ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 637
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№49 сабақ
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 2-сынып | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Салауаттылық сабағы |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстыру 2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: өлең мазмұнын суретпен салыстыра сипаттайды. Мақалдың мағынасын түсіндіреді. Дамытушылық: ақпаратты жіктей алу дағдысы дамиды. Коммуникативтік қарым-қатынас дағдысы артады. Тәрбиелік: оқушылар жаман әдеттен аулақ болу адамды бақытқа кенелтеді деген ойды санасына сіңіреді. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
1. Қызығушылығын ояту | Оқушыларды сұрақтарға жауап беруге бағыттайды.
| (Ұ) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісі Салауаттылық жайында білгенімен бөліседі. Сұрақтарға жауап береді. | Кері байланыс: мұғалімнің қолдау сөздері. | |
2. Мағынаны тану | Мұғалім оқушылардың өлеңді түсініп оқуына қолдау көрсетеді. | (Т) «Түсініпоқы»әдісі Арасанбай Естеновтің «Салауаттылық деген не?» өлеңін түсініп оқиды. | Дескрипторы: өлеңді түсініп оқиды. ҚБ: «Отшашу»әдісі | Оқулық |
| Мұғалім оқушылардың мәтінде кездескен «сергек», «келбет», «тырысқақ» деген сөздердің мағынасын дұрыс түсінуіне көмек көрсетеді. | (Ұ) «Сөздік жұмысы» айдары сергек– жеңіл, ширақ келбет– түр, кейіп, кескін тырысқақ – қыңыр, ашуланшақ Оқушылар осы сөздерді қолданып, сөйлем айтып көреді. | | |
| | Оқушылар өлеңнің мазмұнын суретпен байланыстырып әңгімелейді. Сюжетті суретті негізге ала отырып, өлеңнің негізгі ойын жеткізеді. Мысалы: «Суреттен таза ауада серуендеп, жаттығу жасаған баланы көреміз. Таза ауада жаттығу жасап, әрқашан көңілді жүру салауатты өмір салтына жатады. Әрбір өзін сыйлайтын адам спортпен шұғылданып, айналасын таза ұстауы қажет». | Дескрипторы: сурет пен мәтінді салыстыра сипаттайды. | Оқулық |
| Мұғалім оқушылардың берілген сұрақтарға ойланып, өз ойын дәлел келтіре отырып негіздеп айтуына қолдау көрсетеді. Өйткені,себебі,сол себептідеген сөздерді қолдануына бағыт береді. | (Т) «Бағала» айдары Оқушылар «Суреттенқайбаланыңденсаулыққазияндыәдетінбайқадың?»деген сұрақ төңірегінде ойланып, өз ойын топ ішінде айтады. Осы ойға қатысты басқа оқушылардың пікірін тыңдайды. Өз ойын дәлелдейді. | Дескрипторы: мәтін бойынша нақтылау сұрақтарының жауабын айтады. | Оқулық |
Дәптермен жұмыс | Мұғалім оқушыларды сурет мазмұнына сәйкес ескерту хат жазуға бағыттайды. Оқушылардың партада отыру ережесін еске түсіреді. | (Ө) Оқушылар салауаттылықты сақтаудың ережесін құрап жазады. | Дескрипторы: салауаттылықты сақтаудың ережесін құрап жазады. | Оқулық, жұмыс дәптері |
| Егер оқушы пайдалы кеңесті еркін орындай алса, жасыл түспен; дағдыланған іс-әрекет болса, көк түспен; ал кеңесті орындауда қиындық туындаса, қызыл түспен штрихтайды. | Дәптердегі 2-тапсырманы орындайды. Бұл тапсырмада оқушылар кестеде берілген пайдалы кеңестерді қандай деңгейде орындай алатындығын штрихтап көрсетеді. | Дескрипторы: кестеде берілген пайдалы кеңестерді қандай деңгейде орындай алатындығын штрихтап көрсетеді. | Жұмыс дәптері |
| Өз ойы мен пікірін толық, нақты бере білуге жетелейді. | Жұптық жұмыс «Дені саудың жаны сау» мақалына қатысты өз пікірін білдіреді. | | Оқулық |
3. Ойтолғаныс | «Шынықсаң, шымыр боларсың» мақалының мағынасын ашып, өз өмірімен байланыстыра білуіне көмектеседі. | (Т) «Қорытындыла» айдары Сөздерден мақал құрап, өлеңдегі негізгі ойды мақалмен байланыстырып айтады. Мысалы: «Күнделікті шынығып, жаттығу жасап, салауатты өмір сүрген адамның денсаулығы мықты болады. Оны халқымыз «Шынықсаң, шымыр боласың» деген мақалмен түйіндеп айтқан. | Дескрипторы: мақал мазмұнын тақырыппен байланыстырады. | |
Үй тапсырмасы | Мұғалім үй тапсырмасын орындау жолын түсіндіреді. | Денсаулыққа зиянды әдеттерді дәптерге жазады. | | |
№50 сабақ
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 2-сынып | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Қанағатшыл бол |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау 2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: әңгіменің негізгі ойын анықтайды. Берілген сөздерден теңеу сөздерді табады. Дамытушылық: қажетті мәтін бөлігін анықтай алу біліктілігін жетілдіреді. Тәрбиелік: үлкеннің ақылын тыңдау қажеттігін түсінеді. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
1. Қызығушылығ ын ояту | Мұғалім оқушыларға қай тағам пайдалы, қандай тамақтың пайдасы аз екендігі туралы сұрақтар қояды. | (Ұ) «Тамақтану бағдаршамы» ойыныПайдалы тағам туралы айтылса, бағдаршамның жасыл түсін, келіспесе, қызыл түсін көрсетеді. | Кері байланыс: мұғалімнің қолдау сөздері. | |
| Мұғалім оқушылардың сабаққа назарын аудару үшін тамақтану тәртібін еске түсіреді. | (Т) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісі – Талғамай тамақтанудың зияны туралы небілесің? | ҚБ: мұғалімнің қолдау сөздері. | Оқулық |
| Тамақтану тәртібі туралы ойын жинақтауына көмектеседі. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. | Оқушылар сұраққа өз ойын білдіреді. | | |
2. Мағынаны тану | Мұғалім оқушылардың мәтінді оқып, қажет ақпаратты анықтай алуына қолдау көрсетеді. | (Т) «Түсініпоқу»әдісі Әдібай Табылдының «Атаның ақылы» мәтінін түсініп оқиды. | Дескрипторы: шығарманы түсініп оқиды. | Оқулық |
| Мұғалім оқушылардың қажетті бөлімді мәтіннен анықтай алу біліктілігін арттырады. | Оқушылар мәтіннен жазушының саябақты сипаттауын тауып оқиды. «Орталық саябақ маусым айы кезіндежайқалып тұр. Күміс қылқанды шыршалар,жасылжапырақты,сырғалыаққайыңдар. Жұпар иісі аңқыған аршалар қоңырсалқынсамалментербеледі». | Дескрипторы: мәтін бөлігін анықтайды. | |
| Мұғалімнің көмегімен атасының ескертуін анықтайды. «Күнім-ау, қанағат деген – әрнәрсенің шегін білу. Тамақ ішудіңдеретінбілу.Қанағатжасамай,не болса соны талғамай іше берузиян». | – Бекжанға атасы қандай ескерту айтты?Оқушылар атасының Бекжанға айтқан ескертуін мәтіннен тауып оқиды. Оқылған бөліктегі ойды өз өмірімен байланыстырып, мысал келтіреді. | Дескрипторы: мәтін бөлігін анықтайды. | |
Дәптермен жұмыс | Мұғалім берілген сөздердің ішінен теңеу сөздерді табуға көмектеседі. Мысалы: Қарақаттайкөзі. Мұздайбалмұздақ. | (Ө) Оқушылар теңеу сөзі бар тіркестерді анықтап, көшіріп жазады. | Дескрипторы: теңеу сөзі бар тіркестерді көшіріп жазады. ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі | Оқулық |
| Дәптердегі екінші тапсырма оқушылардың сөз мағынасын түсініп, мағыналас сөздерді анықтай алуына көмектеседі. | Оқушылар берілген сөздерді мағынасына қарай бір түспен бояп көрсетеді. Мысалы: ем-шипа, ауру-дерт, науқас-ауру | Дескрипторы: сөздерді мағынасына қарай бір түспен бояп көрсетеді. | |
3. Ойтолғаныс | Мұғалім оқылған мәтіндегі негізгі ойды анықтауға көмектеседі. Мәтіндегі негізгі ойды: атаның ақыл сөзін, яғни үлкендердің ақылын тыңдаған | (Т) «Қорытындыла»әдісі Шығарманың мазмұнына сай негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтап, ықтимал жауап береді.
| Дескрипторы: оқылған шығарманың негізгі ойын анықтайды. ҚБ: «Басбармақ»әдісі | Оқулық |