ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 125
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп –лицей«Еңбек еткен – мұратқа жеткен»9 сыныпӨткізген:Г.Досмағанбетова 2022-2023 оқу жылыБекітілді ___________Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
| Тәрбие сағаты | «Еңбек еткен – мұратқа жеткен» | ||||
| Күні | 14.10.2022ж. | ||||
| Сынып жетекші: | Г.Досмағанбетова | ||||
| Сынып: 9 А | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
| Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) | Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» «Адал сол – таза еңбекпен күнін көріп, жаны үшін адамшылық ар сатпайды» Шәкәрім Құдайбердиев | ||||
| Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып,ерінбей еңбек етуге,еңбектің адамның табиғи қажеті екендігін ұғындыру. Еңбексүйгіштікке, еңбек адамын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. | ||||
| Ресімдеу | Слайд, презентация | ||||
| Музыкалық және бейне көркемдеу | слайд | ||||
| Үлестірмелі материалдар | Диаграмма парақшасы | ||||
| Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | ||||
| Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | ||||
| Сабақтың барысы | |||||
| Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар | ||
| Ұйымдастыру кезеңі (10 мин) | Бүгінгі тәрбие сағатында адамның өміріндегі еңбектің рөлі, адам еңбек ету үшін бойында қандай қасиеттер болу керек, «еңбекқорлық», «еңбексүйгіштік» және еңбектің нәтижесіне қалай жетеміз және осы өмірде еңбекқорлық қасиеті, еңбексүйгіштік қасиеті арман-мақсаттарымызға, алдыға қойған тілектеріміздің орындалуына қалай ықпал етеді, сол туралы мәселелерді қарастырамыз. Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Еңбек 2 түрі бар: /ой айту/ 1.Ой еңбегі 2.Дене еңбегі /Оқушы ойларын тыңдау/ | 1.Аспанда қалықтап ұшқан құсқа қарап ұшақты ойлап шығарды. 2.Бал арасының ұясын, ағаш жапырақтарының діңі, бұтақтарының орналасуын, құрылымын т.б зерделеп, алуан түрлі ғимараттар салды. 3.Құмырсқа илеуіне негізделген қалалар тұрғызды. 4.Балықтың жүзуіне қарай отырып кемелер жасалды. 5. Табиғаттағы инелікке қарай отырып тікұшақ жасады. Осы айтылған аз мысалдан-ақ адам еңбегінің жасампаздығын байқаймыз. | презентация | ||
| Негізгі бөлім (25 мин) | Негізгі бөлім І. Ел президентінің ел жастарына үндеуінен үзінді тыңдау ІІ. Еңбегімен еленіп, кәсіпкер болып жүрген жерлестеріміз Сергіту Өлең жолдарын өз ойыңызбен толықтырыңыз 1)Білімді ұрпақ биікке әркез ұмтылады Келешегін жарқын етіп зор қылады... 2)Еңбек жеңбек бәрін де Еңбектен әркез ерінбе... 3) Отаны бар өршіл менің халқым жас Отан кені байлығымыз таусылмас... Жалғасын тап: Еңбек ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке жеткізер ) Еңбек етпей елге өкпелеме, … ( егін екпей жерге өкпелеме ) Еңбек етсең емерсің, … ( ерінбесең жеңерсің ) Еңбегіне қарай — құрмет, … ( жасына қарай – ізет ) Еңбек адамның … ( екінші анасы ) Еңбек – ата, … ( жер – ана) Еңбек ет те мақтан, … ( ойнап күл де шаттан ) Еңбекке жастан, … ( өнерге бастан ) | Видеоүзінді тамашалайды https://youtu.be/uslJ9U0Y1Rg https://yandex.kz/video/preview/8986831323800259048 Оқушылар өз ойларын айтады Өлең жолдарын аяқтайды | презентация | ||
| Соңы 5мин | Қорытынды Өмірдің мәні қалаған ісіңді істеу емес, сол істеген ісіңді зор махаббатпен, адалдықпен атқару екенін ұғынғандаймыз. Сабағымыздың соңында Жүсіп Баласағұнидің «Түгел алғың келсе өмірдің ырысын, таза болсын сөзің, ойың, әр ісің» деген сөзімен аяқтағым келеді. Кері байланыс «Суреттер топтамасы» әдісі арқылы бүгінгі сынып сағатына баға беру | Оқушылар өз ойларын айтады оқушылар суреттерге қарай отырып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі | презентация | ||