ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 59
Скачиваний: 1
III.Мұғалімнің іс - әрекетінде қарастырылатын дидактикалық, тәрбиелік, т.б, мақсаттары.Cабақ барысында оқушыларды жаңа білімді өз беттерімен алып, бірін –бірі оқытуға бағыттадым ,іздену, зерттеу, салыстыру, түйінді ой шығарып, пікір білдіргенге үйреттім, Өз елінің әдебиетін , тілін білуге баулыдым.IV.Сабақты өткізу әдісі туралы қысқаша сипаттама:1.Сабақтың түрі. Жаңа білімді меңгерту сабағы. Жаңа сабақ материалдары бойынша алдын-ала үйге тапсырмалар беріліп, ізденуге, зерттеуге, бір-бірін оқытуға бағыттадым. Бұл сабақта оқушылар бір-бірін оқытып, топпен моделдеу жұмысын атқарды. Мұнда теориялық білім практикалмен ұштастырылды.2.Сабақтың сипаттамалық кезеңі. Сабақтың жаңа білімді меңгерту түрін таңдап алу барысында сабақтың құрылымы сабақтың мақсатына және типіне сәйкес болды. Оқу кабинетіндегі құралдарды сабақта тиімді пайдаландым және сабақта білім беруді ғылыммен, өмірмен, тәжірибемен байланыстырдым. Сабақ мазмұнын бағдарламаға, сабақ міндеттеріне сай құрып, оған дидактикалық өңдеулер жасадым. Оқушыларға шығармашылық-ізденіс тапсырмалар бере отырып, «Менің атым-Қожа»повесін әр қырынан танытсам, келесі жұмыста проблемалық сұрақ қоя отырып, оқушыларды ойлауға, өз ойларын дәлелдеп, пікір айтуға жұмылдырдым. «Қожа-неліктен тентектікке жол береді?»моделдеу жұмысын жасады.3.Сабақты өту әдісі мен формасының ерекшеліктері. Сабақта көрнекілік және иллюстрациялық әдісті пайдаландым. Оқушының белсенділігі мен өз бетінше әрекет етуін жоғарылату мақсатында дидактикалық негізгі функцияны – проблемалық-ізденімпаздық іс - әрекет тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың шығармашылық іс - әрекетін дамытуды қарастырдым.Сабақ беру әдіс- тәсілдерімді, көрнекіліктер мен құралдарды оқу материалының мазмұнына, сабақ мақсаттарына, сынып мүмкіндігіне, оқушы іс-әрекетін белсенділендіру міндетіне мүмкіндігінше сәйкестендірдім. Сабақта дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды(интерактивті тақта, компьютерлер,) тиімді пайдаландым.4.Оқушылар меңгерген білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру.
Оқушылар сабақтың барлық кезеңдерінде белсенділік пен ұйымшылдық көрсетті. Оқушылар мені, бір-бірлерін тиянақты тыңдап, интерактивтегі материалдарды , кітаптағы материалдарды өз беттерінше топта жұмыс істеу барысында дұрыс қолдана білді. Сабақ тақырыбы бойынша оқушыларға өздігінен білім алуға жағдайлар туғыздым, яғни оқушылар туындаған проблемалық сұрақтарды алған білімдерін, дағдыларын қолдана отырып, жұмыс жасады. Оқушылардың сабақта алған білім, білік, дағдылары бойынша алған бағаларына қарап сабақ өте жақсы деңгейде өтті деп есептеймін. Сабақ жоспары толық орындалды. Оқушылар шығармашылықпен, өз беттерімен жұмыс атқара отырып, сабақта тиісті дәрежеде білім алды.
5.Үйге берілетін тапсырманың мөлшері мен қиындығы, көлемі. Оқушыларға үйге тапсырманы сыныпта орындалған жұмыстарына байланысты қайталау, дамыту мақсатында бердім. Онда үй тапсырмасын қалай орындау жолдарын, орындау барысында неге көңіл бөлу керектігін оқушыларға түсіндірдім. Үй тапсырмасында оқушылардың шығармашылықпен жұмыс атқаруларына да мән бердім.Қызығушылықтарын арттыру мақсатында үй тапсырмасы «Менің атым-Қожа» повесі бойынша түсірілген фильмнен үзінді көрсеттім.
V.Жалпы қорытындылар мен ұсыныстар. Таңдалып алынған көрнекілік құралдар проблемалық оқыту талаптарына сай болды. Қолданылған әдістер және жұмыс түрлері сабақ міндеттеріне сай болды, дұрыс үйлестірілді.
Келесі сабақтарда оқушылардың білімінің маңызды даму деңгейі мен кезекті даму аумағын есепке алуым қажет. Оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру жолындағы іс-әрекеттерді нақтылай түсуім қажет.