ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 12060
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстанда алғаш рет «Мұрагер» мектебі жанынан ашылған киностудияға қатысушы оқушылар болашақ мамандықтарына таңдау жасап та үлгерді. Сондай-ақ, оқушылар бос уақыттарын текке кетірмей, өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп, өздері жаңалық жасаға ұмтылуда. Алдағы уақытта осындай мектеп студиялары көбейетіні сөзсіз. Осы орайда жастардың шығармашылық ізденістеріне дұрыс бағыт беру ғана жетіспейтінін айтқым келеді.
Конкурста 1-орын алған А.Байтұрсынов атындағы №211 мектептің оқушысы Бисембаев Нұрдәулет «Қазіргі қоғамда балаларға зорлық-зомбылық жасау көбейіп кетті. Егер балаларды ешкім қорламаса, ұрмаса, соқпаса, онда бүкіл әлем мейірімге толар еді. Біз видеороликте осы ойымызды жеткізгіміз келді. Мен балаларды зұлымдықтан қорғағым келді, - дейді.
Бізді байқауға қатысушылардың қоғамды өзгертуге талпынған ойлары қуантты. Зұлымдық пен зорлық – адамзат баласына жат нәрсе. Соған қарамастан ең ауыр зорлықты адамдар жасайтыны да ащы шындық. Әсіресе соңғы жылдары балалар арасындағы бұзақылық пен қылмыстық оқиғалар азаймай тұр. Нұрдәулет өзінің видеоролигінде балалар арасындағы қатыгездікті көрсете отырып, оның соңы жақсылыққа апармайтынын түсіндіргісі келген.
Ал 3-орын иегері №273 мектептің оқушысы Жұмаділов Бағдаттың айтуынша, адамдар қоқыс тастамаса, табиғатқа зиян жасамаса, әлем өзгеретінін айтады. Біз бәріміз таза жерде, таза қалада тұрғымыз келеді. Алайда көшеде шашылған қоқысты өздігімізден жинауға құлықсызбыз. Егер адамдар күнделікті тұрмыста қоқыс жинауға дағдыланса, онда біздің айналамыз да, табиғат та тамаша болар еді.
№50 НЕЛІКТЕН МҰҒАЛІМГЕ КӨП ОҚУ КЕРЕК?
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім бола алады. Расымен де, өмірдегі сан түрлі мамандық бар, адам баласы өзі таңдап алған кәсібінің майталманы болуы керек, ал сол кәсібінің майталманы болу үшін не керек? Әрине, еңбек керек, ізденіс керек, өзін - өзі жан - жақты адам ретінде, тұлға ретінде үздіксіз дамыту керек.
Мектептің жаны, мектептің жүрегі – мұғалім деп айтып та, естіп те жатамыз. Ахмет Байтұрсыновтың «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен көбірек білімді тұлғалар шығады. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деген сөзінде қаншама ой, қаншама түйін жатыр. Расымен де, өмірдегі сан түрлі мамандықтардың ішінде білімділікті, кәсібилікті, тәрбиелілік пен шеберлікті аса қажет ететін мамандықтың бірден - бірі – мұғалім мамандығы. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі мен білімі мәселесі кезек күттірмейтін, егеменді еліміздің болашағын айқындайтын ең маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті шешу педагогтың еншісінде. Олай болса, қоғам педагогқа үлкен үміт артып, ел тағдырын сеніп тапсырып отыр және одан жоғары жауапкершілікті талап етеді. Осындай күрделі мәселенің шешімін табу жолында педагогика ғылымының көптеген ғалымдары талмай ізденіп, зерттеулер жүргізіп, өз кезегінде білім беру саласына жаңалықтар мен өзгерістер енгізуде. Ал педагогтар болса, өз педагогикалық іс - әрекетінде сол жаңалықтарды, инновациялық технологияларды, әдіс – тәсілдерді жете ұғынып, тәжірибеде ұтымды қолдана білулері керек.
Мұғалімнің өзіндік дамуыңда ол "Неліктен осындай жағдай орын алды? немесе алмады?", "Кемшіліктерімді қалай жетістікке айналдырамын?", "Келешекте іс - тәжірибемді қалай жақсартамын?" деген сұрақтарды үнемі қоя отырып, кәсіби рефлексия жүргізе білуі керек. Рефлексия деңгейінен тез арада шығып біз дами бастайтынымыз сөзсіз. Біз өз кәсіптік деңгейіміз туралы ойлануымыз керек, себебі жаңа уақыт жаңа талап қойып отыр. Бұрыңғы "дәстүрлі" сабақ өз күшін жоюда, оқушылар өздеріне керекті мәліметтерді, информацияларды интернет жүйесінен алу дәрежесіне жетті. Бәрі де ойлай алады, бәрі ойдан басталады. Қазіргі жаңа формация педагогінің - "рефлексивті практик" деп атауға болады деп есептеймін, яғни ондай педагог - өзінің оқыту және оқу тәжірибесін дамыту, өзгерту және жетілдіру әдістерін мұқият және үнемі ойластырып жүретін педагог. Жаңа технологиялардың әдіс - тәсілдерін сабақтарымызда қолдана отырып, олардың тиімділігін айқындап, біз оларды меңгереміз және жаңа технологияларды меңгеру біздің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсер тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруымызға көмектеседі. Әрбір сабақта әртүрлі жаңа технологияларды, әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, біз өз - өзімізді дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға үйренеміз. Әрине, жұмысымызда қиыншылдықтар да кездеседі, дегенмен оларды өту барысында біз тәжірибе жинақтаймыз, жаттығамыз, мақсатқа жетуге ұмтыламыз. Алдымызға қойған мақсатқа жетуде оқу - тәрбие жұмысындағы әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ақыл - ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан олардың дара ерекшеліктерін біліп, санасып отыруымыз керек. Бұл - әрбір ұстаздың парызы.
Мұғалім өзіндік дамуына кәсіби рефлексия жасай отыра, жаңа әдіс - тәсілдерді жетік меңгеруге қалыптасады, сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Өз жұмысымызда рефлексия жасап, заман талабына сай дағдыланамыз, үйренеміз, біз өз әрекетіміз арқылы ғана дамимыз. Мұғалімдер өздеріміздің біліміміз бен кәсіби дайындықтарымызға сәйкес, өздеріміздің жұмысымыз туралы толғаныста болуымыз керек. Рефлексивті ойды шешуге жататын мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттардың зерттеулеріне бастама жасап және іске асыруымыз керек. Осылайша оқытуға ерекше ықпал етіледі.
Кәсібилік – ұстаздың психолого - педагогикалық, ғылыми - пәндік білім - біліктің мәдени - адамгершілік ұстанымдарымен үйлесудің жоғары деңгейі. Кәсіби құзыреттілік – өз бетінше және жауапты әрекет жасауға мүмкіндік беретін белгілі бір психикалық жағдай, арнайы білімнің болуы, жалпы және арнайы эрудицияның болуы, ғылыми - кәсіби дайындығын үнемі жетілдіру, күнделікті іс - әрекетте міндеттерді шешу үшін еңбек субъектісінің кәсіби дайындығы және қабілеті. Ал мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі білім беру нәтижесін қамтамасыз ететін шешуші фактор, өз кезегінде, тіпті қоғам жағдайының сапалы өзгеруіне әсер етеді. Міне, сондықтан да, қазіргі педагог білім беру үрдісін ұйымдастырудың көпқырлылығы туралы білуі шарт. Яғни, педагог өз қызметіне қатысты инновацияларды, технологияларды, өзгерістерді жақсы меңгерген болуы қажет. Сонымен қатар, қазіргі кезде мұғалімге деген дәстүрлі көзқарастар өзгерді. Кез келген педагог кәсіби және тұлғалық өсудің бірден бір жолы – кәсіби өзін – өзі жетілдіру екенін түсінгені дұрыс. Ұстаздың жеке тұлғалық қасиеттері педагогикалық іс - әрекеттің ішкі мазмұнын құрап, шебер - ұстаз болып қалыптасуға аса қажет. Қазіргі таңдағы көптеген педагогтар өзінің кәсіби жетілуіне көп мән бермейді. Оны әртүрлі жағдайлармен байланыстырып жатады. Дегенмен, жоғарыда айтып кеткен қоғамымыздағы шешімін күтіп тұрған мәселелер ешқандай сын көтермейді.
Ойымды қорыта келе мұғалімнің кәсіби дамуында кері байланыс, кәсіби рефлексия - манызды екендігі сөзсіз. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру саласында мектеп жұмысының дамуының ең басты фактор болып отыр. Әр мұғалім өз іс - әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс - тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдаланып, кәсіби дамып отыруы керек.
№51 БЕЙНЕ ОЙЫНДАР ДА БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТУІ МҮМКІН
Ойын баланың миын дамытуға қаншалықты пайдалы екенін білесіз бе? Тығылмашақ және алақай-алақай сияқты қарапайым ойындар дамып келе жатқан сәбилердің миында миллиондаған байланыс орнатады! Сол себептен кішкентайлар оларды қайта-қайта ойнаудан шаршамайды! Ойын баланың миын қалай дамытатынын білу үшін ата-аналар үшін жаңа мастер-классты қараңыз. Джек Шонков, Гардвард университетінің нейрофизиологы баланың миының дамуы үшін ойынның маңыздылығын толығырақ түсіндіреді:
Сіз баламен өзара әрекеттесудің ең маңыздысы – бұл онымен бірге ойнау екендігін білесіз бе?
Балаңыздың миын дамыту өте күрделі болып көрінуі мүмкін, енді бойыңызды еркін ұстаңызда, терең дем алыңыз. Бала тәрбиесі – бұл ғылымнан гөрі өнер болар. Менің атым Джек Шонков және бұл менің ойын арқылы балаларыңыздың миын дамыту жайлы шағын шеберлік сабағым.
-
Бала миының дамуы үшін оның өмірінің алғашқы жылдары неліктен өте маңызды?
Бала өмірінің алғашқы жылдары өте маңызды, өйткені кішкентай бүлдіршіндердің алатын тәжірибесі және олардың жақын адамдарымен қарым-қатынасы олардың миын түгелімен дерлік қалыптастырады.
Және осы ерте шақтағы қалыптасу баланың оқуы мен мінез-құлқына, физикалық және психикалық денсаулығына өмір бойы әсер етеді. Бала өмірінің алғашқы жылдарының маңыздылығы өте зор.
-
Бала миын дамыту үшін ата-ананың жасай алатын ең маңызды шарасы қандай?
Баланың және әсіресе кішкентай сәбидің миын дамытуға ықпал ету үшін кез-келген ата-ананың қолынан келетін ең маңызды ісі – бұл бөбегін танып-білу, оның беретін белгілерін түсіну, біздің «беру мен қайтару» деп атаған қарым-қатынасты құруды үйрену.
-
«Беру мен қайтару» деген не және ол неге ұқсайды?
Беру мен қайтару – бұл ойын сияқты.
Мен озып келемін!
Беру мен қайтару деген осы; уақыт өте келе және тәжірибеленген сайын, нәтижеңіз жақсара түседі.
«Беру мен қайтару» ойыны екіжақты болып табылатын өзара әрекеттесудің маңыздылығын айқын көрсетеді. Бала «береді» - жымияды, былдырлайды, ымдайды, ал ересек адам оған «қайтарады» - баланың жасаған іс-қимылын қайталап көрсетеді. Бала дыбыс шығарады және сіз де оған жауап ретінде сол дыбысты қайталайсыз. Бала бір затты қолымен көрсетеді, сіз де сол затқа қарап қолыңызбен көрсетесіз. Ойынның мәні осы. Бұл екі бағытта жүреді. Баланың өзі бастауы мүмкін. Ата-анасы да бастай алады. Негізгісі - сіздің қалай жауап беруіңізде.
«Беру мен қайтару» бірінші талпыныстан істеп кетуі міндетті емес. Бірақ іс жүзінде неғұрлым көп қолдансаңыз, соғұрлым оңай бола түседі.
-
«Беру мен қайтару» бала мен ата-ана арасындағы ойынмен қалай байланысты?
Өте кішкентай балалар барлығын ойын арқылы үйренеді. Ойын – бұл жаңа нәрсені тану. Ойын – бұл жаңа нәрсені байқап көру. Ойын – егер сен тағы бір іс-әрекетті жасасаң, не болатынын анықтау. Ойын – бұл әлемнің асылын құшуға талпыныс. Осының көбі үйренуге мүмкіндік беретін қауіпсіз ортаның арқасында жүзеге асырылады.
Көп ойнау, кішкентай бала мен ата-ана арасындағы көп өзара әрекеттесу «беру мен қайтару» санатына жатады. Кейбір ойындарды бала өз бетінше ойнайды.
-
Ата-аналарға «беру мен қайтаруды» қалай ойын түрінде жүргізуге кеңес берер едіңіз?
Мен «Беру мен қайтару» идеясын жеңіл, жылы шыраймен және еркін жасайтын нәрсеге айналдырар едім. Сіз баламен оны тамақтандырғанда, киімін ауыстырғанда, оны шомылдырып жатқанда ойнауыңызға болады. Ересек адамдар мен балалардың өзара қарым-қатынасында ойын мен үйрету үшін көптеген мүмкіндіктер бар.
Баланың күлкісіне жауап ретінде жымиғанда және олармен ойнағанда, ата-анасы баланың миында жаңа нейрон байланыстарын құратындығы жайлы ата-аналардың түсінуіне көмектесу керек.
-
Баламен оның миын дамытуға көмектесу үшін қалай ойнау керек?
Бала нәрестелік кезден бастап көрнекі түрде, сонымен қатар дыбыс арқылы өзара әрекеттесу: баланың көзіне қарау, осындай жеке байланысты орнату, баланың сезімдеріне жауап қату - балалар үшін өте маңызды.
Олардың кейбіреуіне мыналар жатады. Тығылмашақ – сіз бетіңізді жабасыз. «Балақай қайда екен? Ол осында». Алақай-алақай. «Бала үлкен бе екен? Қандай үлкен!» Ең жақсы ойындар баланың өсуіне мүмкіндік беретін эмоционалды қауіпсіздік сезімін тудырады. Сіз бетіңізді матамен жауып, тығылмашақ ойнаған кезде балалар осы арқылы үйренеді.
Сіз осылай істеген сайын, балаңыз неге мәз болады? Біріншіден, бұл өзара жеке әрекеттесу, бұл рахаттану сезімін сыйлайды. Екіншіден, бала заттардың жоғалып, және қайта пайда болатындығы жайлы, және олардың қай кезде болмасын өмірде бар екендігі жайлы тұжырымдаманы ұғына бастайды.
Егер бала бұны қайтадан қайталығысы келсе, оның себебі бар. Және де оның себебі - баланың миы: «Мен мұны меңгеріп жатырмын. Осының арқасында мен көп нәрсені үйренудемін. Мен осы процестен ләззат алудамын» деп хабар бергені. Өзіңізден сұраңыз: менің балам не істегенді ұнатады? Сосын сіздің ойыңызша бала неге мұны ұнататындығын өзіңізден сұраңыз? Жауабы қашанда мынадай: «себебі бұл менің баламның миын дамытуға көмектеседі».
Кей ата-аналар балаларының компьютер және түрлі гаджеттерде ойын ойнауына қарсы. Олар ойындарды баланың миын сұйылтып, оның уақытын босқа алатын, іш пыстырарлық бағдарламалар деп ойлайды. Иә, әрине біздің балалық шақта мұндай ойындарды көрмедік. Сол себепті ме компьютер ойындары бала дамуына кедергі келтіретін дүние боп көріне береді.
Бірақ, мамандар бұл ойыңызбен келіспейді. Егер, компьютер ойындарының мөлшерін білсек бала дамуы үшін ол өте пайдалы дүние. Не себепті екенін төменде түсіндіріп өтуге тырысатын боламыз.