Файл: Таырыбы Баланы жауапкершілігі жне жауапсыздыы. Оны артында не бар Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 49

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: Баланың жауапкершілігі және жауапсыздығы.Оның артында не бар?.

Мақсаты:оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің құқық бұзушылығын алдын-алу, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. Конституцияны т. б. құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі...
Бірінші бөлім: Құқық туралы жалпы түсінік..
Екінші бөлім: «Сенің құқығың» - баптарды еске түсіру.
Үшінші бөлім: Мен заңды қаншалықты білемін?

Төртінші бөлім: Ситуациялық жағдайларды шешу

Бесінші бөлім: Қылмыскер бала қайдан шығады?

Қорытынды.
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Баланың жауапкершілігі және жуапсыздығы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.
Бүгінгі іс-шарамызда біз жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін қылмыс түрлері мен жазалар туралы сөз қозғаймыз. Өйткені қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Ал осындай жағдайлардың алдын алу үшін,болдырмау үшін әрқайсымыз не істеуіміз қажет? Қалай ойлайсыңдар? Оқушылар сендердің осы орайда міндеттерініз қандай? Бүгінгі жиналысымыздың мақсаты оқушыларды қазірден бастап заң нормаларын білуге үйрету, заңды бұзбауға, құқықтық сауаттылықтарын арттыру болып табылады.
Жалпы тәрбие қалай қалыптасады? Қандай факторлар әсер етеді деген сұрақтар туып отыр.Осы сұрақтарға оқушылар сендердің ойларыңызды, пікірлеріңізді білсек? (слайд көрсетіледі)

I. Сабағымыздың бірінші бөлімінде құқық туралы жалпы түсінік беріледі.

Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелігі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығын да. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді: табиғи құқық, азаматтық құқық, экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық.
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы түгелімен құқыққа арналған.

Құқықтық білім дегеніміз не?

Құқықтық білім беру – адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны, заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру- құқықтық сананың негізгі белгілері.Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім- тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады. Яғни жас адамдардың ақпаратты тез қабылдап есте сақтау қабілеті жоғары саналады.
«Сенің құқығың!» баптарды еске түсіру
14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайды.
15-бап
1. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.


16-бап
1. Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.
17-бап
1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
19-бап
1. Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.
2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар.
22-бап
1. Әркiмнiң ар - ождан бостандығына құқығы бар.
2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

Бала мен ата-ананың құқықтары  мен  міндеттері білгіленген заңдар – бұл

  1. Бала құқығының   Декларациясы

  2. ҚР бала құқықтары туралы Заңы

  3. ҚР Конституциясы

  4. Білім туралы Заң

  5. Неке және отбасы туралы Заң

  6. Балалар  құқығының  Конвенциясы

Әкімшіліқ құқықбұзушылық туралы Кодекс


Осы құжаттар бойынша баланың мынадай құқықтары бар:


Сонымен қатар бұл құжаттарда баланың құқығымен бірге ата-ананың міндеттері де көрсетілген.

ІІ бөлім «Жастар арасындағы қылмыстар»
Мұғалім сөзі
Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Жасөспірімдердің және жастардың қылмысы туралы мәселе құқық қорғау жүйесінің ғана емес, сонымен қатар басқа да мемлекеттік ұйымдардың үнемі қадағалауын талап ететін басты мәселенің бірі.Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қашанда ұлттық тұтастығымызға, ел болашағына қауіп төндірері сөзсіз. Сотталған жас өспірімдердің көбеюі – қоғам өмірінің келеңсіз жақтарын, халықтың әлеуметтік ахуалының төмен екенін байқатады. Қоғамда не құрылым дені сау, еңбекке жарамды азаматтар көбейген сайын, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы да жедел дами бастайды. Бүгінде түрмеде отырған азаматтардың 70 пайызы жас адамдар.


Сабақтың екінші бөлімінде жасөспірімдерге қолданылатын қылмыстық жауапкершіліктер туралы анықтама беріледі.
Сотталушылар қатарында кәмелеттік жасқа толмағандардың көбеюі біздің қоғамды алаңдатпауы мүмкін емес. Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі.
Алайда, адам өлтіргені, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, адамды ұрлау, ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, ауырлататын мән-жайларда көлікті айдап кету, терроризм, адамды кепілге алу, қаруды ұрлау немесе қорқытып алу, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен басқа да құрылғылар, ауырлатылған мән-жайларда бұзақылық, тағылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды ұрлау немесе қорқытып алу, ауырлатылған мән-жайларда мәйітті немесе олардың көмілген жерлерін қорлау, көлік құралын немесе теміржолдарын қасақана жарамсыздық жағдайға келтіргені үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сот тәжірибесі көрсеткендей, кәмелетке толмағандар көбінесе ұрлық, тонау секілді қылмыстар жасайды. Соңғы кезде аталған қылмыстар ішінде ұялы телефондарды ұрлау жиі орын алуда. Мұндай қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер құқық бұзушылардан жасы кіші, әлсіздеу, кәмелеттік жасқа толмағандар болып табылады.Жасалатын іс-әрекеттің қауіптілігі жасөспірімге «өзгенің өмірі мен мүлкіне тиіспе», - деп бала кезінен ата-анасы немесе тәрбиелеушілерінің үйретуіне байланысты.
Кішкентай кезден бастап пайдалы ақыл-кеңес, дұрыс бағыт беру нәтижесінде қылмыстық әрекеттердің қауіптілігін сездіруге болады. Өсе келе жасөспірім жасалатын әрекеттерді өзі бағалап, таңдау жасай алады.


ІІІ бөлім «Ситуациялық жағдайларды шешу: Жағдаят №1

Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасты. Ерланның есіне асханадағы ақша майдалатқан Қайрат есіне түсті. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып ал керектігін Маратқа айтты. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырды. Ойында ештене жоқ Қайратты Ерлан артынан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етті. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол, ақшасының жоқ екенін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екенін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере  салды. Аман-есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертті. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтса, онда жақсылық болмайтынын Қайратқа жақсылап ұғындырды.


Сұрақтары:

  1. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?

  2. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?

  3. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелді?

Жағдаят 2

Марат пен Салтанат қала сыртына демалуға шықты. Демалыс жақсы өтіп жатқан еді, оларға қолтықтарында арақтары бар арақ ішкен үш жігіт жас отбасына тиісе бастады. Әр түрлі балағат сөздер, артық әзілдер айтты. Дайындап қойған түскі астарын жеп қойды. Жолдасы үндемей тұрды. Өйткені, бұл жігіттер ешкімнің алдында тоқтамайтындығын ол жақсы түсінді. Арақ ішіп алғандар Маратқа бізді үйімізге апарып таста деп бұйрық берді. Осы кезде Марат алыстан бір машинаны көрді. Жақындағанда «Көмектесіңдер» деп айқайлады. Шофер естіген жоқ. Жігіттер Маратты ұруға келе жатады. Сонда Марат багажниктен балтаны алып, келе жатқан бірінші жігітті басынан ұрып құлатады.
Сұрақ:
• Марат құқықтық жауапкершілікке тартыла ма?

Кезекті тренингке берейік.

«Ыстық  алақан» деп аталады

Нұсқау: Бір –бірлерімізге қарсы тұрып, алақандарымызды бір – біріне түйістіреміз.Көңіл күйлерімізді көтеру үшін, еркелету фразаларын жағымды сөздер арқылы жеткіземіз
Қорытынды. Сонымен, құрметті оқушылар, ұзын сөздің қысқасы, бүгінгі сабақтың негізгі ойын мына мақал – мәтелдермен аяқтайық. (слайд)
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2. Ұрлық түбі ... (қорлық)
3. Тәрбие ... (отбасынан басталады)
4. Әділ істің...(арты игі)
5. Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)
6. Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)
7. Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді).
Осымен біздің кездесу тәрбие сағатымызда өз мәресіне жетті. Бүгінгі сабақтан алған мәліметтер оқушылар сіздерге өте керекті деп ойлаймын. Келген қонақтарымыз ұстаздарға да рахмет айтамыз.
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру - деп болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.