Тоқтың жұмысы мен қуаты.
НҰСҚА 4 8/4 А -ТОБЫ
|
-
Кернеуі 220 В электр қозғалтқышындағы ток күші 0,1 А болса, ол 30 с ішінде қанша жұмыс істер еді?
-
Өткізгіштің кедергісі 50 Ом, ал одан өтетін ток 2,2 А, осы өткізгіштің қуатын анықта.
-
Кедергісі 48 Ом, кернеуі 127 В қайнатқыш 10 минут жұмыс істегенде, неше литр суды 1000С –қа дейін ысытуға болады? Судың бастапқы температурасы 200С.
-
Егер J1 =3 А болса, үшінші шамның тұтынатын қуатын анықта. (Сурет)
|
Б-ТОБЫ
|
-
Жылу электрстанциясы 1 кВт сағ энегия өндіру үшін 400г отын жағатын болса, оның ПӘК-і қандай? Отынның меншікті жану жылуы 2,93107 Дж/кг.
-
Электр пешінің орамасының ұзындығы 10м, көлденең қимасының ауданы 0,15мм2 нихром сымынан жасалған қайнатқышты температурасы 150С-тағы 2 л суы бар ыдыс ішіне салып, кернеуі 220В желіге қосқан. Егер ораманың ПӘК-і 80 болса, су қанша уақыттан кейін қайнар еді? С=4200 , 1,110-6 Омм.
|
С-ТОБЫ
|
-
Кернеуі 120 В бойымен жүретін токтың шамасы 0,5 А болатын екі электр шамы күн сайын 6 сағаттан жанады. Сонымен қатар күн сайын қыздырғышпен бастапқы темпиратурасы 10 0С 3 л су қайнатылады. Осылардың бәрінің бір айда (30 күн) тұтынған электр энергиясының құнын есепте. 1кВтсағ энергияның бағасы 4 теңге 83 тиын деп ал. Қыздырғыштың ПӘКі 80.
|
Тоқтың жұмысы мен қуаты.НҰСҚА 5 8/4 А-ТОБЫ
|
-
Кедергісі 100 Ом реостат арқылы 30 секунд ішінде тізбектен 2 А ток өтетін болса, қанша жылу мөлшері бөлініп шығар еді?
-
Кедергісі 800 Ом шам кернеуі 160 В желіге қосылса, оның тұтынатын қуаты неге тең?
-
Ток күші 3,5 А, кернеуі 220 В желіге қосылған электр пешінің орамасынан 690 кДж жылу бөлінеді. Пеш желіге қанша уақыт қосылып тұрған?
-
Кернеуі 220 В желіге қосылған қуаты 900 Вт электр пешіндегі сым орамасының ұзындығы 50 м, ал көлденең қимасының ауданы 1,2 мм2 болса, орама жасалған сымның меншікті кедергісін анықта.
|
Б-ТОБЫ
|
-
Кернеуі 220В, ал ток күші 14А желіге қосылған су қыздырғышпен 40л суды 83 минутта 200С-тан 1000С-қа дейін қыздыратын болса, оның ПӘК-і неге тең? С=4200 .
-
Төртінші шамда тұтынылатын қуатты анықта.
|
С-ТОБЫ
|
-
Көлденең қимасының ауданы S13мм2 мыс сымнан тұратын тізбекке көлденең кимасының ауданы S21мм2 қорғасын қорғағыш (предохранитель) қосылған. Тізбек қысқа тұйықталған кезде қорғасын қорғағыш мыс сымның температурасы өзінің бастапқы температурасынан қанша градусқа қызғанға дейін балқымай тізбекті жалғап тұра алады? Қорғағыштың бастапқы температурасын 17 0С деп ал. Қысқаша тұйықталу кезіндегі барлық бөлініп шығатын жылу түгелдей тізбекті қыздыруға кетеді.
|
Тоқтың жұмысы мен қуаты.НҰСҚА 6 8/4 А-ТОБЫ
|
-
Электр шамы кернеуі 220 В электр желіге қосылған. Шамның қыл сымының кедергісі 484 Ом болса, шамның қуаты қандай?
-
Кернеуі 220 В желіге қосылған шамның бойынан 0,5 А ток өтеді деп алып, осы шамның 10 секунд ішінде бөліп шығарған жылу мөлшерін есепте.
-
Қуаты 600 Вт шамның кедергісі 150 Ом болса, шамдағы ток күші қандай?
-
Электр шәйнектің ішіндегі көлемі 1,5 л суды 20 0С-тан 40 0С –қа дейін қыздыру үшін, шәйнекті 8 мин ток көзіне қосады. Шәйнектің тұтынған қуатын анықта. С=4200 .
|
Б-ТОБЫ
|
-
Қуаты 500Вт қыздырғышта 1 л суды 160С-тан қайнау температурасына дейін жеткізу үшін 20 мин кеткен. Қондырғының ПӘК-ін тап. С=4200 .
-
Пәтер иесі 1 кВт сағ тұтынған электр энергиясы үшін 4 теңге төлейді. Бір айға 480 теңге төленген болса, тұтынған энергияны анықта.
|
С -ТОБЫ
|
-
480 г суы бар калориметрге кедергісі R160 Ом орама батырылған. Бұл орама тізбекке суретте көрсетілгендей жалғастырылған. Егер тізбек арқылы 5 мин бойы ток жіберсек, судың температурасы қанша градусқа көтерілер еді? Осы уақыт аралығындағы амперметрдің көрсетуі 6 А, ал R2 30 Ом. Шығын есепке алынбасын. С=4200 .
|
|
Тоқтың жұмысы мен қуаты.НҰСҚА 7 8/4 А-ТОБЫ
|
-
Кедергісі 12 Ом өткізгіш сым кернеуі 120 В электр желіге қосылған болса, 20 с ішінде сым арқылы қанша жылу бөлініп шығар еді?
-
Қуаты 40 Вт шамның қыл сымы 2 сағ, ал қуаты 150 Вт шамның қыл сымы 3 мин бойы жарық шығарып тұрса, қайсы шамның жұмысы аз?
-
Электр пеші кернеуі 220 В электр желісіне қосылғанда оның орамасының бойынан 2 А ток өтеді деп алып, әр 10 мин сайын бөлініп шығатын жылу мөлшерін есепте?
-
Кернеуі 220 В желіге есептелген қуаты 600 Вт электр пешінің орамасын жасау үшін, көлденең қимасының ауданы 0,2 мм2 никелин сымынан неше метр алу керек? =0,4 .
|
Б-ТОБЫ
|
-
Кернеуі 120В, ток күші 10А желіге қосылған қыздырғышпен массасы 2,5кг суды 120С-тан 1000С-қа дейін қыздыру үшін 15 мин кеткен. Қыздырғыштың ПӘК-тін тап. С=4200 .
-
Қуаты 300 Вт электр үтігінің жанып кетуіне байланысты оның спиралінің бөлігі алынып тасталды. Осыдан кейінгі үтіктің тұтынатын қуатын анықта.
|
С-ТОБЫ
|
-
Қуаты 1600 Вт электр самаурыны және қуаты 2300 Вт электр шәйнегі кернеуі 220 В желіге қосылғанда, олардың ішіне құйылған су бірдей t 20 мин уақытта қайнайды деп есептелінген. Егер оларды өзара тізбектеп қосса, онда самаурын мен шәйнектегі су қанша уақытта қайнар еді? С=4200 .
|
Тоқтың жұмысы мен қуаты.НҰСҚА 8 8/4 А-ТОБЫ
|
-
Электр шамдарында 220 В, 100 Вт деп жазылған. Шамды өзіне есептелген кернеуге сәйкес кернеуі бар электр желісіне қосса, ондағы ток күші мен кедергісі неге тең болады?
-
220 В желіге қосылған үтік орамасынан 3 А ток өткенде ол қоршаған ортаға 800 Дж жылу шығарса, үтік қанша уақыт қызып тұрған?
-
Егер кернеуі 5 В электр шамындағы ток күші 0,2 А болса, онда шамның қыл сымынан 5 сағатта қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?
|
-
С уреттегі бірінші шамның тұтынатын қуатын анықта.
|
|
Б-ТОБЫ
|
-
ПӘК-і 80, қуаты 600Вт электр шәйнегіндегі массасы 4 кг суды 200С-тан 800С-қа дейін қыздыру үшін қанша уақыт қажет? С=4200 .
-
Қуаты 100 Вт электр шамы 1 ай бойы (30 күн) тәулігіне 8 сағаттан жанғанда жұмсалатын энергияның құнын есептеңдер. (Тариф бойынша 1 кВтсағ 4 теңге төленеді)
|
С -ТОБЫ
|
-
Суретте ток көзінің кернеуі 120 В, R210 Ом, ал В – электр шәйнегі. Амперметрдің көрсетуі 2 А. Бастапқы температурасы 4 0С тең шәйнектің ішіндегі 0,5 л су қанша уақыттың ішінде қайнайды? Шәйнектің ПӘКі 76.
|
|
Тоқтың жұмысы мен қуаты.НҰСҚА 9 8/4 А-ТОБЫ
|
-
Орама сымның кедергісі 15 Ом. Осы сым арқылы 2 А ток күші өтетін болса, 10 минутта қанша жылу бөлініп шығады?
-
220 В желіге қосылған шам 0,5 мин жарық шығарғанда 1800 Дж энергия бөлінген. Шамның қыл сымының кедергісі қандай?
-
Кедергісі 55 Ом орама кернеуі 110 В электр желісіне қосылған. Бұл орама 0,5 сағатта қанша жылу бөліп шығарады?
-
Суреттегі екінші шамның тұтынатын қуатын анықта.
|
Б-ТОБЫ
|
-
Кернеуі 220В, ток күші 3 А желіге қосылған электр шәйнегінің ішіндегі температурасы 200С-та 2 л су 20 минутта қайнайтын болса, шәйнектің ПӘК-гі қандай? С=4200 .
-
Теледидар 4 сағ жұмыс істегенде жұмсалатын энергияның құнын анықта. Теледидардың тұтынатын қуаты 220 Вт, ал 1 кВтсағ энергия 4 теңге тұрады.
|
С-ТОБЫ
|
-
Бірдей кернеуге есептелген қуаттары 40 Вт және 60 Вт болатын екі шам сол желіге тізбектей қосылса, олардың тұтынатын қуаттары қандай болар еді?
|
4-сурет
4
Тоқтың жұмысы мен қуаты.НҰСҚА 10 8/4 А-ТОБЫ
|
-
Тұтынатын қуаты 6000 Вт, ток күшінің шамасы 50 А болатын электр пешінің тұтынатын кернеуін және пештің орамасының кедергісін анықта.
-
Кедергісі 40 Ом, ал ток күші 3 А орама 10,8 кДж жылу бөліп шығарса, орама қанша уақыт қызған?
-
Егер тізбектегі ток күші 2 А болса, кедергісі 25 Ом орама өткізгіштен 10 минутта қанша жылу бөлініп шығады?
-
Электр пешінің орамасы ұзындығы 5 м, көлденең қимасының ауданы 1 мм2, меншікті кедергісі 1,2 қорытпадан жасалған. Егер оның тұтынатын қуаты 600 Вт болса, онда оны кернеуі қандай желіге қосу керек?
|
Б-ТОБЫ
|
-
Кернеуі 220В, ток күші 5 А желіге қосылған, температурасы 200С, массасы 1 кг суды қайнау температурасына жеткізу үшін, қанша уақыт қажет? (Шығын ескерілмесін) С=4200 .
-
Ток күші 2,5 А болғанда 220 В электр желісіне қосылған электр үтігімен 4 сағ бойы кір үтіктелген. Жұмсалған энергияның құнын есепте. (Тариф бойынша 1 кВт сағ 4 теңге тұрады)
|
С-ТОБЫ
|
-
Кедергісі 160 Ом орамасы (спиралі) бар электр қайнатқышты температурасы 20 0С –тағы 0,5 л суы бар ыдысқа салып, кернеуі 220 В желіге қосқан. 20 минуттан соң ораманы ажыратып қойған. Егер ораманың ПӘКі 80 болса, судың қандай мөлшері қайнап, буға айналып кеткен? С=4200 , L=2,3106 .
|
Мазмұны
Бет
Алғы сөз 3
7 – сынып -
Жол. Орташа жылдамдық 4
-
Масса, көлем және тығыздық 14
-
Күш және салмақ 24
-
Сұйықтардың және газдардың қысымы. Қатынас ыдыстар. Гидравликалық пресс. 34
-
Архимед күші 45
-
Қуат, жұмыс және энергия. Шығырлар мен иіндер 54
8 – сынып -
Жылу мөлшері. Отынның меншікті жану жылу. 72
-
Заттың үш күйі 82
-
Өткізгіштің кедергісі. Өткізгіштердің тізбектеп және параллель
қосу 93
-
Тоқтың жұмысы мен қуаты 112
Жауаптары 121
Пайдаланған әдебиеттері 132
Пайдаланған әдебиеттері -
В. И. Лукашик. Физика сұрақтары мен есептерінің жинағы 7-8. Алматы «Рауан». 1993.
-
В. А. Золотов. Физикадан сұрақтар мен есептер 6-7. Алматы «Мектеп». 1976.
-
И. Лукашик. Физическая олимпиада. Москва «Просвещение». 1987.
-
Контрольные работы по физике в VII – XI классах. Москва «Просвещение». 1991.
-
М. Е. Тульчинский. Качественные задачи по физике. Москва «Просвещение». 1972.
-
А. В. Усова, З. А. Вологодская. Дидактический материал по физике 6 – 7 классы. Москва «Просвещение». 1983.
-
В. А. Чеботарева. Самостоятельные работы учащихся по физике в 7 классе. Москва «Просвещение». 1972.
-
В. И. Малафеев. Творческие задание по физике в VI – VII классах. Москва «Просвещение». 1971.
-
И. М. Гельфгат, Л. Э. Генденштейн, Л. А. Кирик. 1001 задача по физике. «Илекса», «Гимназия».Москва, Харьков 1999.
-
Г. А. Бендриков, Б. Б. Буховцев, В. В. Керженцев, Г.Я. Мякишев. Задачи по физике для поступающих в вузы. Москва «Наука» 1967.
-
Сборник задач и вопросов по физике. Р. А. Гладкова, В. Е. Добронравов, Л. С. Жуанов, Цодиков.
-
С. И. Кашина, Ю. И. Сезонов. Сборник задач по физике. Москва «Высшая школа» 1984.
-
Г. Н. Степанов. Сборник вопросов и задач по физике 7 – 8. Санкт-Петербург. «Спец литература» 2000.
-
И. С. Шутов, К. М. Гуринович. Физика 7 – 8. «Современное слово» Минск. 1997