Файл: дістемелік кабинет) емтихан тапсырмаларыны жинаЫ (Кмекшірал).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 680

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді

Болашақтың мамандықтары
(233 сөз)

Мамандық таңдау маңызды іс. Уақыт өте дәстүрлі мамандықтар сұраныстан айырылып, жаңа маман иелері пайда болады. Fast Future британдық агенттіктің футурологтары (әлеуметтікпроцестердіңкелешегінқамтитынбілімдерсаласынзерттеушілер) 2030 жылы сұранысқа ие болып, кең жайылатын мамандықтардың тізімін болжады.

Сонымен, айналдырған он шақты жылдан кейін мынандай маман иелері қажет болады:

Наномедицинақызметкері адам денесінің мүшелерін қайта жасайтын маман.

Ғарыштуризммамандары ұшқыштар, бортинженерлер мен гидтар. Дамыған технология ғарышқа саяхаттауға мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Жер болашақта үлкен құндылыққа айналып, жерді үнемдеу өмірдің кез келген саласында байқалады. Өндіріс пен шаруашылық көп жерді алмас үшін, «тігінен тұратын фермалар мен өндіріс орындары» көбейеді. Осы салада жұмыс істей алатын мамандардың қажеттілігі де артады.
11

9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі

Климатөзгерісібойыншамаманболашақта ең жиі кездесетін мамандықтардың қатарында болады.

Қарт кісілердің денсаулығын күтуші маман тек үлкен кісілерге медициналық көмек көрсететін болады. Адамның табиғи есін жақсартып, «жадысын» көбейтетін арнайы хирург пайда болады.

Виртуалдықұқықтыңзаңгеріқарапайым
заңгерлерден де үлкен сұранысқа ие болады.

Қозғалыс көліктеріне балама ойлап табатын кісілер де қоғамға өте қажет болады. Жеке журналист біреудің жеке БАҚ-ында жұмыс жасайды, олардың саны күрт көбейеді. Уақытбиржасындағыброкермамандығы қазіргі ақша брокеріндей танымал болады.

Қоғамдықжелідегіқоғамдыққызметкер. Бұл кісі қоғамдық желілер арқылы жағдайы төмен, жаман әдеттерге шалдыққан қолданушыларға көмекке келеді.

Жеке бренд-менеджер. Қазіргі пиар-менеджерлері сияқты белгілі біреу туралы басқалар арасында жақсы ой қалыптастыруға тырысады. Қазірде мұндай жұмысшы жұлдыздарда ғана болса, болашақта әр адамның өз бренд-менеджері пайда болады.

(227сөз)
Тапсырма:

Берілген тапсырмалардың ішінен біреуін таңдап, жауабын жазыңыз. Барлық тапсырмалар бірдей деңгейде.

Эссе үшін тапсырма:

Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, «Мамандықты дұрыс таңдаудыңмаңызы қандай?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 200-250 сөз болуы қажет.

Мақала үшін тапсырма:

Мамандық таңдауда кәсіптік бағдардың маңызы зор. Сізге өз мектебіңіздегі осы бағыттағы жұмыстар туралы «Мамандығым - болашағым» деген тақырыпта мақала жазу тапсырылды. Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, мақала мәтінін жазыңыз. Сөз көлемі 200-250 сөз болуы қажет.

Әңгіме үшін тапсырма:

Соңғы жылдары кейбір мамандықтарға сұраныс азайып, жаңа мамандықтар пайда болуда. Аталған мәселені негізге алып, мамандықтың уақытқа тәуелділігі туралы әңгіме жазыңыз. Сөз көлемі 200-250 сөз болуы қажет.

Арнайы ұйымдарға, арнайы сыныптар мен топтарға Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.

А мәтіні: газет мақаласынан үзінді

Қазақ баспасөзінің болашағы қандай?



Америкалық NOPWorld компаниясы жуырда әлем халықтарының ақпарат арналарына деген қызығушылығын салыстырып, ең оқымысты елдердің ондығын атады. Көш басында – Үндістан. Үнділер аптасына 10 сағат уақытын кітап, газет-журнал оқуға арнайды екен. Өкінішке қарай, оқу мәдениеті дамыған елдердің қатарында Қазақстанның аты атаусыз. Қазақ баспасөзінің дәурені аяқталуға жақын деген «көреген» болжамдардың болашағы қандай?

NOP World жүргізген зерттеудің нәтижесіне сүйенсек, оқуға көбірек көңіл бөлетін мемлекеттер қатарына Чехия (7 сағат), Ресей (7,1 сағат), Швеция (6,9 сағат), Франция (6,9 сағат), Сауд Арабиясы (6,8 сағат), Венгрия (6,8 сағат) және Гонконг (6,7 сағат) еніп отыр.

12

9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі

Бұл мемлекеттер оқуды тұлға мәдениетінің негізгі көрсеткіштерінің бірі деп біледі. Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы аталған мемлекеттерде мерзімді басылымдар мен әдеби кітаптарды оқырмансыз қалдырған жоқ. Жұмыс күнін газет- журналдардың жаңа нөмірімен бастайтын, бос уақытында бірден басылымдарға шұқшиятын, кітабын заманауи гаджеттерге айырбастағысы келмейтін қауымды олар біздегідей ескіліктің табынушысына баламайды. Керісінше, жоғары мәдениеттің өкілі деп құрмет тұтады.

Жуырда белгілі журналист Қуат Әуесбайдың «Фейсбуктегі» мына бір жазбасына көзіміз түсті: «Қай елге барсам да, ең әуелі, сол жердің баспасөзін іздейтін әдетім бар. Осы көктемде Еуропадағы 7 елде болып, бір құшақ газет арқалап қайтқам. Басқалар киім- кешек, техника алып жатса, мен ақшамды газетке жұмсаймын. Байқағаным, мұнда «газет оқылмайды, газет өледі» деп жатқан ешкім жоқ. Метрода, аялдамада газет-журнал оқып тұрған жандарды
көресің. Біз неге «газеттің күні өтті» деп дүрлігіп жүрміз сонда? Баспасөздің ертеңі біз айтып жүрген компьютерлік технологиялардың даму деңгейіне емес, оқырманның оған деген көзқарасына тәуелді. Газеттің қадірін қашыратын да, құндылығын арттыратын да – оның тұтынушысы, яғни оқырман.

(235 сөз)

Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді

Болашақ ғаламтор-журналистикада

Ғаламдық желіні өз мақсаттарына тиімді пайдалана білгеннің асығы түгел екенін

уақыт дәлелдеп отыр. Ғаламтор желілері - бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең жаңа түрі. Баспасөз қызметі тұрғысынан алғанда, WEB-сайттардың былайша жіктелуі тақырыптық бағыты жағынан тиімді болып табылады: жаңалық тарататын WEB-сайттар (мысалы,http://www.24.kz.); сараптама, талдау жасайтын WEB-сайттар (мысалы,http://www.abai.kz/.); басқа да әлеуметтік желілердің қоры (http:// baq.kz,). Басқа БАҚ құралдарына қарағанда қажетті ақпаратты орналастыру, ақпарат алу жылдамдығы, оңтайлы пайдалану жағынан ең арзанға түсетіні- осы ғаламтор. Әрине, көптеген салалық веб-қорларға материал орналастыру тегін болуы да мүмкін, бірақ ғаламтордың аудиториясы анағұрлым ауқымды. Ғаламтор баспасөз қызметінің жеке пайдалануына да



ыңғайлы болып табылады.

Зерттеушілердің пікірінше, қазіргі баспасөз қызметі өз ақпараттарын баспасөзден гөрі жылдам тарайтын ғаламтор желілеріне орналастырғанды жөн санайды. Баспасөз қызметі, ең алдымен, өз жұмысында халықтың қай тобының өздеріне мақсатты аудитория бола алатынын ұғынып алуы қажет. Мақсаты мен міндетіне қарай аудитория да ауысып
отыруы мүмкін. Себебі баспасөз қызметінің баспасөз-релиздері (терілген материалдар,кестелер, бағдарламалар, мәліметтер) бір сағаттың ішінде әртүрлі мақсаттағы аудиторияға бағытталады.

Болашақ ғаламтор-журналистикада, онда еркіндік көп және бақылау да азырақ.2020 жылы жер бетінде ғаламдық желіге жалғанған қондырғылардың жалпы саны

26 миллиардқа, ал смартфон қолданушыларының саны 6,1 миллиардқа жетеді. Нәтижесінде, мобильді интернеттің даму қарқыны қазіргіден бетер күшейіп, оның ғаламшарды қамту көрсеткіші 90 пайызды көрсетпек. Бұл сандық деректер қазірдің өзінде біраз қауқарын жоғалтып үлгерген баспасөздің ертеңін күмәнді ете түсті.(210сөз)

Тапсырма:

Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып,«БАҚ-тыңбүгініменболашағықандай?»деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.

13

9-сынып емтихан тапсырмалары

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

(қазақ тілінде оқытылатын сыныптарға)

Қазақ әдебиеті




Жалпы білім беретін мектептерге. І нұсқа А бөлімі

Төменде берілген бір және бірнеше таңдауы бар сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанында «Жарқыраған Күнді көр де, көр мені» (826- бәйіт) деп өзінің айнымас адалдығын көрсететін кейіпкер кім?

  1. Күнтуды

  2. Айтолды

  3. Өгдүлміш

  4. Оғдұрмыш

  5. Автор

  1. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы 2 кейіпкерді көрсетіңіз.

  1. Біржан

  2. Раушан

  3. Күреңбай

  4. Ақан

  5. Әбдірахман

  6. Нысанбай

  1. Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаятының сюжетіне сәйкес 3 тұжырымды белгілеңіз (√).

    Тұжырымдар



    1) Есімбек «Өгіз сойғанның» ең шұрайлы жеріне қонушы еді.




    2) Шұға Әбдірахманды алғаш рет құдық басында көрді.




    3) Әбдірахман Шұғаға жазған хатын Базарбай арқылы жіберді.




    4) Шұға Әбдірахманды айдап бара жатқанын көрмей қалды.




    5) Әбдірахман Шұғаға арнап шығарған өлеңін ән қып орындап берді.




  2. Билер мен олардың айтқан сөздерін өзара сәйкестендіріңіз.

Билер

Шешендік сөздері

Сәйкестендіру жауабы

1.Майқы би

A) Аспанда тіреу жоқ, жерде сүйеніш жоқ. Таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ.

Құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.

1

2.Мөңке би Тілеуұлы

B) Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы. Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.

2

3.Әнет баба

C) Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін, Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін. Бай болып, пайдаң тимесе,

Батыр болып, найзаң тимесе, Жұрттан алабөтен үйің күйсін.

3

4.Төле би Әлібекұлы

D)Тұлпардан тұлпар туады, Сұңқардан сұңқар туады, Асылдан асыл туады,

Жалқаудан масыл туады...

4

5.Әйтеке би Байбекұлы

E)Тату болса, ағайын жақын, Ақылшы болса, апайың жақын. Бауырмал болса, інің жақын,

Инабатты болса, келінің жақын.

5

6.Қазыбек би Келдібекұлы

F) Кебір жерге теңеледі, Әйел ерге теңеледі.

Сиыр өгізге теңеледі, Көл теңізге теңеледі.

6

14