Айдархан Тұрлыбаев (Ақмола облысы), Ахмет Бірімжанов (Торғай облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы), Сыдық Аманжолов (Жетісу облысы), Мұстафа Шоқай (Сырдария облысы); облыстардан тыс Алашорда құрамына Әлихан Бөекйханов, Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақтыгерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов сайланды. Үкіметтің осы 15 мүшесіне орынбасарлар болып, қазақ өлкесінің әр түрлі өңірлерінен тағы да 15 кісінің кандидатуралары бекітіледі. Әлихан Бөекйханов Алаш автономиясының үкіметі – Алашорданың төрағасы болып сайланды.


Сол кездегі Алашорда автономиялық мемлекетінің жері бұрынғыдай Ресей империясының бес әкімшілік (административных) құрамы болып кірген еді. Сырдария мен Жетісу облыстары – Түркістан генерал-губернаторлығыны, Семей мен Ақмола облыстары – Дала генерал-губернаторлығына, Торғай облысы Орынбор губернаторлығына, Орал облысы тікелей Ресей мемлекетінің құрамына кірді.

Алашорданың уақытша ұлт кеңесінің басшы құрамына сайланғандар Халел мен Жанша Досмұхамедовтер 1918 жылғы көкектің 2-сіне дейін Мәскеуде автономия алу жөнінде В.И.Лениннің қабылдауында болды. Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, Ә.Ермекотер В.И.Ленин және И.В. Сталинмен Қазақ автономиясының жер көлемі, шекарасы туралы келіссөз жүргізді. «Қазақ» газетінің 1918 жылғы 30 шілдеде шыққан 262-санынды «Заречная свободада Алаш орда хүкіумәтінің іске кіріскені» туралы телеграмма басылған. Сонымен қатар 1918 жылы мамырда Оралда өткен қазақ съезінде Жанша мен Халел Досмұхамедовтер бастаған «Орал уәлаятының» уақытша үкіметі (провинциальное правительство) жариялаған, ол сол жылы 26 шілдеде Жымпиты қаласына барып орналасқан. Бірақ Алашорданың батыс бөлігі жеке ұйым деп есептелмеген.алашорда автономиясының төрағасы Ә.Бөкейханов Алашорданың батыс бөлімін құру жайлы іс қағазына қол қойған, бірақ Алашордада заңды түрде мұндай бөліну болмаған.Осының бәрін ескере отырып, «Алашорданың батыс бөлімін жеке ұйым деп есептеуге болмайды» - деп жазды Қырғыз өлкесін басқарушы әскери-революциялық комитеттің мүшесі С.Меңдешов. Қырғыз өлкесін басқарушы әскери-революциялық комитеттің коммунистік фракциясының басшысы Пестковскийге 1920 жылы 23 ақпанда жазған еңбегінде.

«Алаш Орда» укіметі әскерін құруға және Қазақстан аумағында өкілетті биліктерін ұйымдастыруға кірісті, «Ресей патриотизміне» ақырына дейін адал болып қалған әскер бөлімінің атамандарымен әскери одақ құрып, олардан қару-жарақ алмақ болды.

Алаш үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханов 1919 жылдың басында Омбыда Колчактан қару-жарақ сұрау ниетімен Алаш Орда үкіметіне бағынышты әскердің құрамын, туған жерін, санын айтады, солардың ішінде: Жетісу майданынды – 700 адам, Троцкийде -540 адам, Орал облысында – 2000 адамнан құралған 2 әскер тобының болғанын көреміз. Колчак Қазақ автономиясын мойындаудан бас тартқан соң, Алаш Орда үкіметінің басшылары Кеңес үкіметімен келісімге келген. Ал А. Байтүрсынов 1919 жылы 24 шілдеде Кирревкомның мүшесі болып, В.И. Ленин қолынан мандат алды.

Батыс Алашорданың басшысы Жанша Досмұхамедов өзінің 1919 жылы 21 желтоқсанда Орынбордағы Кирревкомға жазған құпия хатында атты казактардың қыстағына қарамастан, Алаш солдаттарының қызылдарға қарсы соғыспағанын, тек тым болмай бара жатқан жағдайларға ғана ақтардың қатарында қара беріп, кейін қашып кетіп жүргендерін, қазіргі ақтардың бастықтары Алашқа анығынан сенбей қарап, қысымын күшейтіп отырғанын, сондықтан Түркістан майданының Оралдағы соғыс-революция советінің Лежава-Мюратпен байланыс жасап, ақтарға қарсы әрекеттерін тездетіп, қазақ даласын тазартуларын өтінгендерін хабарлайды, өзара келісіп сөйлесу үшін ревкомның бір адамын жіберулерін өтінді.



Батыс Алашорда басшылары Қызыл армияның Ойыл қаласына келген татар атқыштар полкінің командирі Мәулюдовпен, комиссары Қасымовпен тығыз байланыс жасайды. Бұл жөнінде татар полк командирінің 3- ші Түркістан атты дивизиясының бастығына жазған ақпарында: «Қызылқоғадағы Алашорда білдірмей шабуыл жасап, Елек корпусының штабын, бастығы корпус командирі, генерал Акутинді, оның көмекшісі полковник Марковті, штаб бастығы Шадринді, полковник Ершовты қарусыздандырып, ұстап алды. Біздің отряд Қызылқоғаға 28 желтоқсанда кірді», - деп хабарлайды.Батыс Алашорданың қызылдарға берілгендігі жөнінде майдан қолбасшысы М.В.Фрунзе 1919 жылы 21 желтоқсанда В.И.Ленинге берген теллеграммасында: «... Алашорданың, Каспий жағалауына дейінгі барлық аудандарды қоса отырып, саяси жіне экономикалық берілуі маңызды болып табылады»,- дейді.

Ә.Бөкейханов және сол кезеңде зиялы қауымның басқа да өкілдері жетекшілік жасаған Алаш пен Алашорда Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешу жолдарын анықтауда ұлттық тұтастық және халықтық бірлік принциптеріне сүйенді. Мұндай бағыт әдетте аталған мәселелерді шешуде таптық принциптер мен пролетариат диктатурасын негізге алған большевиктерге қарама-қарсы еді. Сондықтан да Алаш көсемдері мен алашорда үкіметінің басшылығы 1917 жылғы Қазан революциясының ұрандарын, кеңес үкіметінің идеялары мен нақтылы іс-әрекеттерін қабылдамады, оларға қарсы шықты. Азамат соғысы жылдарында (1918-1920 ж.ж.) Алашорда кеңес үкіметіне жау күштермен одақтас болды.сондықтан азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес үкіметі алаш пен Алашорданы тарих сахнасынан кетірді.Кеңес үкіметі Алаш пен Алашорданы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдістерін де, қару жұмсап күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919 және 1920 жылдары) Кеңес үкіметі Алаш қозғалысына қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, азамат соғысынан кейінгі 7-8 жылда Қазақстан ғылымының, оқу-ағарту ісінің, әдебиеті мен өнерінің, халық шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан ұлттық-демократиялық интелегенция өкілдерін, ең алдымен Алаш пен Алашордаға жетекшілік жасаған қайраткерле, түгелге дерлік жалағн жаламен «халық жауы» аталып, сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандары болған, ал олардың ғылыми және әдеби мұрасы халықтан жасырын жағдайда ұсталды немесе жойылды. Тек еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ұлттық-демократиялық интеллигенцияның алық таныған көсемдерінің есімдері халыққа қайтарылып, олар қалдырған рухани мұра қалың жұртшылықтың игілігіне айналды.