Файл: Астана медициналы университеті КеА.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 31

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Статистикалық мәліметтерді алу тәсілдеріне байланысты бақылау түрлері:

Тікелей бақылау – тіркеушілердің өздерімен тіркелуге жататын фактілерді бекіту жұмыстарын тікелей өлшеу, санау немесе тексеру арқылы және осы негізде бақылау формулярын толтыру жұмыстарын қамтитын бақылау. Бұл тәсіл халықтың туу процесстерін бақылауда қолданылады.

Құжаттық бақылау есептік сипаттағы әр түрлі құжаттардан статистикалық мәліметтерді қолдану тәсіліне негізделген.

Сауал – қажетті ақпараттарды респонденттің сөзінен алып тіркейтін бақылау тәсілі. Статистикада келесідей сауал түрлері қолданылады;

  • ауызша (экспедициялық). Ауызша бақылау тәсілі зерттеушінің немесе тіркеушінің қажетті адамдармен әңгіме өткізе отырып, қажетті сұрақтарына жауап алуын, содан кейін формулярларды толтыруын білдіреді.

  • корреспондентгік тәсілде бақылауды жүргізетін тіркеушілер қажетті адамдарға нақты сұрақтарды қоя отырып, оның жауаптарын жазып алады. Жазу құралы әр түрлі болуы мүмкін. Қазіргі жиі қолданатын жазба құралдары, дыбыстық және дыбыстық-бейнелік кұралдар. Бұл тәсілдің ауызша тәсілден айырмашылығы, оның арнайы бағдарламасы болуында және жауап алынатын сұрақтар түрінің нақтылығында. Сондай-ақ, корреспонденттік тәсілде әрбір бақылауға алынған бірліктерге көп уақыт жіберілмейді, сондықтан бұл тәсілде адамдардың жеткілікті көлемін қамтуға болады

  • анкеталық бақылау тәсілі статистикада жиі қолданылатын тәсілдің бір түрі болып табылады және оның негізгі көрінісі, анықталуға жататын сұрақтар адамдарға анкетамен таратылып, соның нәтижесінде мәліметтер жинауды білдіреді. Анкетада жоғарыда қарастырылған бақылау тәсілдері тәрізді, сұрақтарды тізбекті түрде қояды. Анкеталар толтырылғаннан кейін жиналып, соның жауаптары нәтижесінде мәліметтер жиналады.

  • өзін-өзі тіркеу тәсілі респоденттердің өздерімен бақылау формулярларын толтыруы.

  • келіп тіркелу тәсілі керекті, тіркеуге жататын адамдардың бақылау жүргізетін органдарға өздерінің келіп, қажетті мәліметтерді беруін білдіреді. Адамдар кейде міндеттілігі немесе қажеттілігі бойынша тиісті органдарға келіп құжаттар тапсыруға, ал кейде құжаттар алуға мүдделі болады. Осындай кезде, келген адамдарға тіркеу жүргізіліп, олардан керекті мағлұмат алынады.


Қажетті фактілерді тіркеу уақытына қарай:

Үздіксіз бақылау — статистикалық зерттеуге жататын құбылысты пайда болу уақытына қарай есепке алуды білдіреді және бақылаудың бұл түрі пайда болу кезінен-ақ міндетті түрде тіркелуге жататын, халықтың туылуы, өрт, медициналық, неке — тәрізді кұбылыстарға колданылады. Демек, үздіксіз бақылау — үнемі тіркеуге алынуға жататын құбылыстар бойынша жүргізіледі. Үздіксіз бақылаудың өмір сүру себебі, ол біріншіден сол сала бойынша тұрақты есеп берудің жүргізілуі, яғни мұндай үнемі бақылауда болатын құбылыстарға ай, тоқсан, жыл сайын есеп беру жүргізіледі. Сондықтан бұл бақылаудың түрін кейде «ағымдық» деп те атау кездеседі. Екіншіден, мұндай бақылаудың болуы құбылыстың динамикасын анықтауға ыңғайлы. Ағымдық бақылауда зерттелетін құбылысқа байланысты өзгерістер олардың туындағанынан бастап жүргізіледі.


Кезеңдік немесе дискреттік бақылау — бақылауға жататын құбылысты белгілі бір кезең өткеннен кейін бақылауға алуды білдіреді. Кезеңдік деп аталу себебі, ол нақты қоғамдық құбылыстың түріне бақылау өткізілгеннен кейін, оған келесі бақылау жүргізу уақыты да анықталады. Уақытына қарай бақылаудың бұл түрінің мысалына халық санағы жатады. Халық санағы әрбір он жылда өткізіліп отыруы керек, яғни халық санағы өткізілгеннен кейін, келесі халық санағы 9 жыл өткеннен кейін өткізіледі. Демек, мұндай бақылаудың өткізілу кезендері белгілі болады.

Бірыңғай уақытта жүргізілетін бақылау белгілі бір құбылыс немесе процесстің сандық сипаттамасы туралы мәліметтерді, оны зерттеу уақытына қарай береді. Яғни, бір рет бақылау жүргізіліп, мәліметтер алынады.
Әлеуметтік-коғамдық құбылыстардың жиынтығына жататын бірліктерді қамту шамасы бойынша:

Жаппай бақылау — жиынтықка жататын бірліктерді түгел есепке алуды, яғни жиынтық бірліктерін 100% көлемінде қамтуды білдіреді.

Жаппай (толық) емес бақылау — зерттелуге жататын құбылыстың жиынтық бірліктерін түгел қамтымай, оның бөлігін қамтуды білдіреді және соның нәтижесінде статистикалық зерттеудің қорытындысы шығарылады. Жиынтықтың бөлігінің көлемі, жиынтық бірліктерінің жартысын, бүтінге жуығын немесе бірліктердің саны аса көп болғанда тіптен аз бөлігін қамту арқылы анықталады.

Толық емес бақылауға койылатын талап, ол бақылауға алынған бірліктер шамасы бойынша жеткілікті, яғни көп сандар заң талабына сай келетін көлемде болуы керек. Бақылаудың мұндай түрі - жиынтықты толық қамту қиындық тудырғанда және зерттеушінің жасаған қорытындысы ресми мәлімет болып табылмайтын жағдайда жүргізіледі. Жаппай емес бақылаудың статистикада төрт түрін келтіреді:

  • негізгі массаны бақылау

  • монографиялық

  • іріктелген бақылау


2.4. Статистикалық талдау
Нәтижелерді статистикалық өңдеу әдістері - бұл математикалық тәсілдер, формулалар мен әдістер — бұлардың көмегі арқылы сандық көрсеткіштерді, оның жасырын заңдылықтарын айқындай отырып бір жүйеге келтіруге жинақтауға болады. Бұлар тәжірибе нәтижесін анықтауға көмектеседі, қорытынды сенімділігін арттырады, теориялық жинақтаулар үшін негіздеме береді. Психологияда кеңінен қолданылатын математикалық әдістерге тіркеу, реттеу, межелеу жатады. Статистикалық әдістер көмегі арқылы орташа көрсеткіштер анықталады: орташа арифметикалық, медиана қатар ортасының көрсеткіші, таратылу дәрежесі, немесе орташа ауытқу, коэффициент. Мұндай есептеулер жүргізуге тиісті формулалар, салыстырмалы кестелер қолданылады. Осы әдістер арқылы өнделген графика, диаграмма, кесте сандық тәуелділікті көрсетуге мүмкіндік береді.


Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау. Бұл-статистикалық зерттеудің соңғы, яғни үшінші сатысы. Мұнда жинақ талған, топталган, өңделген статистикалық көрсеткіштер біртектес топтық белгілері бойынша жеке қарастырылады. Олардың бір-бірімен байланысы анықталады. Қорытындылаушы көрсеткіштер орташа, қатысты шамалар немесе өсіңкілік қатарлар, индекстік әдістер арқылы есептеледі. Олар статистикалық кестемен көрсетіледі немесе график арқылы бейнеленеді Сонымен, статистикалық мәліметтерге талдау жасау деп жинақталған, топтастырылғ ан, өңделген көрсеткіштерді салыстыру, қорытындылау және солар арқылы ғылыми тұжырымдамалар мен ұсыныстар жасауды айтады.


ІІІ. Қорытынды

Статистикалық бақылау – қоғамдық құбылыстар туралы мәліметтерді жоспарлы және ғылыми ұйымдастырылған түрде жинау. Статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған статистикалық мәліметтер толық, дәл, практикалық жағынан құнды, уақыт бойынша салыстырмалы болуы қажет. Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың есеп беру және арнайы ұйымдастырылған деп аталатын 2 нысаны (формасы) бар. Статистикалық бақылау түрлерін зерттелетін жиынтықтағы бірліктерді қамту дәрежесіне және мәліметтерді тіркеуге алу уақытына байланысты анықтайды. Зерттелетін жиынтықтағы бірліктерді қамту дәрежесіне байланысты статистикалық бақылау жаппай және жартылай болып екіге бөлінеді. Жаппай бақылауда зерттелетін жиынтық бірліктері толық қамтылады, ал жартылай бақылауда жиынтық бірліктерінің бір бөлігі ғана қамтылады. Жартылай бақылаудың 3 түрі болады, олар: ішінара бақылау, монографиялық бақылау, жиынтықтың негізгі бөлігін бақылау. Мәліметтерді тіркеуге алу уақына байланысты бақылауды ағымдағы, мерзімдік, бір жолғы деп 3-ке бөледі. Статистикалық мәліметтерді тікелей бақылау, құжаттық, сұрақ-жауап тәсілдері арқылы жинауға болады. Статистикалық бақылау объектісі деп зерттелетін әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үдерістерді айтады. Статистикалық бақылау бірлігі деп белгілері тіркеуге алынатын, яғни бастапқы статистикалық мәліметтер жиналатын бақылау объектілерінің құрамындағы элементтерді айтады.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

https://studfile.net/preview/7294607/page:11/

https://helpiks.su/2-122822.html

https://topuch.com/1-biostatistika-ilim-retinde-aliptasui-v5/index.html