Файл: Орындаан Балтабай Баытгл Эссе Білім беру, азастанны шінші жаыруы жне жаанды бсекеге абілеттілік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 30

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.





Орындаған: Балтабай Бақытгүл

Эссе

«Білім беру, Қазақстанның үшінші жаңғыруы және жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
Бүгінде күні Елбасымыз  «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдай отырып,  озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойды. 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алғаны белгілі. Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асырылуда.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды.Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді және өз реттерімен жүзеге асырылуда.

Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп,  тәуелсіз Қазақстан әлемге танылды. 2017 жылы БҰҰ –ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі құрамына кірді. ЭКСПО мамандандырылған көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болдық. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім. Елбасы Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екенін ұлкен сенімділікпен атап өтті.

Еліміздің 30 елдің қатарына қосылуы және әлемдік деңгейде көрінуі мақсатында, Елбасы 2018 жылға арналған халыққа жолдауында 10 нақты міндетті анықтап берді.Жолдауда индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын «қайта жаңғырту». адами капитал – жаңғыру негізі, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін деген міндеттер жүктелді.

Жолдаудың 7 тармағында білім берудің жаңа сапасы жайлы толық дерлік тоқталып өтті.Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің толық жүйемізді құруды жеделдету мен білім беру бағдарламасының негізгі озық бағыттарына үнемі бейім болуға, жаңа білімді меңгеру қабілеттерін дамытуға шақырды.

Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар.


Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетін болады.

Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде.

Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде.

2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет.

2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады.

Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.

Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс.

  Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейту тапсырылды.

Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары.

Бұлар біздің балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады.

Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізу тапсырылды.

Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест тапсыру арқылы беру керек.

Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады.

Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі. Еңбек кітапшаларын да электрондық форматқа көшірген жөн.Электрондық еңбек биржасы туралы заңды 2018 жылғы 1 сәуірге дейін қабылдау қажет.

Алдымызға қойылып отырған міндеттер жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолында білім беру саласындағы істеп жатқан шаруамыздың барлығы мемлекетіміздің нығаюы, тәуелсіздіктің мықтылығы, жастардың жаңартылған бағдарлама бойынша оқытылуы 30 елдің қатарына кіруде өзінің үлкен үлесін қосатыны белгілі.



Елбасымыздың жолдауын тыңдай отырып, Қазақстанның болашағы жарқын болатынына көз жеткіземін.

Қолданылған әдебиеттер:

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1700002017

https://articlekz.com/kk/article/32815

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D2%A3%D0%B0_%D0%B1%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC_%D0%B1%D0%B5%D1%80%D1%83_%D0%B6%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D1%81%D1%96