Файл: Астана медициналы университеті КеА.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 30

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Астана медициналық университеті КеАҚ

Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар к кафедрасы


БӨЖ

Тақырыбы: Биостатистика туралы ұғым. Статистикалық бақылау мен статистикалық талдау

Орындаған: Оңламбек Ә.Н

Факультеті: Жалпы медицина

Топ: 204

Тексерген: Тастанова А.С

Астана 2023 ж.

Мазмұны

І. Кіріспе

  • Биостатика ғылым ретінде

ІІ. Негізгі бөлім

    1. Статистикалық бақылау туралы түсінік, оны жүргізу кезеңдері

    2. Статистикалық бақылаудың бағдарламалық-әдістемелік мәселелері

    3. Статистикалық бақылау формалары мен түрлері

    4. Статистикалық талдау

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Биостатистика немесе биометрия — биология, медицина, денсаулық сақтау және эпидемиология саласындағы ғылыми зерттеулерде статистикалық әдістерді әзірлеу және қолданумен байланысты математикалық статистиканың қолданбалы ғылымы.

Сонымен қатар, практикалық тұрғыдан биостатистика:

  • эксперименттік мәліметтерді және популяцияны зерттеу нәтижелерін талдау құралы;

  • маман өзі алған нәтижелерді қай тілмен жеткізеді және ол арқылы медициналық және статистикалық ақпаратты түсінеді;

  • дәлелді медицинаның негізгі элементтерінің бірі;

  • басқарушылық шешім қабылдаудың түп негізі.

Биостатистика мақсаты – тірі табиғатта болып жатқан үрдістерді дұрыс сандық бағалауға үйрету.

Міндеттері – биологиялық жиынтықтарды бағалау үшін негізгі статистикалық критерийлермен таныстыру және оларды қолдануды үйрету.

Биометрика негізінен Фрэнсис Гальтон мен Карл Пирсонның еңбектерінің арқасында 19 ғасырда дамыды. 1920-1930 жылдары Рональд Фишер биометриканың дамуына үлкен үлес қосты.

Фрэнсис Гальтон (1822-1911) биометриканың бастамашысы болды. Бастапқыда Гальтон дәрігер болуды үйренді. Алайда Кембридж университетінде оқып жүргенде ол жаратылыстану, метеорология, антропология, тұқым қуалаушылық және эволюция теориясына қызығушылық танытты. 1889 жылы жарық көрген табиғи тұқым қуалаушылық туралы кітабында ол алғаш рет
«биометрия» сөзін енгізді және сонымен бірге корреляциялық талдаудың негіздерін жасады. Гальтон жаңа ғылымның негізін салып, оған ат берді.

Карл Пирсон 1893 жылы стандартты ауытқу және вариация коэффициенті түсінігін енгізді. Гальтонның тұқым қуалаушылық теориясын математикалық түрде ресімдеуге тырысып, Пирсон 1898 жылы көп регрессияның негіздерін жасайды. 1903 жылы Пирсон белгілердің конъюгациясы теориясының негіздерін жасады, ал 1905 жылы сызықты емес корреляция мен регрессия негіздерін жариялады.

Биометриканың дамуының келесі кезеңі ұлы ағылшын статистикі Рональд Фишердің есімімен байланысты. Ол қазіргі қолданбалы статистика мен математикалық генетиканың негізін құрайтын сынамаларды бөлу теориясын, дисперсиялық және дискриминантты талдау әдістерін, экспериментті жобалау теорияларын, максималды ықтималдық әдісін және тағы басқаларын жасады.


ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Статистикалық бақылау туралы түсінік, оны жүргізу кезеңдері

Қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық құбылыстары мен процесстерін зерттеу үшін ең алдымен қажетті ақпараттар, яғни мәліметтер жинау керек.

Статистикалық мәліметтер – бұл статистикалық зерттеу нәтижесінде алынған құбылыстар мен процесстердің сандық сипаттамаларының жиынтығы. Статистикалық мәліметтерді бақылау жүргізу арқылы алуға болады.

Статистикалық бақылау дегеніміз не ?

  • бұл зерттелуге жататын әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың жиынтық бірліктерін елеулі белгілеріне қарай тіркеуге алуды білдіретін және жоспарланған, ғылыми тұрғыдан ұйымдастырылған зерттеу жұмысының алғашқы сатысы болып табылады.

  • жиынтықтың әрбір бірліктерінің таңдап алынған белгілері бойынша тіркеуге жататын экономикалық және әлеуметтік өмір құбылыстарын жаппай, жоспарлы түрде, ғылыми-ұйымдастырылған зерттеме болып табылады.

  • Статистикалық бақылау болып ауыл шаруашылығында мал санағын немесе халықтың шаруашылығын бюджеттік зерттеуді мысал ретінде алуға болады.

  • мемлекеттік статистика мекемелерімен, ғылыми-зерттеу институттарымен, кәсіпорын, банк, биржалардың экономикалық қызмет бөлімдерімен жүргізілуі мүмкін.


Статистикалық бақылауды жүргізу процессі келесі кезеңдерден тұрады:

Бақылауды дайындау – бұл әртүрлі жұмыстарды қамтитын процесс. Ең алдымен статистикалық бақылаудың методологиялық мәселелерін шешу қажет. Олардың ішінде ең маңыздысы болып:

  • бақылаудың мақсаты мен объектісін, тіркелуге тиіс белгілердің құрамын анықтау;

  • мәліметтерді жинайтын құжаттар жасау;

  • есептік бірлікті, мәліметтерді алу әдістері мен құралдарын таңдау жатады.

Сонымен қатар, осы кезеңде бақылауды ұйымдастыру жағын қамтитын жұмыстар мен мәселелерді шешу қажет. Мысалы: бақылау өткізетін мекеме құрамын анықтау, бақылауды жүргізетін кадрларды таңдау және дайындау, бақылауды дайындау, жүргізу және оның нәтижелерін өңдеу бойынша жұмыстардың күнтізбелік жоспарын қарастыру, мәліметтерді жинақтайтын құжаттардың тиражын көбейту, жұмыстарды қаржыландыру көздерін анықтау, бақылауды жүргізу күні мен уақытын белгілеу және т.б.

Мәліметтерді жинауды жүргізу кезеңі негізінен статистикалық формулярды толтырумен тікелей байланысты жұмыстарды қамтиды. Бұл кезең санақ беті, анкета, бланктер, статистикалық есеп беру формаларын таратудан басталып, оларды толтырғаннан кейін бақылауды жүргізуші мекемеге тапсырумен аяқталады.

Жинақталған мәліметтердің сапасын қадағалау. Жиналған мәліметтер арифметикалық және логикалық бақылаумен тексеріледі.

2.2.Статистикалық бақылаудың бағдарламалық-әдістемелік мәселелері

Статистикалық бақылаудың бағдарламалық-әдістемелік мәселелері келесі жағдайдарды қамтиды.

1. Бақылау мақсатын анықтау. Кез келген статискалық бақылаудың бірден-бір мақсаты – бұл құбылыстар мен процесстердің даму заңдылықтарын анықтау үшін дәл, нақты, толық мәліметтерді жинау табылады.

2. Бақылау объектісі мен бірлігін белгілеу. Есептік бірлік. Бақылауды дайындауда оның мақсатымен бірге, не зерттеуге жататынын, яғни бақылау объектісін дәл, нақты анықтау қажет.

Бақылау объектісі ретінде зерттелетін әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процесстер өтіп жатқан статистикалық жиынтық саналады. Бақылау объектісі ретінде жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың, заттардың жиынтығын алуға болады. Бақылау объектісін анықтау үшін зерттелетін жиынтықтың шекараларын белгілеу қажет. Бұл үшін оны басқа да ұқсас объектілерден бөліп көрсететін ерекшеліктерін көрсету керек. Мысалы, ауыл шаруашылығының рентабельділігін зерттеуді жүргізуден бұрын ауыл шаруашылық өндірушілерінің меншік формасын, ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын анықтап алу қажет. Статистикалық бақылаудың кез келген объектісі бөлшектенген элементтерден тұрады. Статистикада
бақылау бірлігі деп тіркеуге жататын белгілері бар объектінің құрамдас бөлігі аталады. Мысалы, бақылау бірлігі ретінде жеке тұлға, кәсіпорын, экономика саласы, аймақ және т.б. табылады.

3. Статистикалық бақылау бағдарламасын қалыптастыру. Кез келген қоғамдық құбылыс көптеген белгілермен сипатталынады. Зерттелетін құбылысты сипаттайтын барлық белгілері бойынша туралы мәлімет жинаудың қажеттілігі жоқ, ал кейде мүмкін де емес. Сондықтан олардың ішінен ең мәндісін, елеулісін бақылау мақсатына қарай таңдап алу керек. Тіркелетін белгілердің құрамын анықтау үшін бақылау бағдарламасы құрастырылады.

Бақылау бағдарламасы – бұл бақылау процесінде тіркеуге жататын белгілердің тізбегі. Негізінен бағдарлама сұрау бетіндегі сұрақтар немесе статистикалық формуляр формалары түрінде болып келеді. Жиналатын мәліметтердің біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында статистикалық бақылау бағдарламасы статистикалық формуляр ретінде қалыптастырылады.

Статистикалық формуляр – бұл бақылау бағдарламасы мен нәтижесінен тұратын бір үлгідегі құжат. Кез-келген формуляр титулдік және адрестік бөліктерден тұрады. Біріншісінде статистикалық бақылаудың атауы мен оны жүргізетін мекеме, осы формуляр формасын кім және қашан бекіткені жөніндегі мағлұмат, оның нөмірі көрсетілсе, екіншісінде есептік бірліктің мекен-жайы, оның бағыныштылығы орын алады.

4.Бақылау жүргізетін жерді таңдау қойылған мақсатқа қарай анықталады. Егер де мемлекет халқы туралы мәлімет алу қажет болса, онады бақылау осы мемлекет территориясын толығымен қамтиды.

5. Бақылау уақытын таңдау негізінен 2 мәселені шешумен байланысты:

  • шекті (критический) моментті немесе уақыт интервалын белгілеу;

  • бақылау мерзімін анықтау.

Шекті момент (дата) ретінде зерттелетін жиынтықтың әрбір бірлігі бойынша белгілерді тіркеуге болатын нақты күн мен сағат саналады.

Бақылау мерзімі – бұл статистикалық формулярды толтыру процесі жүргізілетін уақыт. Яғни, жаппай мәлімет жинауға қажетті уақыт.

Осы мәселелермен қатар, бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.


    1. Статистикалық бақылау формалары мен түрлері


Қазіргі кезде статистикада статистикалық бақылаудың 3 түрлі ұйымдастыру формалары қолданылады.

Есеп беру – статистикалық бақылаудың негізгі формасы. Оның көмегімен статистикалық мекемелер белгіленген уақытта кәсіпорындар, мекемелерлер мен ұйымдардан заң түрінде бекітілген есептік құжаттар түрінде керекті мәліметтерді алады. Іс жүзінде есеп беру типтік және арнайы деп бөлінеді.


  • Типтік есеп беру формасындағы көрсеткіштер құрамы барлық кәсіпорындар үшін біркелкі болып келеді.

  • Ал арнайы есеп беруде көрсеткіштер құрамы экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып өзгеріп отырады.

Есеп беру уақытына қарай:

  • апталық

  • айлық кварталды

  • жарты жылдық

  • жылдық

Арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау - қажеттілігіне қарай, көбінесе белгілі бір уақыттарда ғана жүргізілуімен ерекшеленеді. Мұндай бакылау нысанының өмір сүруінің себебі, ол барлық қоғамдық құбылыстардың сандық мәліметін анықтау - есеп беруге сәйкес келе бермеуінде болып табылады. Егер есепке алуға жататын құбылыс түріне мемлекеттік қызмет үнемі жүргізілсе, онда бақылау нысаны, есеп беру түрінде анықталады. Ал егер статистикалық есепке алынуға жататын құбылыс түріне үнемі бақылау жүргізілмесе, онда оны есепке алу - белгілі бір уақыттар өткеннен кейін, қажет деп танылған уақыттарда жүргізіледі және арнайы ұйымдастырылған бақылау түрінде жүргізіледі. Мұндай сипаттамаға жататын құбылыстың жалпы саны, осындай бақылау нысаны арқылы анықталады. Мысалы, халық санын анықтау үшін күнделікті бақылау жүргізу мүмкін емес. Сондықтан халықтың санын білу үшін мемлекет араға бірнеше жылдар салып, арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау жұмысы болып табылатын халык санағын жүргізеді.

Сонымен арнайы ұйымдастырылған бақылау есеп беруде жоқ мәліметтерді немесе олардың нақтылығын тексеру мақсатында жүргізіледі. Ең қарапайым түрі болып санақ табылады. Санақ дегеніміз бірқатар белгілер бойынша статистикалық бақылау объектілері жөніндегі мәліметтерді алу мақсатындай жүргізілетін арнайы ұйымдастырылған бақылау. Осы арнайы ұйымдастырылған бақылаудың бір түрі ретінде бюджеттік зерттеу табылады.

Бақылаудың регистрлік формасы - бұл ұзақ мерзімді процесстерді үздіксіз статистикалық бақылау формасы. Әрбір процесстің бастапқы уақыты, даму кезеңдері және соңы (аяғы) болады. Ол статистикалық регистрді жүргізумен негізделінеді. Регистр бақылаудың әрбір бірлігінің жағдайын қарастыратын және зерттелетін көрсеткіштерге қандай факторлардың әсер ету күшін бағалалайтын жүйені білдіреді. Регистрде бақылаудың әрбір бірлігі көрсеткіштер жүйесімен сипатталынады. Олардың біреулері бақылау жүргізілетін уақыт аралығында бір рет тіркеліп, одан ары өзгерссіз болады да, екіншілері өзгерістер болған сайын өзгертулерге жатады.