ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 189
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қауіпсіздік ұғымының мазмұны мен өлшемі тарихи кезеңдердің ауысуына байланысты өзгерістерге түсіп отырады.Дәстүрлі қоғамдағы қауіпсіздік ұғымы өзіне мына аспектілерді қамтиды.
*сыртқы қауіптен қорғану, ол үшін ел қорғау жүйесін жетілдіру;
*мемлекет тұтастығын сақтау, ол үшін сұлтандар сеператизмне жол бермеу, олардың бөліп ал да билей бер саясатын шектеу;
*трайбализмге қарсы шешім қабылдау, онда билер: “жүзге бөлінгеннің жүзі қара, руға бөлінгендердің құруға асыққаны”, -деген ұлағатты сөздермен қоғамның жікке бөлінуіне жол бермеуге тырысты;
*қоғамдағы ең бір қауіпті саналатын жер дауы мен жесір дауының оң шешілуі.
Көшпелі қазақ қоғамындағы теңдік ұғымының негізгі жаршысы билер. Билер қоғам өмірінің мына салаларына теңдікті ендіру үшін күресті.
*барлық адамдардың әдет-ғұрып заңы алдында тең болуы;
*байлығы,лауазымы, билігіне қарап билер әділ төрелігінедақ түсірмеген, шындықты айтудан бас тартпаған;
*билікке жету мүмкіндігінің барлық адамдар үшін тең болуы;
*қоғамдағы адамдардың рухани теңдігі, яғни адамның ар-ожданы,даналығы мен ақылдылығы дүние-мүлкімен өлшенбейтіндігімен адамдар санасына ендіру.
Билер шыққан ортасына қарамастан билікке қабілетті, білімді, әділ адамдардың келуін қолдады.
Тәуке хан және Абылай хан қалыптастырып, нығайтқан көшпелі қазақ мемлеекттілігінің саяси-құқықтық жүйесне реформа жүргізілгендер қатарына Төле би, Әйтеек би, Қазыбек би жатады.Олардың жүргізген реформаларының негізгі бағыттары:
-
хан сайлауын өткізу, сол арқылы жүздер арасындағы билік үшін алауыздықты тоқтату, мемлеект тұтастығын сақтау. -
Сұлтандар, төрелер билігін шектеу, орнына “Билер кеңесін” құру. Билер кеңесі біріншіде, екңесші ұйым болды,ханмен бірге жалпы мемлеекттік мәселелерді шешу үшін құрылтай шақырып, оның жұмысына қатысты: екіншіден халықтың мемлеекттік биліктегі өкілі, билік құрылымындағы қара халық арасынан шыққан әрі оның мүддесін билікте қорғаушы ұйым; үшіншіден заң талқылайтын ұйым, қазақтың әдет-ғұрып құқығы жүйесінің негізін салушы; -
орталықтанған әскер құру, қазақ батырларының басын біріктіру, әскерде қатал тәртіп орнату, әскерді ондық, жүздік, мыңдыққа бөлу, әскер қолбасшысына лайықты адамдыхан ұсынады, ал бөлу, әскер қолбасшылығына лайықты адамды хан ұсынады, ал “Билер кеңесі” бекітеді,әрі әскер қолбасшысы осы екеуі алдында есеп береді; -
Қорғаныс және барлаушы қызметті жетілдіру; -
салық салу ісін жетілдіру, әскерді қаруландыру қаржысын сұлтандар, байлар, ауқаты адамдар мойнына салуға тырысады , -
елшілік қызметті жетілдіру, қазақ билерінің жауласушы елдерге елшілікке өздерінің баруы.
Қазақ мемлеектінде “Қасым ханның қасқа жолы” , “Есім ханның ескі жолы”, Тәуке ханның “Жеті жарғысы” деп аталатын заңдар жүйесі болған.”Жеті жарғы” тек құқықтық қалыптар жинағы емес. Онда әр түрлі діни, тәлімдік, әдептілік,қарым-қатынастық мәселелер, яғни қоғамның барлық мәдени-әлеуметтік өмірі қарастрылған.Сонымен бірге бұл тарихи құжатта алғашқы рет қазақтардың саяси құндылықтары жүйеленеді. Бұл өркениеттілікке қарай жасалынған біршама қадам болатын.Біршама ғасырлар бойы хандық билікте болған қазақ жері “дала демократиясының” өзіндік тәжірибесінен өткен болатын, бұл да рухани-саяси мұра.
-
Қазақ зиялыларының саяси ой-пікірлері.
Қазақ зиялалары туралы сөзді ХIХ ғасырда өмір сүрген қазақ тың ағартушыларынан бастаған дұрыс. Өйткені, олар өздерінің шығармашылығын әлемдік деңгейдегі мәдениет көздерінен сусындай отырып өрбіткен іс-әрекеттерін әлеуметтік саяси дамудың принциптеріне,үрдістеріне сай екшеп отырған.Өз заманының керемет саясаткерлері, этногроф-ғалым ш.Уалиханов қазақ елінің саяси өміріндегі кейбір мәселелерінің шешімі ұлттық-этникалық жетілуде екенін пайымдаған. Ш.Уалиханов “Сот реформасы жайында хат” атты саяси тұрғыда жазылған еңбегінде қазақтың ел билеу тәжірибесінде маңыздылықтар қатарына мыналарды жатқызады: қазақтың әдет-ғұрып заңын; билеу институтын;халықтық сайлауды әділетті өткізу. Жетілмеген саяси жүйенің қозғаушы күші сол халықтың белсенділігін,білімділігін арттыруда екеніне де баса назар аударды. Бұл идеяны өзінің шығармашылығы арқылы дәлелдеуге тырысады.
Шоқан Азия мен Қазақстан жағдайында халықты аяусыз қанап соның нәтижесінде билеп-төстеушілердің орынсыз баюына жол ашатын нәрсе- олардың қолындағы шексіз билік деп ұқты.Сондықтан халықты қанаудан құтқару үшін байлардың билігін жою немесе тым болмаса олардың саяси үстемдігін шектеп,бұқара халықтың демократиялық құқығы мен бостандығын кеңейтпек болды.Жалпы ол билікті халықтың еркімен шектеуді дұрыс деп санады.
Ғалым сол кездегі қазақ еліндегі тәртіпті өзгертпек болып, қоғамдық құрылысты жаңартудың жолдарын іздеді. Бұл ретте ол революциялық емес, реформалық жолды қалады. Ал реформа жасау үшін халықтың талап-тілегін, мақсат -мүддесін, ұлттық мінез-құлқын жете зерттеу керек деп есептеді.
Ы.Алтынсарин көтерген бастама өз заманындағы ұлттық идеямен парапар болатын.Өйткені саяси күреске,тәуелсіздік алуға дайын емес халықты алдымен сауаттандыру керек екендігін түсінген іс-әрекет еді.Ол адамдарды ойындағы бос қиялдардан арылтып, дүниенің ақиқатына көздерін ашып ,шын мәнәнде алға жылжитын,прогрестік жолға түсіруге тырысты.Ыбырай “Қазақ даласындағы жұт жөнінде” деген еңбегіндехалқының болашағы отырықшылыққа көшу және егін шаруашылығымен айналысуда деп атап көрсетті.Бірақ оны өз ықтиярымен біртіндеп істеуге тиіс. Сондықтан көшпелі қазақтарды күшпен отырықшылыққа айналдыруға болмайды деп оған қарсы шықты.
А. Құнанбаевтың “Қара сөздері” түркі халықтарының даналығының бір биігі болатын. Өз халқының әлеуметтік, саяси жағдайына жаны ашыған көрге ақын өз шығармашылығында көп мәселені шешуді мәдениеттен, руханилықтан бастауды тұжырымдайды.Еркіндіктің қайнар көзі халықтың дүниетанымында екеніне назар аударды.
А. Құнанбаев 41-қара сөзінде ұлттың ішкі бірлігін, тұтастығын нығайту үшін мықты үкімет халықты білімге, ғалымға, өнерге, еңбекке тартуға міндетті екенін айтады.Сонымен қатар , үкімет билік басындағы адамның материялдық жағдайының жақсы болғанын қалады.Өйткені, бұл тұжырым биліктегі адам күнделікті күйкі тірліктің мәселелері деңгейінде алаңдамауы қажет деген ойдан туындаса керек.
Сол кездегітарихи жағдайда өмір сүрген қазақ халқына бұдан әрі бұрынғыша тіршілік етуге болмайтынын ескерте келіп, заман талабына сай еңбек етіп,кәсіпті,сауданы меңгеруге кеңес берген- Абай.Демек, қазақ қауымына әлеуметтік реформаны да бірінші ұсынған -ұлы Абай. Яғни, данышпан ақынымыздың айтқан өсиеттері, ақыл-кеңестері осы күнге дейін өз мағынасын жойған жоқ.
3.ХХғасырдағы Қазақ даласындағысаяси ойлар.
Ххғасырдың басындатарих сахнасына қазақтың ұлттық зиялыларының үлкен бір тобы келеді. Бұл топ кейін “Алаш” қозғалысын ұымдастырып, халықтың саяси мүддесін жаңа заман туғызған саяси құндылықтар ауқымында тұжырымдай бастады.Олардың арасынан ірі тұлғалар Ә.Бөкейхановты, А.Байтұрсыновты, М.Дулатовты, М.Тынышпаевты, М. Шоқайды және .б. Атап көрсетуге болады. Бұл ұлттың алдыңғы қатарлы өкілдерінің көзқарастары сол тарихи кезеңдегі саяси ахулға сәйкес қайшылықтардан бастау алды. Қазақ жерінде қалыптасқан саяси санада екі, бір-бірінен сапалы түрде айырмашылығы бар саяси бағдар қалыптасады. Біріншісі, ұлттық -діни құндылықтарға бет бұрып, мұсылмандық шарттарға арқа сүйеу арқылы дамуды көксесе, екіншісі ұлттық-либералдық құндылықтарды қолдайды,яғни батыстық бағдарды ұстанады.Сол кезеңнің саяси құндылықтардың маңыздылығын атағаны жөнінде “Қазақ” газетінде материял жарық көреді.
*тең құқылық (дініне, шығу тегіне және жынысына қарамастан адамдар тең құқылы) ;
*жеке бастың еркіндігі (мемлекет шенеуніктері кімді болса да заңсыз жолмен тұтқындай алмайды);
*сөз, ұждан бостандығы (жиналыстар өткізу, бірлестіктер құру, сөз сөйлеу,газеттер шығару,кітаптар басу бостандығы);
*сот әділдігі (соттың талқылауынсыз және шешімінсіз бас бостандықтан айыруға болмайды) және т.б. Демократиялық елдерге талпынады. Бұл қазақ даласындағы әрбір азаматтың тұлғалық қадірін, абыройын қорғауға деген талпыныс қазақ зиялыларының саяси мәдениетті деңгейінің біршама жоғары болғанын танытады. Сонымен қатар отарлық жағдай қазақ жерінің көптеген саяси азаматтық рпоблемаларының болғанын білдіреді.
Ресей оқу орындарында білім алған қазақ зиялылары ұлт мәдениетінің дамуындағы қайшылықтарды терең түсініп, оның түптамырын ұлттың тәуелсіздігімен байланыстырады.”Ұлттық тәуелсіздік” -саяси құндылық ретінде Хх ғасырдың басында саяси сананың басты іргетасына айнала бастады. Бұл қазақтың қоғамдық- саяси болмысындағы Ақпан және Қазан революциясына дейінгі өзіндік дүмпуі болатын.Ресей империясы үшін де, кейін келген Кеңес үкіметі үшін де бұл әрекеттер ұнамды үрдістер ретінде қабылданған жоқ.
1913 жылы қазақ қоғамының саяси мәдени мүдделерін жоқтайтын жалпы ұлттық саяси басылым “Қазақ” газеті ұйымдастырылады. Бұл халықтың шынайы саяси ,мәдени құндылықтарды, бағдарларды ресми анықтау мақсатындағы үлкен қадам болды. Өйткені, бұл басылым тек қана жаңалықтарды жеткізуші орган емес, сонымен қатар ұлт -азаттық қозғалысы идиологиясының негізін салушы орталыққа айналады.Сөйтіп саяси аномияда өмір сүріп жатқан қалың қазақтың саяси құндылықтар жүйесіне жаңа ұғымдар, түсініктер ене бастайды, ұлттың өзін -өзі етенелестіру талпыныстарында біршама өзгерістер пайда болады.Әрине,феодалдық бытыраңқылық ондаған жылдар бойы қалыптасқан отарлану дәстүрі өз әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да болар М.Дулатов өзінің өлеңдер жинағын “Оян қазақ” деп атайды.Бұл оятушы рөльді қазақ зиялылары атқарғанына шүбә келтірмейміз. Себебі, сол азаматтардың саяси белсенділігінің арқасында халықтың тарихи зердесінде жаңа саяси белсенділігінің арқасында халықтың тарихи зердесінде жаңа саяси ұстанымдар мен нұсқалар орныға бастады. Бұл ұлттық идеяның жүзеге асуына көп кедергілер болған кезең болса да, келешектегі ұрпақтар үшін қажетті үлкен саяси-рухани ьұра болатын. Кеңес үкіметі ьилікке келгеннен кейін М. Шоқай бастаған қазақ зиялылары “Түркістан ұлттық тәуелсіз мемлеектін” құру әрекетіне кіріседі. М.Шоқай қазақтың алғашқы саяси эмигранты ретінде ерекше тұлға.Ол көптеген еңбегін “бөлінбейтін біртұтас Түркістан” идеясына арнайды.
Қазақ жері “ теңдік пен әділдікті әкелетін социализмнің” орнына ұлттық келбетін, өмір салтын жаншитын қоғамның келгенін сезінді. Үлкен зұлмат 1937-1938 жылдары келіп, халықтың бтке ұстар қаймағы болып есептелетін М. Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, И.Жансүгіров сияқты қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалар тотолитарлық жүйенің құрбаны болды. Олардың шығармашылығында әдеби көркем образ бен саяси құндылықтар астасып жататын.
Дәріс № 4.
Билік саяси феномен ретінде.
-
Билік ұғымы мен субьектісі. -
Мемлекеттік билік. -
Саяси билік
1.Билік ұғымы мен субьектісі.
Саясаттануда билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттары мен барлық саясат әлемінің мәнін түсініп -білуге мүмкіндік береді. Себебі саясаттың негізгі мәселесі- билік, ал мазмұны-билік үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн -Халдун /1332-1406/адамның басқа жан-жануардан ерекшелігі – ол билік үшін күресі деген екен.
Ағылшынның ең ірі фәлсафашыларының бірі қоғам қайраткері болған Бертран Рассел /1872-1970/ физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс /1902-1979/ экономикалық жүйеде ақша қандай орын, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген.
Қазіргі ғылыми әдебиеттерде биліктің мынадай анықтамалары берілген:
1. Бихевиористік анықтама бойынша билік адамдардың мінез-құлқына әсер етуі мүмкіндігіне негізделген айрықша іс-әрекет түрі болып табылады.
2. Теологиялық анықтама бойынша билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жету.
3. Инструменталистік анықтама бойынша билік – белгілі бір шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады, мәселен зорлық, күштеу, т.б.
4.Құрылымдық анықтама, яғни басшылық пен басқару арасындағы қатынастың ерекше түрі ретінде көрсетіледі.
5. Жанжалдық анықтама бойынша билік игіліктерді даулы жанжалдарда бөлісуді үйлестіру құралы ретінде түсіндіріледі.
6.П. Моррис, А.Гидденс пікірі бойынша билік біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жәй ғана ықпал, әсер емес, олларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет.
7. Американ саясаттанушылары Г.Лассуэл мен А. Каплан “Билік және қоғам” деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі деп сипаттайды.
Сонымен билік дегеніміз -топ, мемлекет және адам тарапынан өзіндік ерік-жігерді іске асырудағы қабілеттілік пен мүмкіндіктерді пайдалана отырып адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел күштеу құралдары арқылы әсер ету. Қысқаша айтқанда билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.