Файл: Оу сауаттылыы факультативтік курсыны бадарламасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 66

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Оқу сауаттылығы» факультативтік курсының бағдарламасы

(8-сынып)
Түсінік хат

Жаңартылған оқу бағдарламасы қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым) негізделген. Оқу бағдарламасында коммуникативтік әрекеттер мен дағдыларды жүзеге асыратын оқу мақсаттары ұсынылған. Оқу мақсаттары әр сынып деңгейіне сәйкес динамикалық даму бағытында жасалған. Бағдарлама «спиральді оқыту» тәсіліне негізделе құрылған. Әр сынып сайын оқу мақсаттары қарапайымнан күрделіге қарай өсіп, қайталанып отырады. Бағдарлама мазмұны әдебиет, тарих, биология, география, физика сияқты өзге пәндермен тығыз байланысты. Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді.

Оқу сaуaттылығы – оқушылaрдың жaзбa мәтіндерді түсінуі және қолдaнуы, мәтін бaрысындa ой-толғaуы, жaңa білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдaнуы, әлеуметтік ортaғa бейімделуі. Оқу іс-әрекетін орындaу реті:

  • Мәтінді оқу, aқпaрaтты қaбылдaу;

  • Aқпaрaттaн түйінді ойды жинaқтaу;

  • Мәтін ішінен іс-әрекетті белгілеу;

  • Мaзмұнын бaғaлaу.

PISA зерттеулерінде оқу сaуaттылығы мәтіннен қaжет aқпaрaтты тaбумен бaғaлaнaды:

  • мәтіннен қaжет болaтын мейлінше көп aқпaрaт тaбу;

  • мәтіннен ең қaжетті aқпaрaтты тaбу;

  • мәтіндегі aқпaрaттaрды жіктеу;

  • бұрыннaн тaныс және жaңa aқпaрaттaрғa жіктеу;

  • терең мaзмұнды aқпaрaтты тaбу;

  • күрделі мәтінді қорытындылaу;

  • мәтіннен ой түю. 

Курстың мақсаты - оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға пайдалана білуге баулу.

Курстың міндеттері:

  • мәтіндерге өз тұжырымын жасай отырып, белсенділік таныту,

шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алуға даярлау;

  • тілдік жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсе алу даярлығын білдіретін

құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастыру;

  • ана тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай

алатын тұлға даярлау.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау



Сабақ тақырыбы

Оқу мақсаттарының орындалуы

Сағаты

Мерзімі

1

Мәтін. Мәтіннің негізгі тақырыбы мен идеясын ашу.

8.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау

1




2

Мәтіндегі тірек сөздерді табу.


8.1.1.1 мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау

1




3

Мәтін бөліктеріндегі түйінді ойын анықтау

8.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау

1




4

Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, соған сай мақалдар табу.

8.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау

1




5

Тірек сөздер арқылы мәтін құрау.

8.1.1.1 мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау

1




6

Мәтін бойынша сұхбат құру

8.1.6.1 коммуникатив тік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу

1




7

Мәтін бойынша жуан, жіңішке сұрақтар қою.

8.1.6.1 коммуникатив тік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу

1




8

Мәтінде көтерілген проблемаға сәйкес 3 ашық сұрақ құрастыру.

8.1.6.1 коммуникатив тік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу

1




9

Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру

8.1.6.1 коммуникатив тік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу

1




10

Мәтіндерге комментарий жасау

8.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу

1




11

Мәтінді аяқтау

8.1.1.1 мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау

1




12

Ой бөліктерін біріктіріп мәтін құрау, тақырып қою

8.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу

2




13

Мәтіндік ақпаратты интерпретациялау

8.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу

2




14

Графиктік ақпаратты интерпретациялау

8.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу

2




15

Жинақы мәтін жазу

8.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу

2




16

Мәтін формасы мен түрін анықтап, жоспарын құру.

8.3.1.1 тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру

1




17

Аннотация жазу

8.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу

2




18

Мәтін стилі мен жанрын анықтау.


8.2.2.1 публицистикалық және ғылыми стиль ерекшелікте рін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

1




19

Мәтін мақсаты мен көзделген аудиториясын табу.

8.2.4.1 тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау

1




20

Мәтіннің тілін анықтау

8.1.2.1 әлеуметтік- қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау

1




21

Мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін анықтау

8.2.4.1 тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау

1




22

Публицистикалық стильдегі мәтіндермен жұмыс

8.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау

1




23

Публицистикалық стильдегі мәтін құру

8.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, аннотация, тезис құрастырып жазу

1




24

Көркем әдебиет стиліндегі мәтіндермен жұмыс

8.2.5.1 перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру

1




25

Публицистикалық және ғылыми стиліндегі мәтіндерді салыстыру

8.2.4.1 тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау

1




26

Аралас мәтіндермен жұмыс

8.2.1.1 тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру

1




27

Мәтіндердегі қателерді түзету

8.3.6.1 БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау

2




28

Мәтін тақырыбына қатысты өз көзқарасын жазу

8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)

1





Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қaзaқстaн Республикaсы білім беруді дaмытудың 2011-2020 жылдaрғa aрнaлғaн мемлекеттік бaғдaрлaмaсы - Aстaнa, 2010.

  2. Қaзaқстaн Республикaсының жaлпы білім беретін мектептері педaгогтерінің біліктілігін aрттыру курстaрының бaғдaрлaмaсы - «НЗМ» ДББҰ, 201

  3. Мектеп оқушыларының  функционалдық   сауаттылығын  дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.- Астана:2012. –1-2 б.

  4. Мұғалімге арналған нұсқаулық, ІІІ деңгей: 2012. –58 б.

  5. Оқу сауаттылығы. Тренерге арналған нұсқаулық. PEARSON 2013. – 138 б.

  6. Оқу сауаттылығы.Мұғалімнің жұмыс дәптері. PEARSON 2013. – 47-48 б.

  7. Основные результаты международного исследования РІSА 2012. Национальный отчет. Астана: 2013. –105-106 с., –147 с.

  8. РІSА халықаралық зерттеуі, әдістемелік құрал. Астана: ҰББСБО, 2013.