ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 1226
Скачиваний: 8
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Looking for a job. (after M. Gold)
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық
Экологиялық пирамида және қоректену тізбегі
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСТЕРІ
Looking for a job. (after M. Gold)
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық Физика
The Joy and Enthusiasm of Reading
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық Физика
Тотығу- тотықсыздану реакциялары №2
ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНЫҢ ІРІ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АУДАНДАРЫ
Жаһандану дәуірінде ұлттық сананы қалай қалыптастырамыз?
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық Физика
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІДІГІНІҢ
«БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ ОРТАЛЫҒЫ» МКҚК
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ
Тесттержинағы
НҰР- СҰЛТАН, 2022
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі
Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері - Нұр-Сұлтан қ., 2022. – 89 б.
Білім беруді жаңғырту орталығының жаңа үлгідегі тестер жинағында берілген тест тапсырмаларының мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасына негізделген. Тест жинағы таңдау пәндеріне қарай біріктіріліп жаңа форматта жасалған. Жинақ оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, география, биология, химия ағылшын тілі пәндері бойынша жасақталған тест сұрақтарынан құрастырылған.
Тест жинағы оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингін жүргізуге арналған.
Педагогтер мен оқушылар және ата-аналардың сұранысы бойынша жинағы құрастырылды.
Таңдау пәнінде бір дұрыс жауапты және бірнеше дұрыс жауапты сұрақтар енгізілген.
Бұл білім деңгейін толық және терең бағалайтын ой қорытуды, салыстыруды қажет ететін тапсырмалар. Оқу сауаттылығы бойынша ұсынылатын тапсырмалар оқушының функционалдық сауаттылығын, тілдің прагматикалық қызметінің қоғамдық-әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі және шешендік үрдістегі рөлін меңгеруін тексереді, Ал математикалық сауаттылық қарапайым логикалық сұрақтармен математиканың негіздік білімін тексеру сұрақтарынан құралады.
Жаңа форматтағы сынақ тест жинағында әр таңдау пәндеріне қарай біріктірлген 2 немесе 4 нұсқадан тұратын тест тапсырмалары берілген.
Бұл ең алдымен педагогтерге және оқушыларға әдістемелік көмек, жаңа форматтағы тестке дайындалуға бағыт болсын деген ой.
Барлық білім алушыларға сәттілік!!!
Мазмұны
1. Кіріспе 3
2. Тест 5 -91
Кіріспе
Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін жүргізу жаңа өзгерістерді қажет етеді.
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 24 шілдедегі (2021 жылғы 8 қаңтардағы өзгерістер және толықтырулармен) «Білім туралы» Заңының 55-бабының 4- тармағына сәйкес. Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) болып өзгертілді.
Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ білім беру ұйымдарынан тәуелсіз, оқыту сапасын жүйелі бақылау, бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.
ББЖМ әдістемелік көмек көрсету және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, дайындық пен өткізуді, тестілеу нәтижелерін өңдеу мен жүйелі талдауды қамтиды.
ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық- коммуникациялық технологияларды
(бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша жүргізіледі.
4-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы:
Оқу сауаттылығы – 10 тест тапсырмасы; Математикалық сауаттылық –
12 тест тапсырмасы; Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 8 тест тапсырмасы.
Тест тапсырмаларының форматы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған.
Тестті орындау уақыты – 75 минут (1 сағат 15 минут). Максималды балл – 30.
ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіндер) бойынша жүргізіледі.
9-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы:
Оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі), әр тіл бойынша
10 тест тапсырмасы, барлығы 30 тест тапсырмасы; Математикалық сауаттылық – 13 тест тапсырмасы;
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география), әр пән бойынша 2 контекст негізінде 8 тест тапсырмасы, барлығы 32 тест тапсырмасы. Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған. Тестті орындау уақыты – 150 минут (2 сағат 30 минут).
Максималды балл – 75.
Педагогтер мен оқушылар және ата-аналардың сұранысы бойынша жинағы құрастырдық.
Таңдау пәнінде
бір дұрыс жауапты және бірнеше дұрыс жауапты сұрақтар енгізілген.
Бұл білім деңгейін толық және терең бағалайтын ой қорытуды, салыстыруды қажет ететін тапсырмалар. Оқу сауаттылығы бойынша ұсынылатын тапсырмалар оқушының функционалдық сауаттылығын, тілдің прагматикалық қызметінің қоғамдық-әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі және шешендік үрдістегі рөлін меңгеруін тексереді, Ал математикалық сауаттылық қарапайым логикалық сұрақтармен математиканың негіздік білімін тексеру сұрақтарынан құралады.
Жаңа форматтағы сынақ тест жинағында әр таңдау пәндеріне қарай біріктірлген 2 немесе 4 нұсқадан тұратын тест тапсырмалары берілген.
Бұл ең алдымен педагогтерге және оқушыларға әдістемелік көмек, жаңа форматтағы тестке дайындалуға бағыт болсын деген ой.
Барлық білім алушыларға сәттілік!!!
І нұсқа
Оқу сауаттылығы
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауапберіңіз.
Әкесі көзі шоқтай жайнаған тарғыл күшікті үйге жетектеп келген кезде, Қуаныштың қуанышында шек болған жоқ.
Бос уақытын қайда жұмсарын білмей, әр нәрсеге ұрынып жүретін Қуанышқа ермек табылды... Негізгі міндеті - Таймастың итаяғына күніне екі мәрте тамақ құйып тұру. Бұл жұмысты алғашында ықыластана атқарды. Таймас - долылығы жоқ, заты жуас күшік. Көзін бір ашып, бір жұмып, үйшігінің алдында жатады да қояды. Күшігін бағып-қағуға алғашында құлшына кіріскен бала шамалы күннен соң ептеп салақси бастады.
Бір күні ойыны әбден қанған бала үйге кештетіп келгенде, сұлық жатқан Таймас орынан қыңсылай көтерілді. Қараса, алдындағы итаяғы жылан жалағандай тап-таза, иттің де іші қабысып тұр. Оның өзіне үміттене, дәмете көз тастағанын көріп, Қуаныштың екі беті ду ете түсті. Өзіне барлай қараған Таймастың көзқарасы кәдімгі адамдікі сияқты. «Мені аш қалдырғаның не, Қуаныш-ау? Міне, ішім шұрылдап тұр» дейтіндей. Үйге жүгіріп кірген бала тоңазытқышты жұлқа тартты. Бұдан кейін ол итаяққа дер кезінде ас құйып тұруды құнттап-ақ жүрді. Ана жолғы қолайсыз оқиғаның ойда-жоқта тағы қайталанғаны...
Ойыннан қайтқан бала үйдің қақпасына таяй бергенде, шынжырын салдырлатқан Таймастың қыңсылағаны естілді. Есіне сол кезде барып бір-ақ сарт ете түскені емес пе? Өткен жолғыдай үйге қарай түра жүгірген. Асығып қалтасын қараса, есіктің кілті жоқ. Таңертең іште ұмытып кетіпті. Үйдің бұрышынан сығалай қарап еді, құлағын тікірейтіп алған ит