ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 12058
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Таңдалынған пәндерге байланысты үштілдік кадірларды дайындап және оны мектептерге енгізу, кадірларды даярлау қамтамассыз етілді. Білім және ғылым министрлігінде жыл сайын 73,3 мың педагогтардың біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр. Қайта даярлау мен біліктілігін арттыру ұйымдарында қашықтықтан оқытылу қамтамассыз етіледі. Жыл сайын мектепке дейінгі және орта білім беру педагогтарының осы оқуға деген тапсырысы артырылуда. Оның ішінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы инклюзивті білім алу, мүмкіндігі шеклеулі балалар. Педагогтардың мәртебесін көтеру үшін бірқатар шаралар үйымдастырылуда. Атқарған жұмыстарына байланысты жалақының көтерілуі. Бірінші және жоғарғы санатты алу үшін талаптар қайта қарастырылатын болады. Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру педагог портфолиясынан анғаруға болады. Мұғалім өз беделін көтеру мақсатында оң имеджін қалыптастыру. Жыл мұғалімі, БАҚ-пен ортақ жобалар, форумдар мен конкурстар, шебер кластар мен слеттер, семинар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдерде өздерін жақсы қырынан көрсетсе, нұр үстіне нұр емес пе. Оқушылардың жауаптарына қарағанда, әр оқушының мұғалімге деген көзқарастары әр түрлі екенін байқаймыз. Қате көп емес. Оқушылар педагог мәртебесі туралы арнайы мәселе көтеріп жатқандығы туралы бейхабар. Мұғалім мәртебесі туралы сұрақты түсінгендігін білдіруге тырысқан. Бұл жауаптар мен пікірлердің шынайы екендігінен сыр береді. «Педагог мамандығының мәртебесін қалай көтеруге болады?»-атты эссемді мен В.Маяковскийдің сөздерімен аяқтағым келеді: «Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек».
№48 СІЗДІҢ АЛДЫҢЫЗДА МЫНАУ ТҰР:БАРЛЫҚ ЕСКІ ТӘЖІРИБЕҢІЗДІ ЖОҒАЛТУ НЕМЕСЕ ЖАҢА ТӘЖІРИБЕНІ АЛУ МҮМКІНДІГІНІҢ БОЛМАУЫ.СІЗ ҚАЙСЫСЫН ТАҢДАЙСЫЗ,НЕГЕ?
Озат педагогикалық тәжірибе — педагогтың шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі бір принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа педагогтарға үлгі болып, озат тәжірибесі басқа балабақшаларға таратылады. Педагогикалық озат тәжірбиенің мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі педагог ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс–тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені балабақшаның тәжірибесіне енгізуге болады, бірақ жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап тарату керек.
Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір педагог еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн. Педагогикалық тәжірибені зерттеудің жолдары: педагогтың өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; жаңашыл педагогтардың озат тәжірибесін тарату және оны оқу – тәрбие процесіне енгізу, оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.
Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда педагогтың өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі-әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Педагог оқыту мен тәрбие саласындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс – тәсілдерді таңдап алып, олардың балаларға ықпалын ұйымдастырылған оқу қызметі және тәрбиелік іс – шаралар арқылы байқайды. Мұғалім өзінің немесе көршілес балабақшадағы тәжірибелі педагогтардың тәрбие жұмыстарымен танысып, оқу қызметтеріне қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, технологиялық карта, күнтізбелік-тақырыптық жоспар жинақтайды.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.
Озат тәжірибені зерделеу және қорыту педагогика ғылымын дамытудың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады, өйткені, бұл әдіс өзекті ғылыми мәселелерді табуға мүмкіндік береді, педагогикалық үдерістің заңдылықтарын оқып үйренуге негіз жасайды.
Озат педагогикалық тәжірбиенің екі түрі бар:
а) педагогтың ғылыми ұстанымдары біліктілікпен, ұтымды кешенді пайдалануы болып табылатын педагогикалық шеберлігі;
ә) педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа білім беру қызметін көрсетулері, оқытудың жаңа мазмұны, нысандары мен әдістері, тәсілдері мен құралдары, т.с.с өзінің шығармашылық табыстарымен байытылған тәжірибе.
Педагогикалық жұмыста зор табыстарға жетіп, өзін-өзі іс жүзінде көрсете білген шебер педагогтардың жұмыс жүйесін зерттеп, жинақтау – озат тәжірбиені кеңінен таратудың басты формасына жатады. Жоспар бойынша зерттеу жұмысы ең алдымен танысу және бақылау критерийлерінен өтеді.
Озат тәжірибенің критерийлері:
1. Жаңашылдық – белгілі бір қалыптасқан әдістемені жоққа шығару емес, оны жетілдіру, толықтыру;
2. Жоғары нәтижелілік;
3. Тәжірибені басқа да педагогтар мен оқу орындарының пайдалану мүмкіндігі;
4. Тәжірибенің оңтайлылығы; көкейтестілігі, оның ғылым үшін және педагогикалық тәжірибе үшін құндылығы;
5. Бұқаралық тәжірибеде шығармашылықты қолдану мүмкіндігі.
Педагог озат педагогикалық идеяларды және жаңашыл педагогтардың тәжірбиесін игеру үшін оларды өзінің педагогикалық жүйесінің құрамдас бөлігі етеді, жетілдіріп дамытады. Оларға өзінің шығармашылық ойының элементін енгізеді. Озық идеяларды және педагогикалық тәжірбиені енгізу мен таратудың түсінікті формалары – ауызша және баспасөз арқылы насихатталады.
Ауызша насихат – бұл балабақшалардың педагогикалық кеңестерінде, аудандық әдістемелік кабинеттерінде, педагогтардың білімін жетілдіру институттарында өткізілетін арнайы маслихаттарды, семинарларды озық тәжірбие туралы лекциялар және баяндамалар жасалынып, оларды озық мұғалімдердің жұмыстарының мәні мен негізгі идеяларының мазмұны анықталады. Қатысушылар өзара пікір алмасып, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің кейбір бағыттарын белгілейді.
Баспасөз насихаты – бұл педагогикалық теория мен практиканың саласында әр түрлі формаларда жүргізіледі. Оларға психологиялық-педагогикалық еңбектер, ғылыми-әдістемелік ұсынбалар, жинақтар т.б. жатады. Педагогикалық озық тәжірбиені таратуда, оны тұтас педагогикалық процеске енгізуде, әсіресе, «Педагогикалық оқулардың» маңызы өте зор. «Педагогикалық оқуларды» өткізу нәтижесінде ұжымдық түрде талқыланған және мақұлданған жақсы тәжірбие оқу мен тәрбие процесіне енгізу үшін жинақталады және таратылады. Практикаға жаңа бір нәрсені енгізу үшін оқу-тәрбие жұмысының озық әдістерін біліп қоймай, оларды практикада да тыңғылықты игеру қажет
Сонымен, педагогикалық озат тәжірибе жұмысын ұйымдастыру арқылы – ұстаз шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі және шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі анықталады. Педагогтың тәжірибесіндегі жаңалық арқылы басқа педагогтарға үлгі болып, озат тәжірибесі таратылады, ендеше ол жұмысты ұйымдастыру, жүргізу білім беру мекемесінің жаңашыл бағытының көрінісі.
№49 БІЗ ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕ АЛАМЫЗ
Қазіргі таңда өзгеруге талпынған жандар мен өзгертемін дейтін семинарлар көбейді. Әрине, жаңалыққа ұмтылудың еш сөкеттігі жоқ. Алайда көп нәрсенің тетігі тек қана өзімізде екенін түсінбейтініміз қиын.
Ұстаз тапсырмасын орындау нәтижесінде бүгінгі желілік бизнеске айналған кестені ойлап тапқан баланы идеясы о баста жақсылық жасау болатын. Былыққа толған қоғамды жамандықтан тазартқысы келген оқушының қарапайым сызбасы әуелі үш адамды, үш адам тағы да тоғыз адамды өзгерту әрі қарай жалғасады. Мектеп оқушысы нашақорға бар жиған-терген тиынын ұстатып, оны үйіне қондырып, жұмыс тауып береді. Жұмыс тапқанымен, ол үйренген әдетінен айнығысы келмей, қайта бұрынғы күйіне түседі. Алайда оның ойында кішкентай баланың «мен сені өзгерткім келеді, сен де біреуді өзгертуге тиіссің» деген сөзі қалып қояды. Таң атпай көше кезіп, қиналған жанына «дауа» таппай келе жатқан нашақорға көпірден секіргелі тұрған бойжеткен кездеседі. Нашақор шошып кетеді. Кенет миының бір қыртысында қалған кішкентай баланың сөзі есіне түсіп, жалма-жан қызды құтқарады. Еңіреп жылаған қыз «мені не үшін құтқардың» дегенде, «енді сен де мен сияқты қиналған бір жанға көмектес, маған бұл ойды кішкентай бала үйретті» дейді. Не керек, мектеп оқушысы ойлап тапқан жақсылық жасаудың желілік кестесі осылайша АҚШ-та көп қолдауға ие болыпты. 2000 жылы америкалық жазушы, қысқа әңгіме жазудың шебері Кэтрин Райан Хайдтың идеясымен түсірілген режиссер Мими Ледердің «Заплати другому» атты фильмі бүгінде әлемге танымал. Қазір аталмыш киноны көптеген тренерлер пайдаланып жүр.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы – қоғамдық сананы ұлттық кодты сақтай отырып өзгерту, жаңғырту. Ал сананы өзгерту бір күннің немесе бір жылдың аясына сыймайтыны тағы белгілі. Тіпті күнделікті дағдыңызға өзгеріс енгізу үшін өзіңізбен өзіңіз күресесіз. Адам шын ниеттенсе, мақсатына жетпей қоймайды. Сондықтан да «жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен» деген мақал біз айтқан ойды айқындай түседі.
Жуырда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы «Мен әлемді өзгертемін» атты видеоролик жабық конкурсын өткізді. Аймақтағы барлық аудан, қала мектептерінен қатысқан оқушылардан 26 жұмысы сарапқа салынды. Байқаудың мақсаты – сананың ашықтығын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, қоғам жайлы ойларына түрткі болу, идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету.
Конкурсқа қатысушылардың шығармашылық туындыларын №2 «Мұрагер» мектебінің киностудия режиссері Жеңіс Сүйіндіков, педагог-психолог, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдірахманова, қалалық оқушылар сарайының әдіскері Ақтілек Темірбайұлы қарап, бағасын берді.
Қазіргі уақытта білім алу, білімді болу трендке айналды. Қарап отырсаңыз, шетелде оқу Қазақстандағы білім алудан әлдеқайда арзан. Сондықтан балаларды оқуға, білімге үйрете берген дұрыс. Оқушының олимпиадаға, конкурстарға қатысуына кедергі жасамай, оларға ой салып, бағыт сілтеп отырса, жақсы нәтижеге жетеді. Балаға жақсы атаулыны көрсетуден жалықпауымыз керек.
Әсіресе ақпараттық технологияны меңгеру – бүгінгі күні табыс көзі. Ал білімді табысқа айналдыру үлкен жетістікке жетелейді.
Әрине, әлемді өзгерту – өзекті тақырып. Сондықтан да оқушылардың белсенділік танытып, байқауға қатысқаны қатты қуантты. Алғаш рет ұйымдастырылған байқауға барлық қатысушыларға алғыс айтамыз.
Бір сөзбен айтқанда, жас ұрпаққа білім берумен қатар, олардың бәсекелік қабілетін, санасына озық тәжірибелерді сіңіре білуге үйретуден еш ұтылмасымыз анық, – деді марапаттау салтанатында сөз алған «Тәрбие және білім» бөлімнің басшысы Әлима Әбдіхалықова.
Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын бағалған, №2 «Мұрагер» мектебі киностудиясының режиссері Жеңіс Сүйіндіковтің айтуынша, байқауға келіп түскен видеороликтер тақырыпқа сай және оқушылар тың идеяларымен қуантты. Бастысы – шынайы еңбек еткендер жеңіске жетті.Жақсылық жасау арқылы қоғамды өзгертуге болатынын білдірген қатысушылардың жұмысы бізді қуантты. Балалардың конкурсқа
қатысу белсенділігі өте жоғары. Осындай өзекті тақырыпқа конкурс ұйымдастырған облыстық «Рухани жаңғыру» орталығына ерекше алғысымды білдіремін. Балалардың біреуді қайталау, еліктеу дегенге түсіністікпен қарап, оларды қолдай білсек, келешекте керемет идеялар дүниеге келері сөзсіз.