Файл: О, тіршілік! Не берсе де арнап бер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 104

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
О, тіршілік!Не берсең де арнап бер,
Алтын балық ілінетін қармақ бер!
Бақыт бер де,
Бармақтай сол бақытты
Басып тұрар батпандай бір салмақ бер!

Және дос бер, айтқанымды мақұл дер,
Жүйрік бер де
Соған шыдар тақым бер!
Мен жазбаған,
Жұрт жазбаған жыр сыйла,
Жүректерге соны ұғатын ақыл бер!

Мені күтіп тұрса алда биіктер,
Шапағатты шуағыңды құйып көр.
Абырой мен даңқыңды аяма,
Және соған майыспайтын иық бер!
ТыныштықТып-тыныш боп тұратындай әманда,Тыныштықты ұқпай қалдым табанда.Табиғатта дөңбекшу жоқ,Діріл жоқ,Суретке бір түсетұғын адамдайҚайран дала көпті көрген кәртамысҚалғып-мүлгіп,Қалғып-мүлгіп тұр, таныс!Жаратылыс жаратылыс болғалыЖер бетінде болмағандай арпалыс!Тіршіліктің бітелген бе құлқыны?Тым-тырыс-ау,Тым-тырыс-ау бұл түні.Тыныштықтың құрсағында осындайТентек дауыл, жатырсың ба бұлқынып?!Жол ортасыҚайран тірлік!
Қызықтың бәрі осында:
Өкпе-наз да,
Үйлесім-жарасым да.
Орта жолда тұрмын мен,
Орта жолда —
Жастық пенен кәрілік арасында.
Талай беріп жастықтың не бір залпын,
Ту деп білдік қазақы өмір салтын.
Жастық жағым — сәске түс,
Жайма-шуақ;
Қарттық жағым — жайлы кеш,
Қоңыр салқын.
Жеңілдемей тірліктің салмағы әлі,
Жабылады көңілдің сәл қабағы.
Жастық жағым — көк тоғай бүлдіргенді,
Қарттық жағым — сап-сары алма бағы.
Махамбетпен, Абаймен әріптес ек,
Дәріптедік халықты дәріптесек.
Жастық жағым — қызу іс.
Қызыл қырман;
Қарттық жағым — сый-құрмет,
Мамық төсек.
Қайғы-мұңға көңілім неге көнер!
Қуанышсыз — шырақтай сөнеді өнер.
Жастық жағым — көңілді құрбы-құрдас,
Қарттық жағым — жиен мен немерелер.
Азаматпын аптапта күн қақтаған.
Ақыл-ойын тірліктің тыңдап бағам.
Құдай өзі сақтасын о дүниеден,
Жастығым да,
Қарттық та қымбат маған.
Дегенменен,
Алғанда қала тыным,
Пайдаланып қараңғы дала түнін,
Жастық пенен кәрілік арасында
Жердің жоғы-ай тығылып қалатұғын!
Шабытты шақЖүрек пен жүйке егессін,Жыр көңіл сонда толғайды.Жынды деп жынды емессің,
Демеуге және болмайды.Тебісіп ырғақ миың да,Төгесің сырды отырып.Адам деп айту қиын да,Алла деп айту өтірік!Серпінді ой ішті кернейді,Соғысқа кеткен көп сеңдей.Құдайды көзің көрмейді,Көреген бірақ жоқ сендей.Қас қағым уақыт ішіндеҰғасың бәрін дана боп.Қас қағым уақыт ішіндеШығасың және бала боп.Жатасың сосын бой жазып,Ақынға бір сәт саналмай.Тамаша жырды мен жазыпТастадым деуге сене алмай!АнаБәрі де, Ана,Бір өзіңнен басталды.Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.Қуандым ба,Өзің бар деп қуандым.Жыладым ба,Өзің жоқ деп жас тамды.Бәрі де, Ана,Бір өзіңнен басталды.Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,Жасқандым ба,Тек өзіңнен жасқандым.Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,Отанымның өзі сенен басталып.Жауларыма жеткен жерден бітеді.Әже туралы әнАсыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,
Сағынышым - сары ормандай самсаған.
Әке болып жүргенімді ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған.

Құлындаймын асыр салған аңғарда,
Қозыңдаймын ойнақтаған албарда.
Өзің барда қысылмаймын күлуге,
Жылауға да қысылмаймын сен барда.

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.
Сенің жаның жүрегіме ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.

Тұра тұршы түзелгенше бұзығың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.
Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау,
Өзің бірге көре алмасаң қызығын?!
МамырАдам үшін жұбаныш
Мамыр келді шуақты.
Күннің ішін қуаныш
Кернеп тұрған сияқты.

Ақ арманы көктемнің
Мамыр келді шуақты.
Іздегенін көктен Күн
Жерден тапқан сияқты.

Ала-бөтен сәндігің,
Мамыр-майым шуақты.
Табиғаттың дәл бүгін
Туған күні сияқты.

Әрі сұлу, әрі игі
Мамыр-майым шуақты:
Он бір ұлы бар үйдің
Жалғыз қызы сияқты!

Шығар...Құздағы қар кетті дейміз,Ол - көктем келгені шығар.Нажағай жарқ етті дейміз,Ол — оның өлгені шығар.Жаңбыр сәл сіркіреді дейміз,Ол — бұлттың исінгені шығар.Күн қатты күркіреді дейміз,Ол — оның күрсінгені шығар.Жігерім қайнады дейміз,Ол — жырдың ұнағаны шығар.Бұлбұлды сайрады дейміз,Ол — оның жылағаны шығар!Есеп білмеген Есек— Шығар, қарап тұрғанша,Бір жердегі бір қанша?—Деп Торы Айғыр берді есеп,Шығара алмай тұрды Есек.Ақылдасып, бірлесіп,«Бір жерде бір — бір!»—десіп,Шығарса да есебін,Беделсіз деп, ЕсегіңСенбей қойды Қойға да,Сенбей қойды Тайға да.— Бес!— деп Аю гүр етті,Есек сорлы дір етті.— Бір жерде бір — бес!— деді,Кейбіреулер өстеді.КөңілСүйетіндей жер үстіСуретші болсам ғой.Айтарлықтай келістіАдам жасай алсам ғой!Шашын,ҚасынКүйедейҚараменен бояр ем.Ал ерінін шиедейАлқызыл қып қояр ем.Көзін, тіпті, тартынбай,Көгілдір ғып қояр ем.Ал тістерін алтындайЖарқыратып бояр ем!Күнге күйген білектіКүреңменен бояр ем.Ал жүректі, жүректіӘппақ қылып қояр ем!Жайық негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміҚаленова Назерке Рахметқалиқызының жаттаған өлеңдер тізімі1.О, тіршілік!2.Тыныштық3.Жол ортасы4.Шабытты шақ5.Ана6.Әже туралы ән7.Мамыр8.Шығар9.Есеп білмеген Есек10.Көңіл