Файл: азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі срсен аманжолов атындаы шыыс азастан университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 65

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

IT ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

МАТЕМАТИКА КАФЕДРАСЫ


Өндірістік педагогикалық іс-тәжірибе бойынша

ЕСЕП

«5В012600 – Математика-физика» мамандығының

(шифр, мамандық атауы)

іштей

(оқу түрі)

4 курс студенті

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№15 орта мектебі "КММ

Білім беру мекеме атауы (іс-тәжірибе орны)


2022 жылдың 24-қаңтарынан – 2022 жылдың 01-сәуір аралығы

Студент

Пән мұғалімі

___________

Қолы

___________

Қолы

Бидақын. К
К.С. Раисова

Іс-тәжірибе жетекшісі

___________

Қолы

Ж.Р.Жаксылыкова

Қорытынды баға

___________


Ж.Р.Жаксылыкова

Өскемен қаласы, 2022 ж

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

IT ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

МАТЕМАТИКА КАФЕДРАСЫ
Өндірістік педагогикалық іс-тәжірибе бойынша
Есебі

Студенттің аты-жөні- Бидақын Кулиза

Жоғары мектебі –IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі

Мамандық- 5В012600 «Математика-физика»

Курс- 4 күндізгі оқу түрі

Іс-тәжірибені өту орны-Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ

Мектеп директоры А.Б.Бектургенева
Мекемедегі іс-тәжірибе жетекшісі К.С. Раисова

Іс-тәжірибе жетекшісі (оқу орнынан) Ж. Р. Жаксылыкова

Өскемен қаласы, 2022ж


ӨНДІРІСТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС—ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП

Мен, Бидақын Күлиза Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің «Математика-физика» мамандығының 4 курс студенті 2022 жылдың 24-қаңтары мен 01-сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ – де өндірістік педагогикалық іс-тәжірибеден өтуге жіберілдім.

Өндірістік педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында жоспарланған нақты міндеттер:

  • Мектеп және сынып ұжымымен танысу;

  • Математика пәні мұғалімі мен сынып жетекшісі және олардың нақты алдағы мақсат - міндеттерімен, жоспарларымен танысу;

  • Мектептің оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктерімен танысу, талдап, зерттеу;

  • Сынып ұжымының бас құжаттары, күнделіктері, сынып журналы, математика пәні бойынша дәптерлерімен танысу;

  • Математика пәні мұғалімінің іс-әрекетімен танысу;

  • Оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау, кәсіптік пәндер бойынша зерттеу жұмысын жүргізу; 

  • Оқушының дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімнің жұмыстың ең нәтижелі формалары мен әдістерін таңдауын бақылау; 

  • Әр оқушымен жеке, дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жасау;

  • Бекітілген сыныптың сабағына қатысу;

  • Балалармен, оқушылардың жеке топтарымен қарым-қатынас жасау; 

  • Оқу жоспарымен, пән мұғалімінің күнтізбелік жоспарымен танысу;

Өндірістік педагогикалық практиканың алғашқы күнінде пән мұғалімі Раисова Қаракөз Серіковна мектеп әкімшілігімен, оқушылармен таныстырды. Мекеменің жұмыс бағыттарын атап өтті. Өзінің құзырлығындағы бес студентті сыныптарға бекітті. Өндірістік педагогикалық іс- тәжірибеден өту үшін маған 8 «Ә» сыныбы бекітілді. Іс-тәжірибе жетекшісі оқу мекемесінің біртұтас педагогикалық процесін басқару жүйесін таныстырды. Сабақта қолданылатын әдістер мен ұйымдастыру формулалары туралы таныстырды.

Мекемедегі іс- тәжірибе жетекшім Раисова Қаракөз Серіковнаның оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқу-әдістемелік оқу құралдары, мұғалімнің сабақ жоспарлары, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін құжаттармен танысып, зерттеу жүргіздім.Сонымен қатар 8 «Ә» сыныбы туралы,сынып құрамы туралы толық мәлімет алдым.

Алгебра пәнінен ұзақ мерзімді жоспар бойынша 8 «Ә» сыныбына 3–ші тоқсанға арналған ҚМЖларды дайындадым. Мұғалімнің сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгеру және тәжірибе жинақтау мақсатымен пән мұғалімінің және Қаракөз Серіковнаының құзырлығындағы студенттердің жүргізген сабақтарына қатыстым.



Қысқа мерзімдік жоспар бойынша 8 «Ә» сыныбына «Алгебра » пәнінен жаңа тақырыптарды оқушыларға өтіп, әртүрлі әдіс-тәсілерді, көрнекіліктерді қолдана отырып оқушыларға есептер шығарттым.Күнделікті сабаққа дайындалып, оқушылардың дәптерлерін жинап алу арқылы үй жұмыстарын тексердім. Сабақ аяқталғаннан кейін міндетті түрде пән мұғалімі өткізген сабақтарыма қатысты талдау жүргізіп отырды.Талдаудың мен үшін маңызы зор болды, себебі әр сабақта айтылған кемшіліктерім мен қателіктерімнен сабақ алып, келесі сабақта ондай қателік жібермеуге тырыстым.

Сабақтар өткізе жүріп іс-тәжірибе жетекшімнен сабақ жүргізудің көптеген әдіс- тәсілдерін үйрендім.

8 «Ә» сыныбына «Геометрия» пәні бойынша «Көпбұрыштың ауданы» тақырыбында ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспарын жасап, ашық сабақ өткіздім. Ашық сабағым жаңа тақырып болды. Оқушыларды төрт топқа бөлдім. Ашық сабақта оқушыларды қызықтыру мақсатында ойын түрінде откіздім. Балалар саты боиынша әр түрлі тапсырмалар орындады. Сонымен қатар, ашық сабақта «Гугл-формы» бағдарламасынның көмегімен тақырыпқа байланысты әртүрлі есептер мен сұрақтар дайындадым. Әр саты боиынша тапсырмалардыда қиындаттым. Бағалау ретінде саты бойынша әр топ оқушылар жауап беру арқылы стикерлерді жинап , сатының соңына жетті. Оқушылардың барлығы дерлік сабаққа белсенділікпен қатысып, сұрақтарға жауап беріп, есеп шығарып отырды. Бұл ашық сабақ мен үшін үлкен тәжірибе болды.

Практика барысында пән мұғалімі Раисова Қаракөз Серіковна пән бойынша қысқа мерзімді жоспарлар, оқушылардың үй тапсырмаларын тексеруге, 3-ші тоқсанға арнап БЖБ,ТЖБ құрастыруға көмектестім.Кестеге сәйкес 9-сынып оқушыларын Pisa тестке дайындау мақсатында қойылған қосымша сабақтарға көмектестім.

Оқушылардың үй жұмыстарын тексеріп,қателескен жерлерін түзеп, түсіндіріп беріп отырдым.

Осы өндірістік педагогикалық іс-тәжірибе барысында 5 «Ж» сыныбына қызықты математика сабағын өткіздім, 8«А», 8«Б», 9«А», 9«Б»,- сыныптарының алгебра және геометрия сабақтарына қатыстым. Сабақ өту барысында мұғалім алдымен оқушылармен жылы сәлемдесіп және сыныпта жағымды психологиялық ахуал тудырып алды.Содан кейін оқушыларды түгендеді де, оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрады.Алгебра және геометрия пәні бойынша БЖБ, ТЖБ жұмыстарын тексеруге, бағалауға, қорытындылауға қатыстым.

8 «Ә» сыныбында «8-наурыз аналар мерекесі!» тақырыбында тәрбие сағатын өткіздім. Оқушыларды ана махаббаты, әйелдің қадірін түсіну, әйелдер қауымын құрыметтеуге тәрбиелеу мақсатында сынып сағатын өткізідім.


Оқушылар сол сынып сағаты арқылы ана туралы ғана емес, жалпы нәзік жанды қыздар қаумын силау керектігін оміріміздңе қандаи маңызы бар екені туралы түсінік алды. Сыныптағы оқушылардың оқуға деген ынтасы мен ықыласын сабақ жүргізу барысында үнемі бақылай отырып, дарынды балаларды анықтап, психологиялық-педагогикалық зерттеу жүргіздім.

Сонымен қатар сабаққа және тәрбие сағатына психологиялық-педагогикалық талдау жасадым

Іс-тәжірибе барысында оқушыларды мұқият бақылап жүрдім. Сыныптағы оқушылардың құжаттарымен танысып, мінездеме жасауға кірістім. Зертеу барысындағы мәліметтерді жинақтап,талдап мінездеме жаздым. Барлық материалдарды жинақтап практика есебіне қостым. Қорытынды іс-тәжірибе есебін дайындап, қажетті материалдарды түгендедім. Іс-тәжірибе есебін жетекшіге өткізіп, талдадым.

Математика пәні мұғалімінің маған психологиялық - педагогикалық терең білімі, өз пәнін өте жақсы білетіндігі, балалармен сабырлы қарым – қатынасы, үнемі бәріне үлгеріп жүретіндігі, жұмыстағы тиянақтылығы мен құжаттарының реттілігі өте қатты ұнады. Қаракөз Серіковна маған педагогикалық іс – тәжірибе жинауыма үлкен көмегін тигізді. Ашық сабақтарды, сыныптан тыс шараларды ұйымдастыру жоспарларымен таныстырды, қалай жасайтынын үйрендім. 8 «Ә» сыныбымен жақынырақ таныстым.

Осы өндірістік педагогикалық іс-тәжірибе барысында өзіме үлкен тәжірибе жинақтадым және бұл болашаққа жасаған қадамдарымның алғашқысы деп есептеймін.Жоғары оқу орнында алған теориялық білімді осы іс-тәжірибенің арқасында практика жүзінде қолдана білдім. Мектеп оқушыларының жеке ерекшеліктерін ескеруде және оқушылармен қарым -қатынас жасау барысында педагогика мен психология пәні өте үлкен көмегін тигізді.

Балалармен жақын араласып, мұғалімдік мамандықтың қиын да қызық әрі асқан жауапкершілікті қажет ететін мамандық екенін түсіндім. Педагогикалық практиканың маңызды міндеттері – оқу-тәрбие процестерін, мұғалімдер мен оқушылар әрекетін бақылауды үйрену, олардың өзара әрекетінің мәні мен логикасын түсіну. Тұтастай педагогикалық қарым- қатынас орнату ең маңызды мәселе. Осы мәселені шешу осы іс-тәжірибе арқылы жүзеге асты.

Өндірістік педагогикалық іс-тәжірибеден өткен уақыт аралықтарында мен мұғалімнің бойынан табылуға тиісті қасиеттер мен сабақ беру әдістемесін үйрендім.Осы өндірістік педагогикалық іс-тәжірибе барысында пән мұғалімінен жақсы үлгі алып, өз білімімді толықтырып,шыңдадым.

Қорытындылай келе, осы іс-тәжірибеден өту барысында қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы- жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат деген ойға келдім.Сонымен қатар,мұғалім тек өз пәнін жақсы біліп қана қоймай, педагог әрі психолог болу керек екендігін түсіндім.


Пән мұғалімі: К.С.Раисова қолы _______ бағасы _____

Іс-тәжірибе жетекшісі: Ж.Р.Жаксылыкова қолы _______ бағасы _____

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің

«№15 орта мектебі» КММ –нің

8 «Ә» сыныбына

Мінездеме

Сыныпта 22 оқушы бар. Оның 14– ұл, 8 – қыз бала. Сынып жетекшісі- Раисова Қаракөз Серіковна. Сынып оқушыларының оқу әрекетіне, тәрбиелік шараларға қатысу белсенділіктері жас ерекшеліктеріне сай жақсы деп айтуға болады. Оқушылардың мұғалімге қарым-қатынастары жақсы, педагогикалық талаптарға бағынады. Сынып оқушыларының мектеп мотивациялары оң, сабаққа қызығушылықпен келеді, көңіл-күйлері көтеріңкі. Сыныптың әлеуметтік деңгейі: ұжымда оқушылар жақсы қарым-қатынаста. Сонымен қатар сыныпта шығармашылыққа бейім оқушылар бар. Жалпы сыныптан тыс шараларға, сабақтарға қатысуға тырысады. Сынып белсенділері – сынып басшысы, тазалық, спорт мүшелері өз жұмыстарын тиянақты атқарады. Оқушылардың еңбек қатынасына деген ынта – жігері орташа. Сыныптағы оқушылардың бір біріне деген қарым – қатынасы жақсы, бір – бірімен тату, қиыншылық кезде бір-біріне қол ұшын беруге әзір тұрады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. Ұл бала мен қыз балдардың өзара қарым – қатынастары да айтарлықтай жақсы. Сабаққа деген қызығушылықтары орташа. Ата – аналарға келетін болсам, олар сынып өміріне белсенді қатысып отырады. Мектептен қатынастарын үзбейді, көмектерін аямайды. Еш себепсіз сабақ қалдырмайды.

Мектепшілік, сынып аралық іс – шаралар мен ертеңгіліктерде ұжым толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әрбаланың бойында жақсы

Іс-тәжірибеден өтуші студент: Бидақын Күлиза

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің

«№15 орта мектебі» КММ –нің

8 «Ә» сынып оқушысы

Азатова Алинаға
МІНЕЗДЕМЕ

Удовик Дарья Қайратқызы ШҚО Өскемен қ. әкімдігінің «№15 орта мектебінің» КММ 8 «Ә» сынып оқушысы.

Дарья өз ісіне жауапты қарайтын, жылдам әрекет ететін оқушылардың бірі. Үлгерімі өте жақсы.
Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Удовик Дарья өте ақкөңіл, ашық-жарқын, әрдайым көңілді жүреді. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі.