Файл: Масаты Оушыларды азаты ос арышкерімен таныстыру, мірбаянына шолу жасау, млімет беру. Отана деген сйіспеншілігін арттыра отырып, патриотты сезімін, рі шыш, арышкер болуына оушылар иялын трбиелеу, табандылыа, шыдамдылыа, тртіптілікке йрету..doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 45

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мақсаты: Оқушыларды қазақтың қос ғарышкерімен таныстыру, өмірбаянына шолу жасау, мәлімет беру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық сезімін, әрі ұшқыш, ғарышкер болуына оқушылар қиялын тәрбиелеу, табандылыққа, шыдамдылыққа, тәртіптілікке үйрету.

Көрнекілік: «Юрий Гагарин, Валентина Терешкова, Талғат мұсабаев, Тоқтар Әубәкіров» портреттері. Әрі плакатқа жазылған сөз. «Ғарыш жолы – қиын жол», Мақал – мәтелдер, Байқоңыр, Ракета суреттері. Сөзжұмбақ, кластер, Венн диаграммасы.

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе бөлімі:

Балалар, биыл 12 сәуір адамзат баласының ғарышты игергеніне 53 жыл. Ал қазақ ғарышкерлерінің ғарышқа ұшқанына 23 жыл. Ең алғаш 1957 жылы Лайка деген ит ұшады, өкінішке орай ол қайтып келмейді, артынша 1960 жылы Ю. Гагарин ұшады. «Восток» деген кемемен жер шарын 1 сағат, 48 минутта айналып шығады. Сөйтіп ғарышқа адамзат алғаш жол ашады.

Енді балалар, сендерге сұрақ қояйын:

  • Ғарыш деген не?

  • Ол аспан әлемі. Ғарыш деп аталады. (Космос)

  • Ғарышкер деп кімді айтамыз?

  • Ол аспан әлемінің құпиясын зерттеу үшін ұшатын адамдар.

  • Балалар, өте жақсы жауап бердіңдер.

Ән: Жұлдыздар – ғарышкерлер (Әсет пен Айжан)

Содан бері міне 53 жыл аспан әлемін ғарышкерлер зерттеп ұшып жүр. Соның ішінде қазақтың қос ғарышкері – Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаев та ұшып келді. Біз осы екі ғарышкердің өмірбаянына қысқаша мәлімет береміз.

ІІ. Негізгі бөлім.

Енді кезекті оқушыларға берейік.

1 – оқушы: Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 2 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туған.

2 – оқушы: Ол әскери авиациялық училищесін және сынаушы ұшқыштар мектебін бітірді.

3 – оқушы: Мәскеу авиация институтын тәмәмдаған. Ол ғарышқа ұшқанда «Батыр» атағына ие болған.

4 – оқушы: 1991 жылы 2 қазан күні Байқоңырдан Қазақстан – Австрия экипажы бар «Союз-ЭТМ - 13» ғарыш кемесі ұшырылды. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Республика президенті Н. Ә. Назарбаевқа қазақ тілінде қысқаша рапорт берді.

Талғат Мұсабаев өмірінен мәлімет беру.

5 – оқушы: Талғат Мұсабаев 1957 жылы Алматы облысы, Қоғалы ауылында туған.

6 – оқушы: Ол орта мектепті Алматы қаласында бітірген.

7 – оқушы: Ақтөбедегі Әскери училищені бітірді.

8 – оқушы: Рига қаласынан авиация институтын бітірді. Әуе авиация инженер мамандығын алды.


9 – оқушы: Ұшу үшін Алматы аэроклубына түсті. Содан соң жоғарғы ғарышкер тобында болды.

10 – оқушы: 1994 жылы 30 маусымда «ТМ - 18» кемесімен Маленченкомен бірге ұшты. Олар ғарышта 12 тәулік болды.

11 – оқушы: 1997 жылдың қарашасынан 1998 жылдың тамыз айына шейін Николай Бударин мен Юрий Батурин және Талғат Мұсабаев үшеуі «ТМ - 18» кемесімен 208 тәулік ғарышта болып қайтты.

12 – оқушы: 2001 жылдың 28 сәуірінен 6 мамырға дейін, яғни 8 күнге созылды. Онда Денис Тито мен Юрий Батурин үшеуі бірге ұшты.

13 – оқушы: 1995 жылы «Халық қаһарманы» орденімен марапатталды.

14 – оқушы: 1998 жылы қарашада «Отан» орденімен марапатталды.

1. Әр топқа тапсырма беру.

І топ – Сурет салу

ІІ топ – Сөзжұмбақ шешу «Ғарыш»

ІІІ топ – Кластер құрау

ІV топ – Венн диаграммасы (Әубәкір, Мұсабаев)

2. Көркем сөз оқу.

Ермек Өтетілеуов «Тоқтар тұңғыш ғарышкер»

1 – оқушы: Арман қуып жасынан,

Көктен көзін алмаған.

Ұшқыш болды жас ұлан,

Аспанда еркін самғаған.

2 – оқушы: Бабасындай асуға,

Салған құрақ – бұғалақ.

Самолеттер санауға,

Артқан онда құмарлық.

3 – оқушы: Сынақшы ұшқыш жұмысы,

Қауіпті де Отан деп.

Ерлікке асып сонда ісі,

Батыр қыран атанды.

4 – оқушы: Тағы да ғажап тым,

Тоқтар тартты алысқа.

Туған ұлы қазақтың,

Тұңғыш ұшты ғарышқа.

Тұманбай Молдағалиев: «Ғарыш қыраны» өлеңі.

5 – оқушы: Биікке құмар жан едік,

Биіктен ғана нұр күткен.

Қуанып көкте бір нүкте,

6 – оқушы: Бір нүкте емес, бір жүрек.

Барады ғарыш жолымен,

Қарайды ана елжіреп,

Қалқалап күнді қолымен.
7 – оқушы: Қарайды көкке бар әлем,

Қызықтап жолын сұңқардың.

Жақсы еді шіркін не деген,

Қыран боп көкке шырқар күн.

8 – оқушы: Келешек ұшып жүр көкте,

Жарқырап жанды жас ұлан.

Қарайды әлем құдіретке,

Ғажап қолмен жасалған.

9 – оқушы: Болашақ маған жақын кел,

Жақсылық сырын түсіндір.

Ғарышқа ұшқан батырмен,

Жүрегім бірге ұшып жүр.

10 – оқушы: Бақыт үшін бар адам,

Өнердің таңы атыпты.

Тек ұшу үшін жаралған,

Адамдар қандай бақытты.

11 – оқушы: Ұмтылып тың табысқа,

Аспан болып тұрағы.

Байқоңырдан ғарышқа,

Ұшты қазақ ұланы.

12 – оқушы: Әлемді жалт қаратқан,

Оны абырой санаңыз.

Қазақтан ұшқан ғарышкер,

Талғат деген ағамыз.

3. «Ғарышерлер» ойыны.

Бес орындық қойып, 6 оқушы шығып, орындықты ұшқыш қимылын жасап айналады. Музыка тоқталғанда орындыққа отырып, үлгермеген оқушы ойыннан шығады. Сөйтіп ойын жалғаса береді.



4. «Кім тапқыр?» ойыны.

Жұмбақ шешу.

1. Күмбез сынды кең сарай,

Еш жерде жоқ тең сарай. (Аспан)
2. Әлемнің екі күзетшісі:

Бірі – күндіз тынығады,

Бірі – түнде тынығады. (Күн мен ай)
3. Күндіз білінбейді,

Түнде күлімдейді. (Жұлдыз)
4. Басы озып құсты,

Қанат қақпай ұшты. (Ұшақ)


5. Күміс қанат сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі,

Күткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)
Қорытынды: Балалар, біз адамзат баласының ғарышты игергеніне 53 жыл толуына байланысты «Ғарыш әлемінде» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Қорытынды тұжырым: 3 «А» сыныбында «Ғарыш әлемінде» атты тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар ғарышкерлер туралы мәлімет алды. Оқушылар топпен жұмыс жасады. Сурет салды, сөзжұмбақ шешті, кластер, венн диаграммасын құрды, қазақтың қос ғарышкерлеріне арналған көркемсөз оқыды, «Ғарышкерлер» ойыны ойналды. Оқушылар мұражайдағы «Арқалық ғарыш айлағы» атты көрмедегі ғарышкерлердің фотосуреттері, пайдаланған заттары туралы көргендерін әңгімелеп берді. Тәрбие сағаты тартымды өтті.