ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 196
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері де бар. Д. Истон мен Г. Алмонд олардың төрт түрін көрсетеді:1) топтар жеке адамдардың жүріс- тұрысын басқаруға байлынысты реттеу мүмкіндігі;2) өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі; 3) қорларды, игіліктерді, қызметті бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі; 4) әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік мүмкіндігі.
Сонымен, қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады.
2. Саяси жүйе қызметтері.
1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз етеді.
2.Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейтін, мүдделерді артикуляциялайды.
3.Саяси жүйе біріктіру, топтастыру қызметін атқарады.
4.Экономиканың қалыпты жұмыс істеп дамуына жағдай жасайды.
5.Үкімет қызметі: шешім қабылдау және өзіндік басқару
6. Қоғам мүшелерін ішкі және сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғайды.
С. Хантингтонның анықтауы бойынша, саяси жүйенің басты комненттері.
1. мәдениет, яғни қоғамда үстемдік етуші, саясатқа қатысты құндылықтар, мінез – құлық, бағдар аңыздар мен сенімдер;
2. құрылым яғни формальді ұйымдар, олардың қатысуымен қоғам билік шешімдерін қабылдайды, яғни заңшығарушы, атқарушы биліктер;
3. әлеуметтік және экономикалық бірлестіктер , саяси өмірге қатысты саяси құрылымдарға талаптар қояды;
4. жетікшілік, құндылықтарды бөлуге басқаларға қарағанда көбірек ықпал етуші саяси институттар мен топтардағы индивидтер;
5. саясат, қоғам ішіндегі байлықты бөлуге және жазалауға ықпал етуші үкімет қызметі.
2. Саяси жүйе құрылымы мен түрлері
Саяси жүйе мынадай құрылымдардан тұрады: саяси институттар; саяси қатынастар; саяси ережелер, саяси мәдениет.
Саяси институттар мемлекет, саяси партиялар , кәсіподақта, кооперативтер, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдары мен бірлестіктері жатады.
Саяси қатынастарға таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді.
Саяси ережелер саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды.
Саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамда немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс- әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады.
Саяси жүйе түрлері.
Саяси жүйені жіктеудің әр түрлері кездеседі. Мысалы, марксизм саяси жүйені жіктеуге негіз етіп өндіріс тәсілі мен қоғамның таптық құрылымын алады.
Американдық ғалымдар экономиканың өсу сатысы концепциясы бойынша адамзаттың даму тарихын мынадай бес сатыға бөледі: 1) дәстүрлі қоғам;2) өтпелі қоғам; 3) алға жылжу қоғамы; 4) индустриалдық; 5) постиндустриалдық қоғам.
Сонымен бірге саяси жүйені басқару тәртібіне қарай: демократиялық саяси жүйе, авторитарлы саяси жүйе, тоталитарлы саяси жүйе деп бөлді.
Дәріс № 7.
Тақырыбы: Мемлекеттің пайда болуы
Жоспары:
1.Мемлекеттің пайда болуы мен мәні.
2.Мемлекеттің белгілері мен қызметтері
3.Мемлекеттің тұп аттары мен түрлері
1. Мемлекеттің пайда болуы мен мәні. Мемлекеттің ұғымы туралы теориялар мен түсініктер саясаттану ғылымында көптеп кездеседі. Солардың бірі – мәңгілік және мемлекетті құдайдың өзі бергендігі туралы теория, мемлекеттің пайда болуын ішкі және сыртқы күш көрсетуден болатынын қарастыратын күш көрсету және жаулап алу теориясы, сонымен бірге қоғамдық шарт теориясы мен таптық теория.
Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді оның пайда болуы және мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде кең тарағандары мыналар:
1. Теологиялық теория. Оның негізін салушылар А. Августин мен Ф. Аквинский.
2. Патриархтық теория. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Роберт Филмер.
3. Қоғамдық келісім теориясы. ( Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж.Ж. Руссо)
4. Зорлық жасау теориясы. (Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский)
5. Географиялық теория. ( А. Ратцель, В. Соловьев, Б. Чичерин)
6. Психологиялық теория.
7. Маркстік теория (К. Маркс, Ф. Энгельс)
Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Оған барлық халықтың, ұлттың мүддесіне сай келетін қоғамдық тәртіпті жасайтын ұйым, құрал ретінде қарайды. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді. Сонымен мемлекет деп белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.
2. Мемлекеттің белгілері мен қызметтері.
Мемлекет қоғамның саяси институты ретінде мынадай белгілер арқылы сипатталады, осы белгілері арқылы оны басқа қоғамдық ұйымдардан ажыратуға болады:
1. Территориялық бөлінуі-бұл мемлекеттің материалдық негізі. Мемлекет территориясына жер ғана емес, оның қойнауы, ауа кеңістігі, территориялық сулары жатады.
2. Ерекше өкімет аппараты. Құлдық дәуірде құл иеленушілер мен құлдар арасында тапкүресі күшейді. Азғана құл иеленушілерге мыңдаған құлдарды бағындыру үшін ерекше өкімет аппараты керек болды. Оған қазіргі кезде қарулы әскер, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз және т.б. жатады.
3. Мемлекеттің егемендігі, яғни ішкі және сыртқы істерін атқаруға толық тәуелсіздігі мен дербестігі .
4. Күш қолдану , зорлықпен еріксіз көндіру. Ол қылмыс жасағандарды еркінен айрудан бастап, оны өлім жазасына дейін кесе алады.
5. Салық салу. Орасан зор мемлекеттік аппаратты ұстап тұру үшін халықтан салық жинау.
6. Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы тиіс.
Мемлекет қоғамның саяси ұйымдары ішіндегі ең тұрақтысы және оны басқа саяси жүйе элементтерінен ажырататын қызметтері бар. Мемлекет қызметтері ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі қызметі саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, білім берушілік, мәдени -тәрбиелік болып бөлінеді.
Мемлекеттің сыртқы қызметі елдің шекарасын, территориясын қорғау, басқа елдердің ісіне араласу, мемлекет аралық қатынасты сақтаумен байланысты. Мұнда сыртқы сауда, халықаралық ұйымдар, блоктар, одықтар жұмысына да қатысады.
3. Мемлекеттің тұрпаттары мен түрлері.
Мемлекеттің тұрпаты әр түрде көрініс беруі мүмкін. Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Оның екі жағы бар: 1) басқару түрі, 2) мемлекеттік құрылысы.
Басқару түріне қарай мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді.
Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын басқару түрін айтады. Оны хан, патша император король деп атауы мүмкін. Монархия абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді.
Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер /парламент/ арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтамыз. Республика президенттік және парламенттік болып екіге бөлінеді.
Мемлекет құрылысына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: унитарлы, федерация, конфедерация .
Унитарлы (латынның “unuz”- біртұтас, біріккен деген сөзінен шыққан) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Унитарлы құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, оның бір конституциясы, бірыңғай құқықтық және сот жүйесі болады. Біртұтас мемлекет түрі ресурстарды орталыққа жинақтауға мүмкіндік береді, ол жалпы алғанда елді жеделдетіп дамытуға жәрдем жасайды. Мысалы, мұндай мемлекеттерге Греция, Италия, Қазақстан, Польша, Франция, т.б. жатады.
Федерация (латынның “foedus” –одақ, бірлестік деген сөзінен шыққан) деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа мемлекетті құруы. Федерациямен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғарғы билеу органдары болады. Бірақ олар орталық институттарға бағынуы тиіс. Мысалы, мұндай мемлекеттерге Австралия, Австрия, АҚШ, Бельгия, Бразилия, Германия, Канада, Малазия, Мексика, Нигерия, Рессей , т.б.
Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Онда жалпыодақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң шығарушы билік болмайды. Оның алған шешімдері оған кірген мүшелердің бекітуінен өтуі керек.
Дәріс № 8.
Тақырыбы: Мемлекеттің негізгі белгілері
Жоспары:
-
Мемлекеттің негізгі белгілері. -
Мемлекеттің аумақтық құрылым түрлері. -
Мемлекеттік басқару формылары.
Қоғам өзінің саяси жүйесінде әлеуметтік міндеттерді мемлекеттік билік арқылы, құқықтық заң-жобалар және басқа да шартты қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады. Бұл ретте саяси жүйенің өз ішінде саяси рөлдердің өз бөлініп отырады. Мемлекет саяси билікті жүргізудегі ең негізгі буын болып табылады. 1 Мемлекет идеясы адам сана сезімінің түбінен пайда болады. Негізгі мемлекеттің пайда болған себебі ол барлық елдердің өздерінің өмірлік маңызды өмір сүру шарттарын орындауға жалпы басқару керектігін сезді.
«Мемлекет» термині негізінен екі мағынада түсіндіріледі. Ойдың кендігінде ол ел қоғам деп түсінуге болады. Ол оның толған бір территорияда орналысқан және жоғарғы билік мүшелерімен басқарылып отырған.
Өзінің тар мағынасында мемлекет бұл белгілі бір территорияға жоғарғы билігі бар тарихи қалыптасқан ұйым.
Мемлекет қызметі және түрі мен дамуы туралы негізінен екі бағыттамасы болады. Олар: табиғи – мемлекеттік және классикалық мемлекеттік.
Қоғамдық ғылымдарда мемлекеттің пайда болуы туралы концепциялар бар. Соның ішінде кең таралғандары олар; патриархалдық, теократиялық, қоғамдық келісім, жаулап алу және әлеуметтік – экономикалық.
Патриархалдық теория мемлекеті бір әкелік биліктің астына кіші жанұялярдың еркін жинауы осының негізінен оны үлкен жанұя деп қарастырады.
Теократиялық концепция мемлекеттің пайда болуын негізінен құдай орнатқан деп қарастырады.
Келісім концепциясы /Т. Гоббс, Б. Спиноза, Дж. Локк т.б./ мемлекеттің пайда болуын былай дейді ол басқарушы мен бағынушының тәртіп және қоғам өмірінің ұйымдастыру мақсаты мен келісім арқылы пайда болған.
Күштеу теориясы ол мемлекетті тікелей саясаттың әсері – ішкі немесе сыртқы күштеудің жаулаудың нәтижесі деп жариялайды.
Әлеуметтік – экономикалық концепция мемлекеттің пайда болуын мынандай факторлардың әсері мен олар қоғам еңбек бөлінісі, экономикалық қызығушылық, әлеуметтік қайшылықтар мен пайда болуы дейді.
Негізінен осы құрастыратын компоненттерге қарап мемлекетті анықталған елдерде өмір сүретін (Англия, Франция, Ресей және т.б.) саяси билік ұйымы деп қарастырады. Осы тұрғыдан территория, халық және саяси билік мемлекеттің негізгі әлеуметі болып келеді.