Файл: І блім. Материалды емес активтер есебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 98

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мазмұны:

Кіріспе...................................................................................................................

І бөлім. Материалдық емес активтер есебі

1.1. МЕА мәні мен құрылымы ........................................................................

1.2. МЕА жетілуі және бағалау........................................................................

1.3. МЕА амортизациясын есептеу .........................................................................

ІІ бөлім. Материалдық емес активтер аудиті

2.1. МЕА аудиторлық тексеріс жүргізу бағдарламасы.........................................

2.2. МЕА есебін тексеру........................................................................................

2.3. МЕА бойынша аудиторлық қорытынды..........................................................

ІІІ бөлім. МЕА есебінің жетілдіру жолдары

3.1. Ғалымдар мен тәжірибешілер еңбектеріндегі МЕА есебін жетілдіру жолдары......................................................................................................................

3.2. МЕА есебін «1С Бухгалтерия» жүргізу............................................................

Қорытынды..............................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................

Қосымшалар.............................................................................................................

Кіріспе

МЕА-дің негізгі айрықша ерекшелігі - олардың материалдық формаларының жоқтығы, яғни сезілмейтіндігі. Осы аталған ерекшелігі олардың есебін жүргізуді қиындықтар тудырады, яғни материалдық емес активтердің физикалық сапасының болмауы - оларды бағалауды, құнын нақтылауды, экономикалық қызмет ету ұзақтығын және оларды пайдалану арқылы болашақ экономикалық пайданы анықтауды біршама қиындатады.

Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес материалдық емес активтер дегеніміз - нақты физикалық нысаны жоқ, ұйымның өндіріс процесі мен тауарлар және қызметтерді сату кезінде, сонымен қатар әкімшілік мақсаттарда, жалға беруде ұзақ уақыт пайдаланылатын ақшалы емес активтер. Материалдық емес активтердің есебі материалдар есебінің ұстамдарына негізделіп жүргізіледі.

Материалдық емес активтерді жіктеудің негізгі белгілері болып оларды сатып алудың тәртіптері (анықтамалығы), жекеше есеп бірлігіне бөлінетіндігі, айырбасталатындығы, болашақтағы тиімділікті алудың мерзімі саналады.

Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай былай болып есептеледі:

• негізгі құралдар;

• тауарлы-материалдық қорлар;

• қаржылық инвестициялар.


Материалдық емес активтер деп - белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандайда бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы ( бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

Кәсіпорындарда материалдық емес активтердің қатарына:

• лицензиялық келісімдерді;

• программалық жабдықтарды;

• патенттерді;

• ұйымдастыру шығындарын;

• гудвилді;

• франчайзингті;

• сауда маркаларын;

• авторлық құқықты жатқызуға болады.

Материалдық емес активтер шаруашылық субъектілерінің балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады.

Материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:

• Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субъектісі жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.

• Заңды түлғалармен жеке адамдардан тегін, сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.

• Басқа шаруашылық субъектілірінен, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объктілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.

Егер ұйым қандай да бір бапты материалдық емес актив ретінде танитын болса, ол мұндай баптың:

• материалдық емес активтің анықтамасын;

• тану критерийлерін қанағаттандыратынын көрсетуі тиіс.

Бұл талап материалдық емес активті сатып алумен немесе ішкі өндірумен байланысты бастапқы кезеңде шеккен шығындарға, сондай-ақ оны өсіруге, ішінара алмастыруға немесе қызмет көрсетуге арналған кейінгі шығындарға қолданылады.

І бөлім. Материалдық емес активтер есебі

1.1.МЕА мәні мен құрылымы.

Материалдық емес активтер белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын,бірақ қандай да бір бағаға,құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорын өнім өндіруде,тауарларды сатуда,қызмет көрсетуде,негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі,яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді айтамыз.



Кәсіпорында материалдық емес активтердің қатарына Лицензиялық келісімдерді, Программалық жабдықтарды, Патенттерді, Ұйымдастыру шығындарын, Гудвилді, Франчайзингті, Сауда маркаларын, Авторлық құқықты жатқызуға болады.

Кәсіпорында материалдық емес активтер басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатып алыну, басқалардың субъсидия ретінде немесе сыйға беруі барысында, сондай-ақ кәсіпорынның өз ішінде ойлап табуы негізінде пайда болады.

Обьектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған.

Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады.

Материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады

• Құрылтайшылар мен үлес қосушыларының кәсіпорынға жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.

• Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз) сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.

• Басқа заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол обьектілерді сатып алуға және оларды пайдалануға жұмсалған шығындар сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.

Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса, болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатынасы болса. Материалдық емес актив субьект бақылай алатын болса, онда оның экономикалық олжа табуға мүмкіндігі ашылады. Материалдық емес активтер-нақты табиғи нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.

Кейбір материалдық емес активтер физикалы заттың құрамында болады, атап айтсақ компьютер бағдарламамен қамтамасыз ететін дискете фильм лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент) қағазда болады, бұған қарамастан материалдарда материалдық емес активтердің де есебінде көптеген ұқсастықтар бар, бірақ соңғының есебінде теңестіруіне ұқсастықтарын өлшеу, пайдалы қызмет ету мерзімін бағалау сияқты аспектілері өте күрделі болып саналады.

Кейбір материалдық емес активтер фирманың басқа да активтеріне жеке теңестірілуі мүмкін, мысалға патент, сауда маркасы сияқтылары, ал басқалары болса жеке теңестірілмеуі мүмкін. Олай болған жағдайда осындай материалдық емес активтер құны басқа да фирманың активтерімен тығыз байланыстырылады. Бұндай материалдық емес активтер қатарына гудвилл жатады, ол клиенттердің сеніміне немесе қызметкерлердің машықтық деңгейіне негізделеді.


Субьект кейбір жағдайларда тиесілі заңды құжаттардың құқын рәсімдемей ақ осы экономикалық ложамен басқа да кәсіпорндардың шұғылдануына тыйым сала алады.

Материалдық емес активтер шартты түрде төрт топқа бөліп қарастырылады.

1. Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер

Бұл топқа «Ноу-Хау», мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары және тағы да басқа.

2.Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа тауар таңбалары, тауарлардың шыққан жері т.б жатады.

А) тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары- тауарларды тиесілі таңбалар бойынша айыра алатын белгісін айтамыз. Кәсіпкерлікті жүзеге асырушы заңды немесе жеке тұлға атына тіркелсе, тауардың таңбасы құққытық заңдарымен қорғалады. Таңбалар сөз түрінде, көркемсурет түрінде, көлемді немесе бәрінің комбинациясы түрінде болуы мүмкін: олар кез келген түсте немесе түстер үйлесіміндн тіркелу заңды немесе жеке тұлға тіркелген барлық тауарға не оның оның бір бөлігінде қатысты тауар таңбасын, оның иесінің келісім бойынша бере алады. Бұл әрекет лицензиялық келісім бойынша белгіленген тәртіпке сай істелінеді.

ә) тауардың шыққан жерінің атауы- тауарлады таңбалау үшін пайдаланатын елдің елді мекеннің, жердің немесе басқа да географиялық обьектілердің атын қоса және басқа да ерекшеліктеріне байланысты сипатталады.

Тауардың шыққан жерінің атауы географиялық обьектілердің тарихи атауы болуы мүмкін. Ол белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі.

Нарықтық экономика жағдайында тауар таңбасы кәсіпорынның өте қымбат тұратын активі болып табылады себебі компания оны сата алады. Немесе жарғылық капиталға қосқан үлесі ретінде пайдалануға құқығын береді. Тауар таңбаларының нарық құнын анықтау үшін арнайы есептеулер жүргізу керек.

3. Қолдану құқықтарымн байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа жаңалық ашу құқығы, өндірістік ақпаратты қолдану құқықтары попирайт лицензиялар және тағы да басқалар жатады.

4. Материалдық емес активтердің басқа да түрлері. Бұл топқа «фирма бағасы (гудвилл ) , интеллектуалдық меншік немесе тағы да басқалар кіреді.

Қазақстан Республикасында Материалдық емес активтерді есептен шығару мерзімі он жыл бірақ ол субьектінің қызмет ету мерзімінен асып кетпеуі тиіс

Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің анықтамасы негізгі құралдардың анықтамасына сәйкес келеді, яғни жай қызметтер үрдісінде сатуға арналмаған және ұзақ мерзімге пайдалану мақсатымен сатып алынады. Егер оларды пайдаланудан болашақта табыс алынады деген ықтималдық болса және егер оларды сенімді бағалауға болатын болса ғана олар танылады.


Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес материалдық емес активтер басқа тараптарға жалға өткізу немесе әкімшілік мақсаттар үшін өндірісте немесе тауарлар мен қызмет көрсетулерде физикалық мәні жоқ сәйкестендірілетін ақшалай емес активтер болып табылады. Көп жағдайда мұндай активтерге бақылау орнатылады және іскерлік беделден айқын ажыратылады.

Патенттер, авторлық құқықтар, франшизалар, тауар таңбалары, ұйымдық және жедел шығындар айтарлықтай кең тараған материалдық емес активтер болып табылады.

Материалдық емес активтерді екі үлкен топқа бөлуге болады: айырбастауға жататын және айырбастауға жатпайтын.

Айырбастауға жататын материалдық емес активтер фирманың басқа активтерінен бөлек сәйкестендіріліп және бөлек сатылуы мүмкін.

Жалға алынған меншіктің құнын жақсарту үшін мысалы, жалға алынған меншіктің модификациясы жалға алынған мүліктің шотынан дебетіне жатады. Жалға алынған мүлік жалгерге тиісті болмаса да, жал меншігін жақсарту материалдық емес активтер ретінде жіктеледі. Жалға алынған меншікті жетілдіру жалға алынған мерзімнің қалғанына амортизациялануы немесе осы мерзімдердің қайсысы қысқарырақ болуына байланысты жақсаруы керек. Сәйкестенбейтін активтер бөлек сатылуы мүмкін емес. Төменде сәйкестенбейтін активтердің кейбір мысалдары келтірілген. Материалдық емес активтердің кейбірулерінің екі арнайы сипаттамасы бар: олар ұзақ мерзімді аванстық төлемдер болып табылады және басқа сатылатындай иеленушіге ешқандай құқық бермейді. Бұл материалдық емес активтер жеке иденфикациялануы мүмкін, бірақ айырбастауға жатпайды

Кейінге қалдырылған шығындар, яғни оларды бухгалтерлік есепте болашақта табыс әкелуі мүмкін қызметтерге кеткен шығындар деп атайды. Олар баланста алдын ала төленген ұзақ мерзімді шығындар ретінде көрсетіледі. Кейінге қалдырылған шығындар физикалық формасы жоқ ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі

1.2. МЕА жітелуі және бағалау

Материалдық емес активтерді есепке алу және талдау мақсатында әртүрлі критерийлер бойынша жіктеуге болады. Материалдық емес активтер түрі, кіріс көзі, пайдалы қызмет мерзімі және т.б.

Материалдық емес активтердің түрлері бойынша жіктелуі:

Материалдық емес активтердің негізгі классификациясын материалдық емес активтердің түрлері бойынша жүргізуге болады. Мәселен, материалдық емес активтердің келесі түрлерін ажыратуға болады:

• патент иесінің өнертабысқа айрықша құқығы;