ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 639
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
1. Қызығушылығын ояту | Оқушылардың ертегі түрлері туралы білімін қайталатады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. | (Ұ) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісі Оқушылар ертегі түрлерін естеріне түсіріп айтады: шыншыл ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, жан-жануарлар туралы ертегілер. Ертегілердің өзіндік ерекшеліктері туралы баяндайды. | Дескрипторы: ертегі түрлері мен жанрлық ерекшеліктерін анықтайды. | |
2. Мағынаны тану | Мұғалім оқушылардың мәтінді рөлге бөліп оқуына қолдау көрсетеді. | (Т) «Түсініпоқу»әдісі «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін оқушылар рөлге бөліп оқып шығады. Оқыған бөлік мазмұнын әңгімелейді. | Дескрипторы: мәтінді рөлге бөліп, түсініп оқиды, мазмұнын айтады. | Оқулық |
| Мұғалім мәтінді оқып болған соң, оқушыларға ертегі желісін болжау туралы ұсыныс айтады. | (Ұ) «Болжа» айдары Оқушылар ертегінің жалғасын болжау мақсатында ит пен әтештің сөзін өзінше құрап, олардың рөліне еніп сөйлейді. | Дескрипторы: мәтін мазмұнын түсініп, соңын болжай алады. | Суреттер |
| Мұғалім мәтін бөлігін дұрыс анықтап оқуын ұйымдастырады. Ертегі түрін анықтау үшін кейіпкерлеріне тоқталып, бағыт береді. | (Т) «Анықта» айдары Оқушылар «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегінің қай түріне жататынын мұғалімнің көмегімен анықтайды. | Дескрипторы: ертегінің түрін ажыратады. ҚБ: «Бағдаршам» әдісі | Оқулық |
3. Ойтолғаныс | Мұғалім оқушылардың жұптаса отырып, бір-біріне кейіпкер іс-әрекетіне өзінің көзқарасын білдіруіне ықпал етеді. Саралау: оқушыларға бір тапсырма беріледі, алайда оны орындауда балалар мұғалім тарапынан әртүрлі қолдау алады. | (Ж) «Бағала» айдары – Сағанқайжануардыңсөзіұнайды? Оқушылар ертегі желісіндегі кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға бере отырып, өз пікірін білдіреді. | Дескрипторы: жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажыра біледі. ҚБ: «Бағдаршам» әдісі | Оқулық |
Дәптермен жұмыс | Мұғалім оқушыларға ертегі кейіпкерлерін түсініп оқу барысында «Белгілеу» әдісіарқылы түртіп отыруды сабақ басында ескерткені жөн. 2-тапсырманы орындағанда, парта үстіндегі заттарды тізбектей атап, оларды бір сөзбен қалай атауға болатындығын сұрайды. | (Ө) «Белгілеу» әдісі Оқушылар суретке қарап, қазақша жыл атауына ие болған жануарлардың атын жазады. 2-тапсырмада заттардың аттарын екі топқа бөліп жазады. Ортақ атауларын жазады. | Дескрипторы: сөйлемді сауатты, көркем етіп жазады. | Оқулық, жұмыс дәптері, суреттер |
| Кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне назар аударып, қорытынды жасай білу дағдысын арттырады. | «Қорытындыла» айдары – Түйе неліктен жыл басы бола алмады?Оқушылар ертегінің соңғы сөйлемін оқып, сұрақ төңірегінде ойын ортаға салады. | Дескрипторы: тақырып бойынша қорытынды тұжырымдайды. | |
Үй тапсырмасы | Мұғалім үй тапсырмасын орындау жолын түсіндіреді. | Ертегінің мазмұны бойынша сахналық көрініс жасауға дайындалу. | | |
№73 сабақ
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 2-сынып | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Қуанышты күндер |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.3.1.1 мұғалімнің көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: мәтінді бөліктерге бөліп оқып, дайын жоспар бойынша мазмұндайды. Отбасындағы мерекелерді сипаттайды, жай күндер мен мереке күндерінің айырмашылығын біледі. Дамытушылық: тақырыпқа сай ой түюге дағдыланады. Тәрбиелік: мереке туралы ұғымы кеңейіп, жақын адамдарына деген құрмет сезімі артады. |
Сабақтың барысы:
| Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
1. Қызығушылығын ояту | Мұғалім оқушыларға мереке туралы түсінік береді. Бірінші оқушыға таныс мерекелерден бастау керек. Сонымен қатар мереке түрлерін атап өту керек (кәсіби, мемлекеттік, халықаралық). | (Ұ) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісі Оқушылар мұғалімнің түсіндіруінен кейін «мереке» сөзіне байланысты кластерді топта толтырады. | Дескрипторы: берілген сөз бойынша кластер құрастыра алады. ҚБ: мұғалімнің қолдау сөздері. | Кластер, оқулық |
2. Мағынаны тану | Мұғалім оқушылардың мәтінді бөлімдерге бөлуіне қолдау көрсетеді. | (Ж) «Түсініп оқы» айдары Оқушылар Қанат Қайымның «Мереке» мәтінін бөлімдерге бөліп, талдап оқиды. Өздері білетін мерекелерді атайды. | Дескрипторы: мәтінді бөлімдерге бөліп оқиды. ҚБ: мұғалімнің қолдау сөздері. | Оқулық |
| Мұғалім оқушылардың мәтінде кездескен «қапелімде» деген сөздің мағынасын дұрыс түсінуіне көмектеседі. | (Ұ) «Сөзге түсіндірме» айдары қапелімде– аяқ астынан, күтпеген жағдайда | | Оқулық |
| Оқушыларға сұрақ қою арқылы мереке туралы түсінігін толықтыру. Жоспар бойынша мәтін мазмұнын айтқызу арқылы оқушылардың айтылым дағдысын дамытады. | Оқушылар мәтін мазмұнын жоспар бойынша әңгімелейді.
| Дескрипторы: мәтін мазмұнын дайын жоспарға сәйкес мазмұндайды. | Оқулық |
Дәптермен жұмыс | Мұғалім оқушыларға сөйлем құрауға ықпал етеді. Жазу барысында әрбір сөзді іштей буынға бөліп, сауатты жазуына ықпал етеді. | (Ө) – Жазушы мереке күнгі табиғатты қалайсуреттеген? Жауапты мәтіннен тауып, көшіріп жазады.2-тапсырмада мерекелік гүлшоқты таңдаған түспен бояп, оқушылар анасына арнаған құттықтау сөзін жазады. | Дескрипторы: сөйлемді сауатты, көркем етіп жазады. | Оқулық, жұмыс дәптері |
3. Ойтолғаныс | Мұғалім оқушыларға тақтадан суреттер ұсынып, сұрақ қояды. Әр оқушының ойын тыңдау мақсатында қимақағазға жазуды ұсыну керек. Саралау: оқушыларға бір тапсырма беріледі, алайда оны орындауда балалар мұғалім тарапынан әртүрлі қолдау алады. | (Т) «Қорытындыла» айдары – Жақын адамыңа қай құттықтаудытаңдар едің? Қызықты әңгіме айтып беремін. Жақсы баға алып келемін. Қолдан ашықхат жасаймын. Ана туралы ән айтып беремін. | Дескрипторы: сұраққа жауап береді, өз ойын айтады. ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі | Ақ парақтар |
Үй тапсырмасы | | Мәтін мазмұнын әңгімелеуге дайындалады. | | |
№74 сабақ
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 2-сынып | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Мақал-мәтелдер |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау 2.3.3.1 шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: шығарманың жанрын ажырата алады. Шығармашылық жұмыстарды мұғалімнің көмегімен орындайды. Мақал-мәтелдің мағынасын түсінуге үйренеді. Дамытушылық: мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп айта алу біліктілігі жетіледі. Тәрбиелік: ана тілін ардақтап, бағалай біледі, сөз қадірін терең ұғынуды үйренеді. Мақал-мәтел тіліміздің көркі екенін түсінеді. |