Файл: Мемлекеттiк атаулы леуметтiк кмектi таайындау жне тлеу аидаларын бекіту туралы азастан Республикасы Денсаулы сатау жне леуметтік даму министріні .doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 123

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2) таңдалған атаулы әлеуметтік көмек түрінің және жиынтық табысын есептеудің және Орталық жүргізген адамның (отбасының) атаулы әлеуметтік көмекті есептеудің дұрыстығын тексеруді;

3) ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толық еместігі және дәйексіздігі және атаулы әлеуметтік көмек түрін таңдау, жиынтық табысты есептеу және адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін есептеу кезінде қателер табылған жағдайда ЭҚП немесе қағаз жеткізгіштегі құжаттар пакетін және электрондық шешім жобасын пысықтауға қайтаруды;

4) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (төлем кезеңін ұзарту, төлем мөлшерін өзгерту, тағайындаудан бас тарту, төлемді тоқтату) немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдауды, ол туралы өтініш берушіні Орталық немесе әкім арқылы, ал бас тартылған жағдайда – оның себебін көрсете отырып жазбаша хабарландыруды жүзеге асырады.

15. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (төлем кезеңін ұзарту, төлем мөлшерін өзгерту, тағайындаудан баста тарту, төлемді тоқтату) туралы шешімге басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

16. Орталық электрондық шешім жобасы және өтініш берушінің құжаттар пакеті пысықтауға қайтарылған кезде үш жұмыс күні ішінде:

1) құжатта көрсетілген мәліметтерді өтініш берушіде немесе әкімде нақтылайды;

2) адамның (отбасының) жиынтық табысын және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін есептеуді жүргізеді;

3) пысықталған ЭҚП немесе қағаз жеткізгіштегі құжаттар пакетін және электрондық шешім жобасын осы Қағидалардың 13-тармағында айқындалған тәртіппен нақтыланған мәліметтермен уәкілетті органға жібереді.

17. Орталық уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушінің өзіне немесе әкім арқылы осы Қағидаларға
8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаны береді.

18. Атаулы әлеуметтік көмек төлеуді уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымның банктік шоттарына аудару жолымен жүргізеді.

19. Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері отбасы мүшелерінің құрамы өзгерген жағдайда көрсетілген мән-жайлар орын алған күннен бастап қайта есептеледі.

Атаулы әлеуметтік көмек алушы атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінің немесе оны алу құқығының өзгеруіне негіз болатын мән-жайлар туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Орталықты, ал ауылдық жерде әкімді ақпараттандырады.


Алушы атаулы әлеуметтік көмек мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытында хабардар етпесе, көмек мөлшері көрсетілген мән-жайлар пайда болған сәттен бастап, бірақ оны тағайындау күнінен ерте емес қайта есептеледі, ал өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға әкелген дәйексіз мәліметтерді ұсынғаны анықталған жағдайда адамға (отбасыға) атаулы әлеуметтік көмек төлеу оның тағайындалған кезеңіне тоқтатылады.



1-параграф. Шартсыз ақшалай көмек тағайындау тәртібі
20. Шартсыз ақшалай көмек жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері шектеулі күнкөрісі төмен адамдарға (отбасыларға) көрсетіледі. Оларға:

1) жалғызілікті және жалғыз тұратын күнкөрісі төмен:

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар;

бірінші және екінші топтағы мүгедектер;

екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар адамдар;

2) күнкөрісі төмен отбасылардың еңбекке қабілетті жастағы мүшелерінің барлығы:

бірінші және екінші топтағы мүгедек болып табылатын және (немесе) екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар және (немесе) жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, үнемі бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарияларға күтімді жүзеге асыратын адамдар жатады.

Шартсыз ақшалай көмекті уәкілетті орган өтініш берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындайды және ай сайын төленеді.

21. Шартсыз ақшалай көмекті алушы тоқсан сайын:

отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы;

отбасының құрамы туралы мәліметтерді ұсынады.

22. Отбасының жиынтық табысы және (немесе) отбасының құрамы өзгерген жағдайда шартсыз ақшалай көмектің мөлшері өтініш беру айынан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейінгі мерзімге дейін қайта есептеледі.

Бұл ретте, шартсыз ақшалай көмекті тағайындау, оның мөлшерінің өзгеруі осы Қағидалардың 13-17-тармақтарында белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

2-параграф. Шартты ақшалай көмек тағайындау тәртібі
23. Шартты ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі

Шартты ақшалай көмекті уәкілетті орган әлеуметтік келісімшарттың қолдану мерзіміне (алты айға дейін) тағайындайды, әлеуметтік келісімшартта бекітілген кезеңге ай сайын немесе біржолғы төлем ретінде төленеді.

Біржолғы шартты ақшалай көмек үш айда бір рет төленеді.


Біржолғы төлем әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құстарды және басқаларды сатып алуға), дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (бұрын алған қарыздарды өтеуді, тұрғын үй сатып алуды қоспағанда) ғана қолданылады.

24. Шартты ақшалай көмек тағайындаудың шарттары мынадай:

жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және (немесе) бейімдеу бағдарламаларына қатысу бойынша тараптардың міндеттемелері көрсетілген әлеуметтік келісімшарт жасасу;

күнкөрісі төмен еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысуы.

25. Күнкөрісі төмен отбасының мынадай мүшелеріне:

бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;

күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға, курсанттарға және магистранттарға;

екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар адамдарға;

жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға;

тұрақты жұмысы бар адамдарға шартты ақшалай көмек тағайындау кезде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу міндетті шарт болып табылмайды.

26. Орталық өтініш беруші немесе әкім ұсынған құжаттар пакеті негізінде:

1) жұмыспен қамтылмаған еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің санын айқындайды;

2) Халықты жұмыспен қамту туралы заңның 13-бабына сәйкес жұмыспен қамтылмаған еңбекке қабілетті адамдарды және жұмыспен қамтылмаған еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін жұмыс іздеуші адамдар ретінде тіркеуді жүзеге асырады;

3) Халықты жұмыспен қамту туралы заңның 13-бабында белгіленген мерзімдерге сәйкес жұмыс іздеуші адам ретінде тіркелген еңбекке қабілетті адамдарға немесе еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне бар бос орындар (лайықты жұмыс) туралы хабарламалар жібереді.

Хабарлама тіркелген еңбекке қабілетті адамдарға немесе еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне өтініш беруші, әкім және (немесе) ақпараттық ресурстар арқылы тікелей беріледі;

4) еңбекке қабілетті адамдар немесе еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жұмысқа орналасуға келіскен кезде – оларға жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.

Тіркелген еңбекке қабілетті адамдар немесе еңбекке қабілетті отбасы мүшелері біліктілігінің, білім деңгейінің сәйкес келмеуіне немесе лайықты жұмыстың көліктік қолжетімділігінің сәйкес келмеуіне байланысты ұсынылған бос орындардан бас тартқан кезде Орталық мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының аясында ұсынады;


5) мынадай:

біржолғы шартты ақшалай көмекті төлеу;

ұсыну туралы шешім уәкілетті органның құзыретінен шығатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және әлеуметтік бейімдеудің белсенді шараларын көрсету;

шартты ақшалай көмекті ұзарту мәселесін қарастыру кезінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияға шартты ақшалай көмек тағайындауды келісу үшін тізімді береді;

6) учаскелік комиссияның қорытындысын немесе учаскелік комиссияның қорытындысы бар құжаттарды әкімнен, сондай-ақ қажеттігіне қарай жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның ұсынымын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу шаралары қамтылған жеке жоспарды құрастырады және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік келісімшарт жасайды.

Әлеуметтік келісімшартта осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесінде ұсынылған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және әлеуметтік бейімдеудің белсенді шараларын орындау жөніндегі тараптардың міндеттемелері көрсетіледі;

7) әлеуметтік келісімшарт жасасқан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ЭҚП-ны немесе құжаттардың қағаз жеткізгіштегі пакетін, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның ұсынымымен, сондай-ақ талаптар қол қойған әлеуметтік келісімшартпен қоса атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін уәкілетті органға жолдайды.

27. Еңбекке қабілетті адамдар немесе отбасы мүшелері лайықты жұмыстан не жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары аясындағы мемлекеттік қолдау шараларынан бас тартқан кезде Орталық бір жұмыс күні ішінде:

жұмыспен қамту орталығының осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші және (немесе) еңбекке қабілетті отбасы мүшесі (мүшелері) куәландырған қол қойған қорытындысын дайындайды;

18 жасқа дейінгі балаларға, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдарға, олар кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) және отбасының басқа мүшелерін қоспағанда, жеті жасқа дейінгі балаларына күтімді жүзеге асыратын аналарға шартты ақшалай көмек тағайындау туралы электрондық шешім жобасын қалыптастырады;